Несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2012 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ұзақ жылдар бойы Ресейдің құрамдас бөлігі ретінде дамып келген Қазақстан экономикасында тұрақты несие жүйесі болмады. КСРО ыдырап, еліміз өз алдына тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан кейін ғана жүйелі түрде қалыптасып, тұрақтана бастаған несие жүйесі әлі даму үстінде. Сондықтан да, қазіргі нарық заманында еліміздегі несие жүйесінің жағдайын, оған әсер етіп отырған факторларды зерттеу, дағдарыс жылдарындағы өзгерісін анықтап, сараптама жасау маңызды мәселе.

Содержание

КІРІСПЕ...............................................................................................................2
1. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ: ТҮСІНІГІ, ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
1.1. Несие жүйесі : экономикалық сипаттамасы,қызметі мен мен құру қағидалары................................................................................................................3
1.2. Несие жүйесінің маңызы мен ақша-несие қатынастарында
алатын рөлі...............................................................................................................6
1.3. Қазақстандағы несие жүйесінің даму кезеңдері...........................................8

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1. Банктік және банктік емес мекемелер несие жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде..........................................................................................................13
2.2. « Халық банктің Жинақтаушы зейнетақы қорының»
қызметіне талдау ...................................................................................................23
2.3. Қазақстандағы зейнетақы қорлардың жұмысын оңтайландыру туралы ұсыныстар...............................................................................................................27

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
3.1. Банкік сектордың дағдарыс кезіндегі даму жағдайы
мен ерекшеліктері.................................................................................................30
3.2. Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары....................................33
3.3.Қазақстан Республикасының несие жүйесін дамытудың жекелеген аспектілері.............................................................................................................39
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................42
ҚОСЫМША

Вложенные файлы: 1 файл

KURSOVAYA.doc

— 669.50 Кб (Скачать файл)

Соңғы екі жылда экономикалық ахуалдың нашарлағанына қарамастан, активтерді кәсіби басқару қабілеті мен қызметкерлерінің еңбексүйгіштігінің арқасында  қор өз салымшыларының зейнетақы жинақтарын сақтап, көбейте білді. Қазіргі таңда Қордың өтемпаздық қоры жеткілікті, соныдықтан да қор барынша тартымды және тұрақты салаларына инвестиция салуға дайынболуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ   НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ

3.1. Банкік сектордың  дағдарыс кезіндегі даму  жағдайы  мен ерекшеліктері

Дүниені шарпыған қаржы  дағдарысы, әрине, Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Алайда еліміздегі несие жүйесінің жүйелі түрде құрылуының арқасында банк секторы болсын, парабанктік сектор болсын қарқынды түрде жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009 жылға арналған экономикалық саясаты елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсартуға бағытталады.  Үкімет пен Ұлттық Банк саясатының басты мақсаты әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және макроэкономикалық теңгерімді қолдау, сондай-ақ экономикалық өсім мен іскерлік белсенділікті ынталандыру болады.         2009 жылы ЖІӨ-нің нақты өсуі бағалау бойынша шамамен 2 %-ды құрайды, жұмыссыздық деңгейі 8%-дан аспайды. Инфляция 2009 жылдың соңында      9 %-ды құрайды деп болжануда.

Кесте -5

 2009 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторы 37 екінші деңгейлі банктермен  ұсынылған. ( кестеге назар аударыңыз)

 

 

 

 

 

 

кесте -513

Қазақстан Республикасындағы  банк секторының құрылымы

 

Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде:           

37

37

- жарғылық капиталда  мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер

1

1

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны

379

376

Екінші деңгейдегі банктердің қосымша үй-жайларының саны 

2167

1 974

Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны 

14

17

Қазақстан Республикасындағы  резидент емес банктер өкілдіктерінің саны 

31

32

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)

жүйесіндегі қатысушы банктердің саны

35

36

Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны

10

11


 

Ағымдағы жылдың басынан  бастап екінші деңгейлі банктердің активерінің  өсімі 226,4 млрд. Теңгені немесе 1,9% құрады. Банктік несиелер беру және «кері РЕПО» операциялары 919,0 млрд. Теңгеге немесе 9,9% өскен, резервтер (провизиялар) 2 7138 млрд. Теңгеге немесе 3,6 есеге өскенін Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі хабарлады. Ағымдағы жылдың тамыз айында банктердің жиынтық активтері 13,8 млрд. теңгеге немесе 0,1%-ға көбейді, банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары 17,9 млрд. теңгеге немесе 0,2%-ға көбейді, резервтер (провизиялар)217,0 млрд. теңгеге немесе 6,2%-ға көбейді. (кесте)

Жіктелуі тиіс активтер мен шартты міндеттемелердің мөлшері жылдың басымен салыстырғанда 2 816,6 млрд. теңгеге немесе 20,5%-ға көбейді. Жіктелуі тиіс стандартты активтер мен шартты міндеттемелер 392,4 млрд. теңгеге немесе 4,7%-ға көбейді, күмəнділері –302,3 млрд. теңгеге немесе 6,0%-ға азайды, үмітсіздер – 2 726,4 млрд. теңгеге немесе 7,6 есе көбейді. Активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизиялар 2 882,4 млрд. теңгеге немесе 3,7 есе көбейді. Екінші деңгейдегі банктердің несие портфелі 919,0 млрд. теңгеге немесе 9,9%-ға көбейді. Стандарты займдар 1 057,7 млрд.

теңгеге (-26,6%), күмəнділер – 388,3 млрд. теңгеге (-8,0%) азайды, үмітсіздер –2 365,0 млрд. теңгеге (6,9 есе) өсті. Екінші деңгейдегі банктерге берілген займдар бойынша провизиялар 2 473,2 млрд. теңгеге (3,4есе) көбейді.

Екінші деңгейдегі банктердің жиынтық міндеттемелері 2009 жылдың басынан бастап 2 446,8 млрд. теңгеге немесе 23,4%-ға көбейді. Міндеттемелер құрылымында заңды тұлғалардың салымдары бойынша – 874,9 млрд. теңгеге немесе 28,3%-ға, жеке тұлғалардың салымдары –361,2 млрд. теңгеге немесе 24,1%-ға көбейді. Арнайы мақсаттағы еншілес

 

 

 

Көрсеткіштің  атауы / күні

1.01.09

1.09.09

Өсімі,

(%-бен)

млрд.

теңге

жиынт

ығына

%-бен

млрд.

теңге

жиынт

ығына

%-бен

Басқа банктерде орналастырылған салымдар

576,8

4,8

1 129,0

9,3

2 есе

Қолма-қол ақша, тазартылған қымбат металлдар жəне

корреспонденттік шоттар салымдар

820,2

6,9

1 176,3

9,7

43,4

Бағалы қағаздар

888,2

7,5

1 528,3

12,6

72,1

Банктік займдар жəне «кері РЕПО» операциялары

9 244,5

77,8

10163,6

83,9

9,9

Капиталға инвестициялар

319,5

2,7

342,6

2,8

7,2

Резервтер (провизиялар)

-1 031,9

-8,6

-3 745,7

-30,9

3,6 есе

Өзге активтер

1 072,2

9

1 521,9

12,6

41,9

Активтердің барлығы

11889,6

100

12116,0

100,0

1,9




ұйымдардың  салымдары – 30,4 млрд. теңгеге немесе 1,3%-ға, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар 53,8 млрд. теңгеге немесе 3,7%-ға азайды. Төмендегі кесетден біз банктік сектордың негізгң көрсеткіштерін көре аламыз.

Шетел валютасындағы  салымдар осы кезеңде 1 185,3 млрд. теңгеге  немесе 1,6 есе өсті.Банк секторының жиынтық міндеттемелері ағымдағы жылдың тамыз айында 233,5 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ға өсті. Жеке тұлғалардыңсалымдары өткен айда 202,4 теңгеге немесе12,2%-ға өсті, ал заңды тұлғалардың салымдары мен арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдарды салымдары тиісінше 21,4 млрд. теңгеге (0,5%) жəне 38,5 млрд.   теңгеге (1,7%) азайды. Басқа банктерден жəне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған займдар да өткен айда 7,6 млрд. теңгеге немесе 0,5%-ға азайды.

Осы берілген мәліметтер арқылы біз банк секторының ағымдағы жылғы жағдайымен танысық.

 

 

 

3.2 Банктік емес мекемелердің ағымдағы жағдайлары

 

Зейнетақы қорларының жағдайы. 2009 жылғы 1 тамызда республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеді.

Есепті күнге 11 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызмет атқарды. Сонымен  қатар, қорларға кастодиандық қызметті 6 екінші деңгейдегі банк көрсетті: «HSBC Банк Казахстан» АҚ еншілес банкі, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ, «Еуразиялық Банкі» АҚ, «АТФ Банкі» АҚ жəне «Ситибанк Қазақстан» АҚ. 1 тамыздағы жағдай бойынша салымшылардың (алушылардың) міндетті зейнетақы жарналары бойынша шоттарының саны жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасы 1 674,7 млрд. теңгемен 7 587 586 құрады.

Шілде айында міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылардың шоттарының саны 1 949 005 (20,4%) кеміді, жинақталған  зейнетақы қаражаты өз кезегінде 34,8 млрд. теңгеге (2,1%) өсті. 1 тамызда міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) шоттарының ең көп саны 4 қорда шоғырланды: «Қазақстан Халық Банкі» - 24,6%, «МЖЗҚ» - 23,2%, «ҰларҮміт» - 13,3% жəне «БТА Қазақстан» - 11,6% немесе олардың үлесіне барлық қорлардың салымшыларының жалпы санының 72,7% келеді. Шілде айында 4 қор бойынша үлес 1,6 пайыздық тармаққа өсті.

1 тамызда ерікті зейнетақы жарналары  бойынша салымшылардың (алушылардың)  шоттарының саны 40 303 жинақталған  зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасымен 914,3 млн. теңге болды. Шілде айында ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 264 (0,7%) кеміді, жинақталған зейнетақы қаражаты өз кезегінде 7,2 млн. теңгеге (0,8%) өсті.

1 тамыздағы жағдай бойынша ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны жинақталған зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасы 74,1 млн. теңгемен 4 071 құрады.

Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаржатының көлемі 1.01.2008 жылдан бастап – 1.08.2009 жылға дейінгі кезеңде мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

млрд. теңге 

кесте-8

Күні 

1.01.08

1.01.09

1.08.09

1.01.09 жылмен салыстырғандағы  өсім 

1.01.09 жылмен салыстырғандағы  өсім (%-бен) 

Жинақталған зейнетақы қаражаты

1 208,1

1 420,5

1 679,8

1 353,8

259,3

18,3

Зейнетақы жарналары 

912,1

339,3

1 184,7

 

 

169,1

14,3

 

307,0

421,5

114,5

37,3

«Таза» инвестициялық кіріс 

Жинақталған зейнетақы қаражатының  сомасындағы «таза» инвестициялық  кірістің үлесі 

28,1

21,6

25,1

-

3,5 (пайыздық тармаққа)




Келтірілген кестеден көріп отырғандай, жыл басынан бастап жинақталған  зейнетақы қаражатының өсімі 259,3 млрд. теңгені құрады. Жинақталған  зейнетақы қаражатының орташа айлық  өсімі 37,0 млрд. теңгені құрады.

Қорлардың қаржылық жағдайы .1 тамыздағы жағдай бойынша қорлардың жиынтық капиталы 69,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жарғылық капитал 38,0 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың көлемінен 55,0%. 1 тамыздағы жағдай бойынша қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 80,9 млрд. теңге, ағымдағы жылдың басынан бастап активтер сомасы 16,5 млрд. теңгеге (25,6%) ұлғайды.

2009 жылғы шілде айында 3 қор («АМАНАТ  Қазақстан», «Қорғау» жəне «Республика») жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге шығынға  жол берді, бұл ретте 11 қор  жалпы сомасы 18,0 млрд. теңге пайда алды. 1 тамызда қорлардың таза пайдасының жалпы сомасы 16,9 млрд. теңгені құрады.

1 тамыздағы жағдай бойынша қорлардың  меншікті активтерінің есебінен  қаржы инвестициялары 64,4 млрд. теңгені  құрады немесе қорлардың жиынтық  активтерінің 79,6% болды. 

Қорлар меншікті активтерін инвестициялардың жалпы көлемінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына – 55,0%, шетел мемлекеттерінің мемлекеттік бағалы қғаздарына – 3,2%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 18,5%, халықаралық қаржы ұйымдарын бағалы қағаздарына – 3,1%, «Кері РЕПО» операцияларына – 1,9%, екінші деңгейдегі банк салымдарына – 6,6%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 11,7% орналастырды.

Сақтандыру нарығының 01.08.2009 жылғы жағдайы.Сегіз ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылдаған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемі өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде жиналған көлемінен 27,3%-ға азайып, 72 822,81 млн.теңгеніқұрады.

Несиелік серіктестіктер жағдайы.Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындылары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ несиелік серіктестіктерін несиелеуге 10,1 млрд. теңге, соның ішінде жылдық 4 пайызбен 7,0 млрд. теңге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Олар өз кезегінде жылдық 8-9 пайызбен өз қатысушыларына несие береді. Бүгінгі таңда барлығы 161 ауылдық несиелік серіктестік құрылған. Соның ішінде 2008 жылы 8 несиелік серіктестік құрылды. Несиелік серіктестіктердің құрамына 6,6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер кірді. 2008 жылғы қыркүйектің 16-сындағы жағдай бойынша 156 несиелік серіктестікке несие берілді, олар бойынша несие берешегі 25,8 млн. теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімін бірлесіп өндіру, өткізу, сақтау, қайта өңдеу және тасымалдау, тауарлы-материалдық құндылықтармен жабдықтау бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен ауыл тұрғындарының ұйымдарына ағымдық жылда 3 млрд. 185,2 млн. теңге сомасына ары қарай қаржыландыру үшін ұйымдар құруға 67 өтініш таңдап алынды. Олардың 59-ы әділет органдарында тіркелген. 52 ұйым бойынша 2 млрд. 543,3 млн. теңге сомасына несиелеуге құжаттар түсті. Соның ішінде 36 өтініш бойынша 1 млрд. 616,7 млн. теңге мөлшерінде несие ресурстарын беру туралы шешім қабылданған. Екі жыл бойы ауылдық жерлердегі ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіпкерлік түрлері бойынша 124 жобаға 1 млрд. 797,9 млн. теңге, соның ішінде 2008 жылы 52 жобаға 1 млрд. 002,4 млн. теңге сомасында несие ресурстарын бөлу туралы шешім қабылданды. 120 жоба бойынша 1 млрд. 698,4 млн. теңге сома, соның ішінде 2008 жылы 48 жобаға 990,5 млн. теңге қаржы аударылған.

Шағын несиелік ұйымдардың жағдайы. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қазақстанда шағын несие ұйымдарын дамыту шараларының 2008-2012 жылдарға арналған Бағдарламасын жасады. Оның мақсаты – ШНҰ қаржылай және қаржысыз қолдау еліміздің несие жүйесіндегі үшінші деңгей ретінде шағын несие саласының сапалық дамуына ықпал ету.

«Даму» қоры бұл бағдарламаны 2008 жылдың мамыр айынан байқау өткізу арқылы қолға алды. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін Қордың өз қалтасынан және республикалық бюджеттен 2008-2012 жылдарға 35,6 млрд. теңге бөлінеді. Оның 5,1 млрд. теңгесі 2008 жылға жоспарланған.

Қазір несие қаржыларын байқау арқылы орналастырудың алғашқы қорытындыларын жариялай беруге болады.

«Даму» қорының несие қаржысы  байқауына 67 шағын несие ұйымы  қатысты. Жалпы сұралған сома 5 332 млн. теңгені құрады. Байқаудың негізгі  талаптарына жауап бере алмағандықтан, 22 ұйым байқаудан тыс қалды, оның ішінде:13 ШНҰ – осы саладағы қызметтері 1 жылдан кем болғандығы үшін;  

Информация о работе Несие жүйесі