Баспасөз және сөз бостандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

"Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Баспасөз және баспасөз бостандығы ........................................................ 6
1.1. Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайы ................. 8
1.2. Баспасөз саласындағы көкейкесті мәселелер ............................... 9
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер» ................................... 13
2.1. Сөз бостандығы саласындағы көкейкесті мәселелер ................ 13
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15
Қорытынды ................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

БАСПАСӨЗ ЖАНЕ СОЗ БОСТАНДЫГЫ.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)

      Барлық БАҚ-тың сексен пайызы  мемлекеттік емес нысанда деген  ресми деректі мойындауға болар еді, егер олар дербес тіршілік етіп жатса. Алайда, оның ірі саяси, бизнес топтарының иелігінде, яғни, мемлекет қарауынан шығып қалталы, әл-аухаты мықты, қолында билігі бар адамдар дың құзырына өткен БАҚ екендіктерін ескеруге тиіспіз. Қазақстандағы ірі бизнес үкіметпен тығыз байланысты ғана жасалатыны ешкімге құпия емес. Олай болса, мемлекеттік емес БАҚ дегеніміздің өзі шын мәнінде үкіметтің бақылауындағылардан еш айырмасы жоқ нысан болып шығады. Облыстарда тәуелсіз баспасөз атаулы қалмаған. Павлодар, Қарағанды қалаларында бұрын шығарылып келген тәуелсіз бағытындағы газеттер бүгінде түгелдей жабылған. Ол аз болғандай Қарағандыдағы «Сана», «Сорока» секілді тәуелсіз газеттерге жергілікті биліктен бұрын облыстық газеттегі өз әріптестері шүйлігіп, тезірек жабылуына мүдделі болған.

    Бүгінде  іс жүзінде жергілікті билік  иелері меншік нысанына қарамастан  барлық баспасөзді қатаң бақылайды.  Ондағы журналистердің шығарма  шылық бостандығы мүлде сын  көтермейді. Ал, Астана мен Алматыдағы  жағдай көш ілгері. Онда өзгелермен салыстырғанда БАҚ сан жағынан көп. Бизнес, экономикалық әртүрлі топтардың баспасөз саласына қаржы құюға кең мүмкіндіктері бар. Тағы бір назар аударарлық жайт - қазақ журна листері өздерін қорғауға дәрменсіз және оның құықтық негіздерін, жай-жапсарын біле бермейді. Сондай-ақ, журналистер күш біріктіріп, ынты мақтаса алмай отыр. Осының өзі ресми биліктің астамшылдығына, білге нін істеулеріне  мүмкіндік берумен қатар журналистиканы әсіресе, тәуел сіз баспасөзді менсінбеуіне жол ашатын бірден бір фактор. Журналистер

дің әлеуметтік жағдайлары төмен, жалақылары аз болған дықтан қалталы ларға кіріптарлығы басым, тіпті байлардың сойылын  соғуға дейін итерме лейтін жайы бар.

       Оппозициялық газеттер Қазақстанда  саяси жүйе қаталданды, бір отбасы билігі шектен шығып барады деп сынға алуда. Қалай болғанда да ең бастысы журналистердің санасын ояту арқылы тәуелсіз баспасөздің маңыздылығын, аса құнды рухани байлық екенін жалпы жұртқа түсіндірудің мәні зор болмақ. Оған журналистердің кәсіби біліктілігі, шығармашылық қабілеттіліктері мен тәжірибелерінің рөлі айтарлықтай. Өкінішке қарай қазақ журналистерінің шеберліктері, тың көріністерді сезіну, жаңаша ойлау қабілеттері талапқа сай келмей отыр. Тәуелсіз баспасөзді дамытуға тұсау болып отырған тағы бір фактор осы.

      Қазақстан журналистер одағы,  өзге де кәсіби ұйымдар журналистердің  мүддесін қорғауға, оларды қолдауға, көмектесуге келгенде әлсіздік  танытып отыр. Қазақстанның БАҚ  жүйесінде құқықтық қолайы орта  қалыптасқан жоқ. Қазіргі қолданыстағы заң актілерді жетілдіру қажет тілігі өмірден туындауда. Алайда, үкімет шенеуніктерінің балама ақпарат тарататын тәуелсіз баспасөзді тұншықтыруға барын салып кірісулері олардың жалпы шындықтан, БАҚ-тан өлердей қорқатындық тарын білдірсе керек. Бұл - журналистика үшін қуанарлық жағдай. Тәуелсіз баспасөз ресми билікке ықпал ете алады, қозғалыссыз қатып-сеніп қалған бюрократияның өзін жылы орнынан тұрғызады екен.

   Халық жазушысы, көрнекті публицист Мұхтар Мағауин өзінің зарлы толғау деп атаған «Ұлтсыздану ұраны» атты мақаласының «Қазақ тілді баспасөз» деген бөлімінде: «қазақ тілді журналистеріміз ап-анық нәрсенің өзін бұлдыратып жібереді, көркемдеймін, өрнектеймін деп, мүлде бүлдіреді». Түптеп келгенде, осының бәрі әдепкі сауаттың төмендігінен... Еркін сөздің парасатты, өткір, мән-маңызды, бүгінді тереңінен қамтып, болашақты нақты бағдарлаған игі қасиеттеріне ұмтылудың орнына, батыста саржағал аталатын басылымдардың былғаныш әдеттеріне бейімделіп кетті. Нәтижесінде, ұлттың көкейкесті мәселелерінен тысқары қалып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап теріске ойысып, ақыр түбі бүгінгі, әрі дәрменсіз, әрі қатерлі қалпын тапты» - деп мәселеге басқаша қырынан келеді. Профессор дың пайымдауынша, он үш жыл бойғы қазақ баспа сөзіндегі ең негізгі сарын - бір жағынан жылымшы мадақ, жөреуке жағым паздық және оған керісінше, балағат, сөгіс. Мадақталатын - билік басында отырғандар, - деп ой түйеді.Әрине, ағамыз айтқандай, қазақ газеттерінде ондай кемшіліктердің әлі де бары рас. Алайда, ол жекелеген шығармашылық иелерінің бәріне тән емес. Мұндай пайымның туындауына себепкер болып отырған мәселенің өзі айналып келгенде,  шынайы тәуелсіз, бейтарап баспасөздің қалыптаспауында болса керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Гуревич С.М.  Экономика средств массовой информации: Учебное пособие.  М.: Изд. РИП-холдинг, 2001. 244 стр. (Практическая журналистика).

2. Уэбстер Д. Создание свободных и независимых средств массовой информации //Материалы о свободе. USIS, 1995.

3. Ресми емес  немесе тіркеуде жоқ газеттер // arsenal  777.wordpress.com.

4. Республика Казахстан. Отчет по человеческому развитию. 1997. Алматы, 1997.

5. Нұрмолдақызы  Г. Қазақстандық БАҚ бизнес  ретінде қалыптасты ма, жоқ па? // Жас қазақ, №24, 28-маусым, 2008.

6. БАҚ туралы заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заң, 698 б.

7. Краткий словарь  по социологии / под общ. ред.  Д.М.Гвишиани, Н.И.Лапина. Сост. Э.М.Коржева,  Н.Ф.Наумова.–Москва: «Политиздат», 1989. 145 б.

8. Ворошилов  В.В. Журналистика. Изд-во: Михайлов  В.А., 2001. 447 б. 

9. Александрова  Т. Психологические аспекты влияния средств массовой информации, Минск, 2003. 160-163-б. Интернет: www.kursoviki.ru.

10. Қазақстан  Республикасының ұлттық саясатының  тұжырымдамасы (2015 жылға дейінгі  іске асырылатын міндеттер). Алматы, 18 қаңтар, 2010 ж. 

 

Курстық жұмыс тақырыбы:

«Бұқаралық ақпарат құралдары  жүйесінің қалыптасуы» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе .................................................................................................................... 3

1. Бұқаралық ақпарат құралдары  – 

ҚР медиа  нарығының объектісі ....................................................................... 6

1.1. Бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы сипаттамасы ............................ 6

1.2. Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарының

қалыптасу тарихы .................................................................................................. 9

2. Бұқаралық ақпарат құралдарының  құрылуы ........................................ 12

2.1. Бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландыру көздері ...........................12

2.2. Медианарықтың  көкейкесті мәселелері ..................................................... 16

3. Бұқаралық ақпарат құралдарының  қоғамдағы 

орны мен ролі ...................................................................................................... 20

3.1. Бұқаралық  ақпарат құралдарының қоғамдағы  орны ................................. 20

3.2. Қазақстандағы  бұқаралық ақпарат құралдарының  қызметі ..................... 23

Қорытынды ........................................................................................................ 27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ........................................................................ 30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қоғам – бұл күнделікті жаңа нәрселер орын алатын мекен. Жаңалық – бұл ақпарат бірлігі. Ақпаратты жасайтын, жеткізетін, өңдейтін, тарататын,                      ол – журналист. Журналист еңбегі – бұл өнім.

Журналист ақпарының  екі түрлі мәні бар. Біріншісі, рухани өнім. Ол адам баласын өмірлік жағдайларға бейімделуге, белгілі бір қызмет түрлеріне ынталандыруға, адам санасына әсер етуге бағытталып, дайындалады.

Екіншісі, осы ақпарат  нарыққа шыққан соң, тауарға айналып  шыға келеді. Әрбір тауар секілді  ол да тұтынушылық құнға және жай бағамға ие.

Кез келген тауар  секілді, журналист еңбегі белгілі  бір тауарлық бірліктер негізінде  нарыққа шығады. Бұл бірлік әртүрлі  пішінде көрінеді. Мысалы, потенциалды  оқырман сатып алатын жай газет-журнал нөмірі не сол нөмірге енетін қандай да бір жарияланым: есеп, репортаж, мақала, түпнұсқа фото сурет, т.б. болуы мүмкін. Телевидение мен радиода тұтас бір бағдарлама,                не жай бір жекеленген сюжет болады. Ақпарат агенттіктерінде бюллетень дер, хабарламалар, жаңалық ленталары болып табылады [1].

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ұлы ағартушылар – алаш арыстары өз заманында бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін аса жоғары бағалаған. Содан бері заман да, адам да өзгерді. Әсіресе, соңғы жиырма жылдың көк зеңгір аспанында көк байрағы желбіреген біздің тәуелсіз елімізге, халқымызға сыйлаған қуаныштары мен игіліктері аз емес. Осы жылдар ішінде еліміздің қоғамдық-саяси және экономикалық-әлеуметтік өмірінде ірі-ірі реформалар жүзеге асырылды десек, бұл өзгерістер ақпарат әлемін де айналып өткен жоқ. Сөйтіп, ақпарат кеңістігінде жаңа бағыт, жаңа сарындағы БАҚ нарығы дүниеге келді, өзара бәсекелестік күшейді. Осылай қоғамымыздағы сөз бен шығармашылық еркіндікке конституциялық кепілдік тің берілуі елдік мүддені қорғауға, қолдауға және жүзеге асыруға тиісті                бұқаралық ақпарат құралдарының шапшаң дамуына жол ашты.Курстық жұмыстың өзектілігі аталған мәселелерге байланысты болып табылады.

Курстық жұмыста ақпарат нарығы, медианарық туралы, Қазақстан аума ғында әрекет етіп жатқан БАҚ-тардың жұмысы, олар өндіретін тауар құны, әрекет ету бағыттары, қаржыландыру көздері, кіріс келтіретін нүктелері, қалыптасу, даму тенденциялары, БАҚ-тардың негізгі кіріс көзі жарнама, медиаиндустрияның қазіргі дағдарыс жағдайындағы жалпылама жай-күйі айтылады. Қазақстан медиа құрылымдарының нарық жағдайына бейімделуі мен оларға  иелік ететін меншік иелері, холдингизация процесі туралы да баян етіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан медиаиндустриясының қалып тасуын, дамуын, дағдарыс жағдайындағы жай-күйін, бейімделуін ашып, жүйе леп көрсету.

Курстық жұмыстың мақсатын негізге  ала отырып, келесі міндеттер белгіленген: Қазақстанда тәуелсіздік алған кезден бастап БАҚ жүйесінің қалыптасу барысын зерттеу, сонымен қатар аталған саладағы жетістіктер мен кемшіліктерді анықтау. 

Қазақстанның  медианарығының қалыптасуы тәуелсіздік  алғаннан кейін бастау алды. Орталықтанған  әміршіл-әкімшіл жүйенің қыспағында болып келген Қазақстан мемлекеті  экономикалық дағдарыстың зардабын сезінді. Нарыққа көшуде кездескен қиындықтар медианы да қамтыды. КСРО тұсында Қазақстанда санаулы  ғана республикалық басылымдар, ведомстволық және жергілікті ресми газеттер болды. 90-жылдардан кейін БАҚ-тардың саны  күрт өсті.

Қазақстанның  баспасөзін төрт топқа жіктеуге болады. Олар: мемлекеттік, коммерциялық, саяси партиялар мен қозғалыстардың газеттері, аймақтық басылымдар. Бұлар өз ерекшеліктеріне сай әр алуан қаржыландыру сипатына ие.

Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасындағы БАҚ жүйесінің қалыптасуына байланысты орнатылатын қоғамдық қатынастар.

Курстық жұмыстың пәні: Қазақстан Республикасындағы БАҚ жүйесі, атап айтқанда теледидар, баспасөз және радио хабарламаларды тарату желісі.

Жаңа  басылымдардың жаппай пайда болуы  Баспасөз туралы заңның қабылдануынан кейін белең алды. Олардың барлығы да нарық жағдайына шыдас бермей, басымы жабылып қалды. Жаңаша нарыққа бейімделген менеджмент құра білген басылымдар ғана қалды. Бәсекелестік күшейді. Мерзімді басылымдармен қатар жекеменшік  және тәуелсіз теле-радиокомпа ниялардың да саны артты. Осы сәттен бастап оқырман, көрермен, тыңдарман үшін талас, тақырыпты кеңейтіп беру, материал берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін іздеу секілді БАҚ дамуына қажетті алғышарттар қалыптасты. Жарнама берушілерге деген талас-тартыс тіптен күшейді. Әрбір БАҚ жарнамадан түсетін табыс ұшан-теңіз екенін ұғынып, іске көшті. Міне осы сәттен  бастап қазақстандық медианарық өз қалыптасуының алғышарт тарынан өтті.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, жұмыстың тақырбын ашатын .. тараудан және қорытындыдан тұрады. Жұмыста пайдала нылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

Курстық жұмыстың теориялық базасы:

Курстық жұмысты әзірлеу барысында қисынды, салыстырмалы, тарихи әдістер пайдаланылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Бұқаралық ақпарат құралдары  – ҚР медиа нарығының объектісі

1.1. Бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы сипаттамасы.

 

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайылық құралдардың көмегі мен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техника лық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммута тор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. Наполеон: «Жауға қарсы жүздеген мың қол әскерден, төрт газеттің ойс                  ырата соққы беру мүмкіндігі зор», - деген. 1840 ж. француз жазушысы О. де Бальзак баспасәзді «төртінші билік» деп атады. Билік институтында БАҚ-тың тура мағынасындағы орны болмағанымен, оның саяси процестегі орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазіргі кезде электронды ақпарат құралдарының пайда болуымен бүл әлеуметтік институт бүгінгі қоғамның, сая- сибиліктік қатынастардың барлық қырларын түбірімен түрлендіріп жіберді.

БАҚ-тың  атқаратын қызметі әртүрлі, сарапшылардың  пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтенді рушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.

Информация о работе Баспасөз және сөз бостандығы