Баспасөз және сөз бостандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

"Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Баспасөз және баспасөз бостандығы ........................................................ 6
1.1. Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайы ................. 8
1.2. Баспасөз саласындағы көкейкесті мәселелер ............................... 9
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер» ................................... 13
2.1. Сөз бостандығы саласындағы көкейкесті мәселелер ................ 13
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15
Қорытынды ................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

БАСПАСӨЗ ЖАНЕ СОЗ БОСТАНДЫГЫ.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)

Сондай  газеттің бірі – «Алтын Орда». Мұнайлы өңірде ықпалын жүргізушілер қаржыландырады. Батыста, Еуропада БАҚ-тың артында тұрған алпауыт күштер, қожайындардың есімі елге белгілі. Бізде олай емес. Шын меншік иесі жария болуы керек. Бізде бүркемелеу басым. БАҚ-тың артында тұрғандар  өздері жайлы ақпаратты жасырын ұстайды. Жария, ашық қоғамда адамдар арасында БАҚ-қа сенім күшейіп, бизнес ретінде қалыптасуға мүмкіншілік туады. Бүкпелі, қалтарысты қоғамда баспасөз еркін көсіле алмайды. Сондықтан БАҚ-қа мейлінше бостандық берілгені дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Медианарықтың көкейкесті мәселелері

 

Медианарықтың Қазақстанда бизнес ретінде қалыптаса алмауының бір басты себебі – ол дұрыс ұйымдастырылмаған журналистика менеджментінің болмауы. Бұған себеп не?

Біріншіден, қазақтілді журналистика саласында бәсеке таяз. Нарық заманының басты талабы – бәсекеге лайық тауар өндіру болса, біздегі өндіріп отырған тауар бәсекеге қабілетті емес. 

Екіншіден, шығарып отырған газет-журналды тарату мәселесінде кемшіліктер көп. Қазақтілді басылымдар көпшіліктің баспасөзге жазылуы арқылы таралады. Халықтың әл-әуқатының нашарлығынан бізде баспасөзге жазылу соңғы жылдары бәсеңсіді. Сондықтан аудан орталықтарына, алыстағы елдімекендерге апталық газеттерді 30-60 теңге аралығында баға қойып, жеткізіп сатса, ол өтеді.

Сол сияқты  республикалық басылымдарды аймақтық баспаханаларда басып, шығарып, тарататын болса газеттің  құны біршама төмендеген болар еді (Сонда, әлгі айтқан 30-60 теңгеден ауылды жерлерде сатуға болады). Қазір басылымды таратудың жолдары баршылық, соны ұтымдысын таңдап алу меншік иелеріне байланысты.

Үшіншіден, біздің арамызда орыстілді баспасөз бен қазақтілді баспасөзді салыстыра қараушылар өте көп. Екі аудиторияны салыстыруға келмейді. Себебі, орыстілді басылымдар көбіне ақпараттандыру миссиясын орындаса, қазақтілді басылымдар ұлттық сана, елдің тұтастығы, ұлт келешегі сияқты ірі-ірі өзекті мәселелерді көтереді.

Төртіншіден, орыстілді аудитория кең. Орысша орташа сауаты барлардың өзі орыстілді газетті тұтынуға қабілетті. Орыстілді басылымдармен ашық бәсекеге түсетін деңгейге жетуіміз керек. Бұған жетуге қазақтілді журналистиканың қарымы да, күш-қуаты мен білімі де жетеді.

«Арна медиа» мемлекеттік холдингі құрылған болатын-ды. Оның құрамына «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері, «Хабар», «Қазақстан», «Ел арна» телеарналары, «Қазақ газеттері» және тағы басқа БАҚ кірді. Бүгінгі таңда ел ішінде мемлекеттендіру саясаты жүріп жатқаны белгілі.

Бұл саясаттың  экономикаға, БАҚ-қа берер пайдасы  бар ма, жоқ па? Басылымның еркін, ашық болғаны дұрыс. БАҚ-ты мемлекет қаржыландырғаннан кейін ақпарат  кеңістігі бізде біржақты дамиды.

Қазақтілді  БАҚ үшін игерілмей жатқан тың  сала – интернет басылымдар. Интернет-басылымдарды былай қойғанда, кейбір газеттердің  әлі күнге дейін интернеттегі нұсқасы да жоқ. Қазір ақпаратты-технологиялардың қарыштап дамып отырған кезеңі. Қазақтілді басылым бұл үрдістен де кенже қалып отыр. Ел ішінде «Zonaкz.net», «Dialog.kz» сынды басылымдардың тұрақты оқырманы бар.

Ел  ішінде ақпарат агенттіктері, баспасөз клубтары, PR-компаниялар қарқынды қызмет етіп жатыр. Ақпаратты сату одан пайда  табу, жарнама жариялау үрдістері де жақсы дамуда. Мәселе олардың санында емес, сапасында. Сондықтан тұтынушы ақпарат таратудың қандай көзін қалайды, соны таңдауға мүмкіндігі бар. Қазақстандық журналистиканың қол жеткізген үлкен жетістігі – осы.

Қазақ тілді БАҚ бизнес ретінде қалыптасқан жоқ. Бұған басты себеп, қоғамда еркіндік жоқ. Оның бизнес ретінде қалыптасуы үшін ең алдымен бостандық керек.

Ал  құрсаулы қоғамда жабық тақырып  көп. Оқырманды сол тақырып қызықтырады. Мәселенің анық-қанығы жазылмаған соң  ол оқырманды қызықтырмайды. Демек, шығарып отырған өнімге сұраныс жоқ. Сұраныс болмаған жерде бизнес болмайды, бола алмайды.

Қазақтілді  газеттерді тарату, оқырманға жеткізу  механизмі көңіл көншітпейді. Оқырманға  жетпейді. Бұл – айналып келгенде, бізде журналистика менеджментінің қалыптаса алмағанының салдары. Бүгінге дейін қазақ баспасөзі үкіметтің дотациясына сүйеніп жарық көруге мәжбүр болды. Соңғы жылдары «Қазақ газеттері», «Қаламгер-медиа» «Нұр медиа» секілді жекелеген акционерлік қоғамдар құрылып, бір қатары ЖШС арқылы өз беттерімен күн көруге бағыт алды.

Орыстілді ақпарат құралдарына жарнамаға  келгенде артықшылық беріп, монополияға  жол ашып отырған ТМД-дағы жалғыз ел Қазақстан.

Монополияның  қай түрін болса да шектеу –  нарықтық экономиканың заңы және демократия мәдениеті. БАҚ саласы бойынша халыққа тарайтын жарнаманың міндетті түрде мемлекеттік тілде жасалуын, қазақ баспасөзі мен ақпарат құралдары арқылы халыққа жетуін қамтамасыз ететін заңдық кепілдік қажет.

Қазақтілді  баспасөз сегментінің дамуы мына факторлар арқылы айқындалды:

  • экономикадағы оң өзгерістердің баспасөздің сапалы және көлемі дамуына әсер етуі;
  • қазақ баспасөзінде пайда болған бәсекелестік;
  • мемлекеттік тапсырыстың ұлғаюы;
  • қазақ ақпарат нарығының коммерциялық сипат алуы;
  • басылымдардың бірігуі;
  • қазақ баспасөз нарығында жаңа интернет технологиялардың пайда болуы, интернет арқылы жүргізілетін қызметтердің көбеюі;
  • медианарықта жаңа ойыншылардың пайда болуы;
  • күнделікті шығатын газеттер санының артуы.

Қазақтілді  журналистиканың бизнес ретінде  қалыптасуындағы қиындықтардың шешімін табуға болады. Ол үшін алдымен:

• ынта мен ниет;

• қаржы  көзі; 

• сауатты  менеджмент қажет [5].

Оның  үстіне, елде мемлекеттік тапсырыстар  жайлы берілетін жарнама, хабарландырулар  маңайында мүдделі топ, лоббистердің бары екені жасырын емес. Сондықтан жарнама, хабарландыру берушілерді  арнайы бір басылымға (мәселен, «Бюллетень...», т.б. бергізуді доғару керек.

Себебі, таңдау болмаған жерде монополия  қанат жаяды. Ал монополия дамуды тежейтін, еркін бәсекеге жол жабатын  кедергі. Осы мәселені жан-жақты шешу үшін «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар әлі де қажет. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, қазіргі қолданыстағы «БАҚ туралы» Заңның кемшіліктері өте көп.

Ең  бастысы, бизнес-элита, билік мемлекеттік  тілді меңгеруге мойын бұрса, іс оңға басатыны анық. Өйткені, сол кезде ғана қазақтілді БАҚ-қа сұраныс, қажеттілік артады. Сондықтан, көп білімді қажет ететін күрделі сала болса да, қазақтілді журналистикаға жол ашу керек. Және де бұл мемлекет тарапынан белгілі бір дәрежеде  бақылануы шарт.

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Бұқаралық ақпарат құралдарының  қоғамдағы орны мен ролі

3.1. Бұқаралық ақпарат құралдарының  қоғамдағы орны

 

Қазіргі «Ақпарат ғасырында» бұқаралық ақпарат  құралдарының рөлі ерекше. Бұқаралық  ақпарат құралдары әлеуметтік қажеттіліктердің қатарынан бастау алады. Бұқаралық ақпарат құралдары қоғамдық санаға әсер етіп, қоғамдық пікірді туғызады, қоғамның бір-бірімен байланысын қамтамасыз етеді. Кім ақпараттқа ие болса, сол кезкелген мәселенің шешімін табады. Ақпараттық кеңiстiкте Интернет ролiнiң өсуiмен адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарын зорлық жасау мен қатыгездiктi насихаттайтын ақпараттан, оларға өтiрiк және жалған ақпаратты таңудан, болашақ ұрпақтың мақсатты бағытталған терiс дүниетанымын қалыптастырудан қорғау қажеттiлiгi туындайды. Ақпарат елдің тұрмысына, көңіл-күйіне, мінез-құлқына әсер етеді. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсерін, қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі, Қазақстандағы ақпарат нарығының қазiргi жай-күйiне талдау жасау өте маңызды мәселелер қатарына жатады.

БАҚ туралы заңда бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспасөз басылымы, радио  және теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық  желілердегі (интернет және басқалары) WEB-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың басқа да нысаны делінген [1].

Қоғамдық  сана – қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрін қамтитын қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық адамгершілік, эстетика, философия, діни көзқарастар, ғылыми білімдер. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдеп-ғұрыптар мен мінез-құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. БАҚ бүкіл қоғамға әсер ете отырып, барлық жекелеген адамдардың бойына белгілі бір эмоциялар мен әрекеттерді қалыптастырады. Осылайша БАҚ қоғамдық пікірді қалыптастырады.

Қоғамдық  пікір – адамдардың белгілі бір мәселеге, әлеуметтік өмірдің әр түрлі құбылыстарына, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға көзқарасын білдіретін қоғамдық сананың ерекше түрі. БАҚ қоғамдығы өзекті әрі маңызды мәселелерге шолу жасағанда қоғамдық пікірге сүйенеді. Бұдан қоғамдық пікірдің БАҚ-тың қызметін анықтайды деген қорытындыға келеміз. Ал қоғамдық пікір – қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің бұқара халыққа әсер етуінің нәтижесінде немесе әр түрлі дәстүрлер мен өмірлік тәжірибелер негізінде қалыптасады [2].

БАҚ-тың  қоғамдық сананы қалыптастыруындағы орны мен роліне келетін болсақ, қайта құруға дейінгі БАҚ-тың негізгі қызметі коммунистік идеологияны: марксистік-лениндік идеяларды, социалистік өмір салтын үгіттеу, жаңа адамдарды тәрбиелеу, Батыстық құндылықтарды сынға алуға бағытталды. Бұл ұстанымдар тек газетті, эфирдегі публицистиканың мазмұны мен құрылымын, бағытын ғана емес, сондай-ақ аудиториямен қарым-қатынас тәсілін де анықтады.

Алпысыншы жылдары БАҚ-тың негізгі қызметі  қоғамдық пікірді қалыптастыру деген  көзқарас алға шықты. Зерттеушілер БАҚ-тың  қызметіндегі 3 бағытты атап көрсетті: 1) қоғамдық пікірді қалыптастырып, аудиторияның санасы мен мінез-құлқына әсер ету; 2) дүниетанымдық құндылықтар арқылы аудиторияның санасы мен мінез-құлқына әсер ету; 3) белгілі бір тұлғалардың әлеуметтік мінез-құлқына әсер ету арқылы қалың қоғамның санасы мен мінез-құлқына әсер ету.

Қазақстандағы БАҚ-тың жалпы ахуалы және БАҚ-тағы идеология мәселесіне келсек, БАҚ қызметiнiң және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс iстеуiнiң негiзi Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

 Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркiндiкке кепiлдiк бередi, цензураға тыйым салады, сонымен қатар әркiмнiң заң жүзiнде тыйым салынбаған кез келген тәсiлмен еркiн ақпарат алуға және таратуға құқығы бар екенiн айқындайды, идеологиялық және саяси әралуандылықты таниды.

Қазақстан Республикасындағы Бұқаралық ақпарат  құралдары туралы заң 1999 жылы 23 шілдеде  қабылданды. Осы Заң бұқаралық  ақпарат құралдары саласындағы  қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан  Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.

Егемендікке қол жеткізгелі баспасөз, радио, телевизия  жұмыстары үлкен өзгерістерге ұшырады. Бұқаралық ақпарат құралдарына  шындық, ашықтық, айқындық тән болып  келеді.

 Қазiр Қазақстанда ақпарат нарығының негiзгi, елеулi элементтерi қалыптасқан. Мәселен, 1990 жылға дейiн республикада барлығы 10 республикалық мемлекеттiк газет пен журнал басылса, эфирге 21 теле- және радиоарна шығарылған, ал 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 7281 бұқаралық ақпарат құралы тiркелген. Мемлекеттiк емес БАҚ-тардың үлесi 78-ге жуық проценттi құрайды. Тiркелген БАҚ-тың жалпы санынан 2479 бұқаралық ақпарат құралы тұрақты негiзде жұмыс iстейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі

 

Қазіргі уақыттағы БАҚ-тың негізгі қызметі  – адамдардың санасына әлеуметтік-психологиялық  құндылықтарды, демократиялық және нарықтық қатынастарға негізделген  азаматтық қоғамның талаптарына  сай келетін қоғамдық сананы қалыптастыру мен дамыту болып отыр.

Енді  бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық санаға әсері жайлы талдау жасап көрелік.

БАҚ-тың  интеракциясы. Интеракция дегеніміз (әлеуметтік әсер) – индивидтің екінші бір индивидті (ықпал ету объектісінің) мінез-құлқына, ұстанымына, ықыласына, мүддесіне әсер ету процесі [3].

 БАҚ түрлі саладағы өзекті ақпараттарды тарата отырып, қоғамдық санаға, жалпы қоғам мен жекелеген адамдардың мінез-құлқына әсер етеді. БАҚ-тың техникалық құралдарына баспасөз, радио, телевидение, соңғы кездері интернет пен жарнама жатқызылады. Соңғы онжылдықта спутникті байланыс, кабельді радио мен телевидение, электронды жазбалы коммуникация жүйелері (видео-, экранды, және кабельді жазбалар), сондай-ақ жазба мен баспа ақпараттарының жекелеген құрылғылары (кассета, дискет, дисктер мен принтерлер) бұқаралық ақпарат құралдарына айтарлықтай өзгерістер еңгізді. Қоғамға интеракциясы жағынан аудиовизуалды БАҚ: радио мен телевидение, интернет пен жарнама күшті әрі ықпалды болып отыр.

Баспасөздің ықпалы. Баспасөзді өзіңмен алып жүруге, кез-келген жерде, өзіңе ыңғайлы уақытта, айналадағыларға кедергі келтірмей (поезд, метро, автобус, т.б.) оқуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқырман өз қалауынша баспа материалдарын бірнеше рет оқуына, қажеттісін сақтап, белгілер қоюына болады. Мұның бәрі баспа құралдарымен көптеген оң байланыстар орнатуына мүмкіндік береді. Осылайша баспасөз қазіргі уақыттағы маңызды ақпарат көзі болып табылады. Баспасөздің теріс ықпалына ақпараттық фантомдарды жатқызамыз (лат. Information – «қабылдау» және грек. фосутааца «елес»). Тұлғаның ұстанымының қалыптасуы мен өзгеруіне ықпал ететін тексерілген, тексерілмеген және (немесе) толық емес ақпараттардың үйлесуі. Көбінде фантомдар адамдарға теріс әсер етеді.

Информация о работе Баспасөз және сөз бостандығы