Баспасөз және сөз бостандығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 12:44, курсовая работа

Краткое описание

"Ғаламдық жаһандану арқылы адамзаттың алдынан жаңа постидеоло гиялық кезең ашылды. Оның бізге не берері бүгінгі ұрпақтың білім мен білі гіне байланысты. Күллі әлем үшін ашық та айқын ақпарат таратуға негіздел ген жаңа заманға бастайтын жаһан дану БАҚ-тарға қойылатын талапты күшейте түсті. Сондықтан олар өздері нің әрбір сөзі үшін моральдық жауап кершілікті терең сезінуі керек",- деді Н.Назарбаев. Елбасының пайым дауынша, "сөз бостандығы шексіз емес. Ол табындыратын ғана емес, талқан дайтын да қуатты күш. Ол саясатты жасап қана қоймайды, сонымен бірге ел тағдырына ықпал ететін қоғамдық пікір мен қалың бұқараның санасын да сомдайды. Сондықтан сөз бостандығы дегенді журналистік ар-ұждан жауап кершілігі деп те танығанда рыңыз жөн".

Содержание

Кіріспе ................................................................................................................. 3
1. Баспасөз және баспасөз бостандығы ........................................................ 6
1.1. Қазақстандағы баспасөз саласының қазіргі жағдайы ................. 8
1.2. Баспасөз саласындағы көкейкесті мәселелер ............................... 9
2. Сөз бостандығы саласындағы «сөз шектеулер» ................................... 13
2.1. Сөз бостандығы саласындағы көкейкесті мәселелер ................ 13
2.2. Дүниежүзілік баспасөз бостандығының жағдайы ...................... 15
Қорытынды ................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

БАСПАСӨЗ ЖАНЕ СОЗ БОСТАНДЫГЫ.doc

— 246.50 Кб (Скачать файл)

Радионың ықпалы. Уақыты бойынша екінші пайда болған ақпарат тарату құралы – радио болып табылады. Визуалдылықтың (лат. – viceo - көру) болмауы радиоға тән сипат. Бірінші қарағанда радионың бұл кемшілігі дыбысты телевидениеге қарағанда сапалы етіп іске асыруға мүмкіндік береді. Радио тыңдаушылар бар назарын бейнеге елеңдемей, дыбысты толық әрі терең қабылдайды. Радиода берілетін белгілі бір бағдарламаларды қалаған уақытта тыңдауға немесе оны кейінге қалдыруға мүмкіндік жоқ. Бұл радионың кемшілігіне жатады.

Телевидениенің ықпалы. Телевидение өткен ғасырдың 30 жылдарынан бастап қолданысқа ене бастады. 60-жылдары кең таралған бұқаралық ақпарат құралы болып табылды. Уақыт өте келе ол қарқынды түрде дамыды. Телевидение өзінің тек жарты ғасырлық ғұмырында адамдардың негізгі әлеуметтік тұтыну тауарына айналды. Телевидениенің қоғамдық санаға әсер етуі мен көлемі жағынан ешбір ақпарат тарату құралы сайысқа түсе алмайды. Оның негізгі қызметтеріне көңіл көтеру, ақпараттық, рухани дүние мен мәдени құндылықтарды беру, тәрбиелік рекреациялық қызметтерін атауға болады. Телевидениені көріп отырған адам ақпаратты терең қабылдайды, ондағы қуаныш пен қорқыныш сияқты сезімдерді анық сезінеді. Көрерменнің психикасы қозу немесе кідіру жағдайында болады. Теледидар үйдегі вампир-дос. Оны көріп отырған адам бар назарын аударады, ал ол белгілі бір ойларды, идеяларды гипноз күйінде сендіреді. Адам өлтіру, зорлық-зомбылық көрсету, алаяқтық, жалғыздық суретін көре отырып, адам өзінің психикалық процестерін теледидарға билеуге мүмкіндік береді. Қоғамда бірдей адамдар болмайды. Әр адам қайталанбайды. Ол отбасында, қоғамда, жеке өмірінде өздігінше тіршілік етеді. Оның өз мақсаттары, идеялары, ұстанымдары мен ұнатулары болады. Телевидениемен қатынасқа түсе отырып, ол өзіне құнды бір дүниелерді, өзінің идеалын табады. Біреулер үшін ол суперадамдар, батыл полицейлер немесе американдық детективтердегі гангстерлер, басқалары үшін саяси, қоғамдық қайраткерлер, үшіншілері үшін атақты киноактерлер мен модельерлер, спортсмендер, т.б. болуы мүмкін. Көрермен өзінің идеалына қалтқысыз сенеді, оның сөздері мен әрекеттерінде мін жоқ деп біледі, олардың принциптерін ұстана бастайды. Осылайша телевидениедегі идеалының ықпалы адамға сендіру қызметін орындайды.

Интернеттің ықпалы. Интернетке тән сипаттар:

  • Жаһандық сипаты – дүниежүзінің кезкелген нүктесінде ақпаратқа ие болу мүмкіндігі;
  • Ашықтық – қол жетімділік, ақпаратты жинау мен тарату құнының төтендігі;
  • Шектеусіздік – ақпараттың шектеусіз көлеміне иелік етуге мүмкіндік береді;
  • Интерактивтілігі – бір адамның басқа адаммен, бір адамның көптеген адамдармен, көптеген адамдардың бір адаммен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді;
  • Инфрақұрылымдық тәуелсіздігі – телефоннан басқа бірде-бір инфрақұрылымға тәуелділігі жоқ.

Жоғарыда  аталған сипаттардың бәрі интернеттің  оң ықпалына жатса, теріс ықпалына қолданушының агрессивті мінез-құлқы мен ойын тудыратын кейбір компьютерлік ойындарды жатқызамыз. Жасөспірімдердің өмірге деген қызығушылығығының азаюы, өз әлемін құруға ұмтылуы, нақтылықты қабылдамауы, өзімен қатарластарынан гөрі компьютермен қарым-қатынасқа түскенді қалауы әлеуметтік оқшаулануға соқтырып, тұлғааралық қарым-қатынастарын қиындатады. Сондай-ақ соматикалық ауытқуларға (көз көргіштігінің төмендеуі, тез шаршағыштық, т.б.) алып келеді. Сонымен қоса интернетке тәуелділік науқастығына ұшырайды.

Жарнама ықпалы. Жарнама – қазіргі уақыттағы өміріміздің ажырамас бір бөлігі. Жарнаманы кез-келген жерден көруге және естуге болады. Атап айтсақ, теледидар, радио, баспа және сыртқы бұқаралық ақпарат коммуникациясы арқылы. Жарнама тұтынушылардың сұранысын қанағаттандарады. БАҚ-тың негізгі табыс көзі болып табылады. Кейбір деректерге қарағанда негативті жарнамалар 1980 жылы 70-жылға қарағанда үш есе өскен, ал енді біреулерінде БАҚ-тағы негативті жарнаманың көлемі 1960 жылдан бері өзгермеген деседі. Үшіншілері негативті жарнамалар 1988 жылдан бастап қалыпты құбылыс ретінде қабылдана бастады [4].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Елiмiзде  БАҚ-ты кең тұрғыда тақырыптық саралау  орын алып отыр. Қазiргi уақытта баспалық БАҚ-тың үлесi масс-медианың жалпы  санының                50 процентiн, қоғамдық-саяси – 16 проценттi, ғылыми – 9 проценттi, жарнама лық – 10,5 проценттi, балалар, жастар, әйелдер және дiни басылымдар шамамен әрқайсысы 2 проценттi құрайды.

Қазақстан Республикасында 212 электрондық БАҚ  жұмыс iстейдi. Қазақстанда 212 телеарна тіркелген. Олардың тек 2 ғана мемлекеттік: «Қазақстан-1», «Хабар». Қалғандары жекеменшік арналар. Аса iрi жалпыұлттық электрондық БАҚ-тар Қазақстан Республикасы аумағының: "Xaбap" телеарнасы – 95,70 процентiн, "Қазақстан" – 96,25 процентiн,                   "Ел арна" – 75,50 процентiн, "Еуразия – бiрiншi арна" – 78,60 процентiн, Қазақ радиосы – 86,99 процентiн қамтиды. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа және Солтүстiк Африка елдерiнiң аумақтарында хабар тарататын "Caspionet" жалғыз спутниктiк арна жұмыс iстейдi.

Қазіргі таңда Қазақстанда 2970 бұқаралық  ақпарат құралы тіркелген. Оның ішіндегі 2756 мерзімдік басылымның 955-і (36%) –  орыс тілінде,                  453-і (18%) – мемлекеттік тілде, 959-ы (33 %) – орысша-қазақша, яғни аралас тілде. Көршілес Ресейден келетін 5248 газет-журнал тағы бар. Орыс тіліндегі ақпараттың жалпы көлемі 90 пайызға дейін барады. Орыс тіліндегі ақпарат құралдарының таралымы мемлекеттік тілдегі таралымнан 3-4 есе артық. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін 94 газет-журналдың                     70-і (75%) – орыс тілді.

БАҚ туралы Заңның 3 бап 3-тармағында Мемлекеттік  тілдегі бұқаралық ақпарат құралдарының телевизиялық және радио бағдарламаларының  апталық көлемі уақыты бойынша басқа  тілдердегі хабарлардың жиынтық  көлемінен кем болмауы тиіс. Мемлекеттік тілдегі хабарларды хабар таратудың тәулік кестесіне орналастыру хабарлар эфирге шығатын бүкіл кезең ішінде біркелкі жүзеге асырылуы тиіс. Ал Қазақстанда Республикалық телеарналар бойынша орысша бағдарламалардың көлемі НТК, Қазақстан – 35 пайыздан жоғары, Хабар – 45 пайыз, 31 канал – 48 пайыз, Рахат ТВ – 49 пайыз, Астана қаласының теледидары және КТК – 50 пайыз. Алайда ең тиімді уақытта (праймтайм) көрсетілетіндер негізінен орыс тілдегі хабарлар. Мұның бәрі мемлекеттік тілдің статусының қоғамдық санада әлі күнге дейін мойындалмағандығын көрсетіп отыр.

Студенттер  арасында «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық сананы қалыптастырудағы рөлі қандай?» атты сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 20 респондент қатысты. Респонденттердің 75 пайызы әйел,              25 пайызы ер. Олардың орташа жасы – 19,85 жас. Респонденттердің                     35% отандық арналардың шетел арналарына еліктеушіліктің басымдылығы, 15% отандық кинолар мен мультфильмдердің аздығын, 10% танымдық бағдарламалардың санының аздығын отандық арналардағы кемшіліктерге жатқызған.

Отандық арналарға қандай толықтырулар мен  өзгерістер еңгізу керек деген сұраққа  сауалнамаға қатысқандардың 55% жастар бойында имандылық пен мәдениетті қалыптастыратын бағдарламалар  көбейсе, 20% тіл үйрететін бағдарламалар енгізілсе, 15% еліміздің тарихы, мәдениеті, салты туралы бағдарламалар саны көбейсе деп жауап берген.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы  орнын қарастыра отырып, төмендегі  мәселелерге байланысты ұсыныстарды  ұсынып отырмын:

  • Балаларға арналған отандық мультфильмдер өндіру;
  • Мемлекетіміздегі қазақ тіліне байланысты мәселелерді шешу мақсатында, қазақ тілін БАҚ арқылы үгіттеу, меңгерту;
  • Темекі, арақ сынды зиянды әрекеттердің зиянын жиі насихаттау;
  • Адамгершілік, имандылық, патриоттық сезімді оятатын бағдарламалар санын көбейту;
  • Адамдар теріс мінез-құлық оятатын шетелдік бағдарламалық өнімдер санын қысқарту;
  • Балалардың дүние танымын өрістететін бағдарламалар санын көбейту.

Қорыта  айтқанда, БАҚ адамдардың санаға және мінез-құлқына идеологиялық, саяси, экономикалық және т.б. арқылы әсер ету құралы болып табылады. БАҚ-тағы ақпараттар психологиялық әсер етудің ақпараттандырудан, оқытудан, сендіру мен үгіттеуге дейінгі барлық секторын қамтиды [5].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1. Гуревич  С.М. Экономика средств массовой  информации: Учебное пособие.  М.: Изд. РИП-холдинг, 2001. 244 стр. (Практическая  журналистика).

2. Уэбстер Д. Создание свободных и независимых средств массовой информации //Материалы о свободе. USIS, 1995.

3. Ресми  емес немесе тіркеуде жоқ газеттер // arsenal  777.wordpress.com.

4. Республика Казахстан. Отчет по человеческому развитию. 1997. Алматы, 1997.

5. Нұрмолдақызы  Г. Қазақстандық БАҚ бизнес  ретінде қалыптасты ма, жоқ па? // Жас қазақ, №24, 28-маусым, 2008.

6. БАҚ туралы заңы, 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 Заң, 698 б.

7. Краткий  словарь по социологии / под общ.  ред. Д.М.Гвишиани, Н.И.Лапина. Сост. Э.М.Коржева,  Н.Ф.Наумова.–Москва: «Политиздат», 1989. 145 б.

8. Ворошилов  В.В. Журналистика. Изд-во: Михайлов В.А., 2001. 447 б.

9. Александрова  Т. Психологические аспекты влияния  средств массовой информации, Минск, 2003. 160-163-б. Интернет: www.kursoviki.ru.

10. Қазақстан  Республикасының ұлттық саясатының  тұжырымдамасы (2015 жылға дейінгі іске асырылатын міндеттер). Алматы, 18 қаңтар, 2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша



Информация о работе Баспасөз және сөз бостандығы