Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Мая 2015 в 11:07, дипломная работа

Краткое описание

Аталған жоба инвестиялау сомасы бойынша онша үлкен емес, алайда әлеуметтік-экономикалық мәні бойынша ол өз алдына біздің облыстың дамытуда өзінше өте қажетті сатыда тұр:
• Серіктестікте 20-ға жуық жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз етеді, осылайша әлеуметтік шиеленіс деңгейін төмендетеді;
• Қазақстан Республикасын импорт ауыстыратын өнімдермен қамтитын басқа мемлекеттерге тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді;
• Сатып алушылардың сұранысын қанағаттандырады.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару
1.1 Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын жасақтау мен құру
тәртібі............................................................................................................................5
1.2 Инвестицияларды экономикалық бағалауды бағдарламалық қамтуға қойылатын негізгі талаптар........................................................................................8
1.3 Инвестициялық жобаларды басқарудың мәні, функциясы мен үрдісі.........9

2. «Ақанай» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау және оның мәні
мен мақсаты
2.1 Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты............................16
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі..............23
2.3 Қаржылық жағдайды талдау әдістері................................................................31

3. Фирмадағы ішкі жоспарлаудың негізгі құжаты ретіндегі бизнес - жоспар жасау
3.1 Бизнес - жоспар: «Тігін өнімдерін шығаруды ұлғайту үшін айналымдағы қаражаттарды толықтыру».......................................................................................34

Қорытынды..............................................................................................................41
Әдебиеттер тізімі.....................................................................................................43

Вложенные файлы: 1 файл

Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару.docx

— 117.50 Кб (Скачать файл)
  • көптеген міндеттері мерзім сайын қайталана береді;

  • міндеттер мен өзара қарым-қатынастар жақсы таныс және түзету қиын;

  • іскерлік орта тұрақты.

Бұлардың ешқайсысының жобаны басқаруға еш қатысы жоқ. Шын  мәнінде әр жоба бірегей туынды, бірақ біртектес жобалардың бары сөзсіз.

Біртектес жобалар:

  • жаңа өндірісті ұйымдастыру;

  • жаңа өнімді дамыту;

  • кәсіпорынның құрылымына, штаттық кестесіне, ішкі стандарттарына өзгерістер енгізу;

  • жағдайды жақсартуға ұмтылу;

  • жаңа көлікті құрастыру немесе өндіру;

  • кластер құру негізінде қаланы немесе аймақты дамыту бағдарламасын жүзеге асыру.

Жобаларды басқарудың келесі функцияларын көрсетейік:

  • кіріктіруді басқару;

  • мазмұнды басқару;

  • уақытты басқару;

  • құнды басқару;

  • сапаны басқару;

  • адам ресурстарын басқару;

  • коммуникацияларды басқару;

  • тәуекелдерді басқару;

  • келісім шарттар мен сатып алуларды басқару.

Жобаны кіріктіруді  басқару жобаның жарғысын құру, жобаның  бастапқы мазмұнын жасақтау, басқаруды  жоспарлау, жобаны орындау, мониторингілеу, кіріктіру, жабу үрдістерін жүзеге асырады.

 

 Жобаның  мақсаттарын және оған жетуге қажетті ресурстарды анықтау жобаның мазмұны деп аталады. Айталық, жобаның тіршілік циклы барысында жоба өзінің мазмұнын өзгертуі мүмкін, онда мазмұнды басқару қажеттігі туындайды. Жобаның уақыты шектеулі екендігі белгілі. Өкінішке қарай, уақыт икемді ресурс емес, сондықтан барлық жұмыстар мұқият жоспарланып, есептелуі тиіс. Ал бұл уақытты басқару деген сөз.

Құнды басқару  үрдісі ең маңыздылардың бірі. Біздің қоғамымызда «уақыт-ақша» дейтін болсақ, оның бір жақсысы –икемді. Мазмұн, шығындар, уақыт пен сапа – жобаны басқарудың өзегін құрайды.

Табысты саналатын  жоба белгілі бір талаптардың  болуын қарастырады. Мұндай талаптарды әзірлеу мен орындау сапаны басқаруға  жетелейді.

Жобаларды белгілі  бір біліктер мен дағдыларға ие адамдар  жүзеге асырады. Бірақ адамдардың саны мен біліктілігі жобаның тіршілік циклы барысында қажетті күш салу деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Демек, көптеген адамдар белгілі бір уақытқа қана керек болуы мүмкін. Сондықтан жобаны жобаның басшысы мен топ жүргізуі қажет.

Нақты өмірде жобалық топ тек уақытша қажет болады. Осылайша адамдарды таңдау мен қимылдарын үйлестіруге назар аударып, олардың өзара түсінісуі мен жауапкершілігіне қол жеткізу керек. Бұл адам ресурстарын басқаруды талап етеді.

Көбінесе мұндай уақытша құрылымдар дәстүрлі әкімшілік жүйенің ішінде жұмыс істейді. Бұдан барып мекеменің матрицалық құрылымының тұжырымдамасы шығады.

Жобалар белгілі  бір өзгерістер енгізу үшін жасалады. Әр жобаның бірегейлігіне қарай  жобаның нәтижелері белгісіз болады. Демек, соңғы нәтижені үнемі болжамдап отыру қажет. Мұндай болжамдарға сүйеніп, бақылауды қолдана отырып, бағытты өзгерту керек. Бақылау егер жоба қатысушылары өздерінің міндеттері мен қызметтерін анық білетін жерде айқын қажет. Сонымен қатар, жобаның ағымдық жағдайы оны жоспарлық жағдаймен салыстырғанда ғана анық бола түседі. Әдетте мұндай салыстыру-лар  тек ішкі және сыртқы жобалық қоршауды түсіндірумен ғана шектеледі. Барлық жоғарыда аталғандар коммуникацияларды басқаруға саяды.

Белгісіздіктер  туралы сөз еткенбіз. Белгісіздік ықтималдық пен тәуекелмен байланысты. Саналы менеджер жобаның тәуекелдерін азайту үшін шаралар қолданады. Бұл бізді жобаның кешенді және салааралық қатынастарына қарамастан табиғатының сығымдалған түсінігіне алып келеді.

Осы қызметтердің барлығын тәуекелді басқару арқылы шешуге болады.

Жобаны табысты  жүзеге асыру үшін адамдар мен  коммуникациялар  жеткілікті емес. Адамдар  ұсынатын қызметтер қажет. Жалпыға  белгілі нәрсе – жобаның менеджері өзінің көп уақытын қызметкерлердің міндеттерін бөлу мен жобаның мақсаттарына жетуге арнайды. Сонымен қатар материалдар мен құрал-жабдықтар керек болады. Тауарлар мен қызметтермен қамтуды келісім шарттар мен сатып алуларды басқару жүзеге асырады.

Үрдістің негізгі  қадамдары – инициалдау, жоспарлау, бақылау, орындау, жабу. Басқару сызбасы жобаның барлық деңгейлерінде және әр қадамдарында орындалады.

Концептуалдық тұжырымдама – бұл жобаның тапсырыс берушісін қанағаттандыруға арналған тиісті құжаттарды жасақтау мен жобаның мақсат-міндеттерін анықтау.

Концептуалдық тұжырымдаманың қорытындысы:

  • Концептуалдық тұжырымдаманың нәтижелері

  • мәселелердің себептері;

  • күтілетін нәтижелер;

  • жобаны қысқаша суреттеу деңгейіндегі құнын алдын-ала анықтау;

  • күтілетін пайда мен құнды талдау;

  • қарастырылған шектеулер;

  • қарастырылған баламалық шешімдер.

  • Жобаның өнімі, күтілетін нәтиже мен жобаның мақсаттары;

  • өнімге қойылатын талаптар мен оның сипаттамалары;

  • қабылдау критерийлері;

  • жобаның кепілдемелері;

  • материалдар мен құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар;

  • жобаны шектеу;

  • жобаға рұқсат беру;

  • жобаны жүзеге асыратын бастапқы мекеменің сипаттамалары;

  • жұмыстардың басталу кестесі;

  • кедергілер кестесі;

  • бастапқы wbs құрылым;

  • жобаның бастапқы құнын есептеу мен бюджетін бағалау;

  • жобаның конфигурациясына қойылатын талаптар;

  • жобаға қойылатын келісілген және құпталған талаптар.

Бұл құжаттар жобаның  басты бағыттарының дамуы мен  басталуына басшылық ретінде қарастырылады.Жобаның  құжаттарын жасақтау мен жобаның  талаптарын құптау жұмыс басталар алдында  қажет нәрсе. Бұл ақпарат алдағы уақытта қабылданатын шешімдерге негіз  болады.

Жобаны анықтау  – жобаны басқарудың маңызды үрдістерінің бірі, ол жобаның құрылымдылығы мен бөлінімділігіне  кепілдік береді, олардың әрқайсының аяқталуына деген жауапкершілік бөлінген және бекітілген, бұл жобаның қатысушыларының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Wbs құрылымды қолдану барлық жұмыстардың анықталуына кепілдік беріп,жобаның басқарылатын кесінділерге бөлінуі мен әр кесінді ішіндегі жұмыстардың көлемін сипаттаудың маңыздылығын дәлелдейді.

Құжаттарды  жасақтау мен негізгі жобалық  шешімдерді қабылдау практикасы барлық жерде қолданылуға тиісті. Негізгі бағыттар аймағы –шешімдер қабылдау мен жобаның өзгеруін бағалауға негіз болады.

Өкілеттіліктер (жауапкершілік). Өкілеттіліктер мен жауапкершіліктердің тепе-теңдігі – жоба табыстарының кепілі бола алады. Ол жоспарлау құжаттарын тексеру мен әрі қарай келісім шарт құжаттарын тексеруден тұрады. Жұмыс басталардағы ресми өкілеттіліктер бұйрықтар мен басқа да құжаттар арқылы беріліп, оларды орындауға жауапты мекемеге тапсырылады. Жобаның басталуынан аяғына дейін барлық тиісті жұмыстар жүргізу үшін барлық жұмыс өкілеттіліктерін тексеру керек. Ресми бекітілген жұмыс өкілеттіліктері қажет рұқсатты алу үшін құралдардың ішкі үйлесімділігін қолдап отырады.

 

 Есептер. Есептерді құру жобаның күйі мен дамуының уақытша анықтамаларынан, жазбалары мен жинақтарынан тұрады. Бұл мәліметтердің сомалануы мен көрсетілуі әртүрлі форматтарда жүруі мүмкін. Мәліметтер өкілеттіліктердің әртүрлі деңгейлерін көрсету үшін ақпаратқа құрылымдануы тиіс. Жобада қажетті есептер мен олардың мазмұны мен берілу жиілігін алдын-ала анықтау қажет.

Жоба мониторингісінің жүйелері. Өзінің табиғатына қарай жоба қозғалмалы, сондықтан оның дамуы әетте жоспармен сәйкес болмауы мүмкін. Мониторинг жүйесі жобадағы барлық өзгерістерді бақылап отырады. Осылайша мақсаттық жоспар ескіруден сақтандырылады. Өкілетті жұмыста өзгерістерді қабылдау үшін оларды бөліп алып, анықтап, басқа жұмыстармен үйлестіру қажет. Өзгертулерді тиісті өкілеттіліктері бар жауапты тұлға мақұлдайды. Жұмыстардың орындалуына жауапты өзгерістерді рұқсат алғаннан кейін бастай алады.

Жобаның аяқталуы. Бұл үрдіс аяқталған осыған ұқсас жобалар туралы мәліметтерді қолдануды қарастырады. Құжаттарды қарау мен пайдалану ағымдық жобаның мүмкіндіктерін дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Мұндай ақпаратты жобаның мүмкіндіктерін талдау үшін қолдануға болады.

 

 Жобаны аяқтау  кезеңінде жобаның барлық қатысушылары  жобаны  бағалау мен нәтижелерді  құжаттау үрдісіне тартылады.  Талдауға  енгізілетіндері:

  • мақсаттық жоспардың құнынан, кестесінен және техникалық орындалуынан ауытқулар;

  • жобаның саласындағы өзгерістерді және олардың құнға ықпалын бағалау;

  • осы өзгерістердің тиімділігін, дер кезділігін, орындалу дұрыстығын бағалау, олардың жобаның дамуына ықпалы;

  • жұмыс сапасына қатысты арнайы факторлар;

  • барлық ерекше жағдайларды (табиғи апаттар, ауа райы жағдайлары, бірегей жайттар) бағалау;

  • іс-шаралар мен әдістердің тиімділігі;

  • аяқталған жобалар бойынша қорытындыү

Жобаның мазмұнын тиімді басқарудың бірінші қадамы – жоба мақсаттарын анықтау, құжаттау және осы мақсаттардың ішіндегі ең лайықтыларын таңдау. Әрі қарай жұмыс белгілі Wbs құрылымды қолдану арқылы жүреді.

Сосын жобаның  аумағын анықтау мен құжаттар кешенін  жоспарлау  қайтадан ресми  рұқсат алу үшін қаралады. Жобадағы өзгерістердің  басты бағыттары  жобаның құрылымына, бақылау жүйесіне қарай бақыланады. Өзгерістер енгізер алдында өзгерістерді бақылап тұру үшін ресми рұқсат алу керек. Жоба басталғаннан кейін жобаның дамуы мен тұғыры туралы мәліметтер жазылып, жобалық  талдау үшін жинақталып, құрылымданады. Бұл мәліметтерді талдау жобаның ағымдық жағдайын, мәселелі аумақтарды, даму тенденцияларын анықтауға жобаның келешегін болжауға мүмкіндік береді. Компания басшылығы  жобаның көрінісін қалыптастырады –оның  құныдылығын сараптайды. Жобаның  дамып келе жатқан мақсаттар жүйесінің және құралдарының көзі оның көрінісі болып табылады. жоба табысты болу үшін оның барлық қатысушылары басшылықтың бұл жобаны құптайтынын сезінулері тиіс. Бұдан шығатын қорытынды, жобаның мақсаттар жүйесі комапнияның дамуы аясында қарастырылады. әсіресе мақсаттар жүйесіне қойылатын талаптар SMART көзқарастарында айқын қарастырылған, олар төмендегідей болуы тиіс:

  1. нақты;

  1. өлшемді;

  1. қол жетімді;

  1. нәтижеге бағдарланған;

  1. уақытпен байланысқан.

 

 

2.  «Ақанай»  ЖШС-нің қаржылық жағдайын  талдау және оның мәні мен мақсаты.

2.1 Қаржылық жағдайдың  мәні және оны талдаудың мақсаты.

 

 

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.          

Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау жөніндегі  сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Информация о работе Инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау мен оларды басқару