Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 10:27, курсовая работа

Краткое описание

Оқытуды компьютерлендірудің негізін әлеуметтік процесс ретінде екі бағыт құрайды; білімді компьютерлендіру және оқытуды компьютерлендіру. Оқытуды компьютерлендіру компьютерді қолданудың тікелей оқытуға байланысты саласын ғана қамтиды. Бұл тұрғыда компьютерді пайдалану кеңістігі аса көлемді (оқыту сабақтары, оқушыларды тестілеу, білімді бақылау, ойын сабақтары және т.б. болып табылады).

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1.Информатика пәнін оқыту әдістемесі............................................................6
2.Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.................................13
3.Технологияның мәндік сипаты......................................................................17
4.Информатика пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер.........................20
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

курсИнформатика пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер.doc

— 136.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

ЖОСПАРЫ

 

КІРІСПЕ..............................................................................................................3

1.Информатика пәнін оқыту әдістемесі............................................................6

2.Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.................................13

3.Технологияның мәндік сипаты......................................................................17

4.Информатика пәнін  оқытудағы дидактикалық принцптер.........................20

ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

     Оқытуды компьютерлендірудің негізін әлеуметтік процесс ретінде екі бағыт құрайды; білімді компьютерлендіру және оқытуды компьютерлендіру. Оқытуды компьютерлендіру компьютерді қолданудың тікелей оқытуға байланысты саласын ғана қамтиды. Бұл тұрғыда компьютерді пайдалану кеңістігі аса көлемді (оқыту сабақтары, оқушыларды тестілеу, білімді бақылау, ойын сабақтары және т.б. болып табылады).

      Қазіргі  кезде оқытуды компьютерлендіру компьютерге берілетін іс- әрекеттер тұрғысынан қарастырыла бастады (Н.Ф.Талызина, Т.В.Гадай т.б.). Оқу процесінде компьютер зеріттеудің объектісі де, оқытудың құралы да бола алады, яғни оқытуды компьютерлендірудің екі бағыты болуы мүмкін. Біріншіден, білім, іскерлік және дағдыны меңгеру компьютердің мүмкіндіктерін танып- білуге, сонымен бірге оны әр түрлі тапсырмалардың шешімін іздестіруде пайдалануға, басқаша айтқанда, компьютерлік сауаттылықты меңгеруге бағыттайды. Екіншіден, компьютерді оқытудың пәрменділігін атқарудың қуатты құралы болып табылады.

      Компьютерді  оқыту процесінде пайдалану идеясы  оқытуды бағдарламалау тұжырымдамасы аясында пайда болады. Б.Ф. Скиннер жасап шығарған оқытуды бағдарламалау тұжырымдамасының ең басты элементі болып – дидактикалық машинаның немесе бағдарламаланған оқулықтың көмегімен берілетін тапсырмалардың жүйелі бірізділіктегі бағдарламасы саналады. Оқытудың сипатына және шамамен берілетін жауаптарға байланысты тікелей, тармақталған, аралас бағдарламаларды бір – бірінен ажыратып таниды.

      Бағдарламаланған  оқыту дидактикалық техналогия  деп аталатын оқытудың жаңа  техналогиясының негізгі ретінде қабылдана бастайды. Компьютердің басымдылығы ең алдымен оқытуды дербестендірудің мүмкіндіктерін кеңейту тұрғысында қарастырылады. Алғашқы оқыту жүйелері өзінің дидактикалық мүмкіндіктері бойынша бұрынғы оқыту әрекетінде пайдаланған оқытудың қарапайым техникалық  құралдарынан онша ерекшелене қойған жоқ. Әйтседе, осындай алғашқы жасалымдар компьютерді оқытуға деген қызығушылықты оятып, компьютерді оқыту жүйелерін жасау жөніндегі жұмыстарды жандандыра түсті.

     Кейінгі  уақытта көптеген авторлар, ( С.И.  Архангельский, Б.Ф. Ломов, Б.С.Гершунский, Е.И. Машбиц және т.б). оқыту процесін оңтайландыру мәселелерін компьютерлік технологияларды пайдаланумен байланыстырады. Бұл жұыстарды ЭЕМ-ді оқыту процесінде практика жүзінде пайдаланудың мол тәжірбиесі жинақталған және оқушылардың оқу-танымдық әрекетінің әртүрлі кезеңдерінде компьютерді пайдаланудың іргелі психологиялық- педагогикалық негіздері көрініс алған.

    Бірқатар жұмыстарда ( В.П. Беспалько, В.И. Бололюбов,  И. Марев. Г.К. Селевко, И.И.  Ильясов және т.б. ) педагогикалық технологияның маңызы белгілері атап көрсетілген, солардың ішінде диагностикалық мақсаты білім беру, оқыту ісіндегі жүйелік, нәтижелік, тұтастылық, басқарушылық, өнімділік, жобалаушылық, көрнекілік (әртүрлі аудиовизуалдық, компьютерлік техникаларды қолдану, түрлі дидактикалқ материалдар мен көрнекілік құралдарды құрастыру және пайдалану , үнемділік (мұғалімнің еңбегін оңтайландыру, қысқа мерзімде нәтижеге қол жеткізу сияқты технология сапасын көрсететін белсенді түрде үзіліссіз болып отыратын кері байланыстың мүмкіндігін және т.б. ) аса мән беріледі.

    Ғылыми еңбектерге  жасалған талдау авторлардың  көпшілігі компьютердің оқыту  процесіндегі педагогикалық мүмкіндіктерінің  жоғарғы екендігін көрсетеді.  Әйтседе, компьютерді пайдалану  тиімді болады сол кезде, егер педагогикалық бағдарламалық құралдар жасау барысында құрастырушылар компьютермен оқушының өзара әрекеттегі дидактикалық және психалогиялық принциптерін ескергенде. Білімді технологияландырудың теориялық негіздері ғылыми әдебиеттерге кейінгі жылдары ғана айқындала бастаған педагогикалық жобалаумен үзіліссіз байланыста болып отыр. Компьютерлік технология бағдарламалық Оқыту идеяларын дамытады, қазіргі заман компьютерлері мен телекомуникацияларының ерекше мүмкіндіктермен байланысты әлі зерттеле қоймаған оқытудың жаңа технологиялық үлгілерін ашып береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      

  1. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

   Қазіргі жағдайда компьютерлік технология адамзат тіршілігінің барлық бағытына енген, олар біздің де зерттеуімізге аса қызығушылық туындатады. Компьютерлік техналогия деп қазіргі есептеу техникасы мен бағдарламалық тұрғыда қамтамасыздандыратын құралдарды пайдалану арқылы адамзат әрекетінің барлық түріндегі ақпаратты өңдеуге байланысты жобаланып, жасалған процесті жүйелі бірізділікті қолдануды айтады.

     Компьютерлік  технологияның даму деңгейі, ең  алдымен, тез жаңаруға, жетілдіруге  бағытталған ақпараттық және  бағдарламалық құралдардың жағдайымен  анықталады. Ақпараттық-бағдарламалық  сипаттамалар, әсіресе білім беру  жүйесіндегі дидактикалық процестерді дамыту үшін аса маңызды.

     Компьютерлік  технологияның үш негізгі құрылымы бар; 1) технологияның өзі (бұл ақпараттық жүйені техникалық жағынан қамтамасыз етуді көздейді); 2) осы техникада ақпаратты өңдеу бағдарламалары (бұл жүйенің бағдарламалық тұрғыда қамтамасыз етілуін қарастырылады); 3)ақпарат нәтижесі (бұл осы бағдарламалар бойынша техникада өңделеді) .

Компьютерлік техниканы  пайдалану оқытудың мақсаты мен  мазмұнын өзгертеді, оқытудың жаңа әдістері мен ұйымдастырушылық формалары пайда болады. Компьютерлік техналогияны күнделікті тапсырманы шешуде пайдалана білу әрбір оқушы дайярлығының міндетті компонентігінің бірі болып табылады. Сол себепті мектептің алдында оқушыны, соның ішінде жоғарғы сынып оқушысын әртүрлі сипаттағы компьютерлік техналогияны пайдалана білуге үйрету тапсырмасы тұр.

      Жоғарғы  сынып оқушыларының мектептегі  оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру  компьютерлік техналогияны оқытудың  құралы, пәнді оқыту, тапсырмаларды  шешетін жұмыс жабдығы тұрғысында  пайдалануды болжайды.

       Компьютерлік  технологияны жоғары сынып оқушыларының  даярлығында пайдаланудың тиімділігі  оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін  ұйымдастыруды пайдаланған педагогикалық  құралдардың тұжырымдамалық тұрғыда  жасалуда, оқытушының оқу-ақпараттық ортаға бейімделуіне, оқушылардың тапсырмаларды ақпараттық технологияның көмегімен шешуге даяр болуына байланысты. Жоғарғы сынып оқушыларын компьютерлік технологияға қажетті білім негіздерін меңгеріп, практикада пайдалану тәжірибесін жинақтауы қажет және оларды іс-әрекеттерде қолдануға байланысты даярлықты меңгеруі тиіс.

       Компьютерлік  технологияны меңгеру олардың  атқаратын міндетін, пайдалану салаларын,  жұмыстағы негізгі принциптерін  білуді; технологияны жүзеге асырудағы  бағдарламалық құралдармен жұмыс  жасау әдістері мен амал-жолдарын білуді және оларды практикада қолдану іскерлігін білуді қарастырады.

       Оқытуды  компьютерлендіру оқыту технологиясын  жетілдірудің белгілі бағыттарының  бірі болып табылады, оның әсіресе  жоғарғы сынып оқушыларына білім берудегі маңызы өте зор. Әртүрлі оқу орындарына түскелі отырған және қоғамдық өндірістің әртүрлі салаларында қызмет етуді көздеген жоғарғы сынып оқушылары үшін технологиялық жүйелердің негізгі заңдылықтары мен дамуын білумен бірге, оларға баға бере білу мен талдау жасауда оларды басқара білу де аса маңызды.

       Мұндай  талаптарды жалпы білім беретін  мектептердің мемлекеттік білім  беру стандарттары да қойып  отыр. Онда дидактикалық және  зерттеу құралдары болып табылатын алдыңғы қатарлы ақпараттық, каммуникациялық және компьютерлік технологияны меңгеру мен қолдана білу мәселелеріне ерекше назар аударылған. Мұндай құралдар мектеп оқушылары мен оқытушыларына дербес компьютердің көмегімен әртүрлі сипаттағы тапсырмалардың шешімін іздестіруде нақты көмек бере алады.

        Зерттеулерге жасалған талдау бізге өңделетін ақпараттардың түрлеріне қарай компьютерлік технологияның жіктемесін түзеуге және кейбір технологияның педагогикалық іс-әрекетіне қарай қолдануға болатынын қарастыруға мүмкіндік береді. Компьютерлік технологияның жіктемесін басқа ақпараттарды да қамтамасыз ете алатындықтан шартты түрде белгіленеді. Мысалы, кестелік процессорлар сандық ақпаратты да, мәндік ақпараттыда өңдеуден өткізе алады, сонымен бірге графика генерациясының қосынды ақпаратын пайдаланады. Компьютерлік технологияның тесттік процессор құралы болса құжаттарды жасап, өңдеумен бірге, күрделі емес сандық есептеулерді орындау мүмкіндіктерін қарастырады. Сондықтан әрбір компьютерлік технология әйтсе де көпшілік жағдайда ақпараттың белгілі түрі өңдеуге және пайдалануға бағытталады.

        Осы айтылғандардың негізінде  біз жоғарғы сынып оқушыларының  іс-әрекеті оқу тапсырмаларын  табысты шешуге бағытталады, ал  компьютерлік технологияны іс-әрекеттерінде  пайдалану- жоғарғы сынып оқушыларының  өзінің іс-әрекетінде оқу мен зерттеу тапсырмаларын шешу мақсатында компьютерлік –ақпаратты ұйымдастырудағы мақсатты процесі деп түсінеміз.

      Компьютерлік  технологияны жоғары сынып оқушыларының  сабақ және сабақтан тыс оқу  әрекетінде пайдалану мынадай  нәтижелерге қол жеткізеді; жұмыстың өнімділігі артады; ақпараттарды жинаудың, өңдеудің, басқарудың пәрменділігі, оның дәлдігі, сенімділігі және жеделділігі артады; жаңа міндеттердің шешімін іздестіруде көмектеседі, өндіріске қажетті мәселелерді меңгереді, жұмысты ұйымдастыру мәдениетін атқарады және т.б.

       Жоғарғы  сынып оқушыларына компьютерлік  технологияны меңгеру проблемасы  саласында орындалған зерттеулерге  жасалған талдау ғылымдардың  көбінесе мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерге аса мән беретінін көрсетеді. Бұл өте орынды,  өйткені мотивациялық компонент оқыушылардың компьютерлік технологияға қызығушылығын, оны күнделікті іс-әрекетте қажетсінуін көздесе, мазмұндық компонент, қазіргі білім үшін оның мазмұнына компьютерлік технология негіздерін ендіру, сонымен бірге компьютерлік технология әдістері мен құралдарын барлық оқу пәндерінде пайдалану қажеттігін дұрыс түсінуге көздейді (А.П.Ершов, А.Я.Селевко, В.С.Леднев т.б.) Ал, іс-әрекеттік компонент болса оқыту процесінің ақпараттық моделін басқарудың жалпы теориясының негізінде және технологиялық жүйенің ақпараттық процесінің мәнінде құруды; компьютерді математикалық статистика әдістерін жүзеге асыруда пайдалануды; оқытудың мақсаттарын, нәтежелерін шартты және технологиялық тұрғыда сипаттауды және т.б. технологияны оқытудың компоненттерін қарастырады (С.Н.Архангельский, В.П.Беспалько, П.Ф.Талызина және т.б. )

       Қазіргі  зерттеулерде жоғарғы сынып оқышыларының  компьютерлік технолгияны практикалық  іс-әрекеттерде меңгеруінің проблемасы  нақты тәсілдер кешені арқылы шешімін табады. Біз соларға талдау беру нәтижесінде мынадай негізгі тәсілдерді анықтадық; жүйелік және технологиялық, тұлғалық және іс-әрекеттік Бұл тәсілдер жоғарғы сынып оқушыларының компьютерлік технологияны практикалық іс-әрекеттерде жоғарғы тиімділікпен пайдаланудағы даярлығын қалыптастыруды қамтамасыздандырады.

       Жүйелілік тәсілі біздің зерттеуімізде мынадай міндеттерді атқарады;

а) зерттелетін объектінің мақсатына  қарай нақты тапсырма беру (белгілі  нәтижеге қол жеткізуге ұмтылу, бұл  орайда, мақсат жүйе қараушы фактор ретінде қызмет етеді); ә)зерттелген объектіні көрсететін құралдар жасау (жүйелі талдау беру); б) жүйелі талдау әдістері мен амал – жолдарының көмегімен қортындырылған модель құру.

       Зерттеу жұмыстанрының  мақсат – міндеттерін шешуде жүйелік тәсілдің құрамдас бөлігі ретінде – технологиялық тәсілді пайдалану мүмкіндіктеріне де аса мән береміз. Сонымен бірге бір қатар авторлардың еңбектеріне ( Т.А. Ильина, М.В. Кларин, Ю.Лавриков. В.Д.Симоненко, Н.В.Фомин және т.б. ) жүйеленген технололгияляқ қатынастың басты қағидаларын зерттемумізде негізге аламыз :педогокикалық технология адамның және материалдық технологияның мүмкіндіктерін оңтайлы жүзеге асыруға негізделген жеке және дара тұлғалық принциптерін ескере отырып іс-әрекеттік қатынас негізінде құрылады; педагогикалық іс-әрекеттер нақты алынатын нәтиженің түріне қарай мақсатты тапсырмаларға сәйкес түзіліп, жүзеге асырылады; негізге алынатын педагогикалық технологияның элементтері бір жағынан қайта өндірілетіндей болуы керек, екіншіден, барлық оқушылардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне кепілдік беруі тиіс; іс-әрекет нәтижелерінің көрсеткіштері мен аспаптық өңдеулері диагностикалық тәртібі, ұстанатын өлшемдері педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі болып табылады.

         Технологиялық тәсілдің аталған осы қағидалары жоғарғы сынып оқушыларының компьютерлік технологиядан білім деңгейін көрсетуде және алынған нәтижелердің дәлелділігін негіздегенде ескеріледі.

          Тұлғалық-бағдарлық тәсіл мазмұнында зеріттеу барысында жоғарғы сынып оқушыларының компьютерлік технологияны меңгеруінің педагогикалық шарттарын анықтауда пайдаланған қағидалар (тұлғаның дамуын оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету; жоғарғы сынып оқушыларына компьютерлік технологияны меңгеру процесін басқаруға үйлестірушілік және мотивациялық сипат беру; компьютерлік технологияны пайдалану арқылы жоғарғы сынып оқушыларына оның болашақ үшін мәнін түсіндіру, танымдық білімін қалыптастыру) көрініс алады.

Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері