Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 10:27, курсовая работа

Краткое описание

Оқытуды компьютерлендірудің негізін әлеуметтік процесс ретінде екі бағыт құрайды; білімді компьютерлендіру және оқытуды компьютерлендіру. Оқытуды компьютерлендіру компьютерді қолданудың тікелей оқытуға байланысты саласын ғана қамтиды. Бұл тұрғыда компьютерді пайдалану кеңістігі аса көлемді (оқыту сабақтары, оқушыларды тестілеу, білімді бақылау, ойын сабақтары және т.б. болып табылады).

Содержание

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1.Информатика пәнін оқыту әдістемесі............................................................6
2.Информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.................................13
3.Технологияның мәндік сипаты......................................................................17
4.Информатика пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер.........................20
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

курсИнформатика пәнін оқытудағы дидактикалық принцптер.doc

— 136.00 Кб (Скачать файл)

         Компьютерлік технологияны оқушыларға  меңгертуде оқыту  әдістерінің (сөздік көрнекілік, практикалық, білімді қабылдау, білім мен іс-әрекетті бекіту, білім мен іс-әрекетті тексеру әдістері, білім, іскерлік шығармашылық қабілеттерді игеру әдістері, репродуктивтік, индуктивтік әдістер және т.б.), сабақ түрінде берілетін оқыту формаларының (дәстүрлі, дәстүрлі емес сабақ типтері, үйірмелер, факультативтер, олимпиадалар, конференциялар, жарыстар, шығармашылық көріністер және т.б.), оқыту құралдарының (тікелей, айналмалы байланыстағы құрал; талдау, бағалау және шешім қабылдау; белгілеу, көру, есту, ескеру және т.б.) рөлі ерекше. Біз оларды оқыту процесін құру барысында эскиздік жоба жасауда тірек етеміз.

           Оқытуда дидактикалық бағыттағы педагогикалық бағдарламалық құралдарды да (оқыту; дидактикалық - тестілік, жаттығу, иммитациялық, модельдік қолданбалы және аспаптық бағдарламалар) тәжірибелі – эксперимент жұмысы барысында пайдаланамыз. Олардың нәтижесі диссертатцияда жан-жақты мазмұндалады.

           Әдетте, оқыту технологиясы әдістеменің  енгізінде құралған оқытуға қарағанда,  бірнеше өзіндік ерекшелікткрге ие. Оларға диагностикалық (еске түсірілетін ) және операциялық тұрғыда мақсат қоя білу, мақсатқа жетуді бақылаудың шынайы әдістері, оқушының оқу- танымдық іс-әрекетінің жобасы (оқыту мазмұны және процесінің құрылымы), алгоритмдік тұрғыда белгіленген оқыту процесі кезеңдерінің бірізділігі жатады.

           Білім беру технологиясының маңызды ерекшелігі болып оқытуды ұйымдастыруды айтарлықтай жақсартуға, оқушылардың білім сапасын арттыруға, оқыту процесінің жекелеген бөліктерін таңдамалы түрде қайталаудыжүзеге асыруға, оқыту процесінің әлсіз компоненттерін анықтап жетілдіре түсуге мүмкіндік беретіе кері байланыс жүйесін қалыптастыру саналады.

 

  1. ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ПРИНЦПТЕР

Оқу сабағының түрі.

Сабаққа пән дидактикалық Функциялары

Сабақ

Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерді қалыптастыру: оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қортынды жасау. Есептер шығару.

Лекция (теориялық оқыту)

Қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу орындағы оқу түріне жайындау іскерлігін қалыптастыру.

Семинар (теориялық оқыту)

Өрілгне тақырып, бөлім  бойынша білімді жалпылап, жүйелеу; қосымша әдебиеттермен жұмыс  істеу іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалдарды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу іскерлігі. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар жазу; оқылғанды конспектілеу, көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.

Конференция (теориялық  оқыту)

Өтілген материалдар  бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту, қосымша информация көздерімен жұмыс  істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әңгімелесу (теориялық  оқыту)

Негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау; білімдегі  олқылықтарды ашу және түзетулер  еңгізу, пін бойынша өз бетімен  жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.

Консультатция (теориялық  оқыту)

Білімі мен іскерліктеріндегі  олқылықтарды жою, меңгерілген білімін  нақтылау; оқу процесінде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу іс-әрекетінің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.

Фронтальдық лабораториялық жұмыс.

Оқушыларды программалық қамтамасыз ерумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекіту, меңгерілген материалдарды тексеру), жеңіл есептерді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тексеріп, оның қортындысын тұжырымдау

Практикум

Күрделі програмалармен және ПҚ-дің қосымшалары мен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру, өз бетімен зерттеу жүргізе білу іскерлігін қалыптастыру.


   

    Компьютерлік технологияны оқыту немесе компьютерлік технология – деп компьютерлік бағдарламалық құралдарды пайдалануға негізделген білім беру технологияларын атайды. Компьютерлік технологиялардың түрлері компьютерді оқытудың әртүрлі кезеңдерінде пайдалану деңгейімен ерекшеленеді: монотехнологиядан (барлық кезеңдерде компьютерлік қолдау көрсету) оны түсінгенге дейін (оқытудың жекелеген кезеңдеріне қолдау көрсету).

           Компьютерлік технологияларды жасау  мен ендіру жеке тұлғалық бағдарды  технологиялықпен байланыста қарастыратын теориялық-әдіснамалық тәсілді талап етеді. Компьютерлік технология қарқындылық, жүйелілік, кіріктілік, модульдік, бейімділік, көрнекілік, аяқталғандық және т.б принциптерге сәйкес болуы тиіс. Компьютерлік технологияны құруда компьютерлік оқытудың дидактикалық принциптерін де ескеру қажет: ақпараттық адамгершілік принципі (оқыту процесінің барлық элементтері оқушылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне бағытталуы тиіс); мультимедиялық принципі (оқыту мултимедиялық болуы керек); ақпараттық технологиялардың метапәнділік принципі (оқытудың мазмұнында оқу пәнінде көрініс алған ақпаратты ұсыну мен өңдеу тәсілдеріне назар аудару қажет). Аталған дидактикалық принциптер жоғарыда айтып өтілген педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану кезінде ескерілуі тиіс. Мұндай шарттар педагогикалық бағдарламалық құралдарда гипермедиа құрлымымен жасалуы тиіс, яғни, егер бағдарламаның ақпараттық компоненттері болып мәтіндер, сызбалар, суреттер, оқытудың бейне және анимациялық фильмдері, аудио сүйемелдеулер, кері байланыстағы тест-сұрақтар, сілтеме-ауыстырулар саналған жағдайда. Белгілі бір оқу пәні бойынша мұндай педагогикалық бағдарламалық құралдарды жасау көп еңбектенуді талап етеді. Бұл әрбір мұғалімнің қолынан келе бермейтіндей тапсырма болып табылады.

         Сондықтан жоғарғыда сипатталған  принциптердің негізінде біз  Компьютерлік технологияны оқыту  моделін құрдық. Модельде оқыту  процесін қолдану құралы ретінде  біздің ұсынып отырған оқыту процесінде педагогикалық бағдарламалық құралдарын жасау мен пайдалану жөніндегі тапсырмаларын жеңілдететін аспаптық бағдарламалық жүйеге аса мән беріледі. Компьютерлік технологияны оқыту моделі кезеңдердің бірізділігінде жүзеге асады.

         Аталған компьютерлік технологияның  өзіндік ерекшелігі сол, ол мұғалімге компьютерлік ақпараттық технология саласында даярлығын аз оқу процесінде пән бойынша оқытылатын бағдарламаны жасауда және қолдануда біздің ұсынып отырған аспаптық бағдарламалық ортаны қолдануына мүмкіндік береді.

 Информатика пәнінің орта мектепке еңгізілгеніне аз уақыт болғанына қарамастан курсты оқытуға әртүрлі бағыттардың пайда болғанын атап өттік. Орта мектептегі оқытылатын басқа пәндермен салыстырғанда информатика әлдеқайда жас ғылым. Жаңа информациялық технологиялардың дамуына қарай курстың мазмұнының өзгеріп отырғаны белгілі. Курс мазмұнының өзгеруі мен програмалық және техникалық құралдардың әртүрлілігі, сондай-ақ, информатиканы оқыту әдістемесінің жеткіліксіздігі курстық мазмұны мен оқыту әдісі, құралдарын таңдауда информатика пәнінің мұғалімдеріне айтарлықтай қиындық туғызуда. Мұндай аса күрделі мәселені шешуді дидактиканың жалпы принциптерінен ізденген жөн. Дидактиканың жалпы принциптері информатика курсын оқытуда нақтылана түседі.

       Ғылымилық принципі. Бұл принцип білім беру мазмұнынан оқушының танымдық мүмкіндіктеріне бейімделген сәйкес ғылым саласының жаңа жетістіктері орын алуын талап етеді. Аталған мәселе тұтасымен алғанда жеңілдей түседі, өйткені информатика курсында «жоғарғы», «төменгі» деп бөлінетін нақты бөліну жоқ, пәншілік байланыс өте жоғары. Олай дейтініміз – инфарматика ғылымындағы көптеген түсініктер мектептегі пәннен өзінің ұқсастығын (аналагын) тауып жатады. Курста қарастырылатын «информация», «алгоритм» және «атқарушы» ұғымдарының іргелі ұғым екені белгілі. Алғашқы екі ұғымның мағынасының айқын екені түсінікті, ал атқарушы ұғымы көп мағыналы, ол информатика курсында бірнеше қызметтер атқарады:

  1. алгаритмді атқару процесіне көрнекілік беретін дидактикалық құрал (тасбақа, Робот және т.б атқарушылар.);
  2. бұл көптеген мәселелерді бірыңғай бағытта сипаттауға мүмкіндік беретін ұғым: тасбақа – графикалық атқарушы, редактор – тесттік атқарушы, операциялық жүйе – файлдар атқарушысы, принтер- тесті қағазға шығаратын атқарушы және т.б.;
  3. кез-келген атқарушыдағы компьютерлік модель құрылымы компьютерлік білімділікті қалыптастыру мақсатын ашады.

        Сондай-ақ, кез-келген атқарушыдағы  компьютерлік модельді объектілі  бағдарланған программалау терминдеріндегі  модуль немесе объект ретінде  түсінуге болады.

       Оқытудың  ғылымилық принципі оқытудың жаңа әдістеріне сүйенелі. Ол информатикаға қатысты модельдеу, алдымен, кең мағынада оқушының зерттеу іс-әрекетін қамтитынын көрсетеді.

        Бірізділік және қайталау. Бірізділікті тура мағынасында алып қарайтын болсақ, оқу материалы логикалық тізбектелген күйінде немесе логикалық тұйықталмаған тармақ түрінде берілген, ал қайталау тек берілген материалды бекіту үшін деп түсіну мүмкін. Бірақ, бұл түсінік информатика курсында аса күшті пәнішілік байланыстың әсерінен басқаша сипат алады. Мысалы, қайталау командасы бір орында ғана қарастырылмайды, оның мағынасы мен қабылдау күрделілігі мәліметтердің типіне тәуелді.

        Бұл тұжырымды, яғни бірізділік  принципін қайталау түрінде жүзеге  асыруды А.П.Ершов ұсынған болатын,  ол ұғымның жаңа тұжырымдарда, контекстерде кеңейтіліп, қайталана беретінін көрсетеді. Мысалы, А.Г.Кушниренко бастаған топтың оқулығында алғашында алгаритмдердің (аугументсіз) жазылуын қысқарту үшін пайдаланылса кейінен сызушыға арналған алгаритмдерде аргументке ие болып, толығымен сандық есептерге айналады. Бұл оқулықтың баяндалуына пәнішілік байланыс ашыла түседі.

       Іс-әрекетті меңгерудің ұғынықтылығы. Дәстүрлі оқыту әдісінде ұғынықтылық оқушылардың өз іс-әрекетіндегі білім мазмұны мен құралдарын толық түсінуі болып табылады, сондай-ақ, бұл қағида барлық пән үшін орындалады деп есептелінеді. Бірақ, компьютер бұл ұғынықтылықтыоқыту мақсаттарымен шектеуге мәжбүр етеді. Қысқа уақыт ішінде компьютерде жүретін барлық процестер жөнінде айтып шығу мүмкін бе? Мысалы: Enter клавишын басқанда: аппаратурадан үзу, операциялық жүйеде өңдеу, қолданбалы программаның деңгейіндегі реакция. Оның бәрін білу де керек емес, өйткені ол әр жағдайда әртүрлі қызмет атқарады. ЭЕМ- ны құрастырушы, программист және пайдаланушының бұл іс-әрекетке көзқарастары әртүрлі. Мұндай жағдайда оқушыда бірін-бірі толықтырып отыратын әртүрлі көзқарастар қалыптасуы және олар жинақтала келе сол ұғым жөніндегі жалпы сипаттаманы беруі тиіс. Ең бастысы оқушыда жан-жақты терең білім қалыптасуы қажет. Мұндай жағдайда мұғалімнің білім деңгейі мен материалды жинақтап, іріктей білуі шешуші роль атқарады.

       Мазмұнның тиімділігі. Тиімділік принципі оқыту деңгейлерін бөлу мен компьютердегі жұмыс мөлшерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Қарапайым дайын прагроммалық құралдармен жұмыс компьютерді пайдаланудың ең төменгі деңгейі болып тадылады. Барлық оқушылар үшін бұл деңгей компьютерді тиімді пайдаланудың белгісі іспетті. Мысалы, аса маңызды да күрделі тақырып – алгоритмдердің мынадай есептен бастағаны дұрыс: есептің көлемінің уақытқа тәуелділігі информацияның графикалық түрде берілуімен де жүзеге асады.

      Іс-әрекеттегі мазмұнның көрнекілігі. Көрнекілікті информатиканы оқытудың ажырамайтын бөлігі деп те айтуға болады. Ол информатика курсының әртүрлі сипатта берілуімен түсіндіріледі: бір информацияның өзін графикалық бейнелер жиынтығы түрінде беруге болады. Мысалы, блок –схеманы алатын болсақ, шағын алгоритмдік құрылымы мен атқарылу процесін өте көрнекі сипаттауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, програмалық тілдерін сипаттаудағы көрнекі диаграмаларын да көрнекілік болып табылады. Е- практикум жүйесіндегі алгоритмнің кесте түріндегі атқарылуы да көрнекілікке жатады. Алгоритм текісінің құрылымдық сипатта жазылуының өзі –көрнекілік. Қозғалмалы бейнелер иен түстің, дыбыстық қосылуы да көрнекілікті кеңейтеді. Мысалы, Бейсик тіліндегі қарапайым ВЕЕР командасы өте сирек қолданылады. Ал, аталған команданың көмегімен програмадағы кездескен қатені, програманың бақылау нүктесінен өтуін және т.с.с. көрсетуге болады. Сонымен қатар редактормен жұмыс кезіндегі компьютердегі оқушының іс-әрекетін мұғалімнің демонстрациялауы да көрнекілік болып табылады.

        Белсенділік және өз бетіндік принцип. Оқушының белсенділік оның іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Басқа пәндерді оқыту барысында педогог оқушылар мен тікелей байланысты жұмыс істейді, лоардың реакциясын көріп, өзін басқарады. Ал, информатикакурсында оқушының жұмысы мұғаліммен жекпе-жек болуы мүмкін. Сөйтіп, информатика сабағында оқушының белсенділік тек мақсат қана емес, табысты оқытудың қажетті шарты болып табылады. Е.И.Машбиц, «білімнің оқушыға бере салатын зат емес, оның жеке тұлғалық қасиетіндегі өзгерісі екенін» өте орынды атап көрсетті. Ол белгілі бір мақсатты көздейтін, белсенділіктің нәтижесінде жүретін процесс. Бұл әсіресе,жүйелі де жан-жақты байланыспен білім беретін информатика пәніне тән. Белсенділіктің байқау тәсілдері әртүрлі, мысалы, өзінің іс-әрекетіндегі жүретін рефлекция арқылы, өзіндік бақылау, өздерінің алгоритм құруы және дайын алгоритмді түрлендіру. Белсенділіктің оқуға деген қызығушылықтан шығатыны түсінікті, бірақ оқыту барысында бақыланатын нәтиженің қандай болатынын мұғалімнің нақты тұжырымдауы қажет, дәлірек айтсақ нені «тапсыруы» қажет. Оқытудың барысында бір компьютерге екі оқушыдан «отырғызу» жұмыс белсенділігін арттырады, өйткені сенімсіздік азайып, диалог пайда болып, өзара оқыту жүреді.

       Оқушының  өзбетінділігі де информатиканы  табысты оқытудың мақсаты және  қажетті шарты болып табылады. Ол белсенділіктен кейін жүреді: оқушы проблемалық типтегі лекцияны белсенді түрде тыңдауы мүмкін, бірақ ол өзбетінділікке жатпайды. Өзбетінділіктің мүмкін болатын даму кезеңдері төмендегідей: мұғалімнің оқушының іс-әрекетін толық басқаруынан белгілі бір мөлшерде (аз ғана) компьютердің көмегімен танымдық іс-әрекеті өзіндік басқаруға көшуі болып табылады. Шығармашылық іс-әрекетке көшуі барысында өзбетінділік толық жүзеге асырылады. Оқушылардың көмек сұрауы – белсенділіктің белгісі, бірақ ол өз бетінділікке жатпайды.

       Өз  бетінділік оқушыны өнімді (продуктивті)оқуға, қиын жағдайлардан өзі жол таба білу іскерлігін қалыптастыруға әкеледі (әдебиеттерді пайдалану, компьютерлік құралдардың көмегімен іздеу, оқу және т.б.). Жоғарғы деңгейдегі өз бетінділіктің белгісі – оқушының өзі есеп құруы мен компьютердегі ізденушілік іс-әрекеті болып табылады.

      Өз бетінділік  оқытудың мақсаты ретінде ЭЕМ-  ны қолдана отырып, программистен  тәуелсіз оқушыны болашақ кәсіпкер  іс-әрекетке, дайындауды көздейді.

      Білімнің беріктілігі мен жүйелілігі. Білімнің беріктілігі пәнаралық және пәнішілік байланыстарды құру мен ізденіске негізделген білімнің жүйелілігімен тығыз байланысты. Көптеген заңдылықтардың жиынтығына байланысты ұғым әлсіз байланысқан ұғыммен салыстырғанда адамның есінде ұзақ сақталады. Мысалы, математика немесе залогия үшін оқылатын курстық құрылымы тармақты түрде бірін-бірі толықтырып, ұғымдардың салаларымен өзара кеңейтіліп отыруы тиіс. Мұндай қолданбалы, әрі көп салалы есептер маңызды роль атқарады. Информатиканың мазмұны әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде бір ғана тармақ ретінде қарастыру қиын. Оны «информация», «алгоритм», «ЭЕМ» және т.б тәрізді ұғымдармен дамып, таралатын ірі сала ретінде қарастыруға болады.

Информация о работе Инфарматика пәнін оқытудың дидактикалық принциптері