Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2014 в 18:35, реферат

Краткое описание

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

Содержание

Кіріспе...........................................................................................................3
1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық ерекшеліктері.................4
1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен
ерекшеліктері...................................................................................................4
1.2 Нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының даму ерекшеліктері........8
1.3 Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы...................................12
2 Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны.............................................14
2.1 Ойын – бала дамуының негізгі іс-әрекеті.................................................14
2.2 Нәрестелік кезеңдегі алғашқы дағдарыстар..........................................16
Қортынды....................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................

Вложенные файлы: 1 файл

нәрестелік кезең КУРСОВОЙ АБЛЕЗ (1).doc

— 213.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе...........................................................................................................3

1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық ерекшеліктері.................4

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен

         ерекшеліктері...................................................................................................4

1.2 Нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының даму ерекшеліктері........8

1.3 Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы...................................12

2 Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны.............................................14

2.1 Ойын – бала дамуының негізгі іс-әрекеті.................................................14

2.2 Нәрестелік кезеңдегі алғашқы дағдарыстар..........................................16

Қортынды....................................................................................................24                                             

        Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

        Қосымша.....................................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

  Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының білім беру заңында көрсетілгендей, адамзат құндылықтарының ғылым мен тәжірибе негізінде, жеке тұлғаны қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау – білім беру жүйесінің негізгі міндеті болып отыр. Кәсіби кадрларды дайындау проблемасын шешудің жаңа жолдары қарастырылуда.

  Қоғамдақ жаңару кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық  қатынастардың сипатының өзгеруі  өз кезегінде қоғамдық білім, тәрбие институттарының да өз  жұмыс бағыты мен мазмұнына  жаңа талаптар қойып отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін туындатты. Қазіргі педагогика, қоғамтану, саясаттану, психология, философия, әлеуметтану, демография секілді ғылым салалары адамның дамып қалыптасуындағы отбасының өзіндік орнын баса көрсетуде.

Баланың нәрестелік кезеңі - жас дамуы кезеңдерінің ішінде өзіндік орны бар, мазмұны бар, мағынасы бар кезең. Жас нәресте кезеңін анықтау теорияларын зерттеуде атақты психологтар - Э.Эриксонның, Ф.Пиазженің, Б.Г.Ананьевтің, А.В.Дмитриевтің, Фрейдтің, Л.Выготскийдің В.Т.Лисаковскийдің  және т.б.еңбектері бар.

Фрейдтің идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық және ақыл-ой дамуының ерекшеліктерін қарастыру, баланың дамуына әсер ететін факторларды анықтау, ойынның маңыздылығын ашу.

  Зерттеу жұмысының міндеттері.

  • нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық даму ерекшеліктерін қарастыру;
  • нәрестелік кезеңдегі баланың ақыл-ойының дамуын бақылау;
  • нәрестелік кезеңдегі баланың физикалық дамуы ерекшеліктерін қарастыру;
  • баланың дамуында ойынның алатын орнын анықтау.

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 1 Нәрестелік кезеңдегі баланың психологиялық ерекшеліктері

1.1 Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы шарттары мен ерекшеліктері

 

Өмірге келген нәресте өзінің анасынан оқшауланады. Ол бөтен жағдайға тап болады: суық, күшті жарық, ауа ортасы, көректену типін өзгерту қажеттілігі т.б. Бұл жаңа, бөтен ортаға бейімделуге балаға тұқымқуалаушылық арқылы бекітілген механизмдер – шартсыз рефлекстер көмектеседі. Бұл ең алдымен тамақтану рефлекстерінің жүйесі. Сонымен бірге шартсыз рефлекстер қатарына қорғану және бағытталу рефлекстері жатады. Есту анализаторлары 2-3 аптада пайда болады. Қатты дыбыс, мысалы, есіктің жабылуы бала қимылының тоқтауына әкеледі, бала қимылдамайды және үндемейді. Кейінен, 3-4 аптада мұндай реакция адам дауысына пайда болады. Бұл уақытта бала дауыс шыққан жаққа басын бұрады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, алғашқы эмоцияның пайда болуы айғайлау, тырысу, қызару, әртүрлі қимылдардан байқалады. 2-ші айда бала адам бетіне көз тоқтатып, күлімсірейді, қол-аяқ қимылдарын жасайды, дауыс реакциялары пайда болады. Бұл реакцияны жандану комплексі деп аталады.

Нағыз адамзат ерекшелігінен тұратын жандану комплексі күлу, алғашқа әлеуметтік қажеттілік-қарым-қатынасқа қажеттліктің туғандығын айқындайды.Ал баланың қарым – қатынасқа қажеттілігінің қалыптасуы, ол өзінің психикалық дамуында жаңа кезеңге өткендігін білдіреді. Нәрестелік кезең аяқталып сәбилік кезең басталады.

Бала өмірінің 2-ші жылының даму жетістігі- жүру. Бұл баланы дербестікке жетелейді және кеңістікті әрі қарай меңгеруге жағдай жасайды. Өмірінің 2-ші жылының соңында балаларда қимыл координациялары жақсарады, олар күрделі әрекет комплекстерін меңгере бастайды.

Бұл жастағы балалардың затты меңгеруі алғашқы ойлау формаларының дамуына шешуші әсер етеді.Бұл жастағы баланың ойлауы көрнекі - әрекеттік сипатта болады. Заттық әрекетті жетілдіру бала тілінің дамуына әсер етеді. Бала сөйлеуі диалогты сипатта болады, сұрақ және үлкендердің жауап мазмұндарынан құралады. 2 жылдың аяғында бала өз тілінде екі сөзден тұратын сөйлемді пайдаланады. Сөйлеуді баланың қарқынды меңгеруі фактісі ретінде баланың бір сөзді бірнеше рет қайталауды ұнатуы. Осының қортындысында бала сөзді дұрыс түсінеді және сөзді дұрыс айтады, сөйлем құрады. Бұл кезең баланың қоршағандардың тілін жоғары қабылдауы. Сондықтан, бұл кезеңді бала тілінің дамуының сензитивті (жағымды) кезеңі деп атайды. Бұл кезеңдегі тілдің қалыптасуы психикалық дамудың негізі болады. 

Сәбилік жаста адамгершілік сезімнің белгілері қалыптаса бастайды. Бұл тек үлкендер балаларды басқалармен санасуға үйреткенде болады. Өмірінің 2-ші жылында балада бірге ойнайтын жолдастарына жағымды сезім пайда болады.Симпатияны көрсету формасы әртүрлі. Бұл күлу, жылы сөздер, жанашырлық, басқа адаммен қуанышты бөлісуге ұмтылу.

Үлкендермен қарым-қатынаста бала өмірінің 2-ші жылында мадақтауға жағымды эмоционалды реакция қалыптасады. Бұл өзін-өзі сүю, өзін-өзі бағалаудың дамуына ішкі жағдай жасайды. Сәбилік кезеңде баланың еркінің алғышарттарының іргетасы қаланады. Бұл алғышарттар даму үшін бала өмірінің жағдайын, қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынас сипатын өзгерту қажет болады [1].

Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан ғөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. қы екі айда барлық анализаторлардан шартты  рефлекстер  жасалады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту, жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.

Нәресте мен үлкен адам  (нәрестелік шақтың шегі — бір-екі айдан бір жылға дейін). Бірқатар буржуазиялық зерттеушілердің пікірі бойынша, бала алғашқы айларда өзінің тұйық дүниесінде тіршілік етуші асоциальдық тіршілік иесі  болып  есептеледі. Сондықтан жаңа туған баланың шыр ете қалуын олар баланың өзіне жат әрі жау болмыспен бетпе-бет кездескендігі, сасқалақтап, абыржып қалуы деп бағалайды. Мәселен, З.Фрейд жарық дүкиеге келген баланың шыр ете қалуын оның ана организмінен бөлінген сәтте болатын қамыға жылауы деп есептейді. Фрейдтің айтуынша, осы сәттен бастап баланың инстинктік қажеттіліктері мен қоғамдағы өмір талаптары арасында тұрақты қақтығыс пайда болады. Фрейд бұл қақтығыстың психикалық  өмірді  қандай  үздіксіз  драмаға   айналдыратының  пессимистік тұрғыда суреттейді.

 Фрейдтің бүл идеясы бала туған сәттен екі жасқа дейін болмыстан мүлдем аулақ болады: оның ішкі дүниесі өз қажеттіліктерін ақиқат дүниеде емес, өздерінің қиялдарында, түс тәріздесі толғаныстарында қанағаттандырудың тума қабілетімен шектеледі деп есептеген Ж.Пиаженің алғашқы еқбектеріне әсер етті.

Фрейд пен Пиаженің аталған қағидалары өткір сынға алынады. Француздық прогресшіл зерттеушісі А. Валлон шарылдап жылауды бірдемені алдын ала сезу немесе соған байланысты өкіну ретінде психологиялық дәлелдеушілікті құрғақ бос қиялы деп есептеді. Бала психикасының әуел бастан оқшаулануы жөніндегі Пиаже қағидасы өз кезінде Л. С. Выготский, ал кейінірек басқа да совет психологтары тарапынан сыйға ілікті. Советтік және прогресшіл шетел авторларының зерттеулерінде алынған көптеген фактілер нәресте өмірі тұтастай үлкендерге тәуелді болатынын көрсетеді. Үлкен адам баланың органикалық қажеттерін қанағаттандырады, тамақтандырады, шомылдырады, аударып салады. Үлкен адам баланың белсенді психикалық өмірде де қажетін қанағаттандырады: нәресте өзін қолға алғанда, едәуір жадырап қалады. Үлкен адамның көмегімен кеңістікте қозғала отырып бала көптеген заттарды көруге, олардың бір-біріне қарай жылжуын байқауға мүмкіндік алады, ал мұның өзі оның сенсорлық тәжірибесін қалыптастырады. Сол сияқты есту, сипай сезу әсерлері де үлкендер тарапынан беріледі.

Л. С. Выготский баланың болмысқа деген қарым-қатынасы әуел бастан элеуметтік қарым-қатынас болады деп атап өтті. Ол нәрестені осы мағынада толық әлеуметтік тіршілік иесі деп атау керек, өйткені оның өмірі кез келген жағдайда көзге көрінсе де, керінбесе де басқа адам қатысып отыратындай болып ұйымдастырылған дейді.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарым-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен қарқынды қимылдар жасай бастайды да, ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекетке шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Баланың әлеуметтік реакциясы бүкіл нәрестелік шақ бойына дамып отырады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммеи қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-катынас шеңберінде сөздің алғы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемалары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір сөздерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауы түрінде көрінеді. Дәл осы кезде бала алғашқы сөздерді дауыстап айта бастайды. Сонымен, үлкен адаммен қарым-қатынас жасау процесінде, бір жағынан, баланың қажеттіліктері пайда болып, біртіндеп дамиды (олардың ішінде қарым-қатвнас жасау қажеттілігі — эмоциялық жутаңдықтың маңызды мәні бар), екінші жағынан, оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері туады.

Бала алдымен жетіледі, содан кейін барып оны тәрбиелеп, үйретеді деп жорамалдау дұрыс болмас еді. Адамға тән барлық мінез-құлықты барлық  психикалық қасиеттер мен қабілеттерді бала өзін ерте сәбилік шақта жүруге, заттармен іс-әрекет жасауға, көруге, естуге, бақылауғә, тануға, есте сақтауға үйрету негізінде алады. Әрине нәрестелік шақта баланы үйрету көбінесе алдын ала ойластырылмаған, стихиялы сипатта болады [2].

Кездейсоқ жағдаймен адамдар ортасынан бөлініп   қалғаны нәресте өзінің дамуында адамдық мүмкіндік дәрежесіне көтеріле: алмайды. Әлеуметтік орта мен арнайьі үйретудің ықпалы негізінде ғана баладан адамша сезіну меи ойлауға қабілетті жеке адам қалыптасады. Үлкен адам бұл жерде де бала мен тұтас: алғанда адамзат қоғамы арасындағы дәнекерші болады. Адамдар арасында өмір сүріп, олардан үздіксіз жаңа мағлұматтар ала отырып, бала танымға барған сайын көбірек ұмтылады. Нәрестенің бағдарлау рефлекстері  білім құмарлыққа  дейін  өседі. Баланың қызығуы бүкіл айналасындағыларға бағытталады. Бұл тектес білім құмарлықты И. П. Павлов «риясыз» деп атады, өйткені ол органикалық қажеттіліктері тікелей қанағаттандырумен байланысты емес еді.

Информация о работе Нәрестелік кезеңдегі ойынның алатын орны