Экономикалық қауіпсіздік» пәні бойынша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 12:34, курсовая работа

Краткое описание

Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама бойынша құрастырылған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беретін стандартына сәйкес негізделіп жасалған (ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен №671 07 тамыз 2004 жылы) және кредиттік жүйеде оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешені.

Вложенные файлы: 1 файл

1.doc

— 261.50 Кб (Скачать файл)

Партиялар экономикалық мүдделерді тасымалдаушылар мен анықтаушылармен өте тығыз байланысты.  Кәсіпкерлер одағы мен  кәсіподақтар салаларының және территориялық белгілері бойынша құрылған. Барлық жергілікті  және салалық одақтар иерархиялы түрде  жалпы ұлттық орталыққа бағынады, ал  олар өз кезегінде халықаралық бірлестіктерге енеді.

 

Мемлекет экономикалық саясатын өмірге енгізу экономикалық қауіпсіздік субъектілері- шаруашылық мүдделерді атқарушылар  болып табылады.

Шаруашылық мүдделерді атқарушылар, яғни экономикалық қауіпсіздік субъектілері –  иерархиялық принциптегі биліктің 3 тармағынан  және орталық ұлттық банктен тұрады.

Бұл органдар сайланбайды  және парламентпен бекітілмейді. Олар одақтар арқылы орталық және жергілікті  билікпен , яғни экономикалық қызығушылықтарды анықтаушылар арқылы жүзеге асырылады.  экономикалық қауіпсіздік өз функцияларымен оларды іске асыру формалары қоғамның дамуының тарихи негізімен  құндылықтар мен мүдделермен сәйкестендіріліп отырылуы қажет. Ал кейбір кездерде экономикалық және әлеуметтік реттеу мөлшерінің шешімімен қабылдайды.

Мемлекет құрылымында  жұмыс істейтін мемлекеттік жеке органдар бар болып табылады. Бұларға: қызмет сферасы бойынша кеңестер жатқызылады. Мысалы, ғылыми-техникалық, әскери-техникалық, аймақтық саясат, белгілі  бір проффесионалды мамандықтар  бойынша болуы мүмкін.

Экономиканы реттеу объектілері  – бұл халық шаруашылығының элементтері, саласы, оның қарым-қатынасын жасау  жағдайы мен процесі жатады. Сонымен  қатар, оның қызмет етуін  белгілі  бір дәрежеде нарықтық механизм қызмет етеді.

Экономикалық қауіпсіздік объектілері нарықтық экономиканың жаралы нүктелері түрінде есептеледі. Яғни, ылғи бақылап отыруды қажет ететін, оперативті немесе профилактикалық өлшемдерді қабылдауды, тұрақты немесе экстремалды жағдайларда туындайтын қиындықтар, дағдарыстар,  проблемалар болып табылады.

 

 

 Шешілетін міндеттер деңгейі бойынша экономикалық қауіпсіздік объектілері:

- фирмалар, салалар, аймақтар;

- экономика секторлары (өндіріс, қызмет, инфрақұрылым, ауыл  шаруашылық);

- жалпы  шаруашылық  процестер мен қатынастар (экономикалық цикл,  ақша айналымы, жұмысбастылық, баға, НИОКР);

- глобальді процестер;

- сыртқы экономикалық  байланыстар;

- әлемдік шаруашылық  қатынастар (интеграциялық процестер,  әлемдік экономикалық ұйымдарда,  экономикалық-саяси байланыстарда  қатысуы).

 

Экономикалық қауіпсіздік объектілері және субъектілері арасындағы қатынастарды  кәсіпкерлер мен кәсіподақтар, шағын және ірі фирмалар арасындағы бәсекелестік, шаруашылық, сыртқы экономикалық байланыстар біріктіреді.

Орта мерзім аспектісіндегі  басты объектілердің реттелуі –  экономикалық цикл, ал қысқа мерзімді жоспарында- шаруашылық конъюктурасы жатады. Осы объектілерге қатысты жағдайларды реттеу, дағдарыс пен депрессия жағдайында шетелдік капитал мен туристердің, экспорттық тауарлар мен қызмет, жұмысбастылық пен капиталды қосу қызметі, тауарларға деген сұраныс қызметі арқылы құрылады.

Салалық және территориялық құрылым. экономикалық қауіпсіздік сонымен қатар, жеке аймақтар мен салалар жағдайын қамтамасыз ететін қаржылық стимул мен мемлекеттік капиталды қосу көмегі арқасында жүзеге асады.

Капиталдардың көбеюі. Нарықтық экономикадағы шаруашылық қызметтің басты мақсаты өнеркәсіпке әрқашан қызмет етеді. Себебі,  экономикалық қызығушылықтардағы шаруашылық субъектілерге сәйкес  ГЭП  жинағын

Жұмысбастылықты реттеу. Бұл нарықтық экономика жағдайындағы жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсынымның арасындағы қарым-қатынасты қолдау болып саналады.

Ақша айналымын  реттеу. Бұл инфляциямен күрес, яғни  экономикаға өзінің зиянын келтіретін қорқыныш. Сонымен бірге, бұл реттеу – жинақ жағдайы, баға,  әлеуметтік қатынастар сияқты басқа да объектілерге өз әсерін тигізеді.

Төлем балансының жағдайы. Мемлекет әрқашан төлем балансының оперативті стратегиялық реттеуін экспорт пен импортқа, капитал қозғалысына,  ұлттық валюта курсының төмендеуіне немесе көтерілуіне, сауда-келісім саясатына және халықаралық экономикалық интеграцияларға әсер ете отырып, осы жолдармен жүзеге асырады.

Баға. Бағаның динамикасы мен құрылымы экономиканың  шаруашылық құрылымына,  капитал жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына, әлеуметтік атмосфераға өз жағдайын бейнелейді.

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 2. Қазақстан Республикасы бизнес ортасы ерекшелігі:

Көлеңкелі экономика.

 

Экономикалық қызметтің  негізгі мақсаты, бұл материалдық  игіліктерді немесе құбылыстарды өндіру мен тарату экономикалық құбылыстар, жағдайлар өзінің қызмет ету логикасымен және дамуымен ерекшеленеді. Оларды жиынтық түрде қарастыру қоғамның дамуының материалдық негізін құрайды және де оның әрқайсысы жылдан-жылға нақты бір уақыт аралығында жүзеге асырылуы қажет.

Экономикалық жүйенің  негізгі элементі болып,  әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынас шаруашылығының қызметін ұйымдастыратын формалары,  макроэкономикалық деңгейіндегі қызметті жүзеге асырудың шаруашылық механизмі мен шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қарым-қатынас жатады. Экономикалық жүйелерді бағалағанда үздік экономикалық жүйе адамдарды қажетті игіліктерімен толық қамтамасыз етілетін жүйе болып саналады.

Қаржы-өнеркәсіп топтарына  қарағанда, шағын кәсіпкерлік нарық  конъюктурасының өзгеруіне тез  әсер етеді, нарық экономикасына  қажетті икемділікті береді. Шағын бизнес  бәсекелі ортаның құрылуына көп ықпал етеді, ал ол жоғары монополиялық экономикаға үлкен әсерін тигізеді.  Шағын бизнес өз табиғатынан антимонольдік болып табылады.

Шағын бизнестің үлесі, сонымен бірге жұмысбастылық  проблемасына да  тікелей қатысты. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде оған 50-60% жаңа жұмыс орындары келеді.

Демек, шағын бизнес нарықтық қатынастардағы демократизация мен  әлеуметтік шиеленістерде атқаратын  ролі жоғары. Өйткені, «орта топтың»  құрылуының фундментін салған шағын бизнес болғандықтан және нарықтық экономиканың тенденциялары әлеуметтік диффиренциацияға тән болғандықтан, оның ролі өте үлкен. Осы аталған барлық артықшылықтарды ескере отырып, мемлекет шағын бизнесті қолдайды.

Тақырып 3. Экономикалық бизнес қауіпсіздігінін қазіргі кедергілері.

 

 

Қазақстан Республикасының  нарықтық экономикаға көшуі кезіндегі  суверинизациясы, кең көлемді өкілетті аймақтық және жергілікті басқару аппараты, кәсіпорынның жұмыс істеуінің меншігіндегі түрлері әлеуметтік саясатты өткізудегі жаңа қадамдарды талап етеді.

Республикадағы билік  органдарымен қабылданатын заңдық актілер, басқа да нормативтік құжаттар әлеуметтік сферадағы процестерді реттеп отырады.

Әлеуметтік процестердің маңызды рычагы болып, Қазақстан Республикасының Заңы, республика Президентінің Жарлығы, Қазақстан Үкіметінің қаулысы, ведомствалық сипаттама,жағдайы, нұсқаулар.

Экономикалық қауіпсіздік бас мақсаты болып экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты мемлекет ішінде және шетелде бекіту,  өзгермелі жағдайларға оның адаптациясы табылады.

Осы мақсаттан   мақсаттар  ағашы деп аталатын мақсаттар  таралады. Бұл нақты мақсаттар экономикалық қауіпсіздік объектілерімен байланысты.  Мақсаттар сандық және сапалық болып бөлінеді. Сандық мақсаттар – абсолютті немесе қатысты көрсеткіштер (мысалы, 1млн адамнан немесе 15% жұмыссыздардың санының қысқартылуының тіркелуі), ал сапалық мақсаттар – бұл ұлттық бәсеке қабілеттілігінің өсуі,  қоршаған орта мен білімнің жақсартылуы болып есептеледі.  Мақсаттар уақыт бойынша  жақын, қысқа мерзімді (ұлттық валюта девальвация жолымен экпорттың құрылуы), орта мерзімді (мемлекеттегі компьютер шығару бойынша өндірістің күштілігін құру),  ұзақ мерзімді («Қазақстан-2030» стратегиясы) болады.

Экономикалық қауіпсіздік мақсаттарын мынандай типтер бойынша бөлуге болады:

Прогрессивті процедураларды жүзеге асыруды сақтайтын бағыттар, экономикадағы адекватты қысқа  мерзімді, орталық, жаңа немесе жаңа формалар қызметтеріне кіруге бағытталған. Мұндай өлшемдер мемлекеттердегі нақты  тарихи кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық икемділік пен тұрақтылықтан тәуелді болады.  Нақты мақсаттар тек генеральді мақсаттарға ғана емес, сонымен қоса өзара тығыз байланыста болады.

Кез келген мақсаттарын  бірін-бірі  алмастыра алады. Бір  мақсат орындалмағанша, екінші мақсатқа жету мүмкін емес. Яғни, бір мақсат екінші мақсатқа қатысты болып келеді. Кейбір кездерде бір мақсат өте маңызды болады, экономикалық қауіпсіздік субъектілерінің деңгейлері арқылы ол өзіне шаруашылық және әлеуметтік жағдайларды қаратады. Мақсаттардың кез келгені басқа мақсатқа қызмет ете алады.

Ағаштар мақсаттарындағы  мемлекеттік экономикалық саясат тұрақты  емес.  Ол нақты мемлекет алдында  тұрған, жоспардың бірінші бөлігінде  орын алатын экономикалық амалдар, шаруашылық жағдайлар арқасында әрқашан  өзгеріп отырады. Дағдарыс жағдайында алғашқы мақсат дағдарыстан шығады, яғни тар мағынадағы конъюктураның тірілу процесі басталады.  Ал қалған басқа мақсаттар артқа шегініп, оған тәуелді болады.

Ал төлем балансының ұзақ тапшылығында, валюталық резервтердің төмендеуі мен сыртқы қарыздардың өсу темпінде жоспардағы алғашқы қадам болып – төлем балансының жазылуы, әлемдік нарықта ұлттық  бәсеке қабілетінің жоғарылауы болып табылады.

Әлеуметтік саясаттың  басымдылықтарының орта мерзімді болашағы болып: 1) жұмысбастылық бағытын кеңейту, жұмыссыздықтың қысқартылуы мен жұмыс орындарының болашақта сақталуы, сонымен бірге өндіріске қатысты инвестициялық және тұтынушылық сұраным ; 2) нарық еңбегінің маңыздылығы, еңбек бағасының төмендеуі, ұлттық экономика жағдайындағы оның деңгейінің өсуі; 3) өмір сүру деңгейінің жоғарылауы, халық мүліктік қабаттасуының қысқаруы, әлеуметтік кепілдеме деңгейі мен жүйесін құру; 4) әлеуметтік сфера салаларының маңыздылығының жоғарылауы, дамуы мен қайта құрылуы.

Қазақстан Республикасындағы  зейнетақыны қамтамасыздандыру  халықты корғаудағы әлеуметтік жүйенің орны бөлек. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі Зейнетақы қорына сәйкес қабылданған «1994жылға арналған республикалық бюджетті дәлелдеу туралы» заңы бекітілгеннен бастап, ол 1994жылы өзгеріске түсті. Азаматтардың әлеуметтік қорғау ұйымдарының элементерінің бірі болып мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз ету табылады. Бірақ та, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыздандыру проблемасы теориялық фундаментсіз де  сапалы нормативті-құқықтық база мен зейнетақы механизмін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 4. Экономикалық кедергілер.

Қорғаныс  әдістері.

 

 

Экономикалық қауіпсіздік жеке мақсаттары бір-бірін ылғи алмастырмайды. Олар гармоникалық болуы мүмкін,яғни өзара әрекеттесетін , автономдық яғни, бір-біріне тәуелсіз: қайшылықты және

Мақсаттар қатынасы өзіне  гармоникалық мінезді қосады, егер де жетістікке жету кезіндегі мақсат екіншіге сәйкес келсе. Мақсаттардың конфликтісі,  егер де бір мақсаттың шығындалуы арқылы бі нәтижеге жетуде туындайды.

Мақсат гармониясы.   Экономикалық өсудің және жұмысбастылықтың гармониялық жоғарылауының мақсатына жағдай жасау болып табылады. Олардың арасында тікелей математикалық тәуелсіздік болмайды. Өндірістің төменгі темптағы дамуы жұмыссыздықтың көбеюіне, жұмыс іздеп жүрген халық саны, жұмыс  уақытының ұзақтылығының өзгеруі есебінен болады. Дегенмен, бұл мақсаттар тең жағдайда бір-біріне сәйкес келеді.

Мақсат автономиясы  немесе тәуелсіздігі.  Мұндай мақсаттар ұлттық экономиканың  аймақтық құрылымының жақсаруына қатысты болып келеді.

Мақсат конфликтісі. экономикалық қауіпсіздік кейбір мақсаттары өзара дау-жанжалға түседі. Яғни, бір нәтижеге жету, тек басқа мақсаттың шығындалуы арқылы жүзеге асады. Сондықтан, экономист-зерттеушілер инфляциямен күрес жұмыссыздықтың өсуіне әкеледі және керісінше болуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер тек бір-біріне ғана тәуелді емес, сонымен қатар олар әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігінің ұлттық тауарлар мен қызметінен,  кәсіподақтар ұйымдастырылуынан да тәуелді.

Ымыралы шешімнің қабылдануы мен  басымдылықтарының бөлініп шыққан дәлелі, мемлекеттің экономикалық саясатының алдында тұрған даулардың мақсаттарының міндеттеі тұрады.

Әртүрлі мақсаттардың бір-біріне қарама-қарсы келу ымырасының  мүмкіндігі табылады. Біреумен оны істеу жеңілірек  болады, ал басқалармен мүмкін. Бағалардың маңыздылығы мен мақсаттардың ранжирленуі, белгілі бір мемлекеттің тарихи тәжірибесімен және топтардың қызығушылығымен, сонымен қоса саяси күрестің объектісі ретінде жүзеге асырылады.

Мақсаттардың арасындағы қарым-қатынастар бір мағыналы болады, мысалы бағаның тұрақтылығы мен шаруашылық өсімі, даулы-гармоникалық.

Сонымен бірге, өз арамызда ымыраны жібермейтін, яғни бірін-бірі жоққа шығаратын мақсаттар да болады. Сондықтан, еркін бәсекені қолдайтын  капиталдың орталықтандырылуы мен картельдердің құрылуын мадақтау. Сонымен, мақсаттар ағашына сәйкес, өзара байланыс, бірін-бірі жоққа шығару, қарама-қайшылық,  қатар бағыну пайда болады.

Информация о работе Экономикалық қауіпсіздік» пәні бойынша