Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2014 в 09:08, реферат
Краткое описание
Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Содержание
1. Кіріспе 2. Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы 3. Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі 4. Оқиғалар
айнымалы –мәні
енгізу терезесіне енгізілетін
жолдық типті айнымалы атауы
(InputBox функциясының мәні әр
кезде жолдық (String) типті.
Мән меншіктелетін айнымалы (х)
программада х: String; түрінде
сипатталуы тиіс);
Тақырып-енгізу терезесінің
тақырыбы ретінде жазылатын мәтін;
Түсініктеме- енгізу терезесінің ішінде
жазылатын түсініктеме мәтін;
Мән-енгізу терезесі көрінген
кезде оның енгізу өрісінде
көрінетін мәтін. Әдетте оны бос символдық
етіп енгізеді. Мысалы ,х:=4.7 меншіктеу
командасын InputBox функциясын
пайдаланып, мынадай
түрде беруге болады:
х:= InputBox (‘Аргумент
мәні ’, ‘х:=’ ‘’ )
Команданың орындалу
барысында көрінетін терезе 1.6- суретте
көрсетілген .Терезенің енгізу
өрісіне 4,7 мәнін енгізіп, ОК
түймесін шерту керек (не КҚ клавишін
бауғада болады).
Ескерту. Windows-тың күйге келтіріліп
қойылуына байланысты нақты сан
әдеттегідей үтір (,) арқылы бөлініп
енгізілуі мүмкін. Ол меншіктелетін
айнымалы (х) жолдық типті болғандықтан,
қажет болса, оны сандық типті етіп
түрлендіру керек.
1.6- сурет. Енгізу терезесі
2. Стандартты
типті- түрлендіру функциялары:
кесте
Функция
Орындайтын іс -әрекетті
StrToFloat(x)
Кескіні жолдық типті
болатын х нақты санын қалпына
келтіру
FloatStrTo (x)
х нақты санын жолдық
типті ету
FloatStrToF (x,f,s,o)
х нақты санын форматты
жолдық типке түрлендіруүМұндағы
f-формат (кескіндеу форматы ). Ол көбінесе ffGeneral
не ffFidex түрінде жазылады;
s-барлық цифрлар саны
(дәлдік);
о-ондық нүктеден соң жазылатын
цифрлар саны (ондық дәлдік ), мысалы,
FloattostrF(x,ffFidex,7.3 );
StrToInt(x)
Кескіні жолдық типті
х бүтін санаын қалпына келтіру
;
IntToStr(x)
Х бүтін санын жолдық типті
ету
(IntToStr-Integer to string, т.с.с.)
Ескерту. 1. FloatStrToF функциясының
форматын (f) ffExponent
түрінде жазуғада болады. Ол санды
экспонеттік етіп дөңгелектейді.
2. Delphi-де Турбо Паскальда
қолданылатын Str(x,s) және
оған кері Val(s,x,code) типті
түрлендіру процедураларында пайдалану
мүмкін.Мысалы, x=25 болса, Str(x,s) процедурасының
орындалу нәтижесі:s=’25’;s=’54’
болса Val(s,x, code) процедурасының орындалу
нәтижесі :x=54, code=0.
3. Берілгендерді
жеке диалогтық терезеде шығару. Showmessage
процедурасы
Delphi-де берілгендерді Showmessage (мәліметтерді
көрсету) процедурасының терезесіне
шығаруға болады. Процедураның (оператордың)
жазылу түрі.
Showmessage(s);
Мұндағы s-жолдық типті
өрнек .Егер ол сандық типті
болса оны жолдық типке түрлендіру
үшін s аргументінің орнына типті
түрлендірудің сәйкес функциясын
енгізу керек. Мсыалы, s нақты
типті сан болса, оны шығару
терезесінде көрсету операторының
мынадай түрде жазылуы мүмкін:
Showmessag(FloatToStr(s)); не
Showmessag((FloatToStr(s,ffgeneral,7,3));
Жүйе соңғы операторды
оқып шығып, жеті цифрдан тұратын
нақты санды символдық типте шығару
терезесінде көрсетеді.
4. Берілгендерді
формада енгізу және шығару.
TЕdit, Tlabel, TButton класстары және олардың
қасиеттері
Компоненттер понеліне формаға
оқиғаларды өңдеуіш процедуралар тудыратын
түрлі компоненттер (интерфейс элементтерін)
орнатып, программа нәтижесін форма терезесінде
көрсету – Delphi-де визуальды прогрммалаудың ең түйінді негізі.
Әсіресе, ол үшін компоненттер понелінің Standart бетінен
мәтіндермен жұмыс істейтін TЕdit, мәтін енгізілетін TLabel және командалық TButton компоненттері
жиі пайдаланады. Мысалы, формаға Еdit1 редакциялау
өрісін орнатып, оның Text қасиеті арқылы
не іске қосу командасын
берген соң оған курсорды енгізіп, клавиатура
арқылы бір жолдық мәтін енгізуге және
оны редакциялауға болды. (Оны таңдап,
буфер арқылы формада орнатылған екінші Еdit өрісіне көшіруде мүмкін.)
Формада орнатылған Label, Еdit компоненттерінің Caption, Text қасиеттеріне праграмма арқылы
қол жеткізу – паскальдағы жазу өрісіне
қол жеткізу сияқты. Алдымен обьект атауы
жазылып, одан соң нүкте қойылады да, оның
соңына қасиет атауы енгізіледі. Қасиетке
мән меншіктеу тәсілі әдеттегідей. Мысалы:
Label1. Caption:=’біз студенттерміз’;
Еdit1 өрісіне енгізілген
қарапайым мәтінді (S) Label1 –өрісіне
шығару да мүмкін. Ол үшін процедура
денесін мынадай етіп алу жеткілікті (Еdit1.
Text- Еdit1 обьектісінің Text қасиетін программа
арқылы орындау әдісі):
Var s string;
Begin
S= Еdit1. Text;
Label1. Caption :=s;
End;
Формада TButton (түйме) компонентін
орнатып, оны программаны іске қосу түймесі
ретінде пайдалану қыйын емес.
Осы класстардың тағы да бірнеше
қасиеттерін қарастырайық.
TLabel:
AutoSize: Boolean - компонент көлемі ішіне жазылған текстке қатысты өзгеру не өзгермейтіндігін белгілейді,
Layout: TТextLayout; - компонент ішіндегі тексттің вертикаль бойынша реттелу түрін анықтайды.
Transparent: Boolean; - компонент фоны мөлдір болуын не болмауын анықтайды.
TEdit:
BorderStyle: TSaticBorderStile; - компонент айналасында рамканың
болуын (болмауын) анықтайды.
SelText: string; - тексттің ерекшеленген фрагменті (ТMemo классы үшін де тиісті).
тәсілдері (басқа да текстпен жұмыс істейтін
компоненттерге де тиісті):
Procedure CopytoClipboard; - ерекшеленген текстті алмасу буферәне көшіреді.
Procedure PasteFromClipboard;- алмасу буферіне көшірілген текстті курсор тұрған орынға қояды.
Программалау элементтері
Жоспар:
1. Берілгендер. Өрнек
2. Программаның жалпы
түрде құрлымы.
3.Тармақталу командасы.
Таңдау комадасы. Case операторы
4. Циклдер
1. Берілгендер. Өрнек
Автоматты құрылғының не адамның
өңдеуіне бейімделіп дайындалған сандық;символдық,
мәтіндік т.б. инфармацияны(ақпаратты) берілгендер
деп атайды.Программаны орындау барысында
мәні программа мәтінінде көрсетілген
қалпынан өзгермейтін шаманы тұрақты деп,
мәні өзгеріп отыратын шаманы айнымалы деп,
айнымалыға берілген атауды идентификатор
деп те атайтыны беолгілі.
Delphi Object Pascal программалау
тілін басшылыққа алып құрылған.Онда пайдаланылатын
көптеген операторлар (нұсқаулар), кілттік
сөздер, айнымалыларды сипаттау және программа
құрылымы Турбо Паскаль
программлау тіліне негізделген.
Delpihi-де жиі пайдаланылатын
берілгендер типтері:
Айнымалы атауы үшін латын алфавитінің әріптерін
және цифрлар мен кейбір басқа символдарды
алуға болады, ол үшін кілттік сөздерді
алуға және бос орын (‘’) символын енгізуге
рұқсат етілмеген. Атау тек әріппен басталуы
тиіс.
Жүйе атауды оқып шыққан соң
мәшине жадында ол үшін арнайы ұяшықтар
блогын бөледі де, мәнді сонда сақтайды
(яғни айнымалы берілгендер
сақталатын жад облысы).Айнымалы атауы
программаның var бөлімінде сипатталуы
міндетті (variable-айнымалы, кілттік сөз).
Мысалы, программаға енгізілген
a1:=521; a2:=45; a3:=7; a4:=5, 8; simb:=’k’;
меншіктеу командалары үшін
айнымалылар мынадай түрде сипатталуы
тиіс:
var a1:integer; a2, a3:byte; a4:real; simb:char;
мұндағы а2, а3 айнымалыларын integer арқылып
сипаттап,
а1, а2, а3:integer;деп жазуға
болады.
Ескерту. Мәндері integer типті болатын
айнымалылардыңсипатталуы тиіс. Мысалы,
а1:=40; a2:=5; b:=a1/a2; меншіктеу нұсқауларының
орындалу нәтижесінде b мәні 8-ге тең, бірақ
b-ның сипатталуы:b : real;
Өрнек- берілгендермен әрекет жүргізіліп,
мән өндірілетін тұжырымды жазу.Арифметикалық
өрнектің, меншіктеу операторының, т.б.
жазылуы Турбо Паскальдағы сияқты, мысалы,
y:=5/(3*x+1); z1:=’a; Мұндай операторлардың орындалуы
үшін айнымалы атауы мен өрнек мәнінің
типтері бірдей болуы тиіс.
Математикалық өрнекке түрлі
операциялар енгізілуі мүмкін.
Өрнекке енгізілген плюс (+) таңбасы
элементтердің типі не сәйкес түрлі әрекеттер
орындайды:
-сандарды қосу;
-жолдық типті берілгендерді біріктіру (жалғастыру).
and, or, not-құрама шарттарда пайдаланылатын
кілттік сөздер.
Программаға енгізілген математикалық
өрнекте типтерді түрлендіру функциялары
жиі пайдаланылады.
2. Программаның
жалпы түрде құрылымы
Программаға ретімен мынадай
бөлімдердің енгізілуі мүмкін (программа
құрылымы):
программа тақырыбы (procedure не function);
ен бөлімі (label);
тұрақтылар бөлімі (const);
айнымалылар бөлімі (var);
қосалқы программалар бөлімі
(процедуралармен
функциялар);
операторлар бөлімі.
Delphi-де тиянақты бір іс-әрекетті
орындайтын программалық элемент жеке
процедура арқылы жазылады.Мысалдар келесі
тақырыпта берілген.
Түсініп оқуға жеңіл
болуы үшін күрделі программаның
қажетті жерлеріне түсініктеме мәтіндер
енгізіліп қойылады. Түсініктеме оператор
алдында енгізілсе, фигуралық жақшалар
({}) ішінде орналастырылады. Егер ол оператор
соңында енгізілсе, алдында\\ (екі теріс
көлденең сызық) символдары жазылады.Соңғысын
тек бір жолдық түсініктемеде пайдалану
мүмкін. Мысалы,
1.{Трапеция ауданы}
s:=(a+b)*h/2;
2. s:=(a+b)*h/2; \\ трапеция ауданы
Компьютер түсініктемені оқымай
тастап кетеді, ол тек пайдаланушыға программаның
жазылуын түсінуді жеңілдету үшін
қажет.
3.Тармақталу командасы.
Таңдау комадасы. Case операторы
Тармақталу командасының қысқа
және толық нұсқалары бар. Олардың жазылу
түрлері.
if p then s
// қысқа нұсқа
if p then else s2
// толық нұсқа
мұндағы Р- шарт, S, S1, S2- орындалу
тиіс сериялар (бір блоктық оперторлар).
Егер блок бірнеше операторлардан тұрса,
олар бір құрама оператор
ретінде қарастырылып, begin-end операторлық
жақшалардың ішінде жазылады (мұндағы ескертетін жайт-
программа денесі де бір сыртқы блок ретінде
қарастырылады):
if p then begin
S1
end
else begin
S2
end;
Блокқа енгізілген
тек біреу болса, оны операторлық жақшаларға
алу міндетті емес.
If (егер) командасының
орындалу стандарты Паскальдағы сияқты:
егер шарт орындалса, онда then кілттік сөзінен
соң жазылған блок, шарт орындалмаса else кілттік сөзінен
соң жазылған блок орындалды.
Таңдау командасы- көп сериалы тармақталу командасы.
Әдетте ол Case (қорап) операторын
пайдаланып құралады.
Оператордың жазылу
үлгісі:
Case өрнек of
1-тізім: begin
S1
end;
2-тізім: begin
S2
end;
n- тізім: begin
Sn
end;
end;
мұндағы
өрнек- мәні бойынша
сәйкес тізім нұсқаулары (S1, 2, …, Sn) орындалатын
өрнек. Көбінесе ол мәні case операторының
алдында енгізілетін айнымалы түрінде
алынады;
k- тізім сұрыптаушы (таңдаушы)
делінеді Ол үтір арқылы ажыратылып
жазылатын тұрақтылар тізімі (к=1, 2,
…n).
Тізім орнына бір тұрақтыны
не тұрақтылар аралығын алуға болады.
Ралық екі нүкте арқылы ажыратылып жазылады.
Мысалы: 3.4.5.6 тізімін 3...6 аралығымен ауыстыру
мүмкін: егер айнымалы (х)мәні (-¥;2) аралығында алынса таңдаушыны
x<2 деп жазуға болады. Сәйкес тізім нұсқаулары
орындалып болған соң басқару case операторынан
соңғы нұсқауға беріледі. Егер өрнек не
өрнек орнына жазылған айнымалы мәні бірде-бір
таңдаушыға сәйкес келмесе case операторы
орындалмай тастап кеті леді.
4. Циклдер
Циклдердің қолдану тәсілдері
стандартты Турбо Паскальдағы
сияқты.While(әзірше), Repeat (дейін), For(үшін)
циклдік құрылымдардың жазылу
үлгілері: