Француз әдебиеті классицизм дәуірінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 05:48, реферат

Краткое описание

Фарабидің ғылым мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі — оның музыкасы. Ол ең әуелі музыканын, аса ұлы теоретигі саналады. Фарабидің музыка теориясын дамытудағы тарихтан алатын орнын анықтамастан бұрын, музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі басқа ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кеткен жөн. Музыканың біртұтас физика-математикалық теориясының іргетасын қалауда атақты грек оқымыстысы Пифагор және оның шәкірттері — Аристоксен, Гиппас және басқалардың еңбегі өте зор болған. Олар тәжірибеге сүйене отырып және өздерін «математиктерміз» деп есептеп музыканын, ең алғаш сандық-теориялық негізін жасаған.

Вложенные файлы: 1 файл

Фараби және музыка мәселелері.doc

— 170.00 Кб (Скачать файл)

ФАРАБИ ЖӘНЕ МУЗЫКА МӘСЕЛЕЛЕРІ

ФАРАБИДІҢ МУЗЫКАЛЫҚ ІЛІМІ

 

Фарабидің ғылым  мен өнердегі үлкен де кесек дүниесі — оның музыкасы. Ол ең әуелі музыканын, аса ұлы теоретигі саналады. Фарабидің музыка теориясын дамытудағы тарихтан алатын орнын анықтамастан бұрын, музыка теориясын бір жүйеге келтірудегі басқа ғалымдардың еңбектеріне тоқтала кеткен жөн.

Музыканың біртұтас физика-математикалық теориясының іргетасын қалауда атақты грек оқымыстысы Пифагор және оның шәкірттері — Аристоксен, Гиппас және басқалардың еңбегі өте зор болған. Олар тәжірибеге сүйене отырып және өздерін «математиктерміз» деп есептеп музыканын, ең алғаш сандық-теориялық негізін жасаған. Казіргі кезде музыкалық ғылымда қолданылып жүрген — музыка, тон, октава, квинта, кварта, консонанс, диссонанс, т. б. терминдерді бірінші рет Пифагор және онын, шәкірттері атаған. Музыкалық тонды — сандармен, ал музыкалық интервалдарды сандар қатынасымен өрнектеген де солар.

Мәселен, октава — 2/1, квинта—  3/2  және кварта— 4/3 деп белгіленген.

Пифагорша музыканын, ғылыми негізі төмендегідей қағидаларға құрылған:

1. Әр тон өзіне сәйкес санмен өрнектеледі және бірдей жоғарылықтағы тонға тең сандар, әр түрлі жокарылықтағьг тондарға тең емес сандарға сәйкес келеді.  2) Өз ара тең интервалға сандардың тен, қатынастары сәйкес келеді. 3) Үндес интервалдарға (п—1) : п түріндегі эпимерлік және п : 1 түріндегі еселік қатынас сәйкес келеді. 4) Үндестігі бірдей дыбыстарға, мәселен октаваға п : 1 теңдікке жуығырақ келетін 2 : 1 қатынасы сәйкес келеді.

Сонымен Пифагор   мектебінде   музыкалык,  теорияның ғылыми негізі қаланды деп толық айтуға болады. Осы кезден бастап музыка және музыкадағы негізгі ұғым - дыбыстың физикалық жаратылысы жайлы қорытындылар айтыла бастады. Мәселен, Эмпедокл (б. з. д.— 492— 493 ж.ж.) дыбыстың таралуы және оны қабылдауды дыбыс көзінен шығатын өте әлсіз кішкене денелердің, құлаққа әсер етуімен байланыстырып түсіндіреді. Біздің заманымызға дейінгі I ғасырда өмір сүрген оқымысты Витрубий су бетінде болатын толқын құбылысымен салыстыра отырып, дыбыс және оның таралу жылдамдығы жөніндегі алғашқы дұрыс ұғымды айтады. Аристотель дыбыстың шығуы және оның таралу жылдамдығы жайлы бірталай терең мағыналы пікірлер — ойлар тұжырымдаған.

Әсіресе, гректердің мұрагерлері боп саналатын орта ғасырлардағы араб және шығыс елдерінде музыка ғылымына айрықша мән берілген. Алайда шығыс ғұламаларының бұл саладағы еңбектерінің қадір-қасиеттері кейінгі кезде ғана мәлім бола бастады. Бұл жөнінде көптеген әдеби мұралар зерттелді және соны мағлұматтар ашылды. Бұл салада көптеген зерттеулер жүргізген совет және шетел музыка тарихшыларын Р.И. Грубер,  А.А. Семенов,  Р. Эрланже, Г. Фармер, Р. Вильгельм, В.М. Беляев тағы басқаларды атауға болады. Бірақ бұл ғалымдардың зерттеулерінде музыканы көбінесе көркем өнер тұрғысынан қараушылық басым болды. Ал музыканың даму тарихын математика және табиғаттану ғылымдары тұрғысынан зерттеп, бір жүйеге келтіруге талаптанушы авторлар азшылық. Казіргі ғылым бұл салада алғашқы қадамын жасап отыр. Тек соңғы он жылдың ішінде ғана Орта Азияның, Үндістанның, Иранның т. б. шығыс ғұламаларынын, философиялык,  физика-математикалық, музыкалық трактаттары европалық тілдерге аударылып, егжей-тегжейі зерттеле бастады.

Грек музыкасының басын құрастырып, жинап-теріп, олардын, музыкалық ғылымыи жаңа жағдайда жаңа заманға лайықты дамытушылар: әл-Кинди, Фараби, Әбу Әли ибн-Сина болды. Бұлардың арасында Фарабидің музыка теориясын дамытудағы алатын орны ерекше.

Кейбір деректерге қарағанда оның шығарған музыкалық  әндері осы күні Иран, Ирак, Түрік және басқа да Шығыс елдерінде орындалады. Оның өзі жасаған «Канун», «Уд», «Қыпшақ» деп аталатын аспаптары болған сияқты. Фараби музыка теориясыпа арнап бірнеше еңбек жазған: «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың классификациясы». Бұдан басқа «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдардың энциклопедиясы» атты туындыларында музыка ғылымын галдауға арнаған жеке тараулары бар. Ғалым музыка ғылымының шығуын материалисттік тұрғыдан түсіндіреді.

Фарабидің дыбыс және оның таралуы жөніндегі кейбір ой-пікірлері осы күнгі физикада қабылдаиғаи мағлұматтарға жуык, келеді. Мәселен, «өз ара әсер еткен екі дененің арасындағы ауа тығыздала түсетіндіктен дыбыс шығады. Ауанын, әрбір бөлшектері басқа бөлшектерін қозғалысқа келтіретіндіктен бұл тербеліс ақырында қозғала келе құлақ жарғағына беріледі. Ал есту органы оны дыбыс түрінде қабылдайды. Есту органы дыбысты әр түрлі естиді, оның дыбыс көзінен алыс-жақындығыиа байланысты»— деп түсіндіреді. Сонымен, Фарабидің пікірінше дыбыс сапасы жағынан жоғарылық күш және басқа қасиеттерімен анықталатын объективті құбылыс.

Фарабидің аса үлкен музыкант, тамаша орындаушы болғаны мәлім. Оның бесаспап орындаушылығы жөнінде шығыс халықтар арасында күні бүгінге дейін тарап жүрген мынадай аңыз бар: Шығыс патшаларының бірінің сарайында той-думан қызып, бек-патша, бай-манап, қожа-молдалар жиылып үлкен жиын-тамаша құрып жатқан көрінеді. Оған Фараби да қатысады, бірақ шарап ішіп елірген мас қауым Фарабиге ілтипат жасамайды. Бұған шыдамаған Әбунасыр бір шетке шығып, домбырасын қолына алып, аса бір мұңды күй тартады; оның мүңдылыгы сонша жұрттың бәрі ойын-сауықты тастай салып уайымға беріліп егіліп жылайды; енді бір сәт аса бір қуанышты, көңілді күйді ойнап женелгенде әлгі жұрт еңселерін бірден көтеріп балаша билеп, жын қаққандай сықылдап күліп ойнап кетеді. Мұнан соң Фараби біртүрлі жаймашуақ бір сарынды қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырғандар музыка әуеніне елтіп бірі қалмай ұйқтап қалады. Оларды ұйқтатып тастап, Фараби жайына жүріп кетіпті дейді.

Фараби жалан, орындаушы ғана емес, аса ұлы музыка зерттеушісі, асқан теоретик болған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» (Китаб әл — мусики әл-Кабир) деп аталатын көлемді шығармасын бүкіл музыка тарихшылары бірауыздан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектердің қатарына қосуы тегін емес. Мәселен, француздың көрнекті музыка зерттеушісі, осы еңбекті 1930—35 жылдары француз тіліне аударған Р.Эрланже: «...Фарабидің бұл салада кейіннен араб тілінде жазған авторлардан артықшылығы жер мен көктей» десе, ағылшынның қазіргі үлкен бір музыка зерттеушісі Г.Фармер «Музыканың ұлы кітабы» Фарабиді орта ғасырлардағы музыка жөнінде жазған ең үлкен автор болды деген пікірімізді дәлелдеп отыр» деп жазады.

Фараби, музыка ілімін жасауда сөз жок, ертедегі грек оқымыстылары Пифагор, Аристотель, Евклид, Аристоксен, Птолемейдің тиісті еңбектеріне сүйенеді. Алайда Фараби бұл авторлардың идеяларын сын көзімен қарап, логикалық сарапқа салып, ғылымның жаңа жетістіктері негізінде қайта талдап шығады, олардын, дұрыс-бұрыс жерлерін дәл басады. Сондықтан да Фараби бұл салада гректерден көп озық кеткен. Мәселен, ежелгі грек ғұламалары аспаптарды зерттеуді тіпті қолға алмаған. Ал, Фараби музыка-лык, аспаптарды зерттеуді тыңнан бастап, математика және физиканы жетік білгені сонша, олардын, музыка іліміндегі мүлт кеткен жерлерін дәл тауып түзетеді, дамытады. «Мен тек музыка ғылымын бағалаушы ғана емеспін, музыка өнерін де бағалаушымын, сондықтан да ертедегі гректерге қарағанда, көбірек істеуіме мүмкіндігім болды» деп жазады Әбунасыр. Шығыстың ғылымы мен өнері ескі грек ғылымы мен өнерінің жай ғана көшірмесі болды деп кемітетін буржуазия ниеттес оқымыстылар бұған не айтар екен!

Фарабидін, пікірінше музыканың ғылми іргетасы тәжірибе-бақылау мен физика-математика ғылымдарының қағидаларынан тұрады, ал оның негізгі мақсаты адамнын, эстетикалык, мүқтаждығын қанағаттандыруға тиісті, оның бір ұшы поэзияға тіреледі, өйткені поэтикалық тіл мен музыка тілі бір-біріне етене болып қабысқан кезде музыканың әсерлілігі, эфектісі күшейе түседі, яғни музыка ғылым ретінде математикаға жақын тұрса, өнер ретінде поэзияға туыстас.

Фараби өзінін, «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын атақты еңбегінде басқа ғылымдармен қатар музыка ғылымының да ғылымдар тізбегінде алатын орнын, пәнін, мазмұнын, тарауларын анықтап беруге тырысады. Фарабидін, анықтауы бойынша музыка математиканың ірі-ірі жеті тарауының бірі болып табылады. Бұл ғылымның зерттейтіи пәні, мақсатын ол былай аныктайды: «Музыка туралы ғылымға келсек, ол жалпы алғанда мелодия (күй, саз) түрлерін,   олардын,  неден   жасалынатынын, не үшіп

жасалатынын, олардын, әсері барынша өткір және әсерлі болу үшін қандай болу керек екендігін зерттейді. Ол екі ғылымды біріктіреді: біріншісі, практикалық музыка, екіншісі музыка жайлы теориялық ғылым.

Практикалык, музыкаға табиғи және жасанды түрде жасалған аспаптарда орындалып сезім арқылы қабылданатын мелодиялар жатады. Табиғи құралдарға көмей, тілшік, мұрын, т. б. жатады, сыбызғы, лютня және басқалары жасанды аспаптар. Музыкант — практик тек музыкалық аспаптардан тон, мелодия және осыларға қатысты барлық басқа нәрселерді шығарып алумен ғана шұғылданады.

Музыка жайлы теориялық ғылым ақылмен сезу (умозрительный) сипатында болады, ол тондар мен мелодиялар жайлы жалаң білім беріп қана қоймай, мелодияны құрайтын нәрселердің бәрінің себептерін ашады; мұнда олар белгілібір аспапқа, материяға қатыссыз дерексіз түрде қарастырылады. Бұл ғылым мелодияны қандай аспаптар мен денелер шығарғанына тәуелсіз жалпы түрде, дыбыс қабылдау мүшесінін, (органынын,) пәні (предметі) ретінде қарастырады».

Фараби музыка ғылымының, тараулары туралы былай дейді: «Музыка жайлы теориялық ғылым үлкен-үлкен бес тараудан тұрады. Бірінші тарауда қаидай ғылымның болса да құрамын анықтауда қажет болатын негіздер мен принциптер баяндалады; бұл негіздер қалай зерттеліп қабылданады, қандай және қанша элементтерден тұрады және оны зерттеуші қандай болу керек деген мәселелер қамтылады. Екінші тарауда осы музыка ғылымының негіздері баяндалады. Бұл тарауда тондардың шығуы, олардын, саны мен сапасы, бір тонның екінші тонға қатысы және бұлардың дәлелдері келтіріледі. Мұнда тондардын, реті мен орналасу түрлері айтылады; бұл олардың үйлесімді және үйлесімсіз болуын анықтап, ол тондарды лайықты түрде іріктеп мелодиялар құруға мүмкіндік береді. Үшінші тарауда жоғарыда көрсетілген негіздерді белгілеу және дәлелдеу барысында келтірілген нәрселерді әр түрлі жасанды аспаптарда қалай қолдануға болатыны айтылады. Бұл аспаптарда осы негіздерге сәйкес тондарды қалай шығарып алу және оларды алдын ала белгілеген ретпен қалай орналастыру жолы көрсетіледі. Төртінші тарауда тондардын, метрлік (өлшемдік) негіздерін құрайтын әр түрлі табиғи ырғақтар сөз болады. Бесінші тарауда жалпы мелодиялар құрастыру, әсіресе белгілі бір тәртіп пен жүйе бойынша түзілетін поэтикалық сөздерге сәйкестендірілген кемел мелодиялар құрастыру жайы баяндалады. Мұнда поэзиялық сөздерді белгілі бір мақсаттағы мелодияларға сәйкес қолдану және де осы сөздер арқасында әсерлі де өткір шығып бастапқы көздегсн мақсатқа жеткізерліктей мелодиялар табу да әңгіме болады».

Фарабидін, музыка ғылымы жайлы айтқан бұл қағидалары музыка теориясынын, болашак, дамуына орасаи зор ықпал жасады. Атақты Әбу Эли ибн-Сина, Омар Хайям, Абдрахман Жами, т. б. бұл салада Фарабиді үлкен ұстаз, аға тұтып, өздерінің музыкалык, шығармаларында оны үнемі басшылыққа алып отырады.

 

 

«МУЗЫКАНЫҢ  ҮЛЫ КІТАБЫ»

 

Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» атты трактаты осы «Ғылымдар энциклопедиясында» келтірілген жоспарда жазылған. Бұл еңбек тек құрғак, музыкалық шығарма ғана емес, бүкіл орта ғасырлық ғылымның салдарлы да сындарлы ескерткіші. Мұнда ғылымның философиялық мәселелері мол қамтылған, физика-математика туралы да соны-соны пікірлер мен қағидалар айтылады, ол бұл еңбекте музыканын, тәжірибелік және теориялык, негізін қалап және оны музыкалык, аспаптарда қалай жүзеге асыру жолдарын көрсетіп береді. Нақтылы айтқанда Фараби теориялык, ғылым жасаудын, үш шартын қойып, осы шарттар негізінде музыка теориясын өз бетінше жаңадан жасап шығады; ол шарттар туралы біз жоғарыда Фарабидін, ғылым жасау әдісі жайлы әңгімемізде айтқанбыз.

«Музыканын, ұлы кітабы»: музыка ғылымына кіріспе; музыка ғылымының негіздері; музыкалық аспаптар; музыкалык, композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады.

Бұл еңбек XV ғасырда-ақ латын тіліне аударылып, Еуропада музыка ғылымы мен өнерінің дамуыиа үлкен әсер етті. Мәселен, бұл еңбекте музыканың теорнясы мен практикасында қазір қолданылып жүрген он екі жарты тондык, музыкалық жүйенін, (темперированный строк) бастамасы бар. «Музыканын, ұлы кітабында» тек музыка ғана емес, философия, математика, тарих, этнография, т. б. ғылым мәселелері мол ұшырайды. Мәселен, осы еңбектің бірінші тарауында Фараби түркі және славян халықтарынын, көршілес, тұрмыстас жіне тағдырластығы жайлы аса бағалы дерек келтірген.

Осы тараулардың  жеке-жеке мазмұнын келтірейік. «Музыка ғылымына кіріспе» тарауы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте мелодияны (күйді) анықтау, теориялық және практикалық музыка, музыкалық аспаптар, музыкаға бейімділік, күй шығару, әр түрлі музыкалық жанрлар, олардын, көңілге әсері, музыкалық талант, адам дауысы мен аспаптар шығаратын дыбыс, музыканын, шығуы, аспаптар жасау, музыкалык, білім-тәрбие беру, теориялык, ғылым, теориялык, музыкалык, өнер, сезім және ақыл қорытындысы, бастапқы, негізгі принциптер, музыкадағы табиғи нәрселер жайлы айтылады.

Бүл тараудын, екінші бөлігінде дыбыстың табиғи сезілуі, гармония (үйлесімділік) және үндестік, үндессіздік, «табиғи» тондарды іздеу, музыкалык, интервалдар (аралықтар), «табиғи» тондарды шығаруға арналғаи аспаптар, Шахруд және Лютия аспаптары, біртекті тондарды топтау, гамма, негізгі интервалдар: октава, квинта, кварта, тон, қалдык, интервал немесе лимма, кварта иитервалын үш интервалға жіктеу (болу), жарты тон туралы айтыс, он екі жарты тоннан тұратын шкала, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, тондарды сандар арқылы кескіндеу; тондар жөнінде теориялык, және практикалық идея, үндестік (консананс), жай қатынастар, қатынастарды (бөлшектерді) көбейту және бөлу (яғни қосу мен азайту) туралы әңгіме болады.

«Музыка ғылымының негіздері» деп аталатын екінші тарауда екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлікте физикалық принциптер, дыбыстың шығуы және онын, таралуы, тон және оның, анықтамасы, дыбыс шығаратын денелер, жоғары және төмен дыбыстардың себептері, өлшеуге болатын себептер және өлшеуге болмайтын себептер, тондардың қатынасы, музыкалық интервалдар — қос октава, кварта, квинта, тон, үндестік және диссонанс қатынастары, үлкен, орта және кіші интервалдар. Интервалдарды қосу, бөлу және азайту жайлы арифметикалық ережелер, әр түрлі үндес интервалдар, жанрлар туралы айтылады.

Екінші бөліктің мазмұнына мынадай мәселелер өзек болған: квартадан үлкен топтар (группалар), кемел топ немесе қос октава, топтағы тондардың аталуы, жылжымайтын және жылжымалы тондар, тональдық тондар мен ин-тервалдық қоспасы, топтар мен тональдықтардың қоспасы,тондар арқылы күйлердің (мелодиялардық) эволюциясы (қозғалысы), ырғақтар, теорияны эксперимент (тәжірибе) жолымен тексеруге арналған аспаптар жасау, мелодияларды аяқтау.

Информация о работе Француз әдебиеті классицизм дәуірінде