Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 11:32, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», әсіресе, оның ішінде «мемлекеттік опасыздық» қазіргі кездегі әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.
Осы қылмыстың басты қауіптілігі мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің тыныштығына, экономикалық дамуына, халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.............................................................6
1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері.............................................6
1.2 Мемлекеттік опасыздықтың зардабы................................................................7
1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу шараларын жетілдіру бағыттары.....................................................................................................................9
2. МЕМЛЕКЕТТІК ОПАСЫЗДЫҚ.....................................................................................12
2.1 Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы............................................................................................................................12
2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы............................................................................................................................14
2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына жауапкершілік.....................................15
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ...............................................................24
ҚОСЫМША...............................................................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая1.doc

— 214.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ  ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ  ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР.............................................................6

1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері.............................................6

1.2 Мемлекеттік опасыздықтың  зардабы................................................................7

1.3 Мемлекеттік опасыздықтың алдын алу, жолын кесу  шараларын жетілдіру  бағыттары.....................................................................................................................9

2. МЕМЛЕКЕТТІК  ОПАСЫЗДЫҚ.....................................................................................12

2.1 Мемлекеттік опасыздық  қылмысының объектісі және объективтік жағы............................................................................................................................12

2.2 Мемлекеттік опасыздық қылмысының субъектісі және субъективтік жағы............................................................................................................................14

2.3 Мемлекеттік опасыздық қылмысына жауапкершілік.....................................15

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ...............................................................24

ҚОСЫМША...............................................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі қауіпсіздігіне қауіп төндіретін «Мемлекеттің конституциялық құрылысына  және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар», әсіресе, оның ішінде  «мемлекеттік опасыздық» қазіргі кездегі  әлеуметтік-құқықтық ортаға аса ауыр зиян келтіреді.

Осы қылмыстың басты қауіптілігі  мемлекеттің әлемдік аренадағы және өз ішіндегі саяси жағдайын әлсіретуі болып келеді. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам өзінің іс-әрекетімен елдің  тыныштығына, экономикалық дамуына, халықаралық беделіне, әлеуметтік дамуына балта шабады десек қателеспейміз.

Конституциялық құрылыстың ұғымы Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөліміндегі Жалпы ережелерде баянды етілген. Конституцияның осы бөлімінде конституциялық құрылыстың басты принциптері, экономикалық қатынастар, қоғамның саяси жүйелері нақтыланған. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы (1-баптың 1-тармағы), Республика қызметінің түбегейлі принциптері (1-баптың 2-тармағы), Республика егемендігінің түсінігі (2-баптың 1-тармағы), мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі (3-баптың 1-тармағы), биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі (3-баптың 4-тармағы), идеологиялық және саяси әр алуандылықтың танылуы (5-баптың 1-тармағы), меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны(6-баптың 1-тармағы) т.б. мәселелер нақты айқындалған [1, 383 б.].

Конституцияда көрсетілген осындай және басқа ережелердің мазмұны конституциялық құрылыстың мәнін білдіреді.

Республиканың егемендігі дегеніміз — ел ішіндегі мемлекеттік өкімет билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі болып табылады. Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды [2, 4б.].

Осы қылмыстың құрамына қысқаша тоқтала кетсек: мемлекеттік опасыздықтың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауіпсіздігі болып табылады. Мемлекеттің қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері — конституциялық құрылысы, егемендігі, аумақтық тұтастығы, сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады. Мемлекеттік опасыздықты жасаған адам басқа бір нақты мемлекеттің пайдасына іс-әрекеттер істейді.

 Мемлекетке опасыздықтың объективтік жағы Қылмыстық кодекстің 165-бабының диспозициясында көрсетілген. Оған жататындар: соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету; шпиондық жасау; мемлекеттік құпияларды жатқа беру; Қазақстан Республикасына дұшпандық әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету. Осы іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың объективтік жағының орын алғандығын көрсетеді.

Мемлекеттік опасыздық субъективтік жағынан тек қана тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық ниет әр түрлі көрініс алады, бірақта ол қылмысты саралауға әсер етпейді.

Қылмыстың субъектісі болып 16-ға толған Қазақстан Республикасының азаматы ғана танылады.

Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадақ, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз – 1995 ж. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі»,- деді.

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.

Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Осы тұжырымдамада айтылған мемлекеттің басты белгілерінің жойылуына алып келуі мүмкін мемлекеттік опасыздықтың қоғамға деген, мемлекетке деген зияның анықтау , қарастыру.

Жұмыстың тәжірибелік мәні әуелі зерттеудің қорытындылары мен нәтижелерін заңшығармашылық қызметінде пайдалану мүмкіндігінде, ол мемлекетте жүзеге асырылып жатқан құқықтық реформамен өзектіленген. Курстық жұмыста қылмыстық істерді қозғау, қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы құқықтық шешімдерді жетілдіру, келтірілген нормалардың нақты анықтамалары, қылмыстық іс жүргізу заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша негізделген ұсыныстар заңшығармашылық бастамаға құқытары бар органдармен пайдалануы әбден мүмкін. Сонымен қатар, жұмыс барысында қалыптасқан тәжірибелік сипаттағы қорытындылар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасының Ішікі істер министрлігінің тергеу бөлімшелерімен бағынышты құрамалары үшін міндетті болатын заңның талаптары мен жеке ұйғарымдарын біркелкі түсіну және қолдануына көмек беретін түсініктерді қалыптастыру барысында пайдалы болуы ықтимал. Курстық жұмыс мазмұнындағы теоретикалық ережелер, қорытындылар мен ұсыныстар «Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Прокурорлық қадағалау» курстарының жеке тақырыптарын оқу барысында қолданылуы мүмкін.

Зерттеудің объектісі. Курстық жұмыстың тақырыбы, яғни қоғамға аса орасан зор зиян келтіретін қылмыс түрі « мемлекеттік опасыздық», және оның мемлекеттік құрылысқа деген келтіретін зиянының көлемі мен түрлері.

Зерттеудің мақсаты –  мемлекеттік опасыздықтың республикамыздың егемендігімен сыртық қауіпсіздігіне келтіретін зиянының нақты қауіптілігін, және осы қылмыс түрімен күресудің басты негіздерін ашып  көрсету.

Міндеттері. Берілген зерттеу жұмысының алға қойған міндеттері:

– елімізде жиі кездесіп отыратын мемлекеттік опасыздық қылмысын болдырмау;

–  қылмыстың болуына жол бермеу;

–  мемлекеттік опасыздық қылмысын тоқтататын шаралар жасау;

–  осы жағдайларды қоғамда қалыптастыру.

 

1. МЕМЛЕКЕТТІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНА ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР

 1.1 Мемлекеттік опасыздық туындауының негіздері

Мемлекетке опасыздық дегеніміз — соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден, сондай-ақ шпиондық жасаудан, мемлекеттік құпияларды жатқа беруден не Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден, шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген, Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру немесе әлсірету мақсатында жасаған қасақана әрекет [3, 56 б.].

Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының жау басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркімен өтуі, жауға көмек көрсетуі, жау жағының тапсырмасымен өзі тұратын аумақта әр түрлі іс-әрекеттер істеуі; жау жағына ерікті түрде шығып кетуі; тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады. Жау жағына ез еркімен өту соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде ғана орын алады. Бейбіт кездегі мұндай іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 330-бабында көрсетілген — Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өтуі қылмыс құрамын құрайды.

Мемлекетке опасыздықтың бұл түрі — Қазақстан Республикасы азаматының шпиондық жасауы болып табылады. Қылмыстық кодекстің 166-бабында шпиондықтың түсінігі берілген. Бұл түсінік Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық деген ұғыммен объектісі, объективтік жағы және субъективтік жағы бойынша ұқсас. Осы екі бапта көрсетілген ұғымның айырмашылығы тек қылмыстың субъектісінде ғана. Қылмыстық кодекстің 165-бабындағы шпиондық субъектісі — Қазақстан Республикасының азаматы, ал 166-баптағы субъекті шетелдіктер, азаматтығы жоқтар немесе басқа мемлекеттің азаматтары болуы мүмкін. Шпиондықтың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 166-бабына талдау жасағанда толық тоқталамыз.

Осы қылмыс түрінің туындау негізінің бірі қорқақтық болып  есептеледі. Қорыққан адам өзінің жанын сақтап қалу үшін осындай әрекеттерге барады. Егер адамға  өлім қаупі төніп тұрса , онда  азамат ештененеі ойламай өзінің қара басын алып қалу үшін қорқытқан адамдардың барлық талаптарын орындауға дайын болады. Ал екінші негізі болып аштықкезінде жау жағы оған мәліметтер үшін  тамақ береміздеп айтса , онда сол адам аштан өлмеу үшін жауға барша көмегін береді.Үшінші негіз болып кекшілдік әрекет болуы мүмкін. Мысалға алатын болсақ: егер бұрын азаматтың туыстарының, жақынының барлығын мемлекет жазықтан жазықсыз соттап  өлім жазасына кессе , онда адам сол елден кегін алу үшін жау жағына шығып кетуі әбден мүмкін.

Шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкіліне мемлекеттік құпияларды беру дегеніміз — Қазақстан Республикасы азаматының мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтерді шет мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе солардың өкілдеріне қасақана түрде хабарлауы болып табылады. Мемлекеттік құпиялардың түсінігі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы наурыздың 15-індегі «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңында көрсетілген. Осы заңға сәйкес «Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әскери саладағы, сыртқы, саяси, экономикалық, барлау, қарсы барлау және оперативтік іздестіру қызметіне байланысты мәліметтер мемлекеттік құпияларға жатады»[4, 1б.].

Мемлекеттік құпияларды жатқа беру әр түрлі тәсілдермен — ауызша, жазбаша, схема түрінде, әр түрлі өнімдердің бейнелері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Мемлекеттік құпияларды жатқа бергенде кінәлы адам қызметіне немесе жұмысына байланысты өзі білетін мемлекеттік құпия мәліметтерді жатқа береді.

Мемлекеттік құпияларды  жатқа берудің  туындауының басты  негізі болып  пайдакүнемдік саналады. Пайдакүнемдік мақсатпен азамат өзінің қалтасын толтырамын деп  өз елін сатып кетуі мүмкін. Адам өзінің елінің қамын, болашағын ойламай тек қана қара басының қамын ойласа бұл мемлекеттік сатқындыққа алып келуі мүмкін. Екіншіден,  азаматты алдын ала шетелдік барлау органдары өз жағына  алдап тартып алса, онда адам солардың айтқанының барлығын орындайды. Үшіншіден, шпиондықта мұндай мәліметтерді кінәлы адам жинайды, ұрлайды.

Міне осы белгі бойынша бұл ұғымдар бір-бірінен ажыратылады. Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет жүргізетін шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне өзгедей көмек беруге (шпиондық жасау мен мемлекеттік құпияны жатқа беруден басқа) мына іс-әрекеттерді істеу жатады: шетел барлау агентін паналату немесе оны жалған құжаттармен, азық-түлікпен, қорғаныс құралдарымен жабдықтау; баспасөз құралдары арқылы Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі туралы, халықаралық қатынастардағы оның беделін әлсірететін жалған мәлімдемелер жариялау; республикаға басқыншылық соғысқа әзірленіп жатыр деген жалған жала жабу; мемлекетаралық соғыс өртін насихаттайтын әр түрлі ұйымдарды құру, нәсілдік, ұлттық жікшілдікті тудыратын насихатты өрістету; Қазақстан Республикасын басқа мемлекеттермен қырғи қабақ соғыс жағдайына итермелейтін әр түрлі іс-әрекеттер жасау.

Осы қылмыс түрінің басты негіздері: біріншіден, азаматты алдын ала шетелдік барлау органдары өз жағына  алдап тартып алса, онда адам солардың айтқанының барлығын орындайды. Екіншіден, адам гипноздың әсерінде болса, онда ол осы әдісті қолданған адамның барлық бұйрығын орындайды. Үшіншіден, адам  психикасына әсер ететін заттардың әсерінде болуы мүмкін.

 

 

1.2 Мемлекеттік опасыздықтың  зардабы

Мемлекеттік опасыздықтың қоғам мен мемлекет өміріне тигізетін зардабы әрқашанда зор болатын. Кеңес заманында осы қылмыс түрін  отанға сатқындық деп қарастырған. Ал отанға сатқындық дегеніміз ең қауіпті қылмыс түрі болып есептеледі. Отанға сатқындықтың яғни мемлекетке опасыздықтың зардаптары орасан зор. Мысалға алатын болсақ мемлекеттік сатқындық елдің саяси және эконмикалық негізін қиратуы мүмкін.

Соғыс уақытында немесе қарулы жанжал кезінде   жау жағына шығып кетудің басты зардабы әскер қатарын сенімсіздік орнату және олардың моральдық рухын түсіру. Ал рухы түскен әскер өз-өзіне сенбей қорқақтық танытуы мүмкін.  Қорқақтық артында  олар өзінің орындарын тастап  қашуы мүмкін. Егер әскер құрамы және халық өз орнын тастап кетсе жау сол жерлерді оп-оңай басып алуы мүмкін. Ал оның арты жеңіліске әкеп соғуы мүмкін.

Информация о работе Мемлекеттік опасыздық қылмысының объектісі және объективтік жағы