Аударма және өркениет

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Января 2014 в 17:37, реферат

Краткое описание

1. Аударманы мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастыру.
2.Аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды түсінігін қамту.

Содержание

Кіріспе
1 Аударманың мәдениеттанулық мәселелері
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2 Аударманың онтологиялық салыстырмалығы
2.1 Лингвомәдениеттану және аударма мәселесі
(Тіл. Мәтін. Дискурс.)
2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі
2.3 Аударма эквиваленттілігі мәдени-коммуникативтік эквиваленттілік
ретінде
3 Аударма және өркениеттік өрістегі мәдениеттер сұхбаты
3.1 Коммуникация құралдарының күрделенуі және өркениеттілік
өрісі
3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының
көшпелі-маргиналды тезаурусы
3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі
аударма ісі
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

аударма-2.doc

— 218.50 Кб (Скачать файл)

                                                          N-4

Мақсаты: 1:Аударма дегеніміз не? Сұрағына жауап беру

                   2.Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап беру

Аударма дегеніміз  не? Аударманың түп сырына, терең  тұңғиығына (философиясына) “сүңгімес” бұрын ұғымның өзін анықтап алу  керек. “Аударма” деген сөз күнделікті тұрмыстық деңгейде жалпыға мәлім  және де түсінікті болып көрінгенімен де, көптеген басқа сөздер сияқты, ол да бірмағыналы жайдақ сөз емес. Сондықтан оны пайдалану барысында үнемі нақтылап отыру да керек. Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап береді. Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы – аударматанудан көптеп кездестіреміз. Сол анықтамаларды келтіру ретіне сай өзіміздің зерттеу жұмысымызда көрініс тапқан аударма мәселелерін нақтылаймыз. Сонымен, қазіргі таңда аударманың алуан түрлі анықтамалары бар. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.

 

Француз аудармашысы  және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға  берілген анықтамалардағы алуантүрлілікті  келесідей түсіндіреді: “Аударма ұғымы, шындап келгенде, өте күрделі ұғым. Бұл аударманың біздің заманымызда кездесетін түрлерінің көптігінен ғана туындап отырған жоқ. Ол аударманың ғасырлар бойы әрдайым өзгеріп отыруына да байланысты құбылыс. Мүмкін, нақ осы жағдай өзінікінен бұрын берілген анықтамалармен не келісіп, не оны жоққа шығарып отырған ғалымдардың өз ойларын тұжырымдауын қиындататын да болар”  [7, 5 б.].

 

Ғылыми  терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса, онда, ең алдымен,  аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни   көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға қатысты: аударма – мәдени-интеллектуалды әрекет, яғни процес ретінде алынған аударма және аударма – сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі, әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда болған жаңа туындыны  ғалымдар өзара “транслат” деп те атайды.

 

Аударматану ғылымындағы беделді авторлардың  анықтамаларын келтірейік. А.В. Федоров: “Аудару дегеніміз бір тілдің көмегімен осыдан бұрын басқа тіл арқылы көрсетілген шығарманы анық және толық жеткізу” [8, 10 б.] деп анықтаса, Я.И. Рецкер: “Аудармашының мақсаты – түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен оның мазмұнын біртұтас және нақты жеткізу” [9, 7 б.]  деп біледі; ал Ж. Мунэн: “Аударма – тілдер байланысы, билингвизм құбылысы. Бұл – билингвтің кез келген нормадан ауытқуға, интерференцияға саналы түрде қарсы күресетін жағдайы” [7, 7 б.]  деп анықтайды. Басқаларды қоя тұрып, аударма теориясымен арнайы айналысып жүрген ғалым-зерттеушілердің анықтамаларын келтіргеннің өзінде сан саққа кеткен ойға куә болдық. Осынау келтірілген немесе одан да басқа көптеген аударма анықтамаларынан қорытындылай келе айтатынымыз:  аударма –  белгілі бір о бастағы мәтіннің (түпнұсқаның) барлығын басқа тілге түсінікті етіп жеткізу процесінің жүргізілуін алғышарт етіп қоятын әрекет түрі. Ендеше, аударма құбылысын қарастыру барысында түпнұсқа мен көшірме, бастапқы негіз бен кейінгі туынды арақатынасы, олардың эквиваленттілігі туралы мәселелер бой көтереді. Оларға арнайы тоқталатын тараушалардың болуына байланысты осы жазылғанмен шектелеміз.

 

Біздің  зерттеп отырған мәдениеттанулық  ғылым аясындағы аударма мәселесі туралы сөз болғанда, ең алдымен, аударманың – қоғамдық-мәдени құбылыс екендігін айта кету керек. Яғни аударма тек қана абстрактілі ойлау қабілеті бар, өзін қоршаған орта туралы көзқарастарын шартты белгілерге айналдыра алатын, сөйтіп, сол белгілердің мән-мағынасы туралы келісімге келе  алатын жеке адамдар өмір сүретін қоғамда, сол қоғам туындататын мәдениетте орын алады.

 

Осы жоғарыда айтылған  аударма түсінігінде  “аудару дегеніміз түсіну” деген  тезиске де өзіндік орын табылады. Сөз бұл жерде бөтен тілден өз тіліңе аударып түсінуде ғана емес, яғни “өзімдікі/өзгенікі” арақатынасында ғана емес, сөз бұл жерде “өзіңдікін өзіңнің түсінуіңде” де болуы мүмкін. Басқаша айтар болсақ, мәселе “ішкі аудармада” деген сөз. Өз тіліңде жазылған мәтінді түсіну процесінің өзі өзге тілден өз тіліңе аудару процесіне пара-пар күшті қажет ететін күрделі процесс. Немесе, бір тілдің өзінің ескі түрінен, не болмаса, диалектісінен сол тілдің қазіргі әдеби күйіне аудару мәселесі де жоғарыдағылар қатарына жатады.

                                                         N-5

Мақсаты:1. Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан  анықтама беру

                  2.Р.К. Миньяр-Белоручевтің аударма туралы ережесін талқылау , дәлелдеу

 

Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан  берілген анықтама Р.К. Миньяр-Белоручевке тиесілі: “Аударма туралы ғылымның нысанасы – екі тілді қолдану арқылы жүзеге асатын жай ғана коммуникация емес, түпнұсқаның аудармашы мен қабылдаушының өзара әрекеттесуін корреляциялайтын қызметтен құралатын коммуникация. Бұл коммуникацияның орталық буыны аудармашының қызметіне барып тіреледі, немесе сөздік әрекеттің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылатын аударма осы сөздің толық мағынасындағы аударма болып есептеледі” [10, 25 б.].

 

Демек, аударма нәтижесінде екі сөз туындысы мен екі қабылдаушы қалыптасады. Аударма қандай да болсын коммуникация компоненттерін қосарландыра түседі. Аударма теориясын ұқсастық туралы, шынайы әлем заттарының ұқсастығы туралы, шынайы әлемнің адам санасында көрініс табуының ұқсастығы мен адамзат тілдерінің ерекше көркем мүмкіндіктерінің ұқсастығы туралы іргелі білім деуге болады

 

Біз  тілдердің шындықты түрліше  бөлшектеп, бірдей құбылыстар мен заттарды олардың алуан түрлі белгілеріне  назар аудара отырып, түрліше  түзіп, түрліше “дауыс беріп”, өмірді түрлі бояуларда көрсететіндігін білеміз. Алайда, түрлі мәдениет пен алуан түрлі тілдік сана иегерлері мұндай айырмашылықты түсіне білуге де қабілетті. Сондықтан, егер аударманы бір шындықты басқа тілдің көмегімен бейнелеудің құралы ретінде қарастырсақ, онда “аударылмайтын ұғымдар” мәселесі мүлдем туындамай, аударма проблемасы оңай шешілетін болады.

 

Аударма – құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың  фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған  көрінісі болады, өйткені біз фактінің  бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық “адалдықтың” шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.

 

Аударманың анықтамаларынан аудармашы  тұлғасын  да жалпы  түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы – ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған, екіжақты Янус секілді, екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.

 

Осы ізденіс жұмысында аударманы  мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір  қырынан қарастыруды көздеп отырғанымыз белгілі. Бірақ сол ізденіс барысында аударманы арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға енді ғана пәнаралық аймақ ретінде “ауыз сала бастаған” мәдениеттанудан гөрі жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы, аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге әбден болатын сияқты.

 

Аударма теориясы аударма тәжірибесі, практикасымен тығыз байланыста дамыған дүние. Тағы бір ескеретін  нәрсе – аударма теориясында  аударуға даярланған түпнұсқа мәтін  тілін – түпнұсқа тілі (ТТ) дейді, ал аударма жасалып отырған тілді – аударма тілі (АТ) дейді. Осындай керекті деп табылған мағлұматтардан соң енді тікелей аударма теориясының бастамасын сол кәрі тарих қойнауынан мәтін қазбалай отырып табуға болады екен. Аударма тарихы сонау көнегөз қария Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Бірақ біз монография көлемін ескере отырып, ең маңызды-маңызды деген тұлғаларға, олардың аударма туралы айтқан, жазған пікірлеріне тоқталамыз.

 

Римнің ұлы шешен ділмары – Марк Тулий Цицерон (б.д.ғ.106-43) Эсхил мен Демосфен сөздерінің аудармасына берген алғысөзінде өзін ұлы шешен-жазушының қарапайым аудармашысына теңейді. Бұл салыстыруымен ол Рим қоғамының аудармашы мамандығына қалай қарайтындығын танытты. Өйткені біз Цицерон трактаттарынан аударма, аудармашы, аудармашылық қызмет туралы кейбір теориялық ой түйіндерді кездестіреміз. Сондай-ақ, Цицерон еңбектерінен біз ең алғаш рет аударма теориясы категориясының оппозициясын, ал нақтырақ айтсақ, еркін аударманың сөзбе-сөз аудармаға қарама-қарсы қойылғанын анықтаймыз.

 

Әулие Иероним деген атпен аударма  тарихында Көне Өсиет мәтінін  латын тіліне аударып, “Вульгатаны” даярлауымен өзіндік орын алған  ғұламаның әдеби мұрасының ішіндегі бізге жеткені – «Паммахиге хат» деп аталады әрі ол Иеронимнің аудармашылық кредосын анықтайтын құжат болып табылады. «Аударудың ең жақсы тәсілі туралы Паммахиге хат» [11] мәтініне көңіл аударсақ, оны біз риторика және аударма теориясы туралы арнайы трактат дей алмаспыз, бірақ ол аудармаға қатысты кейбір қағидаларды тұжырымдауымен, антикалық авторлардың беделін және өзінің жеке аудармашылық тәжірибесін арқау ете отырып, аударманың кейбір заңдылықтарын анықтауға күш салғандығымен қызықты. Сол себепті бұл құжат аудармашылық ой тарихындағы күрделі еңбек деп танылған.

 

Бұл сәлемдемені жазуға не себеп  болды десек, кезінде Иеронимге  аударма жасау барысында түпнұсқа мазмұнын өзгерттің деген айып тағылса  керек. Хатында Иероним өзінің әдейілеп ештемені бұрмаламағандығын айтады әрі аударманың негізгі принципі сөзбе-сөздіктен аулақ болып, жеке дара сөздердің мағынасын беру емес, ойды жеткізу екендігін түсіндіреді. Ол аударма жасауда кейбір нәрселерді түгел жеткізу мүмкін еместігін түсінді және бұл түпнұсқа формасына келетін зиян болғанмен, мазмұнға зиян келтірмейтіндігін білді. Сонымен бірге, аударылатын мәтін бастапқы тілдің нормасына емес, аударылатын тілдің  нормаларына сәйкес келуі қажет деп білді Иероним ақсақал.

 

Француз Қайта Өрлеуінің өкілі, жазушы, аудармашы, типограф Этьен Доле (1509-1546) есімі елге танымал. Оның атын атамай өткен бір де бір аударма туралы ғылыми жұмысты таппайсың. “Француздың ұлы аудармашылары” деген мақаласында Е. Эткинд: “Франциядағы аударма тарихы трагедиядан басталады”, – дейді [12, 467 б.]. Мұнда ол Этьен Доленің инквизиция қолынан қаза тапқандығын меңзеп тұр. Доле 1546 жылы Парижде 37 жасында отқа өртеліп өлтірілді. Инквизицияның мұндай шешім шығаруына Платонның диалогтарын аудару барысында (”Антиохты”) Доленің бір ғана “rien du tout”, яғни “тіпті”, “мүлде” деген сөзді қосып жіберуі себеп болды.

 

Э. Доленің “Бір тілден екіншісіне жақсы аудару тәсілі туралы” деген  трактаты 1540 жылы жарияланған еді [13]. Ол трактат Еуропадағы толығымен  аударма мәселесіне арналған назариялық шығарманың алғашқысы болып табылады. Оны кейде мамандар “аудармашылардың тұңғыш хартиясы” деп те атайды. Доле француз тіліне “traducteur” (тәржімашы) және “traductіоn” (аударма) деген сөздерді енгізген адам болып есептеледі. Оның алдында француз тілінде аударма түсінігін латын тілінен еніп, сәл-пәл түрін өзгерткен ”translater”, аса нақтылық танытпайтын “tourner”, “mettre” (”бетін аудару”, “қайтара айту”) деген ұғымдар арқылы білдіріп жүрген болатын.

                                                      N-6

Мақсаты :1. Аудармашылық қызметтің аударатын тілге әсер ету сипаты туралы талқылау.

 

Аудармашылық қызметтің аударатын  тілге әсер ету сипаты жазулы тарихтағы  екі мың жыл ішінде бірнеше  мәрте талқыланды. Осы төңіректегі қызу дау-дамайлар, әсіресе, қандай да бір тілдің «сын сәтте» қалған кезінде, яғни қайсыбір қоғам өз тілінің көркемдік мүмкіндіктерін мойындату қажеттігін сезінген кезінде орын алып отыратын. Мысалы, бәрімізге белгілі, Ресейде Петр патша жүргізген реформалармен қатар тілдік кірме сөздер – неологизмдер қаптап кетті. Дәп сол кезде орыс тілін өзге бөтен формалардан тазарту әрекеттерімен М.В. Ломоносов, В.К. Тредяковский, А.П. Сумароков және т.б. белсенді түрде айналыса бастайды. Ресейлік ғылымдағы «шишковистер» мен «карамзинистер» арасындағы қызу пікірталастардан тілдің болашағына, оның көркемдік әлеуетіне және тілді жетілдіру жолдарына көзқарастың әр түрлі болғандығын көруге болады.

 

Ондай процестер қай тілде болсын кезігіп отырады. Мысалы түрік тілін  тазарту жайлы айтқан Зия Көкалып  болсын [14], қазақ тілінің мұң-мұқтажын жоқтаған  М. Дулатов [15], А. Байтұрсынов [16] және т.б. ана тілдерінің ақпараттық-экономикалық басымдылық танытқан мәдениеттің шылауында кетпеуін көздеп, тілдегі кірме сөздермен шұбарлану сынды үрдістерге тойтарыс боларлық механизмдер іздегенін жақсы білеміз.

 

Осы мағыналас көзқарастарды тағы да мысалдап келтірер болсақ, онда Франциядағы «Плеяда» (1556) атты әдеби мектеп төңірегінде бас біріктірген жас ақындар аударма ісі француз әдебиетінің дамуын тежеді деген қағиданы ұстанғандығын айта аламыз. Ал 1549 жылы «Плеяданың» ақын-теоретигі Жоашен Дю Белленің (1522-1560) «Француз тілін қорғау және даңқын шығару» деген трактаты жарық көрді [17]. Аударма теориясы мен тарихы үшін Дю Белленің трактаты үлкен қызығушылық туғызды. Онда автордың XVI ғасырда бірқатар француз гуманистерінің аудармашылық  қызметке деген қарым-қатынасын тереңірек түсінуге және аударманың шынайы өмірде аударатын тілдің дамуын тежейтіндігі немесе оны дамытуға дем беретіндігі туралы айтқан ойларын білуге болады.

 

Аударма тарихында Дю Белленің есімі  «аудармашылық скептицизм», яғни аударма мүмкіндіктеріне күмән келтіретіндігімен белгілі болған. Осыған орай А.В. Феодоров былай дейді: «Егер орта ғасырларда аудармашылар өз қызметінің нәтижелілігіне еш күмән келтірмесе, Қайта Өрлеу дәуірінен бастап, ондай күмәндану пайда бола бастайды. Рас, басында ол тек поэзияға қатысты туындаған болатын» [8, 26 б.].

 

Дю Белленің трактаты бүгінгі таңда, Ж. Мунэннің айтуы бойынша, аудармаға  қарсы  барлық аргументтердің антологиясы  болып табылады. Трактаттың авторы аударма проблемасын оған дейін сараптаған ежелгі заман әдебиетшілерінің еңбектерімен жақсы таныстығын білдіреді. Дю Белленің “аудармашылық скептицизмінің” уәж-аргументациялары неде екендігін анықтап көрейік. Біріншіден, Дю Белленің  кез-келген аудармаға қарсы еместігін атап өту қажет. Ол да, Данте сияқты, поэтикалық шығармаларды толық аударып жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Бірақ оның трактатының пафосы ұлттық тілді дамыту жолындағы аудармаға берілетін рөлге байланысты. Дю  Белле трактатының ең басты мақсаты – француз тілін қорғау мен  оның даңқын аспандату. Сондықтан, аударма мәселесі де француз тілінің даму проблемасы тұрғысынан қарастырылады.

Информация о работе Аударма және өркениет