Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа
Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.
Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет
І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет
1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет
1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет
ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет
2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет
2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет
Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет
Адам тәртібінің ішкі өлшемі қазіргі кезде оның тек жеке еңбегіне ғана емес, ұжымның, тұтасынан алғанда, қоғамның іс - әрекетіне елеулі ықпал жасайды
Гуманизм адамның моральдық бейнесінің көрінісі ретінде адамдарға көмек етуге бағытталған іс - әрекеттерде, жолдастарымен қарым – қатынастарда, өзара талапты қайырымдылықта, жауапкершілікте, оқушылар арасындағы қара бастың қамын ойлау көріністерімен белсенді күресте тәрбиеленеді.
Өнегелік ұғымдар мен сенімдердің қалыптасу барысы тек мінез-құлық мәдениетінен ағарту жұмысын жүргізу емес, жоғары ой - өрістік және практикалық іс - әрекеттің кең шеңберін қамтитын.
Тәжірибе оқушылардың өнегелік санасы білім мен тәртіп тәжірибесінің бірлігіне негізделсе ғана нәтижелі қалыптасады.
Қайырымдылық пен зұлымдық жөніндегі өнегелік түсініктер мен ұғымдардың қалыптасуына, олардың жеке көзқарастар мен сенімдерге айналуына өнегелік жайында лекция, баяндама, әңгіме, пікір талстырулар ықпал жасайды.
Өнегелікке тәрбиелеу тәжірибесінде ең көп тарағаны – мінез – құлық шамаларына арналған әңімелер. Ол оқушларға моральдық принциптер мен шамаларды түсіндірудің түрі және оқушы бойына өнегелік баға, пікір, ұғым – сенімдерді қалыптастыру мақсатында оларды құбылыстар, қылықтар және әрекеттерді талқылауға және саралауға қатыстыру әдісі ретінде көрінеді.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгімелердің негізгі мақсаты – оқушыларға мораль жөнінде күрделі мәселелерді түсінуге, балалардың берік өнегелі тәртіп тәжірибесін саналы ұғынуына, мораль жөніндегі алған білімдері негізінде тәрбиеленушілерге өнегелік көзқарас, бағалау, пікірлерді қалыптастыру біліктерін дамытуға көмектесу.
Мінез – құлық шамалары жайлы әңгіме балалардың күнделікті өмірінен алынған деректер мен уақиғалардан, көркем әдебиет, мерзімді басылымдар, кинофильмнен алынған мысалдарды сұрыптау мен талқылау негізінде құрылады. Мінез – құлық шамалар жайлы әңгіме ерекшелігі оқушылар бойында өнегелік қылықтар жөнінде дұрыс баға және пікірлер айтуға балалардың өздерін қатыстыру әдісі болатындығында.
Белгілі өнегелік білім беру қажеттігі туса, бағдарламадан тыс әңгімелер де өткізіледі. Оң нәтижеге тек жақсы даярлық және білікті өткізілген әңгіме ғана жеткізеді.[4] 225-245б
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог – ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімін және Абайдың өзінің жас балаларға арналған тәрбиелік пікірлеріне сүйену – іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі. Бұл орайда Абай шығармалары тәрбиелік мақсатқа қол жеткізудің құралы ретінде қарастырылуы, тәрбиелік іс – шараның мазмұны емес, керісінше, тәрбиелік мазмұнды жүзеге асыратын құрал болуы керек. Мәселен, 1-сынып оқушыларының бойына сіңіретін негізгі әдет, дағдыларының бірі оларды тәртіпке бойсынуға тәрбиелеу болса, ақын шығармалары осы мәселені шешетін құрал ретінде қолданылуы керек. Сол сияқты 2-сыныптаы тәрбиелік іс – шаралардың арқауы оқушыларға жалпы еңбек туралы мәлімет бере отырып оқу еңбегіне көзқарас, оқу еңбегі дағдыларын қалыптастыру болса, мұны жүзеге асыруда ақын шығармаларынан көптеп көмекші материалдар табуға болады. 3- сыныпта оқушының өзіне сенімін тәрбиелеу, 4- сыныпта оқу, ғылым жайлы кеңірек түсінік беру және оның жолдарын көрсету, тағы сол сияқты басқа сыныптарда да, міне, осы бағытта жұмыс жүргізу Абай шығармаларын тәрбиелеу іс – шараларында тиімді қолдануда шарт түзеді. Енді бастауыш мектептің әр сыныбына қатысты тәрбиелік іс- шаралардың үлгілеріне тоқталамыз. [5] 55-60 б.
Бастауыш мектептің 1-сынып оқушылары Абайдың өз сөзімен айтсақ, «білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен» деген жан құмарының басымдығымен қатар қайратының әлсіздігі, әсерленгіштік пен жақсы оқуға ұмтылумен қатар бір нәрсеге ұзақ көңіл қоюының қиындығы, зейінділігі жақсы болғанымен, табандылығы нашар. Сол себепті психикасы тұрақсыз, ал бұл бастаған ісін соңына жеткізу, әр нәрсені өз уақытында атқару, асықпай тиянақты істеу, өзін тежеу, артын ойлау, кешіктірмеу, сабаққа кешікпеу, үй тапсырмасын уақытылы орындау, оқытушының айтқандарын көңіл қойып тыңдау сияқты іс - әрекеттеріне кедергі келтіреді. Мұның барлығы, бір сөзбен айтқанда, - тәртіп делінеді. Осылардың бәрін орындау тәртіптілікке қатысты. Сондықтан 1-сыныптан бастап-ақ оқушыларды тәртіпке бағынуға тәрбиелеу кейінгі сыныптарда, тіпті бүкіл өмірінде аса маңызды. Сондықтан осы сынып оқушыларын тәртіпке бойынсынуға тәрбиелеуде Абай шығармаларын тиімді пайдалануға болады. Мәселен, ақынның 32- қара сөзіндегі пікірді арқау етіп, оқушыларға оқудағы мақсат білу, білмекке ұмтылу, ал білу деген көргенін, естігенін көңілге түйіп, тағы да білмегенін білу үшін пайдалану. Мұны 19-қара сөзіндегі «естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады ... Сол естілердің естіп білген жақсы нәрселерін ескермес, жаман дегеннен сақтаса, сонда іске жарайды... Мұндай сөздің есіткенде жайқақтап салғырттанып не салбырап, салғырттанып естісе, не есіткен жерін қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса ... ондай адамға сөз айтып сөз айтып не керек»,- деген үзінділер мен өлеңдеріндегі осы секілді пікірлерді пайдалануға болады. Бұлар, әрине бала ұғымына ауыр да болар, дегенмен, ұстаздар көмегімен игертуге болады. Бұлар арқылы оқушыларға мұғалімнің айтқандарын көңіл қойып тыңдау, оларды түсінуге ұмтылу, оларды орындау, әр нәрсені өз кезінде атқару – тәртіпке бойсынудың шартты екендігін ұғындырумен қатар, тәртіп – ілудің, үйренудің негізгі қағидасы екендігін саналарына сіңіруге болады. Мұнда тәртіпке бойсыну ең алдымен оқушының өз басына қаншалықты пайдалы екендігі Абай шығармалары арқылы ұғындыру мүмкіндіге мол. Айталық, 32- қара сөзден мынадый үзінділерді оқушыларға жаттатып, әр кез ескерудің үйрету пайдалы әдет-дағдылар қалыптастырудың кепілі: 1. Бір ғана білмектің өзін дәулет біл. 2. Білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді білсем екен деп үміттен. 3. Әрбір естігеніңді, көргеніңді жақсы ұғынып ал. Немесе 19- қарасөзінен:
1. Естіген жақсы нәрселерді ескер, жаманнан сақтан. 2. Есіткеніңді қайта сұрап ал. 3. Есіткеніңді ұғайын деп ұмтыл, т.б.[6] 112-117 б.
Осы бағытта оқушылардың бойында тәртіпке бойсыну сезімдері мен дағдыларын қалыптастыруда Абай шығармаларынан көптеген материалдар тауып пайдалануға болады. Ал екінші сыныпта оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыста Абай шығармаларын пайдалану, тәртіпке бойсынуға тәрбиелеуді жалғастырумен қатар еңбектену дағдыларын қалыптастыру арқау етіп алынады. Бұл жастағы оқушыларға ең алдымен оқу, білім алуға әрекеттену, білу үшін шамасының жеткенінше ұмытылудың өзі еңбек екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар еңбектің басқа түрлерімен таныстыру, еңбектенудің қарапайым жолдарын үйрету, еңбек шарттарын орындауға тәрбиелеу (ұқыпты жылдам, сапалы, т.б.). Мұнда еңбек деген ұғым осы жастағы баллардың жас ерекшеліктеріне сәйкес алынады. Абай шығармаларын еңбек тәрбиесіне қатысты тәрбиелік іс – шараларды жүзеге асыруда пайдалану мүмкіндігі көптен бері айтылып келе жатқандықтан, ол ұстаздарға таныс. Мәселен, ең алдымен оқушыларға еңбектің қай түрі болмасын бір нәрсені игеруге бағытталады:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған -
деген өлең жолдарын жаттатып, қазіргі заман тұрғысынан түсіндіру, мәселен, оқудағы мақсат «бастық болу» (қазақ арасында кең тараған «менің балам бастық болады») деп емес, ең алдымен білу үшін, одан соң біліміңді «өзіме, еліме қызмет етемін деп, еңбектеніп бәрін табуға үйрену үшін оқимын (оқисың)» деген пікірді баланың санасына ендіру. Бұл – басты мақсат. Одан соң не нәрсені болмасын игеру үшін еңбектену керек, мысалы, өнер үйреніп, оны өз пайдасына жарату, мал бағып, егін егу немесе ғалым болу, ұстаз, дәрігер болу, т.б. Мұнда Абайдың 31- қарасөзіндегі «естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар» - деген үзіндіні оқу үшін аса маңызды қағида ретінде түсіндіріп, мына үзіндіні жаттау «әуелі көкірек байлауға берік болмақ керек». Мұны қандай еңбекпен айналыссаң да әуелі білім керек, оны игеру үшін табанды, шыдамды төзімді, қайратты болу керек деп түсіндіру мен осы қасиеттерді дамыту жолдарын үйрету. Осы 31- қарасөздің «сол нәрсені естігенде, я көргенде көңілденіп, ынтамен ұғу керек», тағы бір шарт «сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып көңілге бекіту керек» - міне, бұларды оқушылар жаттап алғандары дұрыс. 3- сыныпта алдыңғы сыныптағыларды қайталай отырып жаңа сатыға көтеру, мұнда оқушылардың өзіне сенімін арттыру Абай шығармалары арқылы тәрбиелеудің арқауы етіп алынады. Мұнда ақынның:
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап...
деген жолдары және басқа да шығармалары арқылы - өзіне сену деген не, ақыл деген не, ақылды кісі қандай болады- деген сұрақтарға жауап берумен қатар Абайдың 13- қарасөзіндегі «беріктік» деген сөздің мәнін түсіндіру, 17, 38- қарасөздеріндегі ақыл туралы пікірлерді пайдалануға болады. Осыларға сүйене отырып, әркім өзіне сенімді болуы үшін әділ, ақылды болуға, адал еңбектенуге кедергі болатын өтірік, ұрлық, мақтаншақтық, т.б. жаман қылықтардан аулақ болса ғана өзіне сенімді бола алатындығын ұғындыру.[7] 65-72 б.
Мысалы Абайдың:
Бес нәрсеге қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз.
Үзіндісін жаттатумен қатар «бес нәрсенің» әрқайсысынының мәнін ашып, маңызын түсіндіру - өзіне сену пікірін оқушыларға жеткізудің нанымды етеді. Өзіне сенуге тәрбиелеу әр баланың санасын өз басына бұрады. Мұғалім әр оқушыға «мен қандаймын» - деген сұраққа өте кең болмаса да жауап берулерін ұйымдастырады (сауалнама, шығарма, т.б.). Мұнда «мен қалай оқимын, тапсырманы қалай орындаймын, мұғалімнің, ата – анамның айтқандарына қалай құлақ асамын, өтірікті көп айтып жіберген жоқпын ба ? », т.б. сұрақтар көлемінде. Бұл – оқушылардан сын көзқарас қалыптастырудың басы. Осы өзін сынаудың кемшілігінен әр адам, тіпті бір қоғам қатты зиян шегуі мүмкін. Байыпты қарасақ, біздің қоғамда осы жағынан азаматтарды тәрбиелеу кемшіндеу секілді. Өйткені сын көзқарас қалыптастыру мектептегі тәрбиеге қатысты бағдарламалардың бірінен де орын алмаған екен. 4-сыныпта оқу- ғылым тақырыбы жалғастырылып, ол Абайдың 38- қарасөзіндегі ғылым туралы пікірлер арқылы тереңдетіледі: «адамның ғылыми, білімі хақиқитқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады... ол хәмманы білетұғын ғылымға ынтықтық» екендігін түсіндірумен қатар адамның өміріндегі ғылымның маңызын ұғындыру үшін ақынның 17- қарасөзіндегі ғылым туралы пікірін пайдалану және:
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз.
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз
өлеңіндегі «балалықты қисаңыз» және «болмаса да ұқсап бақ» деген сөздерінің маңызын ашып түсіндіру. Бұдан соң 3- сыныптағы «мен қандаймын ?» - деген сұрақ тереңдетіліп, Абайдың:
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің,
Өзіңді - өзің күзет, кел, шығарам.
деген пікірін арқау ете отырып, оның:
Ойға түстім толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезімен көз салдым,
Тексеруге ойландым.
Осынша ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін...
үзінділерін жаттатумен бірге «көрінгенге қызықтым... әділетін бұзыппын...», т.б. сөздерінің маңызын ұғындыру. Мұғалім оқушының тек жаман жақтарын емес, жақсы қасиеттерін де көруіне жағдай жасап, қандай оқушыны талапты дейміз, қабілетті оқушы қандай болады, еңбексүйгіштік пен қабілеттің ортасында қандай байланыс бар, қабілетті қалай дамытуға болады деген секілді сұрақтар төңірегінде жұмыстарды жүргізу оқушылардың өздерін танып- білулеріне көмектеседі. Осылардың барлығын реттеп, өмірде іске жаратудың жолын Абай 15- қарасөзінде көрсеткен, ол: «есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір өзіңненөзің есеп ал, Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен ?» Міне оқушыларға керегі. Осы үзіндіні әр оқушы жаттап, іс жүзінде пайдалануды өмірлік әдетке айналдыруға көмектесу керек. Мұны мектепте үйренбесе ешқашан үйрене алмайды.[8] 78-85 б.
Абай тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлді. «Әне оны берем, міне мұны берем деп, бастан балаңды алдағаныңа мәз боласың, соңынан балаң алдамшы болса кімнен көресің? “Боқта” деп біреуді боқтатып, “кәпір, қияңқы, осыған тимеңдерші” деп, оны мақсаттандырып тентектікке үйретіп қойып, “қу, сұм бол” деп, “пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді” деп, тірі жанға сендірмей жат мінез қыласың » деп, теріс тәрбие беретін ата-аналарды қатты сынға алады. «Ақыл- ардың сақтаушысы» деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы –
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап...