Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа

Краткое описание

Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.

Содержание

Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет

І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет

1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет

1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет

ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет

2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет

2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет

Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-Бастауыш-мектеп-білім-мазмұнындағы-Абай-шығармаларындағы-құлықтық-тәрбие-мәселелері.doc

— 342.00 Кб (Скачать файл)

                          Терең ой,терең ғылым іздемейді

                          Өтірік пен өсекті жөндей сабап, -

деп кейбір адамдардың іс- әрекетіне кейістік білдіреді.

                          Талап, еңбек, терең ой,

                          Қанағат, рақым ойлап қой,

                          Бес асыл іс көнсеңіз,-

деп, ел қамын ойлаған адамның бойында қандай қасиеттің болуы керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы үш нәрсеге байланысты екендігін айтады:

                           Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

                           Сонда толық боласың елден бөлек,-

деп адам мінезіндегі орынсыз мақтап, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратындығын айта келіп, естігенді есте сақтау, көргеннен  үлгі-өнеге алу, жаман әдет- дағдылардан бойын аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді қастерлейді.

     Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп- жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің 19- қара сөзінде “ Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып,естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді” – ақыл- естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшекерлеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс- әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты, т.б. жаман мінез деп есептейді. Абай: “ Адам баласы бір- бірінен ақыл, білім, ғылым, ар, мінез деген нәрселерді озады, онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық” –дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді.

    Өсе, ер  жете келе,  тәрбие  құралдары  арқылы  бала  жанына  жақсылық  ұрықтарын  егіп,  игі  сезімдерге,  адамгершілікке  тәрбиелеуге  болады.  Ақын  бала мінез  қалыптастыруда  ата – анасының  ұстаздарының,  құрдастары  мен достарының  үлгі-өнегелері  мен  тәрбиесінің  маңызы  зор  деп  дұрыс түйіндейді.[9] 35-42 б.

    Осы  айтылғандар  және  жеке  басының  ерекшеліктері  жайлы  айтқан  психологиялық  пайымдаулары  өзінің  ғылыми  тереңділігімен  ерекше  бағалы.

    Ұлы  ақын  Абайдың  педагогикалық  көзқарасындағы  басты  нысана «Атаның  баласы  болма халықтың,  баласы  бол... жақсы  көпке  ортақ,  пайдаң  еліңе,  халқыңа  тиісін» деген  гуманистік  ой – пікірлерді  қуаттау  болды.  Оның  жастарды  тәрбиелеудің  педагогикалық  көзқарастары  дүниежүзілік  педагогика  классиктері  Ж.Руссо, Д.Дидро,  И.Кант, т.б., орыстың  ойшыл  педагогтары:  Л.Н.Толстойдың,  К.Д.Ушинскийдің  ағартушылық  ой – пікірлерімен  терең  қабысып  жатыр. 

    Абай  ұрығын  сепкен  оқу,  өнер- білім,  адамгершілік  әдет,  мораль  мәселелері қазақ  халқының  рухани  азығына  айналып  отыр.

    Еліміздің  егемендік  алуы,  қоғамдағы  жаңарулар  ұрпақ  тәрбиесінің  жауаптылығын  бұрынғыдан  да  асырып  отыр.  Осы  жауаптылықтан  туындайтын  «Демократиялы  қазақ  елі» атану  үмітінен  қуат  алған  еліміздің  жаңа  адамды  қалыптастыру  жолындағы  оқу – тәрбие  жұмысы  өзіне  керекті  ақыл  сөз  бен  асыл  сөздің  бәрін  Абай  мұрасынан табады.  Оның  адам  тұлғасын  қалыптастыруда  негіз  боларлық  ғибрат  сөздері  ұрпақ  тәрбиесіне  ат  салыссам  дегендердің  тілегімен  тікелей  қабысып  жатыр.  Солай  бола  тұра,  мектепте  қазіргі  оқылатын  Абай  шығармасы өзінің  көлемі  жағынан  және  баланың  жас  ерекшелігіне,  білімділігінің дәрежесіне  лайықтылығы  жағынан  талапқа  сай  алынбағандығы  байқалады.  Дәл  осы  айтылғандардың  салдарынан  әр  мазмұнды  оқушыға  меңгеруге  керекті  әдістемелік  негіз   жоқтығы  Абай  шығармашылығын  меңгеруде  көп  қиындық  тудырады.

    Бұл  олқылықтардың   болуының  толып  жатқан  өзіндік  себептері  бар.  Кеңес  дәуірінде  Абайды  саясатқа   бірде  қабылдап,  бірде  қабылдамай  жүрді,  тіпті  атаусыз қалдырған  тұстары  да  болды.  Соның   салдарынан  мектепте  оқыту-оқытпау  тиянақты  болмай,  бағдарламалар  мен  оқулықтарға  жүйелі  түрде  енгізілмеді.  Абайға  деген  бұл көзқарас  оның  жан – жақты  ойланып  оқылуына  ырық  бермеді.

    Кеңес  дәуірінде  Абай  шығармаларының   өзіндік  ерекшелігін  ескере  отырып  оқытуға  көңіл  бөлу  арнайы  сөз  бола  қоймады.  Жалпы  алғанда  орыс  мектебінің  тәжірибесі  мен  әдістемесінде  бар  зерттеулерге  сүйену  дәстүрі  қазақ  әдебиетінің  оқыту  әдістемесінде  де  үстемдік  етті.  Сөз  жоқ,  сол  әдістеменің  ішкі ерекшелігіне  бойлап  жатпай – ақ,  Абай  шығармасын  оқытуда  да  қолданылады.  Одан  бері  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  даму  үстінде  болды  десек  те,  Абай  шығармасын  оқыту  барлық  жағынан  талапқа  сай  жүргізілді  деу, түгелдей  қазақ  мектептерінің  оқулықтары  терең  ғылыми- әдістемелік  негізге  сүйеніп  жасалған  деп  айту  қиын.

    Ал бүгінгі  қазақ  елі  өзінің  ұлттық  мәдениетін  жандандырамыз  деген  егемендіктен  келген  құлшыныс  түсында  әсіресе,  Абайды  танытудағы  олқылықтың  есесін  толтыруға  дереу  кірісу   қажеттілігі  ешбір  қарсылық  туғызбаса  керек.  Абайдың  тұлға  қалыптастыруға  қатысты  айқын  сөздері  бүгінгіге  де,  болашаққа  да  бағдар.  Олай  болса,  Абай  ғибратын  ұрпақ  бойына  сіңіру,  оның  шығармаларындағы  мазмұнды  оқушы  өміріне азық  етерлік  деңгейге  көтеру  жолын  білу  керек.

    З. Ахметов «Абай  творчествосын  түгелдей  алып  талқыланғанда,  жеке  шығармаларын  талқылағанда  да  екі  түрлі  талдау  принципін  дұрыс  ұштастыра  білу  шарт», - деп көрсетіп: «Оның  бірі – тарихи  принцип, яғни  ақын  шығармаларын  туғызған  заман,  қоғамдық  орта  әлеуметтік  жағдаймен  байланыстыра  қарау  болса,  екіншісі  - бүгінгі  заман тұрғысынан  қарау,  қазіргі  моральдық  ұғым – түсінік идеяларға  үйлестіре  қарап  бағалау», - дейді. З.Ахметовтың  Абай  шығармаларын  өмір  сүріп  отырған заман  мен уақытқа  байланысты  көзқарасқа  бағындыруы  қажет  деуі  себепті,  бұл  пікір  кеңес  заманында  қоғамдық  бағыттағы  ұжымды  мораль  мүддесіне   сай  болу  ыңғайында айтылған  сияқты.  Бұл  ұсынылып  отырған  талдау  принциптері  бүгінгі  талап-тілек  тұрғысынан қарағанда  да  негізгі  мүддеден  алшақ кетпейді.  Сондықтан  Абай  шығармаларын  бұрын  жеке  тұлғаның  қалыптасуының  бір  факторы  болып   есептелетін  қоғамдық  орта,  тарихи  кезеңге  көңіл  бөлген  орынды.

    М.Мырзахметов  Абай  туралы  еңбегінде Сырдария  обылысының  генерал – губернаторы  Н.И. Градеков «... 1867 жылдың  заңы ... Қазақ  руларын  ыдыратып,  әлсірету  мақсатымен  көшпелі  халықты  болыс –болысқа,  ауыл-ауылға  бөлуді өте  қажет  деп  қарады.  Өйткені  көптеген  қазақ  руларын  тұтастырып,  бір үлкен  ру  басына  билету  саяси  жағынан барынша  зиянды нәрсе  деп  табылды »,- деп  атап  көрсету  жай  нәрсе  емес» - дейді.[10] 139-148 б.

    М.Әуезов “Абайдың  өмірбаяны” деген  еңбегінде  осы  мәселелерге  қатысты  ру  ішіндегі  талас – тартыстың  кең  етек  алғанын  баяндайды: «Құнанбай  Жігітектің  он  жеті  адамын  Сібірге  айдатады...  Сотталу,  абақтыға  жабылу, айдалу  дегендер  ел  көрмеген үлкен  сұмдық  саналатын... Бір  Құнанбай емес  осы  кезде  ел  ішінде  жауласқан  күшті жуанның  бәрі  де  бір- бірін  ұлық арқылы жер  аударып  жазалап  жүрді.  Кейін  сіп  іске  араласатын  жас  Абайдың  алдында  әкесі  тастап  кеткен  зор  пәле,  қайшылық,  зорлық  тұрған-ды», - деп жазады.

    Бала  күнінде ескіше  хат  таныған  Абай  он  екі  жасында  Семейде  Ахмет  риза  медресесіне  түседі.  Абай  он  төрт  жасында  медреседе оқи  жүріп, үш  ай  орыс  мектебінен  дәріс  алады.  М.Әуезовтың   жоғарыда  айтылған  еңбегінде «Абайдың  үш-ақ  жыл  оқуы  сырт  көзге  аз  оқу  болса  да,  өзіне  көп  жаңалық  беріп,  көп  жаңа  дүниенің  шетін  ашқан  сияқты.  Алдымен  ақындарды  көп  оқуға  себепті  Абай  араб,  парсы  тілін сол  үш  жыл  ішінде  жақсы  біліп  шыққан.  Мұның  белгісі  сол заманнан  қалған  бірен-саран  өлеңдерінен  білінеді... Қаладағы оқудан  шығыс  ақындарды  сүюді,  ақындықты  сүюді ала  келген Абайға ендігі зор тәрбиеші, ұстаз- қазақтың  халық  қазынасы  болады. Осылайша  ел  даналарын  танып, соны  ерте  қамтуы  жас талапкерге  жаңа зор  мектеп  болады»,- дейді.[11] 145-156 б.

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-тарау.  АНА  ТІЛІ  САБАҚТАРЫНДА  АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН                                                          ОҚУШЫЛАРДЫ  АДАМГЕРШІЛІККЕ  ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ

РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ  ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ.

 

2.1. АНА ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ  АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ

БЕРІЛУ  ЖҮЙЕСІ.

 

ХІХ ғасырдың  екінші  жартысында  Абай  өмір  сүрген  кезең  біріншіден,  қазақ  даласына  орыс  мәдениеті арқылы Европамен   танысу  мүмкіндігін  берсе,  екіншіден  қазақ  халқының  санасында  өзі  туралы жағымсыз ұғымның  қалыптасуына  ықпал  ету  мезгілі  болғаны  анық.

    Отаршылдық  саясатын  зымияндықпен  жүргізу  арқылы  бүкіл  қазақ  жерінде,  оның  ішінде Абай  өмір  сүрген  өңірде  де,  халық  бірлігіне  нұқсан  келтіріліп,  шенқұмар,  жағымпаздық,  бақталастық,  көзқызарлық  психология  қалыптасты.  Мұны  Абай:

Бас-басына  би  болған  өңкей  қиқым

Мінеки,  бұзған  жоқ  па  елдің  сиқын,

-деп патша  үкіметінің  астыртын  саясатын  көргендікпен  сезіп,  түйді.

Сондықтан:

Бірі  қан,  бірі  май  боп  енді  екі  ұртың,

Мінеки, бұзған  жоқ  па  елдің  сиқын, 

- деп  патша  үкіметінің  астыртын  саясатын  көргендікпен  сезіп,  түйді.

Сондықтан:

  Бірі  қан, бірі  май  боп енді екі  ұртың,

Өз  қолыңнан  кеткен  енді  өз  ырқың.

- деген  еді.

 

    Халықтың  саяси  санасының  төменгі, саяси-әлеуметтік  надандық,  онсыз  да  нашар  ішкі  жағдайда  одан ары  ұшындырған  қитұрқы  саясат – міне,  осылардың  барлығы  ақынның  ой-санасының  шыңдалуына   алып  келсе,  өз  бетімен  білім  алуы  оның  ой өрісін  кеңейтіп,  дүниеге  ауқымды  көзқарас  қалыптастырды.  Сөйтіп  ол қоғамның  негізгі  қозғаушы  күші – адам  екендігін,  оның  дамуы,  оның  санасының  жетілуі,  өз  алдына  қойған мақсат- мұраттарына  байланысты  болатындығын  ұғынды.  Ол  өзінің  адамдарға  ақыл – кеңесін  ақындық  дарынын  пайдаланып  жеткізуге  ұмтылды.  Өз  шығармаларын  ең  алдымен  «көңілінің  көзі  бар», «естілерге» арнаса,  қалғандарын  олардың  соңынан  еруге  үндеді  және  оның  жолдарын  да  нұсқады.

    Абай  шығармалары  жарық  көрген  күннен  бастап,  өткен  жолы  да  бірыңғай  сыдыр  болған  жоқ.  Бұл  ретте  20-жылдары  олардың  кейбіреулеріне  ұлтшыл,  идеалистік  кертартпа  деген   мінездермен  берілді.   Бұл  өз  ретінде  абайтануға  оның  тәрбиелік  ой- пікірлерін  толық  ашуға,  мектеп  және  басқа  да  оқу- тәрбие  мекемелерінде  оларды  толыққанды  қолдануға  кедергі  болды.  Ал  одан  кейінгі  жылдарда, орыстандыру  саясатының   астыртын  жүргізіліп,  барлық  ой- сана  коммунистік  идеологияның  қысымында  болуы  салдарынан  ұлттық  мүдде  мен  дінге  адамның  тегі,  тәрбиесіне  қатысты  ақынның  кейбір  пікірлерін  толық  ашу  мүмкіншілігі  болмады.  Оның  үстіне  жалпы  ұлттық  негізінде  жалпы  тәлім – тәрбие  беру  мәселелері  тұншықтырылып келгендіктен   ұлттық  мектеп,  ондағы  оқу- тәрбие  ісі  кең  қанат  жайып,  дами алмады.  Оның  өзі  Абай  шығармаларын  оқу – тәрбие  процесінде  қолдану  ісіне  де  кері  ықпалын  тигізді.  Қазіргі  күнде Абайтану  оңаша  бір  ғылым  саласы  болып,  жан- жақты  терең  зерттелуде. Осыған  орай  ақын  мұрасындағы  тәлім- тәрбиелік  ой-пікірлерді  оқушылардың  күнделікті  өміріне  қағида,  ереже  етіп ендіру  оқу-тәрбие  мекемелерінде  практикада  жүзеге  асырудың  жаңа  мүмкіншіліктері  туындап  отыр.  Бірақ  бұл  Абай  шығармаларындағы  педагогикалық,  психологиялық  пікірлерді  оқу- тәрбие ісіне  пайдаланудың  жолдарын  ғылыми  негізде  қарастыру  мәселесін  шешуге  келіп  тіреледі. [12] 53-65 б.

    Абай  мұрасындағы тәлім- тәрбиелік  ойларға  ең  алдымен  назар  аударғандар  қазақтың  көрнекті  зиялылыры   болғандығын  білеміз.

    А.Байтұрсынов «Қазақтың  бас  ақыны» деген  мақаласында:  «Абайды  қазақ  баласы  тегіс  танып,  тегіс  білу  керек»,- деген  еді.

    Абайтану  ғылымының  қалыптасуына  ерен  еңбек  сіңірген  жазушы,  ғалым М.О.Әуезов  оның  өзекті мәселелеріне  тоқтала  келіп, ақынның  тәлім- тәрбиелік  пікірлері  «ендігі  сөз  ұғатын  жастарды  жаңа  жолмен  өзі  қиял  қылған  адамшылыққа  қарай  жетектеп  баулығысы  келеді,...  Өлең  сөздерімен  бір  ақыл  айтса,  ауызша  өсиет,  ұзақ  мәжілістерімен  тағы  да баулып,  ылғи  ғана  таза адамшылық  жолына  үгіттейді.  Әділдік,  шыншылдық,  арлылық,  ойшылдық сияқты  адамды  адам  қылатын  жан  тәрбиесінің  барлық  негізі қаланады» - деп  белгіленген.

    «Тіл-құрал» - деп А.Байтұсынов  айтпақшы,  адамдар  арасындағы мәміленің  ең  қолайлы,  көркем  және  тиімді  түрі  сөз  екені  көпке аян.  Сөздің адамға  ықпал  ететін  әр  түрлі  қасиеттерін  аңғарып,  кереметін  толық игерген  Абай: оны «жалын  мен  оттан  жаралған» немесе  «қуаты  күшті  нұрлы  сөз»  десе  тағы  бір  өлеңінде  «қуаты  оттай  бұрқырап» - деп  теңейді.

    Шешендік- көрген,  білгенін  ақыл  тереңдігі,  ой  қуатымен  зерделеп,  сөз  тауып,  тап  басып,  тайсалмай  айта  білу.  Әрине, ол  елдің  бәріне  бірдей  пән  бола  бермейтін  дарындылардың ғана  елден  ерек  бір  сипаты  десек  те  болады.  Шешен  болып  тумаса  да  сөз  өнеріне  белгілі  бір  деңгейде  кім  де  болса  игере  алатындығына  сенеміз.  Сөз  өнері  туралы  А.Байтұрсынов  «айтушы  ойын  өзі  үшін  айтпайды,  өзге  үшін  айтады.  Сондықтан  сөйлейтін  тілін  жақсы  қолдана  білу  тиіс»- деген  еді.  Сөз  өнерін  ерекше  бағалаған  халқымыз  «өнер  алды  қызыл  тіл» десе,  Абай:

  Өткенді  жүзі,

Кестенің  бізі

Өрнегін  сендей  сала  алмас.

- деп  барлық  өнерден  жоғары  қояды.  Абай  өзі  ата- бабаларынан   бері  қарай  ел  басқарған,  сөз өнерін  терең  игерен  тұқымнан  екені  белгілі.  Өскен  ортасы  оның  осы  қасиетінің  дамуының  алғы  шарты  болған.  Ақынның  бәрі  шешен  емес,  шешеннің  бәрі  ақын  емес.  Демек  Абайға  екі  өнер  дарыған:  бірі – ақындық,  екіншісі- шешендік.  Бұл  да  бір  туа  біткен  дарын.  Біздің  пікіріміз  бойынша шешендікке  бейім  болудың  бір  ерекшелігі  естігенін  ұмытпайтын  құйма  құлақ  болса,  одан  соңғы  басты ерекшелігі – орынды  жерде, әлгі  көргені  мен  естігенін  қабыстырып  сөз  тауып  айта  қою.  Әрине  сөз  байлығының  орны  ерекше.

Информация о работе Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері