Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2015 в 15:20, дипломная работа
Бастауыш мектеп білім мазмұны Абай шығармаларындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық және әдістемелік жолдарын негіздеу.
Бұл мақсаттан туындайтын міндеттер:
Абай туралы зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, оның өскен ортасы, педагогикалық көзқарасы туралы сипаттап жазу.
Бастауышта Абайдың адамгершілік мұратын ұғындыру жолдарының әдіс-тәсілдерін көрсету.
Кіріспе .................................................................................................. 3-5 бет
І - тарау. Бастауыш оқыту процесінде оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ............................... 6-11 бет
1.1. Адамгершілік тәрбиесі туралы түсінік,
оның мақсат – міндеттері .................................................... 6-11 бет
1.2. Абай шығармаларын бастауыш оқу – тәрбие процесінде пайдаланудың маңызы............................................................. 12-22 бет
ІІ- тарау. Ана тілі сабақтарында Абай шығармаларын оқушыларды
адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде пайдаланудың
әдіс-тәсілдері .................................................................... 23-37 бет
2.1. Ана тілі оқулықтарында Абай шығармаларының
берілу жүйесі ................................................................... 23-37 бет
2.2. Абай шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілікке
тәрбиелеу тәжірибесі ..................................................... 38-55 бет
Қорытынды ................................................................................... 56-57 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ..................................................... 58-59 бет
Өзім еңбек еткен Оңтүстік Қазақстан обылысы, Мақтарал ауданындағы Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің 2-сыныбында Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» шығармасын оқытуда өткізген сабағымды тақырып тұрғысынан талдап көрсетейін.
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақыны Абай өмірімен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясы жақсыдан үйрену, жаманнан жирену екендігін ұғындыру.
Сабақтың тәрбиелік міндеті: жаман әдеттерден аулақ болуға, бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әр түрлі нақты сөз, мақал – мәтелдер, Абай өлеңдері; буклеттер, кітаптар.
Сабақта ең алдымен оқушылардың зейінін тұрақтату мақсатында Қадыр Мырза -Әлінің
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте
-деген шумағын хормен айтқызады. Бұдан кейін сабақтың мақсатын хабарлап, бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбын тақтаға жазып қойдым: А.Құнанбаев. “Ғылым таппай мақтанба” Кіріспе әңгіме.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семейде дүниеге келген. Әкесі- Құнанбай, шешесі – Ұлжан. Әкесі бай болған адам.
Абайды 10 жасқа келгенде Семейге медресеге берген. Парсы, шағатай, орыс тілдерін меңгерген. 1904 жылы 59 жасында қайтыс болған.
Абай – қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы. Отыздан асқан соң өлең жаза бастаған. Ол өз өлеңдерін бірнеше топқа бөледі.
Абай атамыздың шығармаларындағы ең өзекті мәселе – жастар мәселесі, оның ішінде оларды білім алуға, оқуға, еңбекке, мәдениетке шақыру жетекші орын алады. [28] 16-19 б.
“Әсемпаз болма әрнеге”, “Интернатта оқып жур”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім,” тағы басқа жас ұрпаққа айтар ақыл – кеңестерге толы. Соның бірі - “Ғылым таппай мақтанба” өлеңі – дей келіп, өлеңді түсінікті, дұрыс, мәнерлі түрде оқып бердім.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз
Болмасаң да ұқсап бақ
Бір ғылымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайта деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз
Сізге ғылым кім берер
Жанбай жатып, сөнсеңіз
Дүние де өзі, мал да өзі
Ғылымға көңіл бөлсеңіз
Өзің үшін үйренсең
Жамандықтан жиренсең
Ашыларсың жылма- жыл
Сабақта Абай атаған бес жаман іс пен жақсы қасиеттер аталып, әрқайсысы жеке- жеке талданады.
Осы өлең ішіндегі бес жаман іске тоқталайық: Өсек – бұл пыш-пыш біреуді жамандап айтылатын сөз екен.
Өтірік – бұл да өрге баспайды. Өтірікші қыз туралы ана тілден оқыған “Күмән” әңгімесін еске түсірейік. Осындағы қыз бір өтірік айтамын деп барлық оқушының сенімінен шығады. Еріншектік – бұл да мүлдем жаман қасиет. Қазір өзіміз еріншек бала Еркін туралы көрініс көрсетейік.
Мақтаншақтық – бұл да жаман қасиет.
Бекер мал шашпақ – бұл да ысырапшыл деген мағынаны білдіреді. Мысалы: нан жеп жүріп, оның жартысын итке лақтырып, ысырап жасаушы болма.
Ал, енді осы жаман әдеттерден аулақ болу үшін қазақ халқы таудай сөзден тобықтай түйін сөз мақал – мәтел қалдырған.
Кәне, осы жаман әдеттер туралы қандай мақал – мәтел білесіңдер?
Балалар мақал – мәтелдер айтады.
Ал, осы жаман қасиеттерге қарама – қарсы Абай атамыздың өлеңіндегі бес жақсы қасиетті тыңдайық.
Талап – бұл адамның өз алдына мақсат қойып, болашаққа талаптануы.
Еңбек – еңбексіз дүние жоқ, мысалы мына өзіміз отырған партаны алайық. Бұған қанша еңбек жұмсалғанын білесіздер ме ? “Стол қалай жасалады?” атты буклетпен таныстыру.
Терең ой – бұл білім, ғылымға ұмтылу.
Қанағат – нысапсыз болмау, Ана тілінен “Қанағатшыл құмырсқа” әңгімесін еске түсіреміз.
Рақым – бұл мейірімді болу, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқорлық жасау, осы туралы көрініс көрсетіледі.
Қорыта айтқанда, осы жаман қасиеттерден ада болып, жақсы қасиеттерді бойымызға сіңірсек, болашақта бізден халық қамын жеген, Отан сүйер азамат шығары сөзсіз.
4-сыныпта Абайдың қара сөзі берілген. Бұл бастауыш сатыда Абайдың философиялық ой- тұжырымдарының берілуінің алғашқы сатысы. Сондықтан жаңа буын оқулықтарында Абайдың қара сөзінен үзінді берілуін оқулықтың құнды, сапалы көрсеткіштерінің бірі ретінде атап өткіміз келеді. Енді сол қара сөзді оқушы көңіліне түйгізу, санасына сіңіру мақсатында өткізген тағы бір сабағымның үлгі жоспарын келтіремін:[29] 19-21 б.
1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөзінен.
2. Сабақтың мақсаты: Абайдың қара сөзінің мағынасын ұғындыру.
а) Білімділік міндеті: Ұлы ақын Абай жөніндегі оқушылардың білетіндерін жаңа мәліметтермен толықтыра түсу. Ақынның өлеңдерін, әндерін, қара сөздерді меңгерту, түсіндіру;
ә) Дамытушылық міндеті: Көркем шығармадағы негізгі ойды ажырата білуге үйрету, өз ойларын еркін жеткізе білуге, пәнге қызығушылығын, белсенділігін дамыту. Сөздік қорын молайту.
б) Тәрбиелік міндеті: Ақын шығармасы арқылы еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, әдемілікті, әсемдікті сезінуге баулу.
3. Көрнекілігі: Абайдың суреті, ақын туралы буклеттер, альбом, үлестірмелі қағаздар, сөзжұмбақ.
4. Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
5. Оқыту әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, қайталау.
6. Пәнаралық байланыс: ән, бейнелеу.
7. Сабақтың барысы:
ә) қазақ тілінің ерекше байлығы, ұлылығы туралы ақын қалайша шабыттана жырлайды?
б) ана тілін қалай құрметтеу керектігі жөнінде әңгімеле.
3) Жаңа сабақ.
- Балалар, енді тақтадағы сөзжұмбақты шешіп көрейік. Егер оны дұрыс шешсек, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады.
1. Республикадағы “көмір кені” аталған қала.(Қарағанды)
2. Қазақтың ұлы ақыны.(Абай)
3. Құрманғазының күйі.(Серпер)
4. Биік төбелердің атауы.(тау)
5. Қазақтың ұлттық ойыны. (Ақсүйек)
6. Сәуір айының екінші аты. (көкек)
7. Қазақтың Тұңғыш президенті(Назарбаев) Сөз жұмбақ шешуі: “Қара сөз”.
Қ |
А |
Р |
А |
Ғ |
А |
Н |
Д |
Ы | ||||||
А |
Б |
А |
Й |
|||||||||||
С |
Е |
Р |
П |
Е |
Р |
|||||||||
Т |
А |
У |
||||||||||||
А |
Қ |
С |
Ү |
Й |
Е |
К |
||||||||
К |
Ө |
К |
Е |
К |
||||||||||
Н |
А |
З |
А |
Р |
Б |
А |
Е |
В |
-Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың қара сөздерін өтеміз.
Сабақ оқушылардың Абай туралы бұрыннан білетіндерін сұраудан басталады.
Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңдерін жатқа сұрап, суреттеп, қара сөзбен айтқызу.
8. Сергіту минуты. Абайдың “Желсіз түнде жарық ай” өлеңін әнімен айтқызу.
Жаңа сабақ туралы мұғалімнің кіріспе сөзі.
Абай – халқымыздың жазба әдебиетінің негізін қалаушы ұлы ақыны, ойшыл да, сыншыл да данышпаны. Абайды тану – халықты тану, өзіңді - өзің тану. Ақындық жолында адамгершілік, имандылық, адалдық еңбекқорлық, кешіпейілділік, қайырымдылық, парасаттылық, әдептілік сияқты ізгі қасиеттерді ту етіп ұстап, өлеңдерінде қайта – қайта насихаттаудан жалықпаған Абай ға қияларында да өзінің осынау өмірлік мүддесін әр қырынан баяндаудан таймаған. Ойшыл ретінде ақ пен қараның, жақсы мен жаманның, адалдық пен зұлымдықтың, білімділік пен надандықтың, кішілік пен даңғойлықтың ара жігін әр сөзінде ашып, дәлелдеп беріп отырған.
Оқулықта берілген қара сөзден ақын күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе: надандық, еріншектік, зұлымдық екенін айтады.
Пікірлерін, ойларын айтқызу.
Абайдың аталған қара сөзі осы бөлімде берілуінде қандай негіз бар деп ойласыңдар?
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келе айтарымыз: Поэзияда, музыкада, қоғамдық – азаттық ой –пікір саласында өлмес - өшпес шығармалар берген Абай қазақ халқының өткен заманындағы өмірін зертеуші, біздің ұрпаққа таңғажайып тұлға болып көрінеді. Ол өз халқының тарихында тау шыңындай боп тұр.
Абай есімі бізге сондықтан да қымбат. Осы жұмысты жазу барсысында Абай шығармаларын толық оқып шығуға және шамам жеткенше жан – жақты түсінуге мүмкіндік алдым.