Мақал мәтелдер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2013 в 19:39, реферат

Краткое описание

Мақалдардың негізгі ерекшеліктерінің бірі сол, олардың қолдану орындары мен ауыспалы мағыналары әр түрлі ұрпақтар мен дәуірлердің қөзқарастарына, тәжірибесіне сәйкес өзгеріп отырады. Ауыз әдебиеті талай ғасыр жемісі. Халық жыраулары, жыршылары, ертекшілері анау заманнан рухани асыл қазына ретінде сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп бүгінгі біздің күнімізге жеткізген. Адамзат өзінің бала кезінде, табиғаттың сиқырлы алуан жұмбақтарын шешесем, оны тілегіме жаратсам, бағындарсам деген арманын өзінің ауыз әдебиетінде бейнелеген. Адамның, табиғаттың дүлей, мылқау күшімен арпалысы да сол ауыз әдебиетінде өрнектелген. Қоғамдық- әлеуметтік, экономикалық өмірдің ілгерлеуіне адамның ой санасының өсуіне, өзін қоршаған табиғаттың сырына терең бойлауына байланысты ауыз әдебиеті мазмұны, формасы жағынан байып, дамып отырған.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 138.50 Кб (Скачать файл)

  Мақалдардың тура және ауыспалы, бейнелі мағыналарының қатынасын қатаң еске алып, олардың біріншісінен екіншісіне ауысу процксін белгілі мәселеге халықтың көзқарастық өзгеру құбылысымен байланысты қарау керек.

  Мақалдар дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелегенде өзіне тән логикалық заңдылықтары арқылы бейнелейді.

  Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Мақалдар мен мәтелдер ұрпақтар ойының қиыннан қиыстырылған жүйесі мен қоғамдықтарихи тәжірибеде қорытылған жиынтығы, даналық ойдың шежіресі мен халықтың рухани өмірінің практикалық энциклопедиясы. Олар - әлеумет өмірінің алуан саласы көркем образ түрінде бейнелеп, адамның сонау сәбилік дәуірінен сыр тартып, ұрпақтар үнінің жаңғырығынан елес беретін елгезек жанр. Осындай қасиеттерінің арқасында ұрпақтанұрпаққа таралып, еңбекші бұқараның құдіретті еңбек ұраны мен ежелгі ережесіне айналған келісті көркем сөз кестесін халыққа әрқашанда қасиетті мұра ретінде қастерлеп отырған. Мысалы: «Келген дәулеткеткен бейнет»

  «Ер тынысыеңбек, ез тынысыермек» сияқты еңбектің неше алуан қасиетін өмір шындығынан алып түйіндеген тамаша мақалдар тудырған.

  Сиқырлы сөз құдіретті, табиғатын терең меңгерген поэтикалық дарынды дала данышпандарының шығармашылық фантазиясынан туындаған бұл шығармалареңбекші халық болмысының аса бір биік шыңы.

  Түптеп келгенде, мақалдар мен философиялық ойлау әдістерінің арасында тарихи туыстық бар. Оны мынандай ортақ белгілерден көреміз: біріншіден, мақалдар объективті өмір құбылыстарын қоғамдықтарихи тәжірибе негізінде жалпылай қорыту арқылы бейнелейді. Осы тұрғыдан келгенде, мақалдаржалпылай қорыту сияқты ойлау әдісінің тұңғыш пішіні.

  Мақалдар жалпылауыштық қасиеті тікелей емес, ауыспалы, астарлы мағыналарда көрінеді. Өйткені белгілі бір мақалға арқау болатын өмір шындығы

  Бұл жағдайда көптеген мақалдар өздерінің тура мағынасынан алшақтап, тек ауыспалы мағыналарда ғана қолданылатын болып, жалпылай қорытушылық ерекшелігін күшейте түседі. Мәселен, қазақтардың қалмақтармен жауапкершілігі кезінде туған «Жыға жығылмай ту жығылмас» мақалын алайық. Ол тура мағынасында бізге тек тарихи құжат қана болып табылады. "«Жыға» деп соғыс кезінде қолбасылар киетін сәнді, дәрежелі бас киімді айтқан. Қай соғыста болмасын жауды жеңу үшін қолбасын жығу керек, сонда ту да жығылады, яғни жау жеңіледі. Сөйтіп, мақал өзінің алғашқы туу кезінде жауды жеңу үшін әуелі оның қолбасын жығу керек деген жаугершілік практикасынан қорытылған әскер бастығының өсиеті сияқты мағынада қолданылған.

 Ал қазіргі  көне көз қариялардың  сөз сараптау практикасында  бұл мақал белгілі  бір әрекетте негізгі,  басты қиыншылықты  жеңсең ғана табысқажетесің  деген ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұдан мақалдың тура мағынасынан гөрі ауыспалы мағынасының жалпылауыштық қасиетінің күшті екенін көреміз. Көптеген мақалдар өзін тудырған тарихи өткінші оқиғалар мен жоғалып отырса, ал жүйесі жағынан мығым жасалған кейбір мақалдар тек өзінің тууына себеп болған тарихи жағдайға байланысты тура мағынасын ғана жоғалтып, алдыңғы ұрпақтардың дүниетанымына сай, алуан түрлі ауыспалы мағыналарға ие болу арқылы мазмұны жағынан жаңғырып отырады. Мұндай мазмұндас мақалдарға дүниетанымдық тұрғыдан ғылыми талдау жасағанда мүмкіндігінше барлық қырынан тексеріп, барынша байыпты қараған жөн.

 

 

Мақал-мәтелдер жайлы мағлұмат.

 

      Мақал-мәтелдер –  халық даналығының  қазына байлығы.  Олар ғасырлар  бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі  бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел ақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есебінде айтылады»[1,112 б.],─ деп көрсеткен болатын. Демек, мақалда тұрмыста қолданылып жүрген сөздеріміз шындықпен астасып келіп, мақалдап, шешен тілмен айтылатын сөздер болса, ал мәтелде тұрмыста қолданылатын сөздердің шындыққа жанаса қоймай, кесегімен айтылатын сөздердің қатарына жатқызуға болады.    Қазақ мақал-мәтелдерінің бастау көзі сонау Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен бастау алады. XII-XIII ғасырлардан бізге жеткен жазба ескерткіштердің тілінде мақал мен мәтелдер баршылық. Мысалы: Орхон жазбаларында: «Бастыны еңкейтіп, тізеліні бүктірген» («Күлтегін» жырынан), «Өлімнен ұят күшті» («Тоныкөк» жырынан) деген мақал-мәтелдерді кездестіреміз. Ал Махмұт Қашқаридің «Дивани лұғат-ат түрік» сөздігінен: «Ұлы болсаң, кішік бол, халық үшін бәлік бол», ал «Құдатғу біліктен»: «Біліп сөйлеген білекке саналар, білімсіз сөз өз басын жояр» [2, 56 б] дейтін мақал-мәтелдерді байқауға болады. Бұл деректерге сүйене отырсақ, мақал-мәтелдердің бастауы сонау көне ескерткіштерден бастау алып, шығармалардың тілінде қолданыста болғанына көз жеткіземіз.

 

      Мақал-мәтелдер негізінен  халық аузында  ауызша сақталған.  Ал, оларды нақты  жинап, қағаз бетіне  түсіру, баспасөз  беттерінде жариялау  – XVIII ғасырдың II жартысынан басталады.Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Шоқан Уәлиханов. Шоқан Уәлихановтың «Таңдамалы шығармалар» [3,416 б.] еңбегіндегі біршама мақал-мәтелдер әлі күнге дейін өз құндылығын жойған жоқ. Сол уақыттан бері қазақ мақал-мәтелдері түрлі жинақтарда, хрестоматияларда жазылып, жарияланып келді. Ш.Ахметовтың құрастыруымен шыққан «Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясында» бірнеше тақырыптағы мақал-мәтелдер берілген. Сонымен қоса, қазақ мақал-мәтелдерін жинап, жариялауда: Ш.Ибрагимов, М.Терентьев, Ы.Алтынсарин, Я.Лютшь, Ф.Плотников, И.Гродеков, А.Васильев, П.М.Мелиоранский, Ә.Ә.Диваев, Н.Ф.Катанов, Н.Н.Пантусов, В.В.Катаринский, Ө.Тұрманжанов, М.Әлімбаев, Ә.Нұршайықов, Н.Төреқұловтарды атап көрсетуге болады.

      Қазақ халық ауыз  әдебиетінің нұсқалары, соның ішінде Қазан төңкерісіне дейінгі әдебиетте 1879 жылы Орынборда шыққан, 1906 жылы толықтырылып қайта басылған Ы.Алтынсариннің хрестоматиясының алатын орны ерекше. Бұл хрестоматияда берілген мақал-мәтелдер бірнеше тақырыптарға бөлініп, жүйелі түзілген.

      Жоғарыда аталған  жинақтарда берілген  түсінік дәрежесіндегі  бірен-саран шағын  алғы сөздерде, жалпы  халық ауыз әдебиеті  жайында жазылған  шолу мақалаларда  айтылғаны болмаса,  қазақ мақал-мәтелдері  қырқыншы жылдарға  дейін арнайы сөз  болып зерттелген емес. Бұл кезеңдерде М.Әуезовтің 1927 жылғы «Әдебиет тарихында» [5,234б.], С.Сейфуллиннің «Таңдамалы шығармалар» [6,55 б.] жинағында мақал-мәтелдер қазақ халық ауыз әдебиетінің бір саласы ретіне аталып, топтап мысалдар келтірілген. Мұнда Сәкен Сейфуллин мақал-мәтелдерді шешендік сөздердің бір саласы ретінде қарастырған.

  М.Әуезов 1940 жылдардың  басында «Қазақ  халқының эпосы  және фольклоры»  атты зерттеуінде  қазақтың мақалдары  мен мәтелдерінің  тұлғасы өлең түрінде  жасалатын, мазмұны  халықтың негізгі кәсібі малшылықпен байланысты болатын екі ерекшелігіне көңіл бөлген. Қазақ мақал-мәтелдерінің зерттелуі шын мағынасында «Қазақ әдебиетінің тарихында» басылған Б.Шалабаевтың «Мақал-мәтел» атты ғылыми очеркінен басталады (Алматы, 1948). Кеңес дәуіріндегі мақал-мәтелдерді жинау, жариялау жұмысы, әсіресе 50-жылдары әбден қанат жая бастады. Мақал-мәтел осыған дейін, көбінесе республикалық газеттер бетінде ғана жарияланып келсе, енді «Қызыл ту», «Оңтүстік Қазақстан», «Ленин жолы», «Есіл правдасы», «Коммунизм жолы» сияқты облыстық газеттерде де жиі жарияланып, жарық көре бастаған.

  Мақал-мәтелдерді  жан-жақты зерттеп  талдағандардың бірі  – Мәлік Ғабдуллин.  Ол «Қазақ халық  ауыз әдебиеті»  [8,70б.] атты еңбегінде  қазақ мақал-мәтелдерін  жинап, бастырушыларды  атай кетіп, оның жанрлық табиғатын, әдеби-әлеуметтік мәнін анықтайды. Н.Төреқұловтың 1957 жылы шыққан «Қанатты сөздер» [4,13б.] атты жинағына бірнеше мақал-мәтелдер енген. Соңғы кезеңдерде балаларға арналып шығарылған жинақтарда мақал-мәтелдер көптеп кездеседі деп айтуға боларлықтай. Оларға М.Жаманбалиновтың, Қ.Баянбайдың, Е.Елубаевтың, С.Қалиевтің [9,320 б.], Е.Ерботинның [9,80 б.], Б.Кірісбаевтың [9,32 б.], т.б. жинақтарын атап көрсетуге болады. Осындай мол меңгерілген рухани мұра Абайдың болашақ туындылары мен шығармашылығында көрініс тапқан. Мысалы: «Сап-сап, көңілім, сап, көңілім» өлеңінде «не күн туды басына», «сабыр түбі – сары алтын», «ауру да емес, сау да емес», «ағын судай екпіндеп» деп кездеседі. Сонымен қоса, Абайдың Абайдың қара сөздерінде, оның ішінде «отыз тоғызыншы» қара сөзінде: «Ағайынның азары блоса да, безері болмайды», «Аз араздықты қуған көп пайдасын кетірер» сияқты мақал-мәтелдерді кездестіруге болады. Ал, «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққан туралы» атты еңбегінде 10 мақал талданған [10,312 б.].

      Мақал-мәтелдерде  бала тәрбиесіне  де үлкен мән  беріледі. «Қызды  асырай алмаған  күн етеді, ұлды  асырай алмаған  құл етеді» деген  мақал-мәтелдердің  мәнісі – жас  ұрпақты жақсылыққа  баулу болмақ. Жастарға  өнер-білім, тіл  үйретуде мақал-мәтелдің  мәні аса зор. Білім, өнер еңбектің бір түрі болса, аз сөйлеп, көп тыңдаған, көп оқып білімін байытқан бала ғана өмірден өз орнын алып, даналық сөздеріміз мақал-мәтелдерден өнеге алмақ.

 

 

 

Мақал —  нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты  жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”). Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).


Информация о работе Мақал мәтелдер