Эмбриология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Сентября 2014 в 18:02, реферат

Краткое описание

Эмбриология (ұрық және грек. логос – ілім) – жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғылым.
Эмбриология ұрықтың пайда болуы және дамуы туралы ілім. Эмбриология жыныс жасушаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын және эмбриондық дамудың негізгі кезеңдерін, ұрықтан тыс мүшелердің дамуын зерттейтін морфология ғылымының саласы. Ол биология ғылымдарының жедел дамып келе жатқан саласы. Эмбриологияның соңғы қол жеткен ғылыми жетістіктері биологияда, медицина мен ветеринарияда кеңінен қолданылуда. Атап айтқанда, қолдан ұрықтандыру, ұрықтануды аналық организмнен тыс пробиркада жүргізіп, ұрықтарды мұздату өдістері, клондау, мал шаруашылығындағы суперовуляция және ұрықтарды басқа организмдерге көшіру және т.б. өдістер. Эмбриология — медициналық және ветеринарлық пәндердің (акушерство, педиатрия, гинекология) іргетасын қалайды.

Вложенные файлы: 1 файл

Эмбриология СӨЖ.docx

— 77.53 Кб (Скачать файл)

Хорионның бетіндегі бүрлердің орналасуына қарай плацентаның анатомиялық типтері болады:

  • Диффузды плацентада бүрлер хорионның бүкіл бетінде орналасады.
  • Котиледондық (шоғырланған) плацентада хорионның бүрлері жатырдың шырышты қабығымен жанасып көптеген топтарды құрады.
  • Белдеулік (аймақты) плацентада хорионның бүрлері оның беткі бөлімінде белбеу немесе сақина түрінде орналасады.
  • Диск тəрізді плацентада хорионның бүрлері диск пішінді жеке бөліктерге топтастырылған болады.

Плацентаның анатомиялық типтері олардың гистологиялық типтеріне сай келеді. Мысалы: аймақты плацента – десмохориалды, ал диск тəрізді – гемохориалды болады.

 

Плацентаның атқаратын қызметтері:

1. Аналық организм мен ұрық  арасындағы газ алмасу қызметі. Газ алмасу процесіне аралық фермент ретінде трансферин қатысады. Ол О2 (оттегі) молекуласын аналық қанның гемоглобинінен ұрық қанының гемоглобиніне тасымалдайды.

 

2. Қоректік қызметі. Имплантациядан  кейінгі дамудың алғашқы сатысында  хорион бүрлері жатырдың шырышты  қабатын бұзып клеткалардағы  заттарды сорып алу арқылы  қоректенеді. Бұны біз гистотрофика  деп атаймыз. Гистотрофика көп  ұзамай гемотрофикаға айналады. Сонда ұрық қоректік заттарды  анасының қанынан сорып алатын  болады.

3. Усыздандыру қызметі. Плацента  ферменттер қызметінің арқасында  улы заттарды ыдыратады. Кейбір  жағдайларда токсиндерді анасының  қанына шығарады. Плацента ұрықты  түрлі инфекциялардан сақтайды, яғни оның қабырғасы арқылы  бактериялар, саңырауқұлақтар, ісік  клеткалар өтпейді.

4. Гормон түзу қызметі. Хорион  өзінше күшті эндокринді бездің  қызметін атқарады. Хорион көптеген  гормондарды түзеді: соматотропин, гонадотропин, адренокортикотропты  жəне т.б. Плацента жүктіліктің  соңғы кезеңін реттейтін гормондарының  негізгі көзі болып табылады.

5. Қан ұйыту қызметі. Плацента  қан ұюына əсер ететін заттармен  қатар тромбтардың түзілуін болдырмайтын  фибринолитикалық заттарды бөледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Эмбриология