Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Апреля 2014 в 14:15, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі заман талабы, жоғары сапалы тауарды шығару негізгі мәселесі болып табылады. Қазіргі кезде Казақстан Республикасы сапаның деңгейін көтеру үшін көп көңіл бөліп жатыр. Бәсеке болмаса тауар сапасы да төмен болады. Казақстан Республикасы әлемдік сауда ұйымна кіруіне байланысты тауар өнімінің сапасын көтеруі қажет. Дүниежүзілік аренада бәсекеге түсе алатындай өнім жасап шығару керек. Казақстан Республикасы кіші және орта бизнесты дамыта отырып, жоғары сапалы өнім шығаруға ұмтылуда. Ол тауардың бағасы төмен, сапасы жоғары, қорабы мықты және тұтынушылардың талабына сай келетін болса – ол бәсекеге түсе алады.

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпкерлердің бәсекесі және кәсіпкерлік құпия.docx

— 41.29 Кб (Скачать файл)

Алайда, Агенттік жұмысының оң көрсеткіштеріне қарамастан, біздің пікірімізше, адал бәсекелестікті дамытуға елеулі әсер ете алатын жекелеген мәселелерді атап кеткіміз келеді.

 Біріншіден, табиғи монополия  субъектілерінің, мемлекет акцияларының (үлестерінің) 50 және одан да көп  пайызы бар мемлекеттік кәсіпорындар  мен ұйымдардың, сондай-ақ монополиялаудың  жоғары дәрежесі бар субъектілердің (электр энергетикасы, теміржол саласы, әуе тасымалы және телекоммуникация) реттелетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесін қысқарту  жөніндегі пәрменді шараларды  күшейту қажет.

 Мәселен, 2006 жылғы 14 наурыздағы  Үкімет Қаулысына сәйкес 12 саладан  тұратын «Табиғи монополиялар  субъектiлерiнiң реттелетін қызметтерiнiң  (тауарларының, жұмыстарының) тiзбесi» бекiтілді. Бірақта бұл тізбе тағы да екі жаңа саламен толықтырылды.

  Алайда, Стратегиялық  жоспар мен Бәсекелестікті дамыту  жөніндегі бағдарламада Агенттік  алдына тізбелерді жыл сайын  қысқарту жөнінде нақты міндет  қойылған болатын.

 Сондай-ақ, теміржол көлігі, телекоммуникация,

 отын-энергетика кешені, электр энергетикасы, әсіресе әуе  тасымалы салаларында әлі де  болса жоғары монополияның сақталып  отырғанын атап өту керек. Бүгінгі  таңда осы салаларды демонополиялау  бойынша нақты шаралар қабылданбаған. Бұл ретте осы салалардағы  шаруашылық жүргізуші субъектілер  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) берушілер үшін қисынсыз талаптар  белгілеуді жалғастырып, бәсекелестікті  шектеуде және тауарлар мен  көрсетілетін қызметтердің түпкілікті  құнын арттыруда.

Бәсекелес нарықтарды құру жаңа қатысушылардың пайда болуына қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік беріп, қызметтерді тұтынатын қарапайым адамдарға оңды әсер ететінін білеміз. Мәселен, жуырда Парламент қабылдаған Мемлекеттік монополия мәселелері жөніндегі заңда депутаттар мемлекеттік монополия субъектілері қызметінің 24 түрінің 4-еуін бәсекелестік ортаға беруді қолдады.

 Осы бағыттағы жұмыс  жалғасын табады деп сенеміз.

 Екіншіден, нарық субъектілерінің  монополияға қарсы органның актілеріне  шағымдану мәселелері өзекті  күйінде қалуда.

 Мысалы, 2010 жылдың қорытындысы  бойынша соттар нарық субъектілерінің  монополияға қарсы органға қатысты  талап-арыздарының - 29 пайызын, 2011 жылы 19 пайызын қанағаттандырған. Бұл  ретте мынадай заңды сұрақ  туындайды: «Соттардың монополияға  қарсы орган актілерінің күшін  жоюының пайыздық көрсеткіші  неге осыншама жоғары?»

  Ал іс жүзінде, бәсекелестікті  дамытуға және кәсіпкерлік үшін  жаңа мүмкіндіктер беруге тиіс  Агенттік өз 

 іс-әрекеттерімен кәсіпкерлерді  бизнес жүргізуден алаңдатып  отыр. Осыған байланысты, нарық субъектілері  өз бизнесін қорғау мақсатында  қосымша ақпарат беруге, уәкілетті  органның актілеріне сотқа шағымданып, олардың сотта қаралуына қатысуға, адами және қаржы ресурстарын  бөлуге жиі мәжбүр болуда.

Монополияға қарсы заңнаманың бұзылуын тексеру жөніндегі көрсеткіштердің үлес салмағы да осындай. Мәселен, 2009 жылы Агенттік жүргізген тексерулердің жалпы санының 11 пайызын монополияға қарсы органның өзі тоқтатқан, 2010 жылы бұл көрсеткіш 19 пайызды құраған.

Ал мұның өзі елімізде кәсіпкерліктің өсу қарқынына теріс әсерін тигізуі мүмкін деп ойлаймыз.

Үшіншіден, біздің ойымызшамаңызды мәселелердің бірі олжергілікті бәсекелестікті дамыту.

2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтiк-экономикалық  жаңғырту - Қазақстан дамуының басты  бағыты» атты Қазақстан халқына  Жолдауында Президент Қазақстанның  индустриялық-инновациялық дамуы  еліміздің негізгі бағыттардың  бірі болып табылатынын атап  көрсетті.

 Бұл ретте оны ойдағыдай  іске асыру үшін қолайлы бәсекелестік  ортаны қалыптастыру өте қажет. Әсіресе бұл өңірлерде бәсекелестікті  дамыту жолындағы өзекті мәселе  болып табылады.

Сондықтан, осы бағытта жергілікті атқарушы органдар және монополияға қарсы орган өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, олардың дамыту бағдарламаларында нақты пәрменді шараларды қарастыруы керек. Әкімшілік, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін нормативтік құқықтық актілерді азайту жөніндегі жұмысты және жаппай барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде жәрдем көрсетуді жалғастыру қажет.

 Осыған байланысты, «өңірлердегі  бәсекелестік» көрсеткішін әзірлеп, өңірлерді дамыту бағдарламаларына  енгізетін уақыт жетті және  бизнесті жүргізу; тұрғындарды жұмыспен  қамту деңгейі; ішкі нарық мөлшері; кәсіпорындардың (компаниялардың) бәсекеге  қабілеттілігі; инновациялық әлеует; тауар нарықтарының тиімділігі; бизнесті жетілдіру мен дамыту; еңбек нарығының тиімділігі; қаржы  нарығының дамуы; тұрғындардың азық-түлік  тауарларымен және үй шаруашылықтарының  жемшөппен қамтамасыз етілуі  сияқты индекстерді қарастыру  қажет деп ойлаймыз.

Біздің пікірімізше, осы индекстер елді мекендерді дамыту бағдарламаларын өзекті етуге, тауар нарықтарындағы бәсекелестікті дамыту проблемаларын көрсетуге, ұлттық индикаторларды ескере отырып, нақты міндеттер мен іс-шараларды көздеуге, өңірдің күшті және әлсіз жақтары мен бәсекеге қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді деп есептейміз.

 Төртіншіден, нарық субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және  тұтастай, қоғамның бәсекелестікті  қорғау және дамыту мәселелері  бойынша жеткілікті түрде хабардар  болмауы.

Мысалы, уәкілетті орган монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактілері бойынша 2010 жылы 15нұсқама, 2011 жылы – 17, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 29 нұсқама берген. Бұл ретте, осы бұзушылықтардың негізгі бөлігі мемлекеттік органдарға тиесілі болып отыр.

 Осыған байланысты, бәсекелестікті  дамыту мен қорғау туралы бизнесті  және азаматтарды хабардар ету  үшін мүмкін болатын барлық  құралдарды пайдаланып, кәсіпкерлік  жөніндегі өңірлік қорларды, оның  ішінде консультациялық пункттерді  – Call-орталықтарды, ашық оқыту семинарларын  енгізе отырып, белсенді түрде  тарту қажет деп санаймыз.

  Бәсекелестік және  монополистік қызметті шектеу  саласындағы заңнаманы қолдану  практикасы бойынша жекелеген  курстарды көздей отырып, осындай  практиканы Мемлекеттік қызмет  академиясын тарту арқылы мемлекеттік  органдарға да қолдануға болады. Мұның өзі Кеден одағының құрылуы  мен Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік  Сауда Ұйымына кіруіне байланысты  өте маңызды  болып табылады.

 Бесіншіден, Кеден одағы  құрылғаннан кейін елдердің тауар  өндірушілері үлкен мүмкіндікке  ие болды, бұл – нарықтың  кеңеюі,  сату  және  өткізу  мүмкіндігі.

 Статистика деректері  бойынша Кеден одағының қызметі  басталғаннан бері елдер арасындағы  тауар айналымы айтарлықтай өскен. Егер цифрларға жүгінсек: 2011 жылы  өзара тауар айналымы 2010 жылмен  салыстырғанда 32 пайызға өсіп, шамамен 125 млрд. долларды құрады.

Осы кезең ішінде Қазақстанның Ресеймен және Беларусьпен арадағы тауар айналымы 22 пайызға өсіп, шамамен 23 млрд. долларды құрады, алайда оның 68 пайызы әзірше импорттың үлесінде болып тұр.

Бұл ретте мынаны айта кеткен жөн – экспорт құрылымында өңделген тауарлардың үлес салмағы 10 пайыз шамасын ғана құрады.

Сондықтан еліміздің кәсіпкерлерін пәрменді түрде қорғау мақсатында Агенттік тиісті мемлекеттік органдармен бірге тауар нарықтарына мұқият талдау жасап, тауардың еркін жылжуы, қазақстандық бизнестің Ресей мен Беларусь нарықтарына кіруі жолындағы әкімшілік кедергілерді жою бойынша шаралар қабылдауды жеделдетіп, басқа мемлекеттермен бәсекелестік саясат мәселелерінде бірдей тәсілдерді қамтамасыз етуі қажет. Осыған орай, кеден-тарифтік реттеу шараларын жетілдіріп, ішкі нарықты қорғау тетіктерін дамыту керек. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Кеден одағының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын анықтау мақсатында монополияға қарсы шетелдік органдармен өзара іс-қимыл жасауды кеңейту қажет.

 Алтыншыдан, тұтынушылардың  құқықтарын қорғау халық үшін  де,біздер, депутаттар үшін деең  өзекті мәселе болып отыр. Дамыған  елдердің тұтынушылар құқықтарын  қамтамасыз ету саласындағы құқықтық  реттеу жөніндегі тәжірибесі  мемлекеттік және мемлекеттік  емес органдардың күш-жігерін  біріктіру үрдісін, тұтынушылар  құқықтарының сақталуын бақылаудың  жаңа пәрменді нысандарын әзірлеуді  растап отыр.

  Әрине біздің монополияға  қарсы ведомствомыз бен мемлекеттік  органдарымыз белгілі бір жұмыс  жүргізіп келеді.

  Алайда, цифрларға жүгінсек, мынаны байқаймыз.

2011 жылы мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен қоғамдық бірлестіктерге  тұтынушылардан алты жарым мың  өтініш келіп түскен. Салыстыру  үшін айтар болсақ, Ресей Федерациясының  Ресей тұтынуды қадағалау органдарына  осы кезеңде тұтынушылардан төрт  жүз мың өтініш келіп түскен. Сонда Қазақстанның он мың  азаматына небәрі 4 өтініштен ғана  келіп тұр, ал Ресейде бұл көрсеткіш  жеті жарым есе көп, яғни 30 өтініштен  келеді.

 Келтірілген цифрлар  қазақстандық тұтынушылар белсенділігінің  төмен екенін көрсетеді. Бұл тұтынушылық  сауаттылық және өз құқықтарын  қорғау мәселелері бойынша халықты  хабардар ету мен оқыту жүйесінің  әлі де болса әлсіз екенін  көрсетеді.

 Мысалы, Агенттіктің деректері  бойынша 2011 жылы монополияға қарсы  ведомство мен оның аумақтық  органдары жанынан құрылған «қоғамдық  қабылдауға» тұтынушылар құқықтарының  бұзылу фактілері бойынша барлығы 22 адам ғана шағым жасаған, онда  да шағымдар негізінен тұрғын  үй-коммуналдық шаруашылық саласында  көрсетілетін қызметтерге қатысты берілген. Осыдан келіп - бізде бәрі ойдағыдай ма әлде «қоғамдық қабылдаулар» дұрыс жұмыс істемей ме - деген орынды сұрақ туындайды.

Мысалы, Ресейде тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін белсенді азаматтар бастаған «Халықтық бақылау» қоғамдық қозғалысы бар (дүкендерді, дәмханаларды, мейрамханаларды, қонақ үйлерді, жолдарды және т.б. объектілерді тексеру). Олардың басты мақсаты тұтынушылардың құқықтық сауаттылығы мен бастамашылдығын арттыру болып табылады.

Өзіміздегі статистика деректерін тағы да еске сала кетейін. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Тұтынушыларды алдау» деген 159-бабы бойынша 2010 жылы - барлығы 7 субъект, 2011 жылы 5 субъект жауапкершілікке тартылса, 2012 жылдың бірінші жартысында бірде-бір субъект жауапкершілікке тартылмаған.

 Тұтынушылардың құқықтарын  қамтамасыз ету саласындағы құқықтық  қатынастар, іс жүзінде еліміздің  барлық тұрғындарының өмірлік  мүддесін қозғайды. Сондықтан, қазақстандық  тұтынушыға ұсынылатын тауарлар  мен көрсетілетін қызметтер сапалы, бағасы қолайлы әрі қолжетімді  және сервистік қызмет көрсету  деңгейі жоғары болуға тиіс. Біздің  тұтынушыларымыз осыған лайық.

Сондықтан, осы фактілерді назарға ала отырып, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамалық деңгейде өкілеттіктер бере отырып, қоғамдық бірлестіктердің позициясын күшейту керек деп ойлаймыз және де тұрғындар үшін «Тұтынушының жадынамасын» шығарса да артық болмайды деп санаймыз, онда өзінің заңды құқығы бұзылса немесе оны кемсіткен жағдайда азаматтың құқықтары мен іс-әрекеті егжей-тегжейлі жазылып, түсіндіріледі. Мұндай жадынама тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің барлық саласын қамтуға тиіс. Сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты, дамыған елдердегі сияқты теледидар және басқа да ресурстар арқылы жандандыру қажет.

 

 

кәсіпкерлік құпия мәні, Кәсіпкерлік құпия түрлері және Кәсіпкерлік құпия шекаралары.

Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындардың экономикалық дамуы мен тиімді қызмет етуі процесі олардың экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету облысындағы қызметін жетілдіруге байланысты. ҚР-да кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігіне теріс әсер етуші негізгі факторларға келесі жатады:

Билік пен басқару органдарының қызметкерлерінің кәсіпорынның коммерциялық қызметіне белсенді арасуы;

Бәсекелестеріне ықпал ету үшін қылмыстық құрылымдарды пайдалану;

Ғылыми-техникалық зерттеулерді жүргізу үшін қолайлы жағдайлардың болмауы;

 Кәсіпкерлік қызмет  субъектілері жөнінде және олардың  қаржылық жағдайы жөнінде объективті  ақапараттың болмауы;

 Кәсіпкерлік ортада  бизнесті жүргізу мәдениетінің  болмауы;

Бәсекелестері жөнінде қажетті ақпарат алу мақсатында оперативті және техникалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі;

 Теріс бәсекеге қарсы  тұруға мүмкіндік беретін заңдар  болмауы.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың барлық басшылары экономикалық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құру қажеттілігін бағалауға дайын емес. Қауіпсіздік ұғымы өмірлік маңызды көзқарастарды қорғау жағдайымен анықталады. Бірақ қоғамның санасында бұл облысты мемлекет пен арнайы органдар сферасына жатқызу орын алып келеді. Бұл мәселені осылайша дұрыс түсінбеу кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларының оны негізгі емес қызметке жатқызуына әкеліп соқтырады. Осыған байланысты көптеген басшылар кәсіпорындарда күзет құрылымдарын құрумен шектеледі, ал ақпаратты қорғаудың ұйымдастыру-техникалық, құқықтық әдістері, құралдары мен тәсілдеріне көңіл бөлінбейді. Нәтижесінде коммерциялық құпияны қорғау сұрағы лицензиялық келісімдерде, ғылыми-техникалық өнімді құруға арналған мердігерлік келісім-шарттарда жиі қаралмайды, сондықтан коммерциялық маңызды ақпараттың таралып кетуіне әкеледі.

Информация о работе Маркетингті жоспарлаудың мәні мен мазмұны