Партияның негізгі функциялары мен қызметтері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 11:07, курсовая работа

Краткое описание

Мен, IV курс студенті Айсин Ануарбек Мейрамбекұлы “Нұр Отан” ХДП Астана қаласы Алматы ауданы “Нұр” филиалында көмекші ретінде 7.01-15.03.2013 аралығында өндірістік тәжірибеден өттім.
Тәжірибе кезінде партияға жаңа кірген адамдардың есебін жүргізу, тізімдеу, партиялық билеттерді үлестіру, жиналыстар ұйымдастыру жұмыстарын атқардым.

Тәжірибе өту кезінде:
- Партия жарғысымен;
- Филиалдың атқаратын қызмет түрлерімен;
- Жұмыс кестесімен;
- Жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен;

Содержание

КІРІСПЕ 3

I. Нұр Отан партиясының тарихы мен құрылымы.
1.1. Нұр Отан партиясының қалыптасуы мен дамуы
1.2. «Нұр отан» ХДП Астана қалалық филиалы атқарушы органының
құрылымы. “Нұр” филиалы
1.3. «Нұр отан» ХДП жарғысы

II. Партияның негізгі функциялары мен қызметтері.
2.1. Партияға өту
2.2. Сыбайлас жемқорлықпен күрес
2.3. «Нұр отан» ХДП халықтық тұғырнамасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

Есеп беру.docx

— 237.35 Кб (Скачать файл)

Орта білім беруде:

Ақпарат көлемі әрбір 9 айда еселеніп отырған жылдам өзгеріп отырған әлем жағдайында баланы академиялық білімге ғана емес, қажетті ақпаратты дербес іздеуге, талдау мен тиімді қолдануға үйрету маңызды. Әлемдік стандарттарға сәйкес келетін орта білім беру жас қазақстандықтарға ақпараттық ағында тез бағдарлануға және заманға сай табысты және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Бұл үшін біз:

  • оқушыларды бұдан арғы өмірі мен кәсіби қызметі үшін қажетті ептілік пен дағдыларды дамытуға бағдарлай отырып, орта білім беретін мектептерді 2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне көшіру үшін жағдай жасауға;
  • еліміздің барлық өңірінде басқа мектептерге оқу сапасын өсірудің жаңа планкасын тапсыратын орта білім берудің флагманы болатын «Назарбаев интеллектуалдық мектептерін» ашуға;
  • сапалы білімге тең жағдайлар мен қолжетімділік жасауға ниет білдіріп отырмыз. Бұл үшін біз үш ауысымды оқытуды және авариялық оқу орындарын жоямыз, барлық мектептердің 30%-ында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға тең қолжетімділік үшін жағдай жасаймыз, білім беру ұйымдарының 90%-дан астамын кең жолақты Интернетке қосамыз және олардың 60%-ында электрондық оқыту жүйесін енгіземіз;
  • республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен кемінде 400 мектеп салуға;
  • мұғалімдердің орташа жалақысының мөлшерін жеке сектордағы орташа жалақының деңгейіне дейін жеткізуге;
  • жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесін 50%-ға дейін ұлғайтуға;
  • Педагогикалық шеберлік орталықтарында және «Өркен» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында біліктілікті арттыру курстарынан өткен және біліктілік емтиханын тапсырған мұғалімдерге жалақыны 30-дан 100 пайызға дейін ұлғайтуға;

 

 

Кәсіптік-техникалық және жоғары білім беруде:

  • бизнес пен жұмыс берушілерді кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі мен ұйымдарын басқаруға, олардың қызметіне жәрдемдесуге, кәсіби стандарттарды әзірлеуге, оқитындарды практикалық даярлауға, түлектерді сертификаттауға және жұмысқа орналастыруға кеңінен тартуды қамтамасыз етуге;
  • жеке сектормен бірлесіп, еліміздің әрбір өңірінде еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін кәсіптік-техникалық колледждер құруға;
  • жұмыс берушілермен бірлесіп және алдыңғы қатарлы халықаралық практикаға сәйкес «Кәсіпқор» холдингінде кәсіби кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы тәжірибесін тиімді пысықтауды қамтамасыз етуге және оны техникалық және кәсіптік білім берудің басқа да ұйымдарына таратуға;
  • Қазақстанның жоғары мектебінің сапалы өсуінің көшбасшысы ретінде «Назарбаев Университетін» жан-жақты дамытуды қамтамасыз етуге, оның атқарған маңызды істерін елдің жетекші университеттеріне кейіннен көрсетуге;
  • елдің жоғары мектебінің әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдасуын қарқындатуға, оқушылар мен кәсіби-оқытушылар құрамының академиялық және ғылыми ұтқырлығын дамытуды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуге;
  • жоғары оқу орындарының 65%-ында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге;
  • білім беру сапасының халықаралық стандарттар, жоғары оқу орындарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу және олардың желісін жетілдіру негізінде жоғары білімі бар мамандар даярлаудың жаңа сапасын қалыптастыруға;

 

 

Ғылым саласында:

  • ғылымға мемлекеттік шығыстардың көлемін ЖІӨ-нің 1%-ына дейін жеткізуге;
  • университеттер мен ғылыми ұйымдарда базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруда және тәуелсіз мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамада және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыруда ғылыми зерттеулерді басым дамытуға негізделген ғылыми-инновациялық жүйені қалыптастыруға;
  • ғалымдар мен өндірушілерді тікелей тапсырыстар жасау арқылы өнеркәсіптен ғылымға біріктіруге;
  • бизнесті университеттермен ықпалдастыруға, онда «Назарбаев Унирвеститеті» негізгі рөлді атқаратын болады, ол болашақтың инновациялық экономикасының бесігі, елдің жүйе құраушы инновациялық-интеллектуалдық орталығы болады;
  • зерттеушілердің негізгі күш-жігерін ғылымның 5 басымдығын: энергетика, шикізат пен өнімді тереңдетілген өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды, өмір туралы ғылымды, елдің интеллектуалдық әлеуетін іске асыруға бағыттау;
  • инновациялық үдеріске және ғылыми жетістіктерді практикаға нақты енгізуге бағдарланған зерттеу университеттері мен жоғары оқу орындарын қалыптастыруға ниет білдіріп отырмыз. 

 

 

ХАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ЕЛ ҚУАТЫ

Болашақтағы білімі жоғары қазақстандық жеке табысқа қол жеткізіп, тек мықты денсаулығы мен сапалы өмір сүру жағдайы болғанда ғана өз Отанына пайда келтіре алады. Сондықтан партия жақын арадағы бес жылға арналған өз жұмысында ұлт денсаулығын нығайтуға бағдарланатын болады. Біздің жұмысымыздың басты көрсеткішін біз жалпы өлімді ең болмағанда 15%-ға азайтудан және өмір сүрудің орташа ұзақтығын 70 жасқа дейін өсіруден көреміз. 

ЭКОНОМИКА: ДАМУДЫҢ  ЖАҢА ӨЛШЕМДЕРІ

Алдағы бес жылда біз  экономикамыз, бір жағынан, ықтимал  әлемдік дағдарыстың алдында  тұра алатындай, ал екінші жағынан, жоспарлы, үдемелі алға жылжу жалғасатындай  жұмыс істейтін боламыз. Нәтижесінде біздің экономикамыз әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті болады, бұл, өз кезегінде, ұлттың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететін болады.

Партияның қағидатты  міндеті – ұлттық экономиканың макроэкономикалық  тұрақтылығын қамтамасыз ету.Бұл – ішкі және шетелдік инвестициялар үшін қолайлы ахуалды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді экономикалық өсу үшін іргетас.  

Партиялық үкімет макроэкономикалық  тұрақтылықты қамтамасыз етудің қатаң  саясатын жалғыстырады. Жаңа парламенттік мерзімде біз орташа жылдық инфляция деңгейі 6 – 8% шегінде болуына қол жеткізетін боламыз.

Ұлттық қорда қаржы  ресурстарының  жинақталу саясаты жалғасатын болады. Ұлттық қордың активтері жақын арадағы бес жылда ЖІӨ-ге 30% деңгейіне дейін жеткізілетін болады. Бұл әлемдік тауар нарықтарындағы қолайлы конъюнктураның кезеңінде бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді және дағдарыс жағдайында сенімді «қауіпсіздік жастығы» болады. 

 

Инновациялық  экономика – білім экономикасына  көшу

Жаңа парламенттік мерзімде біз Елбасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі бастамасын іске асыру  міндетін алға қоямыз. Ел экономикасының жаңа қағидаттарға көшуі Қазақстанға әлемнің дамыған елдері тобына кіруіне мүмкіндік береді.

Дамыған экономикалардың  кіріс деңгейіне қуып жету үшін біз экономика өсуінің жоғары қарқынын қолдауға ниет білдіріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – экономиканың орташа жылдық өсу қарқынын 6 – 8% деңгейінде қамтамасыз ету.

Осы мақсаттарда «болашақтың  инновациялары» серпінді нүктелерін дамытуға, осы негізде Қазақстанның индустриялық кластерін жаңғыртуға және оларды дамудың  сапалы жаңа деңгейіне шығаруға ұмтылатын  боламыз.

Біз инновациялық индустрияландырудың  басым секторларын жеделдетіп дамыту міндетін алға қоямыз.

2017 жылға қарай біз  мыналарға қол жеткізетін боламыз:

  • металлургия өнімінің өндірісі мен экспортын 2,2 есеге ұлғайту;
  • машина жасау саласына жалпы қосылған құнды 2,3 есеге ұлғайту және жеңіл автомобильдер мен жинақтауыштар жасауды оқшаулаудың 30 пайыздық деңгейіне жету;
  • химия өнеркәсібінде өнім өндіру көлемін 2,2 есеге ұлғайту және минералдық тыңайтқыштарды жыл сайынғы өндіруді 3 млн. тоннаға дейін жеткізу;
  • фармацевтикалық өнеркәсіпте отандық өндірістегі дәрілік заттардың жартысын тұтынуды қамтамасыз ету;
  • ел ішінде құрылыс материалдарының 50%-ын шығару;
  • ішкі нарықтың жеңіл өнеркәсіп өніміне қажеттілігін 30% деңгейінде қанағаттандыру;
  • елдің отандық зауыттарында өндірілген отынға қажеттілігін 100% қанағаттандыру.

 

 

Жаңа инновациялық экономика  құруға еңбек өнімділігін түбегейлі арттырусыз қол жеткізу мүмкін емес.

Біз еңбек өнімділігін 2017 жылға қарай:

  • өңдеу өнеркәсібінде кемінде 1,7 есеге;
  • машина жасауда – 2 есеге;
  • құрылыста бір адамға 63 мың долларға дейін;
  • жеңіл өнеркәсіпте – 1,5 есеге – бір адамға 33 мың долларға дейін арттыру міндетін қоямыз.

Инновациялық индустрияландырудың  маңызды шарты – бұл инфрақұрылымды дамыту. Біз жақын арадағы бес жылда халықаралық әуе қатынастарының санын 2 есеге ұлғайтуға ниет білдіріп отырмыз. Біз, сондай-ақ 2017 жылға қарай 453 км жаңа темір жол салуды жоспарлап отырмыз.

Үдемелі индустрияландыруды жүргізу көп инвестицияны талап  етеді. Сондықтан біз экономиканың шикізатқа жатпайтын секторларына отандық және шетелдік инвестициялардың кемінде 15%-ға өсуі үшін жағдай жасаймыз.

Нәтижесінде 2017 жылға қарай:

  • өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлесі 12,5%-ға дейін;
  • шикізатқа жатпайтын экспорттың үлесі экспорттың жалпы көлемінде 40% ға дейін ұлғаяды.

 

 

АДАМ. ЖАҢА ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТ

Елдің дамыған экономикасы  бізге жаңа әлеуметтік саясатты бастауға мүмкіндік береді. Ол қазақстандықтардың өмірлік маңызды мүдделерін қанағаттандыруға – балалы болуға, лайықты қарттыққа сенімді болуға, жайлы жағдайда тұруға, дербес жауапкершілігін іске асыруға ұмтылуға негізделетін болады. Осы басымдықтарды басшылыққа ала отырып, Нұр Отан алдағы бес жылда партиялық үкіметтің жұмысын мынадай бағыттарға арнауға ниет білдіріп отыр. 

 

 

Ана мен баланы қолдау

Біз бай қоғамның балалармен де бай болуына ұмтыламыз. Қазақстандықтардың өзінің балалы болуға ықыласын іске асыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Ол үшін біз 2017 жылға қарай ана мен бала өлімін 1,5 есеге азайтуға қол жеткізу міндетін алға қоямыз.

Біздің іс-қимылымыз қазақстандық балалар күшті әрі табысты  адам болып өсуіне бағытталған. Ертеден баланың дамуы мен мектепке дейінгі білімге салымдар ұзақ мерзімді әлеуметтік және білім беру әсерлерінің тұрғысынан неғұрлым нәтижелі болып табылады. 3 – 6 жастан бастап креативтік және білімді ізденуге қабілеттілік сияқты түйінді сапалар қалыптасады.

Сондықтан алдағы бес жылда  партия мектепке дейінгі балалардың кемінде 70%-ының балабақшаларға баруына, балалардың мектепке дайындығының жоғары болуын қамтамасыз ету үшін, бірақ  олардың оң әлеуметтануына қол жеткізуге  ниет білдіруде.

Бақытты балалық шақ –  бұл салауатты дамып келе жатқан қоғам қалыптастырудың сөзсіз шарты. Сондықтан біз әйел-анаға қоғамда лайықты орынды қамтамасыз етуге ұмтылатын, баланы тәрибелеу үшін барлық жағдай жасайтын боламыз.      

 

Мұқтаж адамдарға  қамқорлық

Біз барлық ниет білдіргендерді және жұмыс істеуге мүмкіндігі бар  адамдарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етуге ниет білдіреміз. Бірақ белгілі бір жағдайларға орай мемлекет қамқорлығына алуға тиіс адамдар да бар.

Партиялық үкімет елдің барлық азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыру  мен сапасын жақсартуға, халықтың әлеуметтік тұрақтылығы мен қорғалуын  нығайтуға бағытталған әлеуметтік саясатты іске асыруды жалғастырады.

Аз қамтылған  халықты әлеуметтік қолдауатаулы әлеуметтік көмекке және орнықты және өнімді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың кіріс деңгейін арттыруға негізделетін болады. Алдағы бес жылда біз мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін дәйекті көтеретін, ал атаулы әлеуметтік көмекті күнкөріс деңгейінің шамасынан 60%-ға дейін ұлғайтуға ниет білдіріп отырмыз. 

Бірақ партияның қағидатты  ұстанымы – мемлекеттің көмегіне мұқтаж адамдарды асырандылар және жәрдемақы алушылар рөлімен ғана шектеуге болмайды. Партия сандық мөлшерде ғана емес, жеке меншік жауапкершілікті іске асыру үшін жағдай жасаудан және кеңейтуден көрінуге тиіс. Бұл үшін алдағы парламенттік мерзімде біз атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбек етуге қабілетті азаматтардың санын 30%-ға дейін азайтуды көздеп отырмыз. Ал өзінің құрамында еңбек етуге қабілетті адамдары бар аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек олар жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан жағдайда ғана берілетін болады.    

 

 

 Зейнеткерлерге  лайықты өмір

Әрбір зейнеткер лайықты  өмір сүру деңгейіне ие болуға тиіс. Бұл үшін біз:

  • базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін күнкөріс деңгейі шамасының 60% деңгейіне дейін жеткізуге;
  • Қазақстанның зейнетақы жүйесін жетілдіруге және қазіргі сәтте қолданыстағы ортақ, аралас және жинақтаушы жүйеге біріктіретін зейнетақымен қамсыздандырудың бірыңғай тұжырымдамасын әзірлеуге ниет білдіріп отырмыз. Бұл бізге зейнетақы жүйесінің барлық деңгейінде зейнетақының барабар және әлеуметтік-әділ деңгейіне көшуді қаматамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

 

Жастар табысы – елдің табысы

Жастар – бұл Қазақстанның ертеңгі жетістіктерін жасаушылар. Елдің мүддесінде – жас қазақстандықтардың өзін-өзі іске асыруға мүмкіндік алуы, өзінің қабілеті мен мүмкіндіктерін толық шамада ашуы.

Алдағы парламенттік мерзімде партия жастарды Елбасының үдемелі  индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі  бастамасын іске асыруға белсенді түрде  тартуға ниет білдіріп отыр. Біз «Жастар саясаты» бағдарламасын іске асыру арқылы, меншік нысанына қарамастан мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарда қажетті практикалық білім мен бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мүмкіндігін бере отырып, ел жастарын жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін боламыз. Сонымен біз жастардың жұмыссыздығының өсуіне жол бермейміз, жас қазақстандықтарды ел экономикасын жаңғыртуға тартамыз.

Информация о работе Партияның негізгі функциялары мен қызметтері