Педагогикалық менеджмент және басқару ұғымдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 11:39, реферат

Краткое описание

Педагогикалық менеджменттің бірден-бірнегізі мектепшілік басқару болып табылады. Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды

Содержание

Педагогикалық менеджмент

Басқару ұғымдары

2.1 Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы

2.2 Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

2.3 Білім беру мекемелерінің дербестігі.

2.4 Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

2.5 Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

Вложенные файлы: 1 файл

Пед менеджмент жане баскару угымы.doc

— 67.00 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министірлігі

М. Өтемісов атындағы Батыс  Қазақстан мемлекеттік университеті

Педагогикалық факультет

 

                                                      

 

                                                                          «Педагогика және психология»

       кафедрасы                                               

 

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы: “ Педагогикалық менеджмент және басқару ұғымдары ”

 

 

 

 

 

                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           Орындаған: 06401тобының

 студенті Хамзина Н.Т.

Тексерген: Мусагалиева Г.Б.

                                             

 

 

 

 

 

 

Орал 2013

 

Жоспар

 

  1. Педагогикалық менеджмент

 

  1. Басқару  ұғымдары

 

    2.1 Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы

 

     2.2 Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

 

     2.3 Білім беру мекемелерінің дербестігі.

 

     2.4  Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

 

     2.5 Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Педагогикалық менеджмент

 

Педагогикалық менеджмент - оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені.

  Педагогикалық менеджменттің бірден-бірнегізі мектепшілік басқару болып табылады.  Мектепшілік басқару ең алдымен басшылардың, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың бастамашылығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек қана шешім қабылдау мен талқылаудың бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Мектеп басшы-ларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау және контракт негізінде қабылдаудың жүйесі — мектептегі демократияның бастауы. Сол сияқты мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы және түсініктілігіне негізделелді. Мектептің алдында тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген әрбір мүғалім оған бей-жай қарамайды. Мектеп әкімшілігінің, мектеп кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы оны талқылауға және шешім қабылдауға мұғалімдер мен оқушыларды қатыс-тыруы мектеп өмірінде демократияның орнығуына негіз қалайды. Мектепішілік басқару дегеніміз біртұтас педагогикалық процеске қатыстылардың барынша жоғары нәтижеге жетуді көздеген мақсатты, сапалы өзара әрекеттесуі. Біртұтас педагогикалық процеске қатысушылардың өзара әрекеті мынадай бірізді, өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің тізбегінен тұрады, олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу және түзету.

Мектепішілік басқарудың дәстүрлі ұғымдарын жаңа ұғымдар алмастыруда. Мысалы,«ықпал ету» ұғымының орнына  «өзара әрекеттесу», «ынтымақтасу», « рефлексивті басқару» ұғымдары қолданылуда.

Сол сияқты мектепті басқару  теориясы мектепішілік менеджмент теориясымен  толығуда. Менеджмент теория-сы басшы қызметінің өзара құрметке, қарамағындағы қызметкерлерге сенім білдіруді, олардың табысты еңбек етуіне қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді. Менеджменттің осы қыры мектепшілікбасқару теориясын одан ары байыта түскен.

Педагогикалық процесті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы алғышарт жасайды. Мектептегі басқаруды жүйелілік ыңғайының бірінші белгісі — мектепті жүйе ретінде танып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын көре білу. Екінші белгі мектептің құрылымы болып табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса мектептің байланыстары мен қатынастарының дамуы соған тікелей байланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті оның өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен олардың өзара әрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады. Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің тұтастығын айқындайды. Мектепті басқаруда жүйенің төртінші ерекшелігі — оның қоршаған ортамен тығыз және өзгеше байланыстылығын естен шығармаған жөн. Мектеп пен қоршаған ортаның әрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші жағдайда мектеп өз әрекетін сыртқы ортаға бейімдесе, екінші жағдайда мектеп өз мақсаттарына жету үшін ортаны өзіне бағындырады.

Мектепті басқарудағы  жүйелілікпен тұстастық мектептің  басшысы мен ұжымының басқару қызметтерінің өзара байланысы мен өзара әрекеттесуін де қарастырады. Бұл қағиданы іске асыруда біржақтылыққа жол бермеуге болмайды. Осы қағида арқылы басқару қызметінің бірізділігін, қисындылығын, өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей маңыздылығын аңғарамыз.

 

 

2. Басқару ұғымдары

 

Жалпы басқару дегенді — шешім  қабылдауға бағытталған, белгіленген  мақсатқа сәйкес басқару нысанын  ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған  шынайы ақпарат негізінде талдау жасап, нәтижесінің қорытындысын шығару әрекеті деп түсіндіруге болады. Басқару нысаны биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер болуы мүмкін. Әлеуметтік жүйенің бірі ауыл, аудан, облыс, мемлекет көлемін қамтитын білім беру жүйесі деп білеміз. Бұл жерде білім жүйесі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігі, облыстық білім департаменттері, аудандық білім бөлімдерін атаймыз. Ал орта мектеп күрделі қозғалыстағы әлеуметтік жүйе ретіндегі мектепішілік басқарудың нысаны болады. Біз мектепті басқару немесе оның компоненттері туралы айтқанда олардың жалпы жүйе — орта мектепті басқарудың бөліктері ретінде қарастырамыз. Ол бөліктерге тұтас педагогикалық, сынып сабақ жүйесі, мектеп тәрбие жұмысының жүйесі, оқушыларға эстетикалық тәрбие, кәсіптік бағдар беру жүйесі және т.б.

Басқару ұғымын  түсіну үшін оның біртұтастығына, мемлекеттік басқарудың негізгі белгілеріне,қоғамдық басқарудың негізгі белгісіне және педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидаларына жете мән берген жөн.

 

                          2.1 Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы

 

Бұл қағиданы іске асыру педагогикалық  жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде әріптестердің  тәжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдамалар жасау мен шешім қабылдауға қатыстыру, әр түрлі көзқарастарды салыстыра отырып оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне алқалық шешім ұжымның әрбір мүшесінің тапсырылған міндетке жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.

Басқарудағы жеке билік тәртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық процеске қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды және оны қатаң сақтауды қамтамасыз етеді. Егер алқалы билік қабылданған шешімді іске асыру кезеңінде белгілі бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.

Педагогикалық жүйе басшысының жеке билігін билеп төстеуді, беделді  алға салу емес, ол терең педагогикалық бітім мен тұлғаның және әлеуметтік психологияны жете меңгеру, оқушы, мұғалім, ата-ананың дербес-психологиялық ерекшеліктерін жіті есепке алуға негізделеді. Басқарудағы жеке мен алқалы билік біртұтастығының көрінісі. Жеке билік шешімді орындауда жеделдігімен ерекшеленсе, алқалы билік біршама «бәсеңдігімен» ерекшеленеді. Сондықтан да тактикалық әрекеттерді айқындағанда жеке билікке, ал стратегияны талдап жасағанда алқалы билікке арқа сүйенген дұрыс болмақ.

Бұл принцип оқу-тәрбие процесін басқаруда қоғамдық негізде жұмыс істейтін түрлі комиссиялар мен кеңестердің қызметінен көрініс табады. Әсіресе ұжымдық ізденіс пен қабылданған шешімге жеке жауапкершілік қажет болатын съезд, слет, конференциялардың жұмысы осы қағиданы қатаң басшылыққа алады. Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық сипаты орталықта және жергілікті жерлерде бұл қағиданың күнделікті практикада орнығуына қолайлы жағдай туғызады.

 

 

2.2 Мемлекеттік басқарудың негізгі белгілері

 

Қазіргі заманың білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі — мемлекеттік басқарудан мемлекеттік-қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік-қоғамдық басқарудың негізгі идеясы

-     білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.

Білім беру жүйесінің мемлекеттік сипаты елде «Білім туралы» заң негізінде бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізілуімен ерекшеленеді. Заң аясында Қазақстан Республикасының білім саласына басымдық берілген, яғни еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси, халықаралық салаларындағы жетістіктері білім саласындағы жетістіктерімен байланыстырылады. Білім саласының басымдылығы білім жүйесінің материалдық, қаржылық мәселелерін бірінші кезекте шешуді талап етеді.

Сонымен бірге білім  беруді басқарудың мемлекеттік сипаты «Білім туралы» заңда белгіленген мемлекеттік саясат принциптерін мынадай бағыттарымен де айқындайды:

-   білім берудің гуманистік сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығын, жеке тұлға бостандығының басымдылығы. Азаматтық пен Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

- республикадағы мәдени және білім беру кеңістігінің біртұтастығы, аз ұлттардың білім беру жүйесінің қорғалуы;

-  білімнің жалпыға бірдейлігі, білім беру жүйесінің дайындығы, даму деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделгіштігі;

-      білім жүйесінің еркіндігі мен көптүрлілігі;

-     білім беруді басқарудың демократиялық, мемлекеттік қоғамдық сипаты.

 

2.3 Білім беру мекемелерінің дербестігі.

 

Білім беруді басқарудың жергілікті органдары мемлекеттік  саясатын мемлекеттік білім стандартарын сақтау арқылы іске асырады. Білім стандарты оқу бағдарламасының міндеті минимумы мен оқушылар жүктеме-сінің максимум көлемін және бітірушілерге қойылатын талап деңгейін қамтиды. Білім беруді басқару органдарының міндеті білім алуды формальді түрде қамтамасыз етумен шектелмейді, ол сонымен бірге жеке тұлғаның өзін-өзі айқындалуына қолайлы жағдай туғызады.

Білім беру саласында  мемлекеттік саясатты дәйекті іске асыру үшін білім беруді басқарудың мемлекеттік органдары құрылады. Олар республикалық, облыстық, қалалық  және аудандық басқару мекемелері.

Мемлекеттік басқару  органдары — білім және ғылым  министрлігі, облыстық білім департаменттері өздерінің компетенциясы шеңберінде білім берудің мақсат бағдарламаларын жасайды және іске асырады; мемлекеттік білім стандарттарын жасап, білім туралы құжаттардың баламаларын (постификация) айқындайды; білім мекемелерін қаржыландырады және т.б. көптеген мәселелерді шешеді.

Қазіргі жағдайда білім  беруді басқару жұйесін орталықсыздандыру (дезентрализация) процесі жүреді. Оның мәні жоғарғы басқару органдарының бірқатар функциясын жергілікті органдарға беру. Бұл жерде респуб-ликалық органдар стратегиялық бағыттарды талдап жасаумен айналысса, жергілікті органдар нақты қаржылық, кадрлық, материалдық және ұйымдастырушылық мәселелермен айналысуы тиіс.

 

2.4  Қоғамдық басқарудың негізгі белгілері

 

Мемлекеттік басқару органдарымен қатар қоғамдық басқару органдары да құрылады. Оның құрамына мұғалімдер мен оқушылар ұжымы, ата-аналар мен жұртшылық өкілдері енеді. Олардың басқаруға қатысатындары мектеп ұжымында ғылыми ізденіс атмосферасын және қолайлы психологиялық климат қалыптастыруға алғышарт қалайды. Білім беруді басқарудың қоғамдық сипатының нақты көрінісі — мектеп кеңесі сияқты ұжымдық басқару органдарының қызметінен танылады. Кеңес жұмысының мазмұны мен қызметі мемлекеттік нормативтік құжаттарымен айқындалады.

Мектептің ең жоғарғы басқару органы жылда бір рет өткізілетін конференция болып есептеледі. Оның өкілеттігі өте кең; жалпы мектептік конференция мектеп кеңесін, оның төрағасын сайлайды, олардың қызметінің мерзімін белгілейді. Әрбір оқу орны конференцияда оқу орнының жарғысын қабылдап, нақты жағдайға қарай оқу орнының дамуын, оның міндеттері мен мақсаттарын белгілейді. Сондықтан да бір мектептің Жарғысы екінші мектептікінен өзгеше болуы мүмкін. Мектеп кеңесі алқалы орган болғандықтан дамудың негізгі бағыттарын, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру шараларын белгілейді. Сонымен бірге мектеп кеңесі оқу орнының жұмыс бағыттары бойынша тұрақты комиссия, штаб құрып, олардың құқықтары мен міндеттерін өкілеттік шегін белгілейді. Ал, конференцияға шешуші дауыспен орталау және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, оқу орнының басқа да қызметкерлері, ата-аналар, жұртшылық өкілдері сайланады. Конференциялар аралығында жоғары басты органның рөлі мектеп кеңесіне беріледі. Мектеп кеңесінің қызметі мынадай негізгі бағыт-тарда іске асады:

  • конференция шешімдерін іске асыруды ұйымдастырады;
  • мемлекеттік және қоғамдық органдар оқушылардың мүддесіне қатысты мәселе қарастырғанда ата-аналармен бірге оқушылардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
  • бірінші сыныпқа оқушылар қабылданғанда олардың жасын, оқу түрін белгілейді;
  • бюджет шығындардың есебін талқылайды, оқу орнының жеке қорын қалыптастырады, оқу орнының бюджеттік және бюджеттен тыс қаржысын жұмсауының негізгі бағыттарын айқындайды;
  • мектеп директорының, оның орынбасарларының, жекелеген мұғалімдердің есептерін тыңдайды;
  • мектеп әкімшілігі және жұртшылық өкілдерімен бірігіп ата-аналарға педагогикалық білім беруге жағдай туғызады.

Жұртшылық немесе ата-аналар өкілдерінің бірі бас-қаратын мектеп кеңесі мектеп әкімшілігі және қоғамдық ұйымдармен тығыз бірлікте жұмыс жүргізеді. Кеңестің шешімі ата-аналарға хабарланады. Әрине, кеңес шешімі оған қатысқандардың үштен екісі қоштап дауыс бергенде заңдық күші бар деп есептеледі.

Информация о работе Педагогикалық менеджмент және басқару ұғымдары