Салықтардың мәні, қағитаттары, қызметтері мен жер салығының алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 17:24, реферат

Краткое описание

Салық салу қазіргі кезеңде ең маңызды проблемалардың бірі болып табылады. Ол қоғам өміріндегі барлық әлеуметтік- экономикалық сфераларды қамтиды. Бірде бір мемлекет салықтық түсімдерінсіз бола алмайды. Қоғамдық категория ретінде салықтар мемлекеттің және адамдардың өмірінің нақты тарихи- экономикалық жағдайларын бейнелейді.
Салықтарды зерттеу барысында ғалым экономисттер әр түрлі анықтама берген. Мәселен, Д. Рикардоның ойынша: “Салықтар үкіметтің басқаруына түсетін елдегі өнім мен еңбектің үлесін құрайды ”. [2]
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Жер салығының экономикалық мәні.docx

— 33.01 Кб (Скачать файл)

Заңды  тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер  үшін негізгі құралдар мен материалдық  емес активтер салық салу обьектісі  болып табылады. Жеке тұлғалар үшін салық салу обьектісі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және т.б. құрылыстар мен ғимараттар болып табылады. Жеке тұлғалар үшін мүлік салығының ставкасы 0,1 пайыздан 1 пайызға дейінгі аралықта сараланған, ал заңды тұлғаларға бір пайыздан жоғары. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызмет ететін ұйымдар, негізгі қызметі кітапханалық қызмет болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау қызметтерін іске асыратын мекемелер, жұмыскерлерінің 51 пайыздан астамы мүгедектер болып келетін кәсіпорындар салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнына 0,1 пайыз мөлшерлеме бойынша мүлік салығын төлейді. [3, 242-247 б.] 

9. Жер салығының мақсаты –  экономикалық әдістермен жерді  ұтымды пайдалануды қамтамасыз  ету және жерді сақтау, құнарлығын  арттыру, территориялардың әлеуметтік  – мәдени дамуы үшін қажетті  шараларды іске асыру арқылы  бюджетке түсетін табыстарды  құрау.

Жер салығы меншікті салықтарға жатады. Салықтың түпкі мақсаты меншікті тиімді пайдалануға ынталандару. Салықтардың мөлшері меншіктің көлеміне қарай белгіленеді: меншіктің көлемінің ірі болуы табыстың жоғары болуына кепілдік бермейді, егер салық жоқ болса, ірі меншік иелері көп артықшылықтарға ие болып, мүлікті дұрыс пайдалануға ұмтылыс еді. Меншік салықтары қоғам алдындағы салық жауапкершілігін бірдей көтеруге бағытталған нақты салықтарға жатады.

Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Дамыған  елдерінің бюджетіндегі салықтардың  үлесі 90% құрайды.

Қазақстан Республикасының  бюджеті екі жүйеге бөлініп, қазіргі  таңда  республикалық және жергілікті бюджетті құрап отыр. Республикалық  бюджетке: корпоративтік табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер,  бонустар, роялтилер,  ҚР территориясын өткені үшін алым, кедендік төлемдер,  және басқа да салықтық емес түсімдер кіреді. Ал жергілікті бюджетке жеке табыс  салығы, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына  салынатын салық, бірыңғай жер салығы тағы басқа да алым және төлем түрлерін атауға болады


Информация о работе Салықтардың мәні, қағитаттары, қызметтері мен жер салығының алатын орны