Ауызша сөйлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 13:22, методичка

Краткое описание

Еденге шеңберлерден бірнеше үшбұрыш қою керек. Балаларды үштіктерге бөліңіз, үштіктердің ішіндегі бір балаға 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар жиынтығын беріңіз, оның мақсаты – әрбір орынның жанына тәртіп бойынша бір карточка қою. Басында әр бала өз шеңберінде тұрады, карточкасы бар бала өз шеңберінің жаныныа 1 саны бар карточканы қояды. Содан кейін рұқсат бойынша сағат тілімен бір шеңбердің ішіне секіріп кіреді, келесі бала 2 саны бар карточканы қояды. Жаттығудың соңында әрбір шеңбердің жанында қандай сандар жатқанын және оларға не ортақ екенін талдаңыздар.

Вложенные файлы: 1 файл

Ауызша санау конспект.docx

— 58.48 Кб (Скачать файл)

Біздің Сәуле аулада

Ойнап жүрді секіріп.

Тез иіріп ойнайтын

Қандай жақсы ,секіртпе.   

ә) Сұқ саусаққа арналған – «Жиналмалы бәкі» жаттығуы.

Бала сұқ саусағын үстелдің шетіне қояды. Бірінші буынын бүгіп, үстелдің үстіне қояды. Екінші буыны біріншіге перпендикуляр, үшінші буын біріншіге қарама –қарсы қалыпта орналасады.

б) Бас бармақ пен сүұ саусаққа арналған – «Астық жинау» жаттығуы.

Он қолдың бас бармағы мен сұқ саусағы сол қолдың осы саусақтарымен айқасады. Екі қолдың басқа саусақтары бүгіліп, алақанға қарай иіледі.

Күш түспеген саусақтар (бас бармақ және сұқ саусақ) шалқанның пішішнін көрсетеді. Содан соң саусақтарға күш түсіп, қызылшаның пішінін келтіреді. Күш барынша түскенде саусақтар сәбіздің пішішін келтіреді.

Жаттығуды орындағанда салмақ түсіру мен босаңсытуды (шалқан- қызылша- сәбіз-шалқан және т.с.с) кезектетіп отыру керек.

Жаттығуды өлең шумақтарымен қатар жүргізіп отыруға болады.

Мына тұрған шалқан,

Өзі қатты сап-сары.

Үйдің жаны –қызылша

Өсіпті ғой – бәрі.

 

Жейміз біздер таласып,

Қабғына қарамай,

Сәбіздер де мол шықты,

Тәтті –шырын жағалай

Қайталама жаттығуларды орындаған кезде өлең жолдарын қосып пайдалануға болады, мұны өзі орындалған тапсырмалардың санын бақылауға мүмкіндік береді.

Ал ,балалар, тұрмаңдар!

Өнімдерді жинаңдар!

Мына қатар – шалқан,

Мына қатар –қызылша,

Мына жерде – сәбіздер.

Түгел жинап алдық біз, мол өнімді алтын күз! 

Жаттығудың қажетті мөлшері қайталанғаннан кейін педагог оны сөздермен аяқтайды:

Саусағымыз талса да,

Жинап алдық бәрін біз.

Саусақтардың «достастығын» (шөкім) дамыту үшін қарындашпен («қарындашты екі саусағыңмен айналдыр», «үш саусағыңмен айналдыр») және қарындашсыз («Көжені тұздайық», «Балапандарды тамақтандырайық») жаттығулар қолданылады.

Бұлшық етке салмақ түсіруді дұрыс бөлу : күш түсіру, босату және күш түсіру мен босатуды жылдам кезектестіріп отыру. Дұрыс жазғанда қолдың бұлшықеттері күшінің дәл осындай жүйелі ауысуы жүзеге асады.

Қол бұлшықетіне дұрыс салмақ түсіруді қалыптастыру мынадай ойындар арқылы жүзеге асады:

  • «Әшекей», «Құрастырма» тәрізді ойындарда;
  • мөрлермен жұмыс жасағанда
  • қол жұмысында (мысалы, инемен жұмыс жасағанда).

Сонымен атлған жұмыстармен қатар, үш саусақпен жұмыс істеу (шөкім) дағдысы да қалыптасады.

  1. Талдау-жинақтау іс-әрекеті. Жазу дегеніміз – баланың әріптердің графикалық бейнелерін талдай және жинақтай білуі. Ересек мектепалды жасында бала баспа әріптеріне (басқы әріптер) талдау және жинақтау жүргізе алады.

Талдаудың ішіне әріп бейнесінде қанша элементтер бар және олардың қандай екенін баланың анықтай алу білігі кіреді. Мысалы: А әрпінің баспа түрінде үш элементі бар – екі ұзын және бір қысқа таяқшалар:

Жинақтау арқылы бала қажетті элементтерден әріптің тұтас бейнесін жинайды.

Заттардың графикалық шартты бейнелерін (шырша, қар  ұшқыны, үйшік және т.б.) талдау және жинақтай алуға жаттықтыратын ойындар әріптермен жұмыс жүргізердің алдында өтеді.

  1. Жазу техникасына дайындау (кеңістікті бағдарлай алуды дамыту: солдан оңға қарай көлденең сызық және жоғарыдан төмен қарай сызық салу.)
  2. Қарапайым графиканы білуді қалыптастыру (жазуға дайындайтын жаттығулар).

Әрбір сабаққа қатысты міндетті сәт жұмысы әріптермен байланысты жазуды үйретуге дайындау. Сабақтың осы бөліміндегі жұмыстың жүйелілігін Н әрпі арқылы көрсетейік.

  1. Әріптің бейнесін талдау. Тәрбиеші қағаздан қиып алыңған әріпті көрсетеді. Сұрақ қояды:

Әріпте қанша бөлшек бар? (Үш). Қандай бөлшектер? (Таяқшалар). Таяқшалардың барлығы бірдей ме? (Жоқ. Екі таяқшасы ұзын, ал біреуі - қысқа).

  1. Әріптің бейнесін талдау. Тәрбиеші балаларға бақылауларының дұрыстығына көз жеткізуді ұсынады. Балаларға бір-бір әріптен таратылады, олар оны қайшымен құрамдас бөлшектерге бөледі. Кесілген бөлшектерді балалалр үстел үстіне қояды. (II I). Тәрбиеші қанша бөлшек шыққанын және олардың қандай екенін тағы да сұрайды.
  2. Әріптің бейнесін жинақтау. Тәрбиеші шыққан бөлшектерден Н әрпін жинауды ұсынады (әріптік құрастырма жұмысының ұстанымы бойынша).

Ескерту. Жұмыс барысында алынған бөлшектерді бала хат қалтаға салады. Сөйтіп біртіндеп әріптер құрылымы жасалады.

  1. Аралық кезең (үнемі қолданылмайды). Балалар бірнеше әріптермен танысқаннан кейін, оларға әріптер бейнелерін жіктеуге арналған тапсырмалар ұсынуға болады. Мысалы: «Алынған бөлшектерден қандай да бір әріпті құрастыр». А, П, Н әріптерін жасап шығарулары мүмкін.

Оқу жылының соңында тәрбиеші балалармен бірге жұмыс барысында жинақталған әріп бөлшектерін қарайды және оларды жіктейді. Осының негізінде балалар бөлшектерден құралатын әріптер соншалықты көп емес деген қорытындыға келеді: негізгі бөлшектер : таяқшалар (жолақтар) – ұзын және қысқа; жартылай доға – үлкен және кіші. Кейббір әріптерге қосымша бөлшектер (қысқа жолақтар – «құйрықтар» - Ң, Қ, Д, Щ әріптері үшін; «ілгек» - Ч үшін, «нүкте» - Ш үшін ) қажет. Ал О әрпі бір ғана бөлшек – сопақ пішіннен тұрады.

 

СӨЙЛЕУДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

 

Ауызша сөйлеудің жан-жақты даму деңгейін бекіту және жетілдіру: айтылу жағы; сөздігі; грамматикалық құрылымы; қоршаған ортамен қарым-қатынасқа емін-еркін енуге мүмкіндік беретін байланысты сөйлеу жағы.

Сауаттылыққа үйретуге дайындау жұмыстарын жүргізу (оқуға және жазуға). (Қар. В.В.Гербова және басқ. «Сөйлеп үйренеміз». Тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал. «Мектепке дейінгі жастағы ересектер тобы балаларына арналған дамытушы кітап». Алматы: Просвещение – Қазақстан ,2008)

  1. Балалар тілінің айтылу жағын дамыту:
  • қазақ тілінің барлық дыбыстарының айтылуын нақтылау және бекіту;
  • сөзді естуді дамыту:
  • сөздің күшін , биіктігін, ырғағын және қатты дауыстылығын дамыту.
  1. Балалардың сөздік қорын дамыту:
  • балалардың  әлем туралы қалыптасып келе жатқан бай көзқарасы негізінде сөздік  қорын дамыту, оларды өзінің пікірін айтқанда белсенді қолдану;
  • қарама-қарсы (антонимдер) мағынасы бар сөздер мен мағынасы ұқсас сөздер (синонимдер) қорын кеңейту;
  • сөздердің жалпылама мағыналарын түсінуге және өзі сөйлегенде қарапайым жалпыламаларды қолдана алуына үйрету;
  • сөздердің лексикалық мағынасымен жұмыс істеу.
  1. Балалар сөзінің грамматикалық құрылымын дамыту:
  • балаларды етістіктерді дұрыс қолдануға жаттықтыру;
  • сан есімдерді  зат есімдермен дұрыс үйлестіре алуға үйрету;
  • зат есімнің көпше түрінің ілік септігін;
  • тәуелдік есімдігін құруға жаттықтыру;
  • кеңістік қатынасты білдіретін көмекші сөздерді дұрыс қолдана білуге жаттықтыру;
  • әрқилы сөйлемдер құру жұмысын одан әрі жалғастыру.
  1. Байланыстыра сөйлеуді (диалог және монолог) дамыту:
  •       диалогтік сөйлеу түрін жетілдіру;
  • әңгімелеу және сипаттау типінде , байланысты монолог айту негіздеріне оқытуды бастау.
  1. Балаларды сөйлеудің жазбаша (оқу және жазу) түріне дайындау:
  • Кеңістікті елестетуді дамыту: кеңістіктегі бағытты анықтау және кеңістіктегі өзара қарым-қатынастарды (өзіне, басқа затқа және өзіне қарама-қарсы тұрған адамға қатысты) орнату біліктігін бекіту;

Баланың қолын жазуға дайындайтын жаттығулар жасау (қар.Әріпова М. «Жазуға дайындық» жұмыс дәптері. Алматы: «Просвещение - Қазақстан», 2008 ж.).

Қағаз бетіне бейімделуін дамыту;

Баланың қолын жазуға дайындау:

Балаларды әріптердің көзге көрінетін бейнелерімен таныстыру, дыбыстарды олардың белгілік бейнелерімен үйлестіруге оқыту;

Әріптердің бейнелерін талдауға және жинақтай алуға үйрету.

  1. Баланың айналасында бай мәдени сөйлеу ортасын құру.

 

 

ТІЛДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫ САУАТТЫЛЫҚҚА ҮЙРЕТУГЕ ДАЙЫНДАУ САБАҚТАРЫ

 

  1. Сабақ. Бізді қоршаған дыбыстар

М а қ с а т ы. Балаларды дыбыстар әлеміне енгізу, оған деген қызығушылықты туғызу: олардың назарын сөйлеудің дыбыстық (сыртқы) жағына аудару; тілдің фонетикалық құралдары арқылы табиғат дыбыстарын жеткізе алуға үйрету.

К ө р н е к і   қ ұ р а л д а р. Күйтабақтар, жануарлардың және құстардың дауыстары бар аудиожазбалар.

А л д ы н  а л а  ж ұ м ы с т а р. К.Чуковскийдің «шатасу» деген шығармассын еске түсіру.

С а б а қ  б а р ы с ы. 1. «Ертегі орманы» жағдаяттық ойыны.

Тәрбиеші балаларға орманға саяхат жасауды ұсынады.

  • Өздеріңді ормандамын деп елестетіңдер. Соқпақ жолмен орман ішіне енген үстіне ене түсеміз. Түрлі –түрлі ағаштарға ,шөптерге,гүлдерге қараңдаршы! (балалар олардың аттарын атаса болады). Тыңдаңдаршы. Орман іші неге тұнып тұр? Не естисіңдер?

Тәрбиеші анықтаушы сұрақтар қояды:

  • Қоңыз қандай дыбыс шығарады? (ж.ж.ж.). ал көкек ше?... және т.б.(Балалар нақты дыбыстармен жауап береді).
  • Жануарларды және құстарды дауыстары арқылы тануға бола ма?(Иә, өйткені әрқайсысы өзіне ғана тән дыбыстар шығарады.)
  • Білесіңдер ме, бірде дәл осы орманда керемет шатасу болды: барлық аңдар мен құстар дауыстарын айырбастап алды. Бұл қай ертегіде болған оқиға? Оны кім жазды? Қане, қайсысы қайсысымен дауыстарын айырбастағанын есімізге түсіріп көрейік. (жауапты бәрі бірге беруге болады).
        1. Торайлар мен мысықтар.

Торайлар мияулай бастады:

Мяу,мяу! (Бәрі бірге).

Мысықтар қорсылдай бастады:

Қорс,қорс,қорс! (Бәрі бірге) 

 

        1. Үйректер мен тауықтар.

Үйректер кетті қыт-қыттап.

Қыт,қыт,қыт! (Бәрі бірге).

Тауықтар кетті қырқылдап:

Қырқ,қырқ,қырқ! (Бәрі бірге).

 

        1. Торғайлар мен сиырлар.

Торғай түсті секіріп

Сиыр болып өкіріп:

Мө-ө-ө! (Бәрі бірге).

Сиыр торғайға не деп жауап берді? (Шиқ-шиқ-шиқ).

  • Сендер қалай ойлайсыңдар ,тағы қандай аңдар мен құстар дауыстарын ауыстырып ала алады екен және олар оны қалай жүзеге асырады? (Балалар өздерінің пікірлерін айтып ,міндетті түрде сол дауысты салып береді). Мысалы: қарға үре бастады – әуп,әуп,әуп; ал ит қарқылдай бастады – қарқ,қарқ,қарқ.
  • Аңдардың ішіндегі қайсысы момын еді және басқаларға еркелемеуге кеңес берді? (Көжек). Ол қандай сөздер айтты?(Балалар бәрі бірге дауыстап айтып береді).

 

Шықылықтауңға тиістілер -   Қарға сиыр

Мөңіремеңдер !    Бола алмайды!

Мөңіреуге тиістілер -     Бақа аспанда

Шықылықтамаңдар!    Ұша алмайды!

 

  • Мынадай шытырманның арты насырға да шабуы мүмкін. К.Чуковскийдің ертегісінде қандай қырсық болды? (Түлкілер көк теңізді отқа шалдырды). Аңдарға өртті сөндіруге кім көмектесті? Аңдар қай кезде қуанып және әрқайсысы өз дауысымен ән сала бастады?

Қаздар бастап қайтадан

Өз дауысымен ән салды:

Қаңқ –қаңқ-қаңқ (Бәрі бірге).

Мысықтар мияулай бастады:

Мяу-мяу-мяу (Бәрі бірге).

Құстар шықылықтай бастады:

Шиқ-шиқ-шиқ (Бәрі бірге).

Аттар кісіней бастады:

И-и-и- и (Бәрі бірге).

Шыбындар ызыңдап ән салды:

Ыз –ыз -ыз (Бәрі бірге).

Тәрбиеші соңында мынадай ой түйді: «ертегіде айтылғанның бәрі жалған, бірақ оның ішінде сендерге сабақ болатын мысалдар бар». Біздер осы ертегіден қандай сабақ аламыз? (Әркім өз дауысымен сөйлеуі қажет).

II. Тәрбиеші Л.пантелеевтің  «Торай қалай сөйлеуді үйренді»  әңгімесін оқып береді.

Информация о работе Ауызша сөйлеу