Ауызша сөйлеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 13:22, методичка

Краткое описание

Еденге шеңберлерден бірнеше үшбұрыш қою керек. Балаларды үштіктерге бөліңіз, үштіктердің ішіндегі бір балаға 1-ден 10-ға дейін сандар жазылған карточкалар жиынтығын беріңіз, оның мақсаты – әрбір орынның жанына тәртіп бойынша бір карточка қою. Басында әр бала өз шеңберінде тұрады, карточкасы бар бала өз шеңберінің жаныныа 1 саны бар карточканы қояды. Содан кейін рұқсат бойынша сағат тілімен бір шеңбердің ішіне секіріп кіреді, келесі бала 2 саны бар карточканы қояды. Жаттығудың соңында әрбір шеңбердің жанында қандай сандар жатқанын және оларға не ортақ екенін талдаңыздар.

Вложенные файлы: 1 файл

Ауызша санау конспект.docx

— 58.48 Кб (Скачать файл)

У –у - у, у – у – у

Көбірек балды жинаймын у –у –у!

Уәли үнсіз оның әнін орнында тұрып тыңдап қалыпты. Уәли балықтардың уылдырық шашқанын көрді.

2.Ара қандай ән айтты? (у –у –у ) Араның әні [у] дыбысына ұқсайды.

- Сөйлемдегі бірінші сөз  қай дыбыстан басталады? ([у]). Сөздегі дыбысты дауыспен бөліп көрсетіңдер.

Дыбыстың артикуляциясы. [у] дыбысы айтылғанда еріндер түтік тәрізді алға созылады, тіл төменгі тістердің астында жатады, ауа өз жолы бойында ешқандай кедергіге жолықпай емін-еркін өтеді (дауыс желбезектері дірілідеп тұрады).

Дыбыстың сипаттамасы.

  • Дауыспен айтылатын және ауыз ішінде кедергіге жолықпайтын дыбыстарды біз қалай атаймыз? (Дауысты дыбыстар). Ендеше [у] – дауысты дыбыс.

II. 1. Мысалы: уайым, уақ, уақиға, ауқат, ешуақытта, маужырап, ұлу, жұбату, киіну, сөздерінен  у дыбысының қай жерде орналасқанын табу.  

Дыбыстар үйімен жұмыс.

2. Тәрбиеші әңгімені еске  түсіріп және оның ішіндегі  әнді қайталауды ұсынады.

III. 1. Әріптің бейнесімен  танысу.

Педагог Уу әрпі бейнеленген карточканы көрсетеді. Әріп паннодағы пәтерге мынадай мекен-жай бойынша орналасады: алтыншы қабат (ең жоғарға қатар), № 2 пәтер.

  • Уу әрпі Аа әрпімен қатар өмір сүреді. Біздің үйшікте олар бір-біріне көрші.

2.- Талдау- жинақтау іс-әрекеті (3- сабаққа байланысты).

IV. «Шабындықтағы ара»  жаттығуын орындау.  Парақ бетіндегі  бағытты дамыту және жоғарыдан  төмен , төменнен жоғары бағыттарын  бекіту.

Тәрбиеші балалардың қолына гүлдер салынған парақ беті мен қағаздан жасалған араларды таратады.

  • Міне, Уәлидің де бал аралары шабындыққа келіп жетті. (Балалар араларды парақтың жоғарғы жағына орналастырады.) ара ұшып бара жатып төменге қарайды. Төменде көптеген әдемі гүлдер өсіп тұр. Аралар гүлдерге қонып, шырын жинағысы келеді. Бір гүлге қонып одан жоғары қайта ұшып кетеді. Тағы да отырады. Тағы қайта көтеріледі.
  • Ара қайда жүр? (Жоғарыда). Гүлдер қайда өсіп тұр?(Төменде). Ара гүлге қонғанда, қалай ұшады? (Жоғарыдан төмен). Ал гүлден жоғары көтерілгенде ше? (Төменнен жоғары).
  • Қане , аралардың қалай ұшатынын көрсетіңдерші.
  • Балалр парақ бетінде араларды қозғау арқылы тәрбиешінің нұсқауларын орындайды (іс-әрекетке сәйкес сөздерді қолданумен: жоғары,төмен, төмен жоғары және т.б )

 

5- сабақ. [и] дыбысы  және Ии әрпі

М а қ с а т ы. Балаларды дыбыс қатарын талдай алуға үйрету; Ии әрпімен таныстыру; и-ге аяқталатын зат есімдердің көпше түрін құруды жетілдіру; сөздердің лексикалық мағынасымен жұмыс.

К ө р н е к і  қ ұ р а л д а р. Суреттер ,әріптер панносы.

С аб а қ  б а р ы с ы. I. 1. Тәрбиеші [и] дыбысын бөліп көрсете отырып (сәл созыңқырап) әңгіме айтып береді.

-Мен сендерге екі дос  бала туралы әңгіме айтып берейін.. И –и –и- сат-ай –й мен И –и –и-ман-ғал –и- и үй –и –ге  и –и –ие болып қалды. Олар жұмысқа сондай и-и-и-кемді болатын. Өздері тым и-и-и-набатты, и-и-и-манды балалар еді. Олар үйге и-и-иін ағашпен су әкелді. Дәрілік и-и-итмұрын теріп қойды. Ауладағы и-и-итке тамақ берді. Сөйтіп и-и-игілікті істер атқарды.

2. Дыбыс артикуляциясы.  

Ақ қайың қалай өлең айтады? (и-и-и). Ақ қайыңның әні [и] дыбысына ұқсас, [и] дыбысын айтқанда еріндер жымияды, тістер бір-біріне  жақындайды, ауа ағымы бірқалыпты өтеді, дауыс желбезектері дірілдейді.

Дыбыстың сипаттамасы. [и] – дауысты дыбыс.

II. 1. -[и] дыбысы бар қандай  сөздер естеріңде естерінде қалды? (Тәрбиешінің жанама сұрақтар  қоюына болады). Егер балалар, басында , ортасында және соңында екпін  түспей айтылған [и]  дыбысы бар  сөздерді естеріңе түсірсе, ол  үшін ерекше мақтау айтады.

2. Тәрбиеші  сөздердің  мағынасын түсіндіріп беруді  сұрайды. (Толық жауап беру).

Ие – үйдің қожасы, ишара – қимыл, Имаш – есім, иістену – бір заттың иісі.

3. Индира сыбызғыда ойнай  білетін. Ол сыбызғысын алды да, мынадай әнді орындай жөнелді: аиу (а-а-а-и-и-и-у-у-у). Бұл әнді Инеш те қайталағысы келді. Ол әннің үш дыбыстан құралғанын түсінді(Педагог өлеңді қайталап саусағын бүгіп көрсетеді). бірінші - [а], екінші - [и], үшінші - [у]. Бұл өлеңді талдай келе ,Индира оны дұрыс орындап шықты.

Тәрбиеші балаларға төмендегі өлеңді талдауды ұсынады (қанша дыбыс, қандай дыбыстар, қандай ретпен дыбысталады).

иау (и-и-и-а-а-а-у-у-у)

ауи (а-а-а-и-и-и-у-у-у)

уиа (у-у-у-и-и-и-а-а-а) 

4. Тәрбиеші мына өлеңді  талдауды ұсынады (қанша дыбыс  бар, қандай дыбыстар және жүйесі  қандай):

Исатайдай батыр болам,

Иса атамдай ақын болам.

Игі істе батыл боламын, 

Игілікке жақын болам.  

Сөздерге мысал: иек, изен, илеу, ине, Инеш, Исатай, Айтбай, иірім, итбалық және т.б.

Әрі қарай педагог сөздердің жалқы түрлерін атайды, ал балалар көпше түрін табады және сөздің соңындағы [и] дыбысын созып айтады.

III. 1. Дыбыстың бейнесімен  танысу.

Педагог Ии әрпі бейнеленген карточканы көрсетеді.әріпті паннодағы мына мекен-жайға жайғастырады: бесінші қабат, №4 пәтер.

2. Талдау –жинақтау әрекеті.

IV. «Секіртпе» ойыны. М  а қ с а т ы: қолдың бас  бармақтарына жаттығу жасау.

  • Сағиттың Сәлима деген қарындасы бар. Ол Сағиттан кіші болса да , секіртпе ойнай алады. Міне былай.

Балалар: жұдырықтарын түйіп, қолдарын төмен түсіреді, бас бармақтарын алға созып (күшпен) – шеңбер бойынша қимылдар жасайды. «Секіртпені» алдымен бір жаққа, содан соң екінші жаққа айналдыру қажет. Ойын төрт жол өлеңмен қатар жүреді.

 

Өтірік-ау демеңіз,

Секіртпеге сенеміз.

Болбыр еді денеміз.

Секірумен келеміз.

 


Информация о работе Ауызша сөйлеу