Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Мая 2015 в 17:23, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
- Оқу жұмысында білім беру принциптері жайлы ұғымын қалыптастыру
- Колледж ішіндегі білім беру принциптері туралы ұғым беру
- Техникалық пән бойынша білім беру принциптерінің түрлерінің білігін қалыптастыру.
Кіріспе...............................................................................................................
1 Білім беру принциптердің теориялық негіздері....................................
1.1 Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік........................................
1.2 Қазіргі кездегі білім беру принциптердің түрлері................................
1.3 Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі..............
2 Білім беру принциптердің практикалық жағдайлары..........................
2.1 Техникалық пәндерді оқыту барысында түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері.............................................................................
2.2 Техникалық пәндерді оқытуда қолданылатын принциптер..............
2.3 Колледждерде болашақ маманның даярлығын қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары..............................................................
2.4 Оқытушының сабаққа дайындалуы.......................................................
Қорытынды.......................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.................................................................................
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті
БІЛІМ БЕРУ ПРИНЦИПТЕРІ
Орындаған: Баржаксина Б.А.
Астана 2014ж
Мазмұны
Кіріспе....................... |
3 | |
1 |
Білім беру принциптердің теориялық
негіздері..................... |
4 |
1.1 |
Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік....................... |
4 |
1.2 |
Қазіргі кездегі білім беру принциптердің
түрлері....................... |
5 |
1.3 |
Білім беру принциптердің жалпы дидактикалық ерекшелігі.............. |
8 |
2 |
Білім беру принциптердің практикалық
жағдайлары.................... |
10 |
2.1 |
Техникалық пәндерді оқыту барысында
түрлі оқыту принциптерін қолдану ерекшеліктері................. |
10 |
2.2 |
Техникалық пәндерді оқытуда қолданылатын принциптер.............. |
11 |
2.3 |
Колледждерде болашақ маманның даярлығын
қалыптастырудың дидактикалық ұстанымдары................... |
12 |
2.4 |
Оқытушының сабаққа дайындалуы.................... |
16 |
Қорытынды..................... |
19 | |
Қолданылған әдебиеттер.................... |
23 |
Кіріспе
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім беру мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген.[1]
Осы тұрғыдан алғанда оқушыларға білім беру мәселесінің ғылыми- теориялық негізінде зерттелуі қоғамдық қажеттілік болып табылады. Себебі, білім берудің басты мақсаттарының бірі- оқушыларды білім негіздерімен қаруландыра отырып, адам ретінде тәрбиелеу.
Дидактикалық принциптер-оқытудың мазмұның, ұйымдастыру түрлеріін, әдістерін оқытудың мақсатын мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды. Сабақ бөлімінің негізгі құрамды мақсаты- оқушылардың оқу материалын тереңде, сапалы меңгеруін анықтау.
Зерттеу объектісі- оқыту процесінде білім беру принциптерін қолдану
Зерттеу мақсаты- оқу-тәрбие жұмысында білім беру принциптерінің түрлерінің сипаттамасы.
Зерттеу міндеттері:
- Оқу жұмысында білім беру принциптері жайлы ұғымын қалыптастыру
- Колледж ішіндегі білім беру принциптері туралы ұғым беру
- Техникалық пән бойынша білім беру принциптерінің
түрлерінің
Бұл қайшылықтарды біздің зертеуіміздің мәселесін нақтылауға, яғни техникалық білім мазмұнын талдауды, білім беру принциптерін анықтап жүйелеуге, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды іріктеуге, білім беру жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтап отырып, білім берудің ғылыми әдістемелік жүйесін құруға негіз болды.
Осы жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлімде тексеру мен бақылаудың теориялық негіздері, олардың әдістемелік ерекшеліктері, практикада қолданылуы қарастырылған.
Қорытындыда жүргізілген жұмыстарға қысқаша шолу жасалынып, білімді тексеру мен бақылаудың қажет ететін мәселелеріне ерекшеленіп көрсетілген.
1.Білім беру принциптердің теориялық негіздері
1.1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсінік
Оқыту процесін іске асыру белгілі бір заңдылықтарды меңгеру негізінде жүзеге асады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Өзара байланысы бар объектілер, байланыстың түрі, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықта заң деп білеміз.
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жеке және жалпы деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланысты сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды.
Оқыту процесінің жалпы заңдылықтары:
1.Оқыту мақсаттары, мазмұны, сапасы мен әдіс-тәсілдері қоғам талабына, мүмкіндіктеріне, педагогика ғылымының даму деңгейіне тәуелді.
2.Білім беру, тәрбиелеу және дамыту өзара байланысты.
3.Оқушының таным белсенділігі артқан сайын, оқыту сапасы
жоғарылайды.
4.Оқытудың тиімділігі кері байланысқа, қайталауға, түзету іс-әрекеттеріне тәуелді.
Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық ұйымдастыру заңдылықтары жатады.
Оқытудың негізгі заңдары:
Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негізгі бөліктері болып келеді. Кейбір зерттеушілер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген пікірді білдіреді. Жоғарыда аталған педаогикалық заңдылықтар мен заңдар теріс пікірлерді жоққа шығарады.
1.2 Қазіргі кездегі білім беру принциптердің түрлері
Принцип (латын сөзі)- басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида. Дидактикалық принциптер-оқытудың мазмұның, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсатын мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихында зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі қағидаларды белгілеуге көп күш салады.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты. Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгертіп отырғандықтан, кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестілік, партиялық), кейбіреулері жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процессінің барлық құрамдас бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген оқытушы дидактиканың принциптерін басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру формаларын таңдап, шәкіртерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Оқытушы дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесі:
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педгогикалық ереже - жалпы принциптерге негізделген белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтың қызметін бейнеленуі.Ережелер оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыстаррғанда ережелер оқытушыге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шаралар пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жайт: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетеді. Сондықтан, әрбір оқытушы дидактикалық ережелерді типтік, стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогикалық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса, қойылған мақсатына жетті деген сөз.
Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтың тәжірибенің қортындысы ретінде дидактика принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат - міндеттерін іске асырады.
Енді принциптер мен ережелердің мәнін ашу жолдарын қарастарайық.
1. Ғылымилылық принципі.Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми әдістерді меңгеру керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар: дүниені танып білуге болады,
адам өмірінде ғылымның рөлі күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және оқытушынің іс-әрекеті арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет ететін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
2. Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесін қалыптасқанда ғана, оның білімі толық және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасына ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үздіксіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилылығын принципімен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұның негізгі өзегі болуы тиіс.