Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 19:08, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестігі. Кез келген адамның қалыптасуына қоршаған ортаның маңызы зор, оқушыларды қоршайтын орта – мектеп. Мектеп жүйесін зерттеу Қазақстан Республикасының болашақ азаматының қандай ортада қалыптасатынын зерттеу деген сөз. Мемлекеттің дамуы, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігі білім беру жүйесінің негізі болып табылатын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты – мектеп ішінде басқарудың мазмұны мен әдістерін, мектеп басшыларының қызмет стилін, оқушылардың білім, дағды, икемділік, іскерліктерінің сапасын анықтайтын жүйені, сонымен қатар мектеп жұмыстарын ұйымдастырудың жалпы негіздері мен оны басқаруды зерттеу.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестігі. Кез келген адамның қалыптасуына қоршаған ортаның маңызы зор, оқушыларды қоршайтын орта – мектеп. Мектеп жүйесін зерттеу Қазақстан Республикасының болашақ азаматының қандай ортада қалыптасатынын зерттеу деген сөз. Мемлекеттің дамуы, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігі білім беру жүйесінің негізі болып табылатын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.
Зерттеудің мақсаты – мектеп ішінде басқарудың мазмұны мен әдістерін, мектеп басшыларының қызмет стилін, оқушылардың білім, дағды, икемділік, іскерліктерінің сапасын анықта
Зерттеу объектісі – жалпы білім беретін және жаңа технологияны пайдалана отырып жұмыс жасайтын мектептер.
Зерттеу пәні – оқушылардың жаңа технологияны оқыту жүйесі Қараев әдісі бойынша. Дидактика бойынша дамыту.
Зерттеудің ғылыми болжамы – егер оқушылардың жаңа технологиянының түрлерін және құралдарын тиімді пайдаланса, онда оқушылардың білімі қалыптасып дамиды.
Зерттеудің міндеттері. Оқушылардың білімдерін дамытып, қалыптастыру, жаңа технологияны қолдану арқылы жаңа әдіс-тәсіл қолданылып, тәжірибе жүзінде тексеру. Қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін және деңгейлерін анықтау.
Зерттеудің көздері – зерттеу проблемасы бойынша педагогтардың еңбектері, ресми материалдар мен құжаттар, оқу әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен озат педагогтардың іс-тәжірибелері, автордың өзінің жеке басынан тән іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеу әдістері - зерттеліп отырған мәселеге байланысты педагогикалық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау; оқушыларға сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу, әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін эксперимент арқылы тексеру Ж. Қараев әдісі бойынша деңгейлік оқытуды дамыту.
Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді. Жалпы білім беру үздіксіз білім беру жүйесінің негізін қалайтын ең басты базистік буыны. Мектептің әлеуметтік институт ретіндегі негізгі міндеті жалпы білім беруді жүзеге асыруда мемлекет, қоғам және тұлға сұранысын ұштастыру, үздіксіз білім жүйесінің басқа да буындарымен сабақтастығын қамтамасыз ету екендігі көпшілікке мәлім.
Мемлекеттік білім стандартының ғылыми-теориялық негіздері талқыланып, мектеп өмірінде қолдануға ұсынылды.
Мемлекеттің дамуы, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігі білім беру жүйесінің негізі болып табылатын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне тікелей байланысты.
Білім саласына, жалпы білім беру жүйесіне, білім мазмұнына байланысты құжаттарды талдау.
-зерттеу барысында озық тәжірибе жинақталып, жүйелі түрде ұстаздар қауымына ұсынылды.
- оқу үрдісінің негізі болып табылатын мемлекеттік стандарттың құрамдас бөліктерінің жүйесі берілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Білім беруді ізгілендіру
мен демократияландыру тұжырымд
2. Негізгі бөлім.
2.1. Мектеп жұмыстарының ішінде ең басты мәселелердің бірі педагогикалық ұжымға ғылыми тұрғыдан сауатты басшылық жасау қажет. Мектеп жұмысын меңгеріп зор жауапкершілікпен жүзеге асыратын тұлға директор және оның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары. Олар өздерінің міндеттерін педагогикалық ұжыммен ынтымақтасып, демократиялық принцип негізінде іске асырады. Мектеп басшылары бақылаудың барысында мұғалім мен оқушылардың және басқа да қызметкерлердің жұмысы туралы ақпарат алады. Ақпарат әділ болуға тиіс. Мектептің ішкі жұмыстарын бақылау нәтижелері оның іс-әрекетін жақсартуға игі әсерін тигізуі қажет. Мектеп ісін бақылау үшін оған бірсыпыра педагогикалық талаптар қойылады. Олар: бақылауды ұдайы және жүйелі түрде жүргізіп отыру, бақылаудың әр түрлі формаларын пайдалану, бақылаудың әділеттілігі және жариялылығы, бақылаудың тиімділігі және нәтижелілігі. Мектепшілік бақылау мазмұнына кіретін мәселелер:
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Мектеп басшысының басқару мәдениеті оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылықтарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқарудың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысында олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда. Педагоикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құндылық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық—мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді, құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады, басқарудың әдістемелік негізін мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерд басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.
Кез келген педагогикалық процесті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан жақты дамуына қолайлы объективті жағдай туғызуы тиіс. Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан ол педагогтің де, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау. Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның объективті талаптарын білу жеткіліксіз. Бір жерде басқару әрекетінің жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелігі мен дербес-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп белгілеу орынды. Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арнауы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз. Мектеп басшыларының үнемі назарында болатын нысан сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау. Мектептің даму тарихында басшылардың сабаққа енуінің ақылға сиятын да, сыймайтын да нормативті болды. Бірақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған талдаудың сапасына тікелей әсер ететіндігі ақиқат. Мектеп басшыларының басқару қызметінде сабаққа талдау жасаудың кеңейтілген қысқа және кезендік түрлері кеңінен қолданылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін талантын дамыту мектептің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас ізденімпаздылығы мен шығармашылығының жемісімен келмек.
Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке ізденімпаздыққа шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
2.2. Мектеп қоғамның талаптарына сай, білім алуда оқушылардың сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз ететін, үкіметіміздің мектеп туралы нормативтік құжаттарымен анықталған қызметін атқаруды жүзеге асыратын жалпы білім беретін мектептің бір типі. Мектептің қоғамның барлық даму кезеңінде және бүгінде білім беруді реформалау білім берудің ұлттық үлгісін жүзеге асыру жағдайында өз үлгісін қосып отырғанын мойындамау тарихқа жасалған қиянат болар еді. Бұл мектептер шалғайдағы шағын ауылдық жерлерде адамдарды тұрақтандырудың басты кепілі болып табылады. өйткені отбасының тұрмыс тіршілігі мен балаларын оқытып тәрбиелеу үшін мұндай мектептер барынша мүмкіндік жасауға ұмтылады. Осы орайда қазіргі қиын жағдайларға қарамастан бұл типтегі мектептерде оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда кейбір қолайлы жағдайлар бар екендігін де естен шығармауымыз керек. Ауыл мектептерінде оқушының жеке басының психологиялық ерекшелігін зерттеп білуге жағдай мол. Әр оқушының үй жағдайы, ата-анасының тәрбие мәселесін қалай шешетіндігін, олардың кәсіби мамандықтарына дейін білуге мүмкіндік бар. Бұл жағдай оқушының дамуына әсер ететін факторларға көңіл аударып жоспарлауға мүмкіндік береді. Оқушының тілек-талабы мен қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар және факультативтік сабақтар жүргізуге жағдай туады. Оқу материалын толық меңгеру оқушылар үшін өте күрделі үрдістердің бірі. Білім беру кезінде оқушының жеке басының ерекшеліктерін нақтылы ескере отырып оқу ісін жақсартуға арналған мүмкіндіктерді пайдалануға болады.
Мектептерде оқушылардың өз бетімен көбірек жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл үрдістің ұтымды жақтарын пайдалана отырып, оқушылардың өздігінен бақылау жұмысын жүргізуге қортынды жасау білу дағдыларын байыта түсу мүмкіндіктерін есте ұстау керек. үй тапсырмасын оқушының білім дәрежесі мен қабілетін ескере отырып даярландыру қажеттігін де естен шығармаған жөн. Сыныпта оқушылардың аздығы, олардың әрқайсысының оқу материалын меңгеруін білім сапасын, дағды біліктерін және танымдық белсенділіктерінің деңгейлерін үнемі бақылап отыруға уақыт жеткілікті. Практикалық, лабораториялық және экскурсия сабақтарында оқушыларды түгелдей қамтып жұмыс жүргізуге сыныпта балалардың аздығы қолайлы жағдай туғызады. Оқушылардың еңбекке баулу, еңбек дағдыларын беру, мамандық алуға үйретуде де шағын ауыл мектептерінің мүмкіндіктері мол. өйткені олардың ата-аналары ауылдағы мамандық иелері. Ал оқушылар болса жастайынан еңбекке араласы. Шағын жинақталған ауыл мектептері оқушыларының бойына табиғатты қорғау, оны аялау, эстетикалық талғамын қалыптастыруда қоршаған орта арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуде де мүмкіндіктер бар. Міне, осындай мүмкіндіктерді ескерсек шағын комплектілі мектептің жұмысын жетілдіру, ондағы оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру маңызды әлеуметтік экономикалық және педагогикалық проблема.
Деңгейлеп саралап оқытуда оқушыларды екі-үш топқа бөліп топ басшыларын тағайындаймыз. Олар әр деңгей бойынша орындалған жұмыстың нәтижесін мұғалімнің көмегімен айқындайды. Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігімен ақыл-ой деңгейі бойынша үлестіріледі. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Мықтылар өз қабілетін бекіте түседі, әлсіздер өзіне сын көзімен қарауға дағдыланып сенімсіздіктен арылады, белсенділігі артады. Күшті топтарда оқуға деген құлшыныс ұлғайып, білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді. Жеңілден ауырға қарай білгеннен білмегенге қарай ұстанымын жүзеге асыруда оқушылардың жауабы ұпай санымен есептеледі. Рейтинг жүйесімен мониторинг жинақтап оқушылардың білімі бағаланады. Қорытындылау жинақтау оқушының сабаққа белсенділігін арттырады.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын шетел тілі сабағында пайдалану қиын балалармен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туғызады. Ендеше оқушының жан-жақты танымдық қабілетін арттыру үшін деңгейлеп оқытудың тиімділігі өте зор деуге әбден болады. Соңғы жылдары республикамызда оқушылардың оқу-таным әрекеттерін белсендіру мәселелік оқыту, оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдерді жетілдіру жайында зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді мәселен Ж.Қараевтың т.б. Жалпы алғанда өркениеттің прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Сондықтан студенттердің оқу үрдісінде білім алу кезіндегі белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру дәрежелері білім сапалары дидактика мен мектеп өмірінде үнемі басты мәселелердің бірі болып қала береді. Білім беру жүйесіндегі қызметкерлердің тәжірибесінде білім сапасы, білім беру сапасы ұғымдары бірдей жүреді. Әрине олар өзара байланысқан түсініктер. Біздің зерттеуіміз білім оқыту білім беру сапаларының иерархиясының бар екендігін көрсетті. Бүгінгі таңда бала тәрбиесіне, балаларға сапалы білім беру дәрежесіне айрықша назар аударылып отырғаны аян. Баланың дарындылығы мен білімге құштарлығын арттыру ұстаз бойындағы құдіретті күш. Ендеше берілетін білім сапасы да мұғалім шеберлігіне байланысты болмақ. Ал қазіргі жаңаша оқыту технологиясы мұғалімді жақсы нәтижеге жеткізетін құрал екенін сабаққа қатысу барысында байқап жүрміз. Оқытудың жаңа технологиясы жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады. Нәтижесінде оқушының интеллектуалды дамыуның жоғарылауы белсенділігінің артуы, мұғалім мен шәкіртінің өзара қарым-қатынасының жауапкершілігі көрінеді, өйткені оқушы да, оқытушы да белсенді шығармашылықпен қызмет жасайды. Қазіргі кезде жаңа оқыту технологиялары да кеңінен таралуда. Олар Ж.Қараевтың « Мақсат қою» технологиясын мектепте қолданып, дамыта оқытып, модульдік оқыту, деңгейлік оқыту идеяларын жүзеге асырып келеді. Оқу үрдісіне профессор Ж.Қараевтың тұжырымдамасы негізінде жасалған деңгейлеп саралап оқыту әдісін енгізе отырып оқушының белсенділігін арттыруға байланысты өтілген сабақтардан түйгеніміз төмендегілер:
- дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан әрі бекіте түседі.
-әлсіздер оқуға ниет білдіріп өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
-күшті топтарда оқуға деген ынта артады.
- білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.
- ұстаз оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулиды.
- оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзі салыстыру арқылы анықталады.
-оқытуды ізгілендіру жағдайында өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.
Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі мектепте арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі өмірде оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу, оқыту егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Бастауыш сыныптардағы жазу сабақтарының мақсаты балалардың жазу тілі дағдысын қалыптастыру. Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал системасының жинақталып бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу есіту кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді. Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Ең алғашқы ерте дәуір адамдар қандай да болмасын бір уақиғалар туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдыруға болады. Сөйтіп ондай мәліметтерді түрлі суреттермен белгілейді. Бұл кезең идеографиялық сөйлеу кезеңі деп аталады. Идеографиялық сөйлеу белгілі бір айтылатын жағдай туралы еске түсіру ролін атқарады. Кейінірек иероглифтік жазу шықты. Бұл заттарды немесе тұтас ойды білдірген. Біздің қазіргі қолданып жүрген жазуымыз алфавиттік жазу. Бұл кейінірек шыққан. Жазудың құрамына алфавит графика және орфография енеді. Алфавит тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу тәртібі. Графика дыбыстың буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы. Ал орфография тілдің белгілі бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. Алфавит пен графиканы меңгеру оқу мен жазудың ең алғашқы ең қарапайым бірақ ең маңызды дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Алайда жазуды меңгеру оның тағы бір басты бөлігі орфографияны игеруді қажет етеді.