Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 20:56, дипломная работа

Краткое описание

Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты бастауыш мектеп жасындағы балаларының ойлау іс-әрекетінің деңгейін арнайы дайындалған әдістемемен зерттеу; олардың сапасын арнайы жаттығулар арқылы дамыту; психологиалық картамен жұмыс жүргізуді пайдалану.
Зерттеу міндеттері
•Зерттеу мақсаты мен ұсынылған болжамға сәйкес ойлау іс-әрекетінің оқытудағы маңыздылығн тәжірибе жүзінде зерттеу және дамыту.
•Қазақ тілі пәнінің әдістемелік негізін дамытуға арналған жұмыс түрлерін психологиялық тұрғыдан жүргізілудің тиімділігі. ( әдістемелерді іріктеу, модификациялау).
•Төменгі сынып оқушыларының оқу әрекетіндегі ерекшеліктерін экспериментті зерттеу.
•Төменгі сынып оқушыларының оқу процесіне таным әрекеттерінің психологиялық әсерін анықтау.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….......
I ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ
ТАНЫМ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІН АНЫҚТАУ....................................................................................................
1.1 Танымдық процестегі ойлаудың ғылыми мәні мен ойлаудың маңыздылығы..............................................................................................
1.2 Оқу процесіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту.................................................................................
1.3 Төменгі сынып оқушыларына кәсіби маман психологтың қызыметі..
1.4 Төменгі сынып оқушыларының дамуына психологтың кәсібінің тигізетін маңыздылығы.................................................................................
1.5 Дарынды балалардың таным процестері мен тұлғалық ерекшеліктерінің психологиялық мәселелері...............................................
II ТӨМЕНГІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІ ЗЕРТТЕУ..........................
2.1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, ғылыми әдістемесі.............................
2.2 Зерттеудің ғылыми зерттеу әдістемесі..................................................
2.3 Зерттеудің нәтижесін өңдеу......................................................................
III БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУҒА ДЕГЕН ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ...............................................
3.1 Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері.....
3.2 Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы........
3.3 Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлқындағы қиындықтарды түзету жолдары..............................................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ..............................................
ҰСЫНЫСТАР....................................................................................................
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

диплом Айнука.doc

— 1.04 Мб (Скачать файл)

2. Биологиялық кемелденуі.

Мектептегі оқу әрекеті - бұл ағзаның барлық жүйелерінің қатты жұмыс істеуін қажет ететін үрдіс. Баланың ағзасында жаңа ережелер мен іс-әрекеттерге үйрену өзгерістер туғызады. Оқушы мектептің талаптарын орындап, жаңа күн режиміне, сабақтарда тәртіп сақтап отыруыға дағдылануы қажет. Алайда кез-келген баланың денсаулық жағдайы мұндай өзгерістерге бірден бейімделе  алмайды. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) нормадағы 6-7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру ,есту, моторикасының дамуы және жүйке жүесінің физиологиялық жағдайын жатқызуға болады.

3. Жеке басының қалыптасуы  мен әлеуметтік даярлығы.

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде бала оқуға  барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік жасайды.

Сонымен бірге бала мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасау  үшін қажетті қасиеттердің қалыптасуы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. Кейбір балалар жаңа ұжымға тез еніп, балалармен тез тіл табысып кетеді. Ал кейбіреулері көпке дейін құрбыларымен тез тіл табыса алмағандықтан, ұжымнан тыс қалып, жалғыз жүреді. Сондықтан баланың ұжымда өзіне тиісті орын алуы, оның қарым-қатынасына әсер етеді. Сөйтіп берілген құраушылар баланың басқалармен қарым-қатынас арқылы мектепте оқытуға, мектеп оқушысының рөлі арқылы балалар тобымен ойлау дайындығын дамытады.

4. Ерік сапаларының  қалыптасуы мен эмоционалдық  даярлығы.

Бұл баланың шешім  қабылдай алып, мақсат қоя білуі. Сонымен  бірге баланың әрекеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда  күш жұмсай білуі, қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.   Мектепке дейінгілердің негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінің өзіне жағымсыз эмоция сезініп, қорқыныш пайда болады. Осыдан келе нашар оқитын балалар және екінші жылға қалып қоятын балалар пайда болады. Сонымен бірге баланың көңіл-күйінің болмай, себепсізден жиі ауыруы мектеп неврозы сипатында көрінеді, яғни мектепті еске алса болғаны жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стрессогендік факторға айналып, денсаулығының нашарлауына әкеліп соғады. Австрия ғалымы Г. Эберлейн өзінің «Дені сау балалардың қорқынышы» атты еңбегінде «Кейбір балалар алдағы болатын жағдайлардан үрейленеді, олар үнемі «мектепте мұғалім берген тапсырманы орындай алмай қаламын ба?» деген қорқынышпен жүреді», - дейді.Жалпы, тәжірибеге сүйенетін болсақ, баланың оқығысы келмеуі мына жағдайларға байланысты болады:

1. Мектеп алдындағы  қорқыныш. Бұл баланы бағындыру,  әрекеттерді орындату мақсатымен  қорқынышты үйде қалыптастырады; («Мектепке барасың сонда саған көрсетеді»);

2. Оқу үрдісінде және  қарым-қатынаста қиындыққа кезігуі;

3. Мектептің өміріне  бейімделе алмауы;

4. Мектептің өмірінің  шынайлылық қиындығымен кезіккенде, баланың көңілінде мектепке деген жағымсыз қатынастың пайда болуы;

5. Мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау;

Яғни, осы кезде әрбір  ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағұлматтарды айтып, баланың  мектепке деген жағымды қатынас  және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа баланың ойымен санасуға үйрету болып табылады. Мектеп өмірі баладан эмоциональдық тұрақтылықты талап етеді Оқушылар арасында келіспеушіліктер, реніштер және конфликтік жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе ерке балалар мұғалімнің ескертулерін ауыр қабылдайды, яғни мектепке барудан бас тартады, жылайды және т.б. әрекеттер арқылы көрінеді. Баланың өз бетімен шешім қабылдай алатындай және еріктілікті дамытуға жағдайлар жасап және бір жұмысты аяқтамай келесі жұмысқа кірісуіне рұқсат етпей, кез-келген істі аяғына дейін жеткізуге үйрету керек. Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше «Баланың мектептегі оқуға дайындығының ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы», - деген. Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді. [8]

Баланы оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады. М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде «Бала мектепке барар алдында көру-моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек. Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын меңгеруде әрбір жетістігін мақтап «Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз», «Сен істей аласың» деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді. Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және «Мына суретте не бейнеленген? Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде «Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?», - деген сұрақтар қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейін көтерілуі тиіс. Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша психологтері. Баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын анықтау диагностикасын практик психолог немесе педагогикалық және даму психология саласындағы маман өз мойына алады. Өйткені психодиагностикалық және психокоррекциялық жұмыстардың жүргізудің қыр-сырын тек психолог қана біледі. Психологтың міндеті психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы  және  зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, 6 жастағы баланың оқуға дайындығын анықтайды. Яғни, баланың оқуға дайын немесе әлі дайын еместігі жайлы қорытынды жасалынып, оқуға дайын емес балалармен таным үрдістерін дамыту мақсатында индивидуалдық және топтық сабақтар ұйымдастырылады. Сонымен бірге коррекциялық – дамыту жұмыстарын жүзеге асыруда бағдарлама құрылады. Ал педагогтарды оқу жылдың басында болашақ бірінші сыныптағы балалардың мектептегі оқуға психологиялық зерттеуде алынған нәтижелермен таныстырады. Әсіресе мектептегі оқуға дайын емес балалардың жағдайларына ерекше көңіл бөліп, қандай оқушылармен жұмыс істеу керектігін жайлы ақпарат алып және оқу-тәрбие үрдісінде жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін өзбетімен немесе психологтың көмегімен таңдауға болады. Мектепке дайын емес балаларды оқытуда оқушыларды жиі мадақтап,оқуда баланың табысқа жетудің жағдайларын тудыру керек. Сабақ барысында оқушылар бір орында отырудан әбден жалығады. Оларға эмоциялық бәсеңдеу қажет болған соң айғалайды. Сондықтан сабақта қозғалыс ойындарды тиімді қолданып және сергіту сәттерін жиі өткізіп тұрған дұрыс. Егер баланың сабақта көп қозғалуына мүмкіндік жасаса, ағзаның барлық жүйесінің қызметін және физиологиялық күш қуатын жақсартуға мүмкіндік жасайды. Бұл сабақты тез игеруіне көмектесіп, баланың жұмысқа қабілеттілігі жоғарылайды.

    Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқуға едәуір  мүмкіншілігі бар, себебі  олардың интеллектісі  қарапайым ой операциясы дәрежесінде  кездеседі дейтін Ж. Пиаженің пікірі дұрыс болғанмен, қазіргі  мәдени тарихи теорияны жақтаушылардың ( Л.С.Выготский) пікірі бойынша оқымай келген бала оқуға кірген соң ойы мен интеллектісі үлкен өзгеріске  ұшырайды: бала қарапайым, яғни табиғи ойдан мәдени ұғым арқылы ойлауға көшеді деген пікір басшылыққа алыныды [6]

Бастауыш мектеп жасындығы балалардың оқу материалын жүйелі және мәніне қарай құрылуында салыстыру ой операциясы негізгі ролді атқарады. Салыстыру бір нәрсенің  өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын айыру болғандықтан, ой процестерінің ерекше түрі болып саналады.  Оқу мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрлері кездеседі. Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланамыз.

Жапонияда оқыту мен тәрбиенің негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен-өзін салыстырып отыру қажет дейді. Оларда : “Маратқа қара, ол тапсырманы қалай шешеді, немесе ол қалай жақсы  оқиды “ –деп айтпайды.  “Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың”, “сенің қабілетің жетеді” тағы басқа  осындай  мақтауларды   пайдаланады. Бұл оқушының ішкі танымдық іс – әрекеттері мен сыртқы даулы жағдайды шешуге көмектесетін оқу-тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.

 Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім  беру-бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқытумен тәрбие берудің үздіксіз процесі деп атап көрсетті. Кеңестік психологияда психикалық даму түсінігі ішкі әрекеттің қалыптасуы ретінде қарау қабылдаған. Психикалық функция немесе процесс – бұл ішкі әрекет А.Н.Леонтьев былай деп жазады: интериоризация процесі санадағы ішкі жоспар сыртқы іс - әрекетке айналғанда орындалмайды, бґл процесс ішкі жоспар қалыптасқанда орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай –ақ танымдық іс-әрекеттің процессінің жүйелі қалыптасатын кезеңі. Бастауыш мектеп жасының ерекшелігі мен маңыздылығын терең зерттеген Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов олардың ісін жалғастырушылар Л.И.Айдарова, А.К.Дусавицкий, Г.А.Цукерман және тағы басқалары. В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің еңбектерінде оқыту іс-әрекеті мынандай компоненттерден тұрады : 1.Оқыту тапсырмасы. 2.Оқыту әрекеті. 3.Бақылау

Осы компоненттер арқылы оқушының психикалық дамуын жетекші рөлді алады. Бастауыш мектеп оқушыларының теориялық білімінің шеберлігіне сүйсініп іс қылуын меңгеру (оқи алу –шеберлігі), болашақтағы қылынның негізі болады. Г.А.Цукерманның айтуынша: “Егер мұғалім баланы оқуға үйреткісі келсе ,ол оларға тек білім беріп қоймай,  шеберлек пен даЈды  да қалыптастыру керек. М.М.Мұқанов өз жұмысында бастауыш мектеп оқушыларының негізгі таным процестері (қабылдау, зейін, ес-қиял, ойлау ) мектепке кіргеннен кейін недәуір өзгерістерге ұшырайды, деп тоқталған. С.Л.Рубинштейн адамның білімі ойлау әрекетімен (абстрактілігі, талдап қорыту және т.б.) бірлікте көрінеді. «Білім субьектінің танымдық іс - әрекетінің қатынасынсыз туындамайды және танымдық іс-әрекетінсіз дәлелсіз болады. Сонтықтанда да білім бір жағынан, ойлау әрекетінің нәтижесінде ретінде, екінші жағынан осы нәтижені алған процесс ретінде қаралады. Танымдық іс-әрекеттің негізінде берілген білім баланың есінде ұзақ сақталып, өз нәтижесін көрсете алады.

Біз зерттеуімізде  осындай жас дағдарысы мен бейімделу кезеңінен өткен оқушылардың оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің дамыуна тоқталамыз.

1-сынып соңында мектепке бейімделу кезеңі аяқталып, баланың танымдық іс-әрекетінің және жаңа әлеуметтік ситуацияның дамуы 2-сыныпта басталады.

2-сыныпта танымдық қабілеттіліктің дамуының мүмкіндіктерімен байланысты. Сыртқы даму іс-әрекетінің және оқытудың барлық түрінің әсері ішкі логикалық ақыл ой операциясының қалыптасуына танымдық іс-әрекеттің дамуы арқылы қол жеткізеді. Психологиялық сөздікте іс-әрекетке мынандай анықтама берілді: бұл - “жеке адамдардың арасындағы ұйымдастырылған белсендік жүйесі, материалдық және рухани мәдениет объектілерінің өнімділігіне бағытталған”.

Біріккен іс-әрекеттің өте жақсы белгілері ретінде ортақ мақсат бөлініп  шығады, индивидтердің қызықушылықтары мен қажетіліктері жалпы бір сұраққа біріктіріледі. Бастауыш мектептен бастап осы біріккен іс-әрекет негізінде балада жаңа ғылыми түсініктер қалыптасады. Бұл туралы Л.С. Выготскийдің өте жақсы айтылған сөзі бар:   “өз еркімен және жете түсіну ғылыми түсінік қақпасы арқылы санадан шығады ”. Мектептегі оқыту прцесі жеке білімді берумен, меңгеруден ғана тұрмайды, интеллектуалдық операциялардық қалыптасуы мен талдап қорытудыңда негізінде көрінеді.

 

1.2 Оқу процессіндегі төменгі сынып оқушыларының танымдық белсенділігін дамыту

 

 Төменгі мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлауы күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады.

Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан - жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым: «Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету». Әр сабағымызды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді. Танымдық белсенділік дегеніміз - оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, «таным - ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». 
      Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.  Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады. 
Оқу - танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу - танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл - ой, ерік - күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс - әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.  Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым - қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту - оның мінез - құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т. б. үйретеді. 
      Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс - әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. [8]

Сонымен қатар, оқушылардың  іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты  мен нәтижесінің болуы (білім, білік  және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің  дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т. б.); оқушы іс - әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы - кітаптар, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т. б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т. б.) жатады. Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу - танымдық іс - әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу - танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл - қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т. б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.  Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. 
        Оқудағы белсенділік оқып - үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой - сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т. б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді. Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді.

  Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас - ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу - танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады. 
    Оқушылардың оқу - танымдық іс - әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. [9]

Информация о работе Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу