Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 15:45, курсовая работа

Краткое описание

Оқу жəне білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мəнін аңдатқан. Ал Я.А.Коменский дидактиканы «баршаны барлық нəрсеге үйретудің əмбебап өнері» деп түсіндірген. XIX ғасырдың басында неміс педагогы И.Гербарт дидактиканы тəрбиелеп оқытудың өз алдына тұтас жəне қайшылықсыз теориясы ретінде таныған. Дидактиканың негізгі міндеттері В.Ратке заманынан бермен қарай бірде өзгерместен келе жатыр.

Содержание

Кіріспе: түсінік..................................................................................................................3б
I-тарау.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене
тәрбиесінің ролі.
1.1. Дене мәдениеті............................................................................................................7б
1.2. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері...........................................................................................................11б
1.3 Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері....................................................................................................14б
II-тарау.
Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.........................................................................................................16б
2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер....................................................................................................................17б
III-тарау
Зерттеу бөлімі
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы......................................................19б
Қорытынды. .....................................................................................................23б
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26б

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая работа по педагогике.doc

— 199.50 Кб (Скачать файл)

«Орта мектептерде оқушылардың  дене мәдениетін қалыптастыру» 

Жоспар.

 

Кіріспе: түсінік..................................................................................................................3б

I-тарау.

 Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы  дене

тәрбиесінің ролі.

     1.1.  Дене мәдениеті............................................................................................................7б

     1.2. Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері...........................................................................................................11б

     1.3 Мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың тәрбиелiк мақсаттары мен мiндеттерiнiң көрсеткiштері....................................................................................................14б

II-тарау. 

Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.

     2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.........................................................................................................16б

     2.2. Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер....................................................................................................................17б

III-тарау

Зерттеу бөлімі

 Тәжірибелік-эксперимент жұмысы......................................................19б

Қорытынды. .....................................................................................................23б

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26б

 

 

КІРІСПЕ

 

     Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін және спортты  сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастырудың өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы»,  «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында», «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009–2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің  бірі ретінде көрініс тапқан.

     Жалпы орта мектептердегі дене тәрбиесін, заманауи технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен байланыстыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі.

     Дене мәдениетінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

      Ғылым, техника, мәдениет, спорт және білім дамуының өзара байланыстылығы мен өзара сабақтастығы тарихи сипатта екендігін ескере отырып, жүргізген теориялық зерттеуімнің қорытындылары, озат тәжірибелерді оқып үйрену мен жүйелеу, көп жылдық тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру үдерісінде оқушыларды салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін жетілдіруді жүзеге асыру үрдісі, сондай-ақ дене мәдениетін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау мен дене тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте жоғары екендігі айқындалды.

       Дене мәдениетінің әлеуметтік және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес жалпы орта мектеп оқушыларының дене тәрбиесін жетілдіру үшін қажет. Дене мәдениеті тек мектептегі дене тәрбиесі сабағында ғана емес, ол сабақтан тыс уақытта денсаулыққа байланысты қажетті шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі жалпы орта мектептерде дене тәрбиесінің жүйесі мектеп оқушыларының денсаулықтарын нығайтумен қоса, олардың бойындағы биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі пәнін оқыту үрдісінде мектеп оқушыларында дене мәдениетін қалыптастыру үдерісіне тікелей байланысты.

       Дене мәдениетін қалыптастыру мәселелерін шығармашылық тұрғыда шешуде, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық үдерістер мен жаңашыл бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асырудың маңыздылығы артуда.

Жалпы білім беретін  мектептің алғашқы сатысы– бастауыш мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің қалыптасуын зерттеуде Ш.Ахметова, Б.А.Ашмарин, К.Б.Бозжанова, О.С.Богданов, А.Д.Вишневский, Р.М.Қоянбаев, П.Ф.Лесгафт, М.Т.Тәнекеев, Б.Т.Төтенаев, Б.А.Тойлыбаев, Ш.Б. Оразовтар  айтарлықтай үлес қосты.

      Жеке тұлғаны қалыптастыруда дене мәдениетінің алатын орнын және оның қолдану жолдарын, ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын мектепте қолдану жолдарын зерттеген ғалымдар: Т.Ж.Бекбатчаев, Ә.Бүркітбаев, Б.Д.Мотукеев, А.Х.Мұханбаева, Ж.М.Төлегенов, М.Б.Сапарбаев, Ж.К.Оңалбек, Е.Сағындықов  болды.

      Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі арқылы оқушыларға тәрбие және білім беру үрдісінде ғылыми зерттеулер жасаған Республикамыздың танымал ғалымдарының: А.С.Адылханов, А.Иманғалиев, Г.С.Акиева, С.Қ.Қауашев, Р.А.Дабагян, А.Н.Тесленко, А.С.Бейсенова, М.Н.Сарыбеков, Д.Чилдебаев, А.Б.Нұрлыбекова, Ж.Ембергенова, Б.Махамедова, Б.А.Жолдасбекова, Г.Назарова т.б. еңбектерін атауға болады.

       Денсаулықты сақтау және нығайту көптеген зерттеулерде дене тәрбиесі пәні сабақтары және спорттық оқу-жаттығу сабақтарымен  байланыстырады.

Жалпы орта мектептерде  оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың  белсенді түрінде мектеп оқушыларының дене тәрбиесі сабағында жетілдіру  мәселесіне А.К.Атаев, Қ.И.Адамбеков, Ю.С.Жилко, Д.В. Биданов, Ж.Егізбаев, С.Тайжанов және т.б. еңбектерін арнаған.

      Дене мәдениеті құралдарымен жеке тұлғаны дамытудағы әртүрлі құбылыстар мен жайттарды (аспектілерді) М.А.Арвисто, К.Ш.Ахияров, М.В.Андропов, А.П.Матвеев, Б.А.Ашмарин, С.И.Касымбекова, В.А.Авраменко, Н.И.Пономарев, В.А.Черкасов, Ж.Қ. Оңалбек, Б.Қ. Мухамеджанов, Е.Оразбаев,  Ә.К.Әбділлаев және т.б. ғалымдар зерттеген.

      Сонымен бірге, оқушылардың спорттық қызметтегі туындаған мәселелері ғылыми-педагогикалық зерттеулерде кешенді, құндылық тәсілдері тұрғысынан өзінің көрнекті орнын тауып келеді. Оқушылардың спорттық іс-әрекетке деген қатынасы аз зерттелген өзекті мәселе ретінде қалып отыр. Бұл мәселе  М.Я.Виленский, Г.С.Туманян, Е.Қ.Уанбаевтардың ғылыми зерттеулерінде аратұра қозғалады. Дене мәдениеті құндылықтарынан студенттердің бағдар алуы жайлы мәселені Р.Ф.Кабиров, Л.Х.Магомадова еңбектерінде зерттеді. Жас жеткіншектердің дене  мәдениеті құндылықтарынан бағдар алу мәселелерін К.А.Матвийчук, С.Тайжанов, А.Қарақов және т.б. ғалымдар  зерттеген.

Дене тәрбиесі мен  спорттың жекелеген әлеуметтік мәселелеріне  зерттеулерін арнаған ғалымдар: М.Т.Таникеев, В.И.Столяров, А.О.Мильштейн, А.В.Мартыненко, М.Н. Кошаев, Б.Қ.Мухамеджанов және т.б. болды.

     Спорттық ортада қандай нәтиже беретіндігін білу мақсатында спорт психологиясы жөніндегі ғылыми еңбектерді атап өтуге болады: Ю.Ханин Л.А.Петровская, В.А.Крутецкий, И.А.Фурманов, С.М.Громбах, В.Л. Марищук, Е.П Ильин, А.В. Петровский, Б.К Қаражанов, Т.А.Ақпаев, М.І.Адамбеков, Ә.Ж Тастанов, О.А.Черникова, И.И.Сүлейменов, Ю.А.Коломейцев, Б.Г.Угаевтың еңбектері сондай-ақ Д.Чирилога, Р.Мартенес, Т.Б.Рохерс, И.Торанс және т.б.  шет ел ғалымдарының спорт психологиясына кеңінен ғылыми зерттеулері арналған.

      Сонымен, ғылыми зерттеулер мен психологиялық, педагогикалық, әдістемелік т.б. еңбектерді зерделеу және мектептегі дене тәрбиесі жүйесін, оның жай күйі мен дамыту мүмкіндіктерін талдау барысында төмендегідей   қарама-қайшылықар айқындалды:  жалпы орта білім беретін мектептерде оқушылардың дене мәдениетін құндылық бағдар ретінде дамытуға деген әлеуметтік қажеттілік пен оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізделуінің толымсыздығы арасындағы; дене мәдениетін қалыптастыру талаптары мен оны жүзеге асыруда нақты әдістемелер мен технологиялардың жеткіліксіздігі арасындағы   қарама-қайшылықтар зерттеу проблемасын анықтап, тақырыпты «Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру» деп атадым.

        Зерттеудің мақсаты - жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруды теориялық тұрғыда  негіздеу және оның бағдарламасы мен әдістемесін тәжірибелік-эксперименттен өткізу, қортындысын шығару.

       Зерттеудің нысаны – жалпы білім беретін мектептердің оқу үдерісі.

       Зерттеудің пәні - жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру жүйесі.

       Зерттеудің болжамы – егер оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру тарихи–педагогикалық тұрғыда анықталып, мектеп оқушыларының дене мәдениетін қалыптастырудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктері айқындалып, оқу үдерісі мен сыныптан тыс жұмыстарда, спорт түрлері бойынша үйірмелерде, оқушылардың өз беттерінше денені шынықтырып, дене мәдениетін қалыптастыратын арнайы әдістемесі қолданылса, онда дене тәрбиесі және спортқа қызығушылық оқушылардың денесін шынықтырумен қатар, денсаулығы нығайып, дене бітімін жақсартады, салауатты өмір салты мен дене мәдениетін қалыптастыруға, спорттың - әлемдік бейбітшілік құралы ретінде танып білуіне жол ашылады, дене тәрбиесі және спортқа қызығушылықтың теориялық материалын терең меңгеруге, жалпы орта мектеп оқушыларында дене мәдениеті қалыптасып, дені сау болып тәрбиеленеді, өйткені дене тәрбиесі сабағы мен спорт үйірмелері сабақтан тыс тыныс тіршілігіне оң ықпал жасай алады.

      Зерттеу міндеттері:

1.Оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың теориялық тұғырларын  анықтау.

2.Зерттеу мәселесінің  бүгінгі жағдайы мен оны дамытудың  мүмкіндіктеріне сәйкес, жалпы орта  мектептерде оқушылардың дене  мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық–мазмұндық  моделін жасау.

3.Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастырудың мазмұнын анықтай отырып, оны оңтайлы қалыптастырудың әдістемесін негіздеу.

4.Зерттеу нәтижелерінің  тиімділігін тәжірибелік эксперимент  жүзінде тексеру және оқу-әдістемелік  ұсыныстар беру. 

       Зерттеудің әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, тарихи, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтану, дене тәрбиесі және спорт  салаларындағы ғылыми, әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік арнайы деректік құжаттарды саралау; сұрақ-жауап, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, жапы білім беретін мектеп құжаттарын талдау, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс, статистикалық әдістер.

      Зерттеудің практикалық мәнділігі. Мектептің оқу-тәрбие үдерісіне:

- жалпы орта мектептерде  оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыруда  құндылық бағдар сипатындағы , оқу үрдісінде маңызды бағдарламалар, оқу-әдістемелік құралдар ұсынылды;

- оқушылардың дене  мәдениетін қалыптастыруда «Оқушылардың  дене мәдениеті мен спортқа  қызығушылық құндылық бағыттарын  қалыптастыру» әдістемесі жасалды;

дене мәдениетінен білім  мен тәрбие берудің  сыныптан тыс  сабақтарды және үйірмелерді ұйымдастыруға  байланысты мұғалімдерге арналған  әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;

зерттеліп отырған мәселеге байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар, жалпы орта мектептер, колледж және мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институттарының тәжірибесінде қолданысқа түсті;

- зерттеудің практикалық  мәнділігі ұсынылған қағидалардың  жүзеге асуына, оқыту формалары  мен әдістерін жетілдіруге, мектеп  оқушыларында дене тәрбиесін жетілдірудің жаңа бағыттарын айқындау және оны практикаға енгізу, мектеп оқушыларының шеберлігі мен шығармашылық дербестігін жетілдіру  мәселелері, жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру аясындағы маңызды көкейкесті мәселені шешуге мүмкіндік берді.

      Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыстары Қостанай облысы Әуликекөл селосының №2 Шоқан Уәлиханов атындағы қазақ мектепте іске асырылды.

       Курстық жұмыстың құрылымы. Зерттеу міндеттерін кезеңмен шешу логикасына сәйкес құрылды және ол кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

       Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, курстық жұмыс тақырыбының таңдалуы негізделді, зерттеудің нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдістері, теориялық және практикалық мәнділігі көрсетілді. Қорғауға ұсынылатын қағидалар түзілді, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен ендірілуі сипатталды.

      Қорытындыда зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері талданып, оларды пайдалануға байланысты әдістемелік ұсыныстар беріледі. 

 

 

I-тарау. Салауатты  өмір салтын қалыптастырудағы  дене

тәрбиесінің ролі

1.1.  Дене  мәдениеті

        Дене мәдениеті өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны Отан сүйгіштікке даярлауға қызмет етеді.

       Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев: «Спорт - игiлiктi iс. Спортта мiнез – құлық, мәдениет қалыптасады. Спортпен айналысқан адам ар ұятқа тиетiн iс жасамайды. Жастайынан дене тәрбиесімен шұғылданған адам бүкiл ғұмыр бойы табыска жетуге талпынады. Мен мұны өз тәжiрибемнен бiлемiн», - деуi тарих сахнасының төрiнен спорт қозғалысының өзiндiк орны бар екендiгiн делелдейдi.

Информация о работе Орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру