Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2014 в 18:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН ТЕКСЕРУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ............................................................................................... 6
Оқыту процесіндегі білім бақылаудың маңызы...................................... 6
Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық тексерудің түрлері... 11

2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ...................................................................................... 14
2.1 Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері............................... 14
2.2 Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері............................................. 21

Қорытынды.......................................................................................... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................... 28

Вложенные файлы: 1 файл

Береш Әсем.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

Автоматизм дағдыланулар оқыту, үйрету арқылы пайда болатынын бірақ әрекет қатар адамның зейінін жұмсауды керек ететінін айтамыз. Мысалы: жүру, жүгіру т.б. Автоматизмге айналған дағдыланулар өздігінен әрекет етіп, адамның сапасына бағынбайды, оның ықпалында болмайды. Көбінесе мұндай жағдай психикасы ауруға шалдыққан адамдарда болады. Мұндай әрекетер адамның кейде өте шаршағандығынан, зорыққандығынан, я болмаса бір жері ауырғандықтан өздігінен пайда болатын қимылдар жатады.

Автоматизмге айналған қимылдарға әдеттерді қосуға болады. Әдеттердің адамға пайдалылары да, пайдасызы да бар. Сондықтан балаларға пайдалы әрекеттерді сіндіріп, пайдасыз, зиянды әрекеттерді үйретпеу жағын көздеу керек. Мысалы, әдеттерге ерте тұру, уақытты дұрыс пайдалана білу, тапсырмаларды уақытында орындау, жұмысты жақсы істей білу, т.б. жатады. Дағдылануды сипаттарына қарай тағы да екіге бөлуге болады. Оның бірі - қимыл дағдылары; екіншісі интелектуал (ақыл-ой) дағдылары. Дене қимылы арқылы пайда болатын дағдыларды қимыл-моторика дағдысы дейді. Мысалы, билеу, конькимен сырғанау т.б. Дағдыланудың   бұл  түрінде   адамның  дене   мүшелері   қимылға  түседі. Интелект дағдылар адамның ақыл-ойымен байланысты. Мысалы, оқу үстінде шәкірттерді есепті дұрыс, әртүрлі жолдармен шығара білуді үйрететін дағдыландыру.

Дағды - әрекеттің адам бойында орнығуы әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, бала оқу-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.

  1. «Дағды, - деп көрсетеді психог С.Л.Рубинштейн «Қоянбаев Ж.Б. Педагогика - Алматы, 2002 - 383 б» саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады. Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендерден естіген іс-әрекеттерін көріп, бақылап оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды.

Білім, білік, дағды беріктігі - дидактика принциптерінің бірі. Білімнің саналы және берік меңгерулері арасында принципті үйлесімділік бар. Бастауыш сынып оқушыларының білімді берік әрі саналы меңгеруі үшін үйретілетін білімнің мазмұны, тілдің құрылысы ғылыми тұрғыдан дұрыс қалыптасуы тиіс. Сонда ғана білім әрі саналы, әрі берік меңгеріледі. «Білім негізі - бастауышта» деп бекер айтылмаған. Мысалы, дыбыс туралы ұғым беру әліппе кезеңінін өзінде-ақ басталады Бұл кезеңде дыбыс белгілі заттың атауында, белгілі бір ұғымды танытуда сөздің басында, сөздің аяғында және ішінде келтіріліп, оның айтылуы, естілуі түсіндіріледі. Осы мағлұмат бірінші класта қазақ тілін оқытқанда «дыбысты айтамыз, естиміз» деген ықшам ережеге айналады. Бұл ереже төртінші класта дыбыс туралы білім берілгенде де негізге алынады. т.с.с. Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны бақылау өте маңызды деп қарау керек. Өйткені бастауыш сынып оқушыларды үнемі назардан тыс қалдырмай, алған білім нәтижесін бақылаудың ең оңайынан бастап, күрделілендіріп отыру қажет. Сонда әр шәкірт өз еңбегінің жемісін көре біледі, сезеді, оны таразыға салып, тиімді жағын ойластыра бастайды. Өзін-өзі бақылауға ала бастайды, өзіне де, жан-жағындағыларға да сын көзбен қарай бастайды. Жаңа заман талабына сай енгізілген бақылау түрлерін қазақ тілі сабағында әр тақырып бойынша, көлемін сәл үлкейтіп тарау бойынша да, аралық т.б. түрліше етіп, баланы жалықтырмайтындай тексеру түрлерін өткізуге болады. Тест түрлерін әуелі оқушы жақсы ажырата білуі керек және оны пайдалану жолдарын да білгені шарт. Тестілеу арқылы арнайы бақыланған балалар тексерудің бұл әдісіне түсінгеннен соң  өзгереді де, соған икемделіп,  келесі сабақта өтілетін тестілеуге іштей дайындалып жүреді. Білім, білік, дағдыны тесті арқылы үнемі тексеруден кейде баланың қызығушылығы кемуі мүмкін.

«Сапа» ұғымы екі мағынада қарастырылуда. Біріншісі - стандартқа сәйкестігі, екіншісі - оқушының сұранысын қанағаттандыру (бұл 12 жылдық оқуға ауысудың бағдарламасында ескерілген ереже).

Бағалау - оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, біліктің және дағдының сапасын анықтау. Мектептің бастауыш сатысындағы оқу пәндері бойынша оқушылар білімінің оқу пәндері бойынша мемлекеттік міндетті стандартпен оқу бағдарламасына сәйкестігін тексеру, олардың білімді меңгеруіндегі кемшіліктерді анықтап, оны жетілдірі мақсатында жүргізілетін күнделікті бақылау.

Мониторинг түсініктері: байқау, сынау, сараптау, жетілдіру.

Бұлар «Оқушы-оқытушы» қатынасындағы ынтымақтастық, бірлігін жұмыс істеу шығармашылық одақта бөлу, бірге басқару сияқты қарым қатынастардың орнығуына ықпал етеді. «Оқушы - оқытушы» жүйесіндегі үздіксіз бақылау нәтижесінде оқушыны білімсіздіктен білімге қарай ұмтылдырады. Оқушылардың білімін бағалау білім берудің мазмұны мен мақсаттарын өлшейтін өзіндік құрал ретінде қарастырылады. Бастауыш білім мазмұнын игергендігін бағалау. Берілген мазмұнның міндетті стандарттық деңгейде игерілген білім көлемі арқылы жүзеге асады. Білім мазмұнын жаңалау және оқыту сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары жасалып, бекітілді және Базистік оқу жоспары жетілдірілді. Оқу бағдарламалары (1-4 сыныптар) баспадан шықты.

 

 

 

 

 

 

 

    1. Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық бақылаудың түрлері
  1. Педагогика ғылым саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын қортынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И.Шукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын қортынды және емтихан деген көзқарастарын білдірді. У.А.Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қортынды нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» «Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002 ж. 383 б.» оқулығында ол тақырыптық тараулар бойынша айтылып кеткен.

Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық меңгеруінің функциясы. Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психолгиялық, педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру және іске жұмылдыру.

Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер кейбір оқушы тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі, өрескел сөздер айтып, ескерту жасауға болмайды.

Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетіне ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту болуы тиіс. Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы өте қажет. Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады. Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылар білімді, іскелікті, дағдыны меңгеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми тәжірибелерді оқушылардың есіне салады.

Тараулар бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін беріледі.

Қорытынды бақылау барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптың және тарау бойынша тарау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және практикалық білімдері негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан және жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қортынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамсыз етіледі. Оқу процесін компьютерлендірудің жедел қарқынмен дамуы оқушылардың дайындық деңгейін анықтаудың бұрынғы сапалық сипаттау жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызып отыр. Ағылшын тілінде «Роіnt rаtіng» деп аталатын бұл жүйе бойынша оқушылардың күнделікті сабақ үстінде, сондай-ақ аралық және қортынды бақылау жұмыстары кезінде бағалары немесе ұпай санымен есептеліп, бір ортаға жинақталады.

Бақылау түрлерінің біріне тестілер де жатады. Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды, осы күнделікті әр кезеңдегі бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді

Ш.И.Амоношвили, В.М.Полонский М.Н.Скаткин, В.С.Цетлин, Н.В.Селезнев «Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы. - Алматы, 1987. 392-6.» т.б дидактиктердің және басқа да әдіскердің еңбектерінде айтылмыш екі мәселе жіктеліп, әрқайсысы жеке-жеке қарала бастады. Бағалау - бұл оқушынын оқу-тәрбие алу үрдісінід деңгейін көрсетті Оқушы программаны қаншалықты меңгергендігін мұғалімнің басқаларға көрсете білуі.

Бағалауға екі объект қатысады, мұғалім бағалаушы, оқушы бағаланушы. Бағаланушы пікірін, ойын сөзбен немесе сандық балмен білдіреді. Бағалаушы маман баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі, берген сұрағына айтылатын жауаптың моделін алдын ала болжамдайды, немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған, ешқандай қиындығы жоқ, сондықтанда оқушының жауабын бағалауға бағалаушы алдын ала даяр. Бағалау барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады.

Оқытудың негізгі технологиясында оқушылардың білімін тексерудің күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылау, аралық бақылау, қортынды бақылау сияқты үш құрамдас бөліктен тұратын кешені қолданылуда.

Күнделікті бақылау - оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады Тақырыптық бақылау оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы материалдармен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.

Күнделікті бақылау немесе ағымдағы бақылаудың бұл түріне әр сабақта күнделікті жүзеге асатын бақылау жұмыстары жатады. Бақылаудың бұл түрінін формалары: ауызша сұрау, тест тапсырмаларына жауап беру, қысқа-қысқа жазба жұмыстары, баяндама, есеп беруді тексеру.

Аралық бақылау. Бұл оқу материалдарының белгілі бір бөлімін немесе тарауын өткеннен кейін, мысалы қазақ тілінен фонетика, лексика бөлімдерін, сөз таптарынан зат есім, сын есім, сан есім, етістік сияқты көлемді тақырыптарды, оқыту әдістемесінің әр тарауын өткеннен кейін, солардың мазмұны бойынша жүргізілетін бақылау жұмысы. Тақырыптың көлемі мен күрделілігіне қарай, шамамен 10-15 сабақтан кейін бір аралық бақылау жұмысын алу қарастырылады.

Бақылаудың бұл түрінің формалары: қалыпты және бағдарламалық бақылау жұмыстары, мәнжазбалар, жаттығу тапсырмалар, тестілер.

Қортынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қортынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестік шешімі бойынша қортынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамсыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындау ең алдымен бақылаудың сенімділігін, оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.

Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау бағалау - педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады.   Олар   мыналар:   ауызша   баяндау,   (әнгіме,   жеке-дара,   топтық, фронтальдық сұрақ).

  • Жазбаша   бақылау   (диктант,   шығарма,   кесте,    сызба,    суреттер, 
    құрастыру).

 

  • Машиналы   бағдарламалар     (бақылау   карталарын,   дұрыс   жауап, 
    диафильмдерді қолдану).
  • Өзін-өзі бақылау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз 
    жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
  • Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес 
    формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі мұғалімнің оларды дұрыс 
    ұйымдастыруына байланысты.
  • Фронтальдық  (жаппай  бақылау)  жағдайында  барлық  оқушыларға 
    сұрақтар  немесе   мазмұны   бірдей  тапсырмалар   беріледі.   Оларды 
    орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық 
    сезім пайда болады. Бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарын өз ара тексеріп іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде құнды мотивтер қалыптасады. Топтық бақылауда белгілі   оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнің тапсырмаларын орындайды.

Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда тапсырмалар түрі (жазбаша бақылау жұмысы, тестілтк жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, шығарма, диктант, т.б.) немесе оқушылар әрекетінің бірі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру, т.б.) деп ұғынылады.

Білімді бақылау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі (әділдік, жан-жақтылық, жүйелілік, жеке даралық, диференциялық және тәжірибелік). Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) бұл субъективтік факторларды болдырмауды көрсетеді.

Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қортындылау, тақырыптық бақылау сабақтар бойынша балл қою т.с.с.

Жеке дара қатынас. Әрбір оқушының ерекшелігін бақылау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті, т.б.) қарастырылады.

Жан-жактылықты бақылау. Оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық дағдыны, бақылауды қамтамасыз етеді.

Дифференциалды қатынас. Әрбір пәннің ерекшелігін жекелеген білімдерін, сонымен бірге, оқушылардың жеке дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді. Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. Өзін-өзі бақылау олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі, дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Информация о работе Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ