Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2014 в 18:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.
Қазіргі таңда дүниежүзілік өркениеттілікке жету мақсатында білім беру мен тәрбие мәселесін гуманистік дәрежеге көтеруші, мәдени құндылықтарға қол жеткізуші, оны іске асырушы мұғалім. Жаңа ғасыр мұғалімі жаңа нарықтық экономика заманына сай құзырлы болу үшін үнемі ізденіс үстінде болуы қажет.

Содержание

КІРІСПЕ ......................................................................................................................3

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫСЫН ТЕКСЕРУ ӘДІСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ............................................................................................... 6
Оқыту процесіндегі білім бақылаудың маңызы...................................... 6
Білім білік дағдыны анықтаудың педагогикалық тексерудің түрлері... 11

2. Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ...................................................................................... 14
2.1 Бақылаудың бір түрі-тест және оны өткізудің әдістері............................... 14
2.2 Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері............................................. 21

Қорытынды.......................................................................................... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................... 28

Вложенные файлы: 1 файл

Береш Әсем.doc

— 324.50 Кб (Скачать файл)

Мысалы: 2 сыныпта есте сақтау қабілетін дамыту үшін қолданса болады. 

1. Айдалада ақ отау

Аузы, мұрны жоқ отау .                      1 .Түтін

2. Ақсандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды. 2. Таба нан

3. Көк көйлекті жеңешем

Көлбен -көлбең етеді.  3. Күн

4. Асты тас, үсті тас

Ортасында піскен ас 4.Жұмыртқа

Жауабы: 4, 3, 2, 1.

5. Толықтырмалық тест.  Бұл  тесте  жаттығу  құрамындағы сөйлемдердің кейбір сөздерінде тіркестері түсіп қалады. Түсіп қалған сөздер нөмірмен соңынан беріледі, оқушы сөйлемнің мазмұнына қарай қажет сөзді тауып, сөйлемді толықтырады. Мысалы 4 сыныптарға :

Еңбек етсең , тояды қарның ,

  1. ерінбей, жарылмай
  2. ерінбей, тіленбей
  3. жалықпай, жарылмай
  4. Өлшемдік тест. Бұл тест оқушының білім дәрежесін тексеру үшін жүргізіледі. Бүл тест бойынша бір сұрақтың бірнеше жауабы беріледі. Бірі толық, әрі дұрыс, екіншісі жартылай дұрыс, үшіншісі жартысынан азы дұрыс, төртіншісі дұрыс емес. Оқушы осылардың ішінен ең дұрыс жауабын тауып, көрсетуі керек. Мысалы 2 сыныпта «Зат есім» тақырыбында :

 Зат есім деген не?

  1. Заттың санын білдіретін сөздер;
  2. Заттың атын, қимылын білдіретін сөздер;
  3. Заттың атын білдіретін сөздер;

4. Затың атын, санын, кимылын білдіретін  сөздер.

Жауабы : 3)

Тест тапсырмаларының негізгі төрт түрі бар :

  1. тұйық;
  2. ашық;
  3. сәйкестерді табу;
  4. ұғымдарды ретке келтіру.

Бұл төрт норма оқу материалының түрі мен мақсатының тиімділігіне қарай таңдап альшады. Тұйық турі басқа формаларға қарағанда жеңілдеу болады. Сондықтан олар көбінесе тақырыптык, қортынды тексерулере қолданылады.

I. Тұйық тапсырма, яғни бірнеше жауаптың ішіндегі дұрыс жауабын 
табу.  Ереже бойынша жауаптың саны бесеуден аспау керек.  Жауапты 
қүрастырғанда оларды қысқа, мазмұнды, шындыққа жанасатындай етіп, 
қате жауап, көңіл аудара алатындай болғаны дұрыс.

Түйық тапсырманы орындау үшін мына нұсқауды орындаған жөн: тапсырманы және дұрыс жауаптың нөмірін көшіріп жазыңыз.

Мысалы: 4 сыныбында, әрі етістік, әрі есімдік кызметін атқаратын етістіктің түрі қалай аталады?

а) көсемше б) етіс

ә) есімше в) өзгелік етіс

Жауабы: ә)

II. Ашық тапсырма,  яғни жауапка жетіспей  тұрған  сөзді  немесе 
белгіні жазу. Бұл күрделі тапсырма. Тапсырмада пән бойынша берілетін 
терминдердің, үғымдардың игеру нәтижесі анықталады Ашық тапсырманы 
құрастырудың жолы мынадай: Сұрақ қойылады, оған толық және қысқа 
жауап жазылады. Сызықшаның орнына жетіспей тұрған сөзді жазамыз.

      Мысалы, мағыналық жағынан бір біріне жуық өзара мәндес сөздерді 

 дейміз.

III. Сәйкестікті табуға бағытталған тапсырмалар, яғни оқушы қағазы 
орналасқан сол жақтағы элементтердің сәйкестігін анықтайды Бұл - тестің 
күрделі түрі.

Тесті орындағанда сәйкестіліктің біреуі дұрыс табылмаса, тапсырма 
толығымен орындалмаған болып табылады.

Мысалы: 
1 .Септік жалғау а) терезеде

  1. Көптік жалғау ә)оқушымен
  2. Тәуелсіздік жалғауы б) дәптерлер
  3. Жіктік жалғау в) ұстазым

  д) барамын

Жауабы : 1-а, 2-б, 3-в, 4-д.

Бүл тестте оң жақтағы элементтердің көбірек болғаны дүрыс.

IV. Берілген ұымдарды терминдерді ретімен орналастыру. Бұл тест 
негізінен   ұйымдарды,   заңдылықтарды   игеру   деңгейін   тексеру   үшін 
қолданылады. Мысалы: сөздің құрамы элементтерден түрады:

1. Жұрнақ, 2, Жалғау, 3. Түбір.

  Жауабы: 1. Түбір   2. Жұрнақ 3. Жалғау.

Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жазамыз.

  1. Текст (мәтін)
  2. Буын
  3. Дыбыс
  4. Сөз тіркесі
  5. Сөйлем 
    Жауабы: 3,2,5,4,6,1:

Жауап тек нөмірмен жазылады.

Тест сұрақтарыы осылайша қазақ тілінің барлық салаларында оқушылардың білім деңгейін тексеруге дайьндауға мүмкіндік болады. Тест тапсырмалары белгілі бір тақырыпты бекіту, қайталау, пысықтау кездерінде мұғалім шеберлігіне қарай қолданылады. Оқушылар көбіне өткен материалдарды калай түсінгенің, ойлау белсенділігін, ой қорыту мүмкіндіктерін көрсетеді. Тақырьштың ыңғайына карай, сабақ соңында тесті пайдалану оқушылардың білімін (барлық оқушылардьң) бағалауға пайдасы мол болады. Тестілік жүмысты қазақ тілі сабағында пайдалану қажеттілігі арта бермек.

Ал жас мұғалімдерге қиындық кездессе «Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының мемлекетін стандарттарының ұлттық орталығы» шығарған «Қазақ тілі тестілер жинағы» кітапшасын пайдаланып отырса артық болмайды. Білім, білік, дағдыларын тексеру негізінен екі түрлі формада жүзеге асырылады:

  1. Ауызша сұрау;
  2. Жазба жұмыстары.

Қолданыста жүрген білім білік дағдысын тексеру мен бағалаудьщ «5» балдық жүйесі оның сапасын, дәрежесін анықтап белгілеуде барлық жағдайларда объективтік түрғыда қамтамасыз етпейді. Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.

Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модульдер бойынша жүргізіледі. Ол оқудың белгілі бір тараулары немесе бөліктері, болмаса күрделі тақырыптары аяқталған кезеңінде ұйымдастырылады.

Қазіргі экономикалық қиыншылықтарға қарамастан отандық білім беру жүйесі белсенді түрде дамып келе жатыр. Жаңадан иновациялық білім біру мекемелері қалыптасып, оқу ағарту ісінде жаңа технологиялар пайдаланылуда.

Себебі, бұрынғы дәстүрлі оқытудьщ әдістері барлық кезде тиімді бола бермейді. Сондықтан оқушыларға теориялық білімді ғана емес, практикалық дағдыларды меңгеретін оқытудың жаңа технологиясы жасалынуы керек.

Сонымен бүгінгі таңда тест қоры маңызды мәселелердің бірі болмақ. Ал   әрбір   тест   -   өз   максатында   қолданылып,   тақырыптық   тест блоктарының арасынан өзінің нақты орнын табуы одан да күрделі мәселе.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Жаңа материалдарды пысықтау кезеңіндегі өз бетінше жұмыстарды ұйымдастырудың дидактикалық негіздері.

Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушының назары оқу-танымдық әрекетке, жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталады. Мұның да белгілі заңдылықтары бар. Ғалымдардың айтуынша, материалдарды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол матриалдармен түрліше жағдайда ең кемінде алты рет   кездесуі керек.

Жаңа түсініктерді қалыптастырудың процесін оны меңгерту әрекет-тәсілін қалыптастыру мен дамытудан (ол сабақтың дидактикалық компонентінің екінші бөлігі) ажыратып алып қарауға болмайды.

Шын мәнінде, оқушы мұғалімнің сөзін дұрыс түсініп, қабылдауы үшін оның сөздік қоры мол болуы тиіс, байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп, мұғалімнің айтқанын   түсініп тыңдай білуі  керек.

Осыдан келіп, сабақтың екінші кезеңінде коммуникативтік топтарға жататын көптеген жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады.

Бірақ, сабақтың бұл кезеңінде тек коммуникативтік икемділіктер дамытылуы қажет деген түсінік тумайды. Мұнда, ең алдымен, логикалық икемділіктер-салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру қалыптастырылып отырады. Оқушылардың ойлау белсенділігін қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мұғалімдер оқытудың бұл кезеңде сабақ желісіне жалпы оқу шеберліктеріне есте сақтау, жаңа білімді меңгеру, мотивация сияқты іскерліктерді кірістіреді: негізгі ойды ажыратып ала білу, үлгі бойынша және творчествалықпен жұмыс істей білу, оқу материалдарын бөліктерге бөле білу, оқулықты пайдалана білу, қабылдауы үшін оның сөздік қоры мол болуы тиіс, байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп, сурет сызбалармен жұмыс істей алу, тез оқып, жақсы оқи ала білу, жылдам  жаза білу, сөздерді, ережелерді есте   сақтау, өлеңдерді оқи білу т.б. сияқты икемділіктерге үйретеді.

Сонымен бірге қорытындылау, жинақтау және жүйелеу - материалды жаңғырту мақсатымен қысқаша толық бейнелеп суреттеп көрсететін тапсырмалар жүйесін орындау арқылы жүзге асады.

Енді оқыту әдістеріне тоқталайық. Білім алу көзіне қарай оқыту әдістерін ғалымдар былайша топтастырады.

Оқыту әдістері сөз жүзіндегі әдістер болып бөлінеді.

Көрнекі әдістер, іс-тәжірибелік әдістер болып бөлінеді.

Сөз жүзіндегі әдістер: әңгімелеу, әңгіме дәріс, оқу - білімдік сайыс, оқулықпен   жұмыс.

Көрнекі әдістер: бақылау, байқау, бейнелеу, көрнекі құралдармен, бейне, көркем - сурет, құжатты фильмдерді көрсету, эксперимент.

Іс-тәжірибелік әдістер: жаттығу, жазба жұмыстары, сызба, графиктік, машықтану жұмыстары.

Оқыту әдістерін оқушылардың ойлау әрекетінің, қызметінің тәсілдері   бойынша топтастыру.

Оқыту әдістері: түсіндірмелі иллюстративтік, репродуктивтік, жеке (жартылай) ізденіс эвристикалық зерттеушілік.

Оқыту әдістерін топтастыру: М.А.Данилов. В.П. Есипов. «. Нүржан Ж. Қазақ тілін оқыту технологиясы. - Алматы, 2004 - 439 б.»

Мұғалімнің білімді ауызша баяндау, оқушылардың танымдық белсенділігін  арттыру  әдістері:

- әңгіме, түсіндіру, дәріс, бейнелеу мен керсету;

Өтілген материалды бекіту әдістері:

- әңгіме, оқулықпен жұмыс:

Жаңа материалды меңгеру, қабылдау, түсіну саласында оқушылардың өз   бетінше істейтін жұмыстарының әдістері:

- оқулықпен жұмыс, зертханалық  жұмыс;

Алған білімдерін іс-жүзінде қолдану үшін дағды  мен  икемділігін қалыптастыру үшін оқу жұмысында қолданатын әдістері:

- жазбаша және іс-тәжірибелік  жаттығулар;

Оқушылардың білімін, икемділігі мен дағдысын тексеру мен бағалау әдістері: күнделікті бақылау, оқушылар жұмысын ауызша сұрау.

Сабақтың бағалау, баға қою, тексеру, бақылау жұмысын, үй жұмысын тексеру, программалық бақылау.

Мұғалімнің білімді ауызша баяндау, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдістері.

Өтілген материалды бекіту әдістері.

Жаңа материалды меңгеру, қабылдау, түсіну саласында оқушылардың   өз   бетінше   істейтін   жұмыстарының   әдістері.

Ал өз бетінше жұмыс дегеніміз не? Ол туралы ғалымдардың пікірі қандай?

  1. Оқыту процесі - екі жақты процесс болғандықтан, оқушылардың өзіндік жұмысы оқытушының басшылығымен қатар оқушылардың дербестігін, олардың қызығып, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар (Р.Г.Лемберг, М.Н.Скаткин т.б. «Қозыбаев С. Педагогика.- Алматы, 1999 - 274 б.» оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері - олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп санайды.

Жоғарыдағы авторлардың пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмысына, мұғалімнің тапсырмасы бойынша, олардың өздері ықпал жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғары формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызады.

1. Оқушының жалпы оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты қолданатын  тәсілдері: жоспарлау, уақытты дұрыс пайдалану, оқу мен тынығу тәртібін ұйымдастыра білу, өз жұмысын бақылау т.б.

2. Оқуға    тікелей байланысты қолданатын тәсілдер:  жаңа  білім мен дағдыларды меңгеру және өздігінен жұмыс істеу. Осылардың ішінде ерекше орын алатыны - оқу материалымен жан-жақты жұмыс істей білу дағдысы: материалдың мазмұнын талдау, ондағы ең негізгі мәселені басқаларынан айыра білу, оларды салыстыру, топтастыру, жүйелеу, кестелер, сызбалар қолдана білу тәсілдері.

Оқу-танымдық өзіндік жұмыстарды дидактикалық шарттары мен ерекшеліктеріне қарай бес топқа жіктеуге болады:

  1. Жаңа теориялық білімді игеруге  арналған өзіндік жұмыстар.
  2. Жаңа эмперикалық және практикалық білім алуға арналған 
    өзіндік жұмыстар.
  3. Білім және дағдыны қалыптастыруға арналған өзіндік жұмыстар.
  4. Шығармашылық бағыттағы өзіндік жұмыстар.
  5. Алған білімдерін бекітуге және жүйелеуге арналған өзіндік жұмыстар.

1. Жаңа теориялық білімді  игеруге арналған өзіндік жұмыстар. Өзіндік жұмыстардың бұл тобының дидактикалық шарттары мен ерекшеліктері мен теориялық білім, оның кәсіби әрекетіне, байланыстылық дәрежесіне қарай анықталады. Мұндай жұмыстарға өз бетімен әдебиеттерді оқу, жоспар құру, логикалық тапсырмаларды орындау, өз бетінше әңгіме жазу, ғылыми түсініктер қалыптастыратын түрлі жұмыстар жасау.

Көрсетілген жұмыстардың дидактикалық шарты мен негізін ерекшелігі - оны басқарудағы педагог әрекетіне байланыстылығы. Оқытушы жаңа, түсініксіз болған терминдердің мағынасын оқушыларға түсіндіріп, қажет болған жағдайда бұрын айтылғандарды естеріне түсіру, бағыт беру керек.

Өзіндік жұмыс істеу шеберлігімеи дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезегінде шығармашылық және практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау процесіңде қалыптасады.

Оқушылардың білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылық ұмтылысына, мәдениеттілігіне дұрыс ұйымдастырылған оқу ісінен тыс өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізе алады.

Ю.К.Бабанский «. Бақтыбаева С. //Білім деңгейін анықтаудағы педагогикалық бақылау. Қазақ тілі мен әдебиеті. № 5, 2002 ж.» мұғалімнің кәсіптік дағдылары мен білімдері жөнінде тоқтала келе, оларды былай анықтайды:

"Мұғалімнің кәсіби дайындығының негізін білім қалайды. Ол әр түрлі жағдайларда белгілі мақсаттарды шешуге бағытталған, өзара қарым-қатынаспен байланыста болатын мұғалімнің жүйелі түрде жүргізетін  қызметі. Дағды ұғымымен салыстырғанда білімділік мұғалімнің әрбір іс-қимылынан байқалып, оны саналы түрде оқушылардың ой-өрісін   шығармашылық  деңгейіне жетелеп отыруы. Мұғалім басқа мамандарға қарағанда өз білімі мен жұмыс әдістерін жиі жаңартып отыруы керек.   Сондықтан да ол педагогикалық қызметте жоғары деңгейдегі дағдылар   мен білімділікті көрсетіп отыруы тиіс ".

Информация о работе Тестілеу арқылы оқушылардың білім, білік Дағдысын тексерудің МАҢЫЗЫ