4-5 жастағы балалардың ойлау қабілетіне ойынның тигізетін әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу объектісі: ойындар - балалардың ойлау қабілетін арттыратын.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды зерттеу.
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыр мағынасын іріктеу.
Ойын арқылы балалардың ой-қиялын дамытуын көрсету.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

1 тарау. 4-5 жастағы баланың ойлау қабілетінің дамуына ойынның тигізетін әсері..............5
1.1 Қабілетті қалыптастыру жолдары..............................................................................5
1.2 Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы.....................................7
1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру..............................................10

2 тарау. 4-5 жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар........................................................................................................................15
2.1 Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамытатын ойындар топтамасы.....................................................................................................................................15
2.2 Ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс-әрекеті...........................................................................................................................................19
2.3 Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған ойындар..................................25

Қорытынды...................................................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі.............................................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Шырынбек Арайлым курсавой.docx

— 346.26 Кб (Скачать файл)

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе.............................................................................................................................................3

 

1 тарау. 4-5 жастағы баланың  ойлау қабілетінің дамуына ойынның  тигізетін әсері..............5

1.1 Қабілетті қалыптастыру  жолдары..............................................................................5

1.2 Дидактикалық ойын - бала  білімін берік меңгерту құралы.....................................7

1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру..............................................10

 

2 тарау. 4-5 жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар........................................................................................................................15

2.1 Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамытатын ойындар топтамасы.....................................................................................................................................15

2.2 Ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс-әрекеті...........................................................................................................................................19

2.3 Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған ойындар..................................25

 

Қорытынды...................................................................................................................................29

Пайдаланған әдебиеттердің  тізімі.............................................................................................30

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмысының  өзектілігі. Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

Ойын - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі.

Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.

Ойын - бала және балалар ұжымының дамуында, мектеп жасына дейінгі кезеңде үлкен роль атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.

Сондықтан кез-келген сабақты өткізу үшін дидактикалық ойындар қолдана білу керек. Мысылы «Сауат ашу» оқулығында тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар.

Ойын теориясына маңызды  үлес қосқан Н.Крупская. Бала ойындарының  әлеуметтік ерекшеліктерін, өмір құбылыстарының әсерін ескере отыра, ол ойында ең алдымен  қоршаған ақиқат пен онымен байланыс туралы әсері мен елестетуді кеңейту  құралын көрді.

«Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған ойындар ерекше мағынаны білдіреді: оларға ойын – оқу сияқты, оларға ойын – еңбек, оларға ойын - тәрбиелеудің салмақты түрі. Ойын мектеп жасына дейінгі  балаларға – қоғамды тану әдісі» - деп жазды.

Ойынның негізгі ерекшелігі – бала айналадағы ортасын қимылмен, адамдардың қызметімен қайтарады. Ойында бөлме теңізбен, орманмен, метро станциясымен және темір жол вагонымен болуы мүмкін.

Осындай ойынның сипаты барлық басқа ойын қызметі түрлерінен айырады  және өнермен жақындастырады. Ойнағанда, балалар бөлмеде қалғанда теңіз бетінде қалқиды, оны жеңу қуанышын және қорқыныш сезімін уайымдайды. Ер жүрек ғарышкерлер сияқты, айға ұшады және қайтып келеді. Оқиғалар ертегідегі сияқты «күндермен емес, сағаттармен» дамиды [1].

Ойындық қызметінің тағыда бір ерекшелігі - оның өз күштерімен әрекет етуші мінез-құлығы. Балалар  ойын жаратушылар және жасаушылар болып  келеді. Ойында бала әрекеттермен және бейнелейтін батыр сезімдерімен өмір сүреді.

Үнсіз балалар ойнамайды. Бала өзі қалса да, ол ойыншықпен әңгімелеседі, ойында ойдағы қатысушысымен  дидарласады, өзінің және шешенің атынан немесе науқас не дәрігер атынан сөйлейді және т.б. 

Сабақты жоспарлағанда тәрбиеші балаларды қызықтыру үшін қандай оқу әдісі ыңғайлы болады деп ойлайды. Осындай сұрақтарды шешуінде ойын әдісі жақсы көметеседі. Ойын әдістерін пайдалануы сабаққа қызықтыруын ашады, балалардың назарын негізгіне шоғырлайды.

Ойын - оқытуда жаңа технологияның  маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір түрі.

Осы заманғы педагогикалық процесте қолданылатын әдістер саны, түрі орасан көп. Бірақ, балалар бақшасында оқыту  барысында ойын негіз болып табылады. Сондықтан, ойынды мектеп жасына дейінгі  балалармен өткізуін терең зерттеу  керек, өйткені, оқыту процесінде ойындық  қызметі өзекті проблема болып табылады.

 

Зерттеу жұмысының мақсаты: ойын арқылы 4-5 жастағы баланы даму, жетілу, қозғалу, қызықтыру ерекшелігін зерттеу және оқыту процесінде ойын әдісін ашу.

Зерттеу объектісі: ойындар - балалардың ойлау қабілетін арттыратын.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
  2. Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды зерттеу.
  3. Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыр мағынасын іріктеу.
  4. Ойын арқылы балалардың ой-қиялын дамытуын көрсету.

Курстық жұмысының құрылымы мен көлемі: курстық жұмысы кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

1 тарау. 4-5 жастағы  баланың ойлау қабілетінің дамуына  ойынның тигізетін әсері

 

 

1.1. Қабілетті қалыптастыру  жолдары

 

 

Адамның қоршаған орта ерекшеліктеріне  икемделу, білім мен іскерлікті меңгеру  оның қабілетіне байланысты. Қабілет дегеніміз адамның білімді, іскерлікті тез және сапалы меңгеруі. Жаңа туған баланың қоршаған ортаны, өзін-өзі танып білуге қабілетінің нышандары генотипінде болады. Осы нышандар қасиетке айналу үшін бала адамдар арасында өсіп, күнделікті тіршілік барысында қарым-қатынас жасауға, қоршаған ортада өзін емін-ерік сезінуге негіз болады. Барлық адамға тән іс-әрекет түрлеріне адамның қабілеті өз өмірінде қалыптасады.

Қазірде, дамыта оқыту баланың таным процестерін дамытып, барлық іс-әрекет түріне қабілеттілігін қалыптастыруға үлкен ықпал жасайды. Оқу барысында баланың танымдық қабілетін дамыту жолдарын зерттеген И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Д.Б.Занков, М.И.Махмутов, Б.Тұрғынбаева, К.Бозжанова т.б. ғалымдар осы проблеманы жан-жақты зерттеген. Б.М.Теплов қабілет табиғаты және оны қалыптастыру жолдарын анықтаған [2].

Қабілеттің дамуына әсерін тигізетін факторлар өте көп. Олардың әрқайсысының тигізетін  әсері өте мол.

Қабілеттің ойдағыдай  дамуы адамға тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына  байланысты. Баланың білімі тереңдеп, икемділігі артып, дағдысы көбейе түссе, оның қабілеті де ойдағыдай (дамуы үшін) дамып отырады. Мәселен, кейбір тәрбиешілер балалар үлгеріміне көңілі онша тола қоймайды. Ол баланың бар мүмкіндігімен жұмыс істемейтіндігін айта келіп, егер ол бар ынтасымен кірісетін болса, бұдан да гөрі жақсы оқи алар еді-ау деп қынжылады. Бұл жерде тәрбиеші қолынан істесе, іс келетін, дағдыға тез машықтанғыш баланың, қажырлы әрекетке бостын жөнді ұсына алмағандықтан, қабілетін жөнді көрсете алмай отырғанын айтып отыр.

Оқу-тәрбие процесінде қабілет, білім, дағды, ептілік сияқты психологиялық  ұғымдарды өз мәнінде түсіне алмау  тәрбиешілерді педагогикалық қателерге ұшыратуы да мүмкін. Мұны дәлелдейтін мысалдар көп.

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі  болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы (түрі) қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Адамның істеген ісі мен  әрекетін бағалап көрмей тұрып, оны  сол іске қабілетті не қабілетсіз деп келіп айтуға болмайды.

Қабілет негізінен екіге  бөлінеді. Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез  келген адамнан табылатын қабілет  жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық, зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.

Іс-әрекеттің және салаларында  ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына  мүмкіндік беретін қабілетті  арнаулы қабілет деп атайды. Бұған  суретшінің, музыканттың, актердің, спортшының, математика - ғалымның, ақын-жазушының  қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы  кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған  ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас бөлінеді [3].

Адам қабілетінің дамуы  қоғамның дамуына, оның әлеуметтік сипатына ғылыми-техникалық прогреске байланысты болып отырады.

Адамдардың қабілетінде  және адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі  айырмашылқтар олардың істеген  істерінің нәтижесінен, немесе онық сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты  танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бестімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық  пен бестімділік сапаларының  үнемі өзара үйлесім тауып, бір  бағытта тоғысып отыруы өте қиын. Оған түрлі жағдайлар да себепші  болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ  ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім  тауып, қабыса алады.

Адам қабілетін аз, көп  деп сан жағынан өлшеудің ғылымға  қажеттігі шамалы. Өйткені алғашқы  кезде түрлі себептеріне көріне алмаған қабілеттің оның есейген  шағында көрінуі де ғажап емес.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалылық көріністер беруі қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, басындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды болуы ықтимал. Бұл мысалда да бірінші адамның іске қабілеттілігі екіншіге қарағанда әлде қайда жоғары екендігі көрініп тұр.

Қандай да болмасын бірер  нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Тәжірибе мен  парасат адамдардың тең емес екенін дәлелдейді дегенде теңдік деп адамдардың қабілеттерінің теңдігі немесе дене күштері мен рухани қабілеттіктерінің  бірдейлігін түсінеді.

Қабілеттердің дамып қалыптасуы әр түрлі деңгейде жүріп отырады. Мәселен, оның алғашқы деңгейін репродуктивтік десе, екінші, негізгі деңгейін шығармашылық қабілет дейді. Бірінші деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті  дәрежеде іске асыруда икемділік  көрсетсе, екінші деңгейде жаңа сапаны туынды жасай алу мүмкіндігін  көресетеді. Қабілет жалпы, арнаулы  және тәжірибелік, ал соңғысы ұйымдастырушылық, мұғалімдік болып бірнеше түрге  бөлінеді. Адам тіршілік иесі, оған қоса ол жаны бар нәрсе ретінде табиғи күшке, өмір қуатына ие, әрекетшіл  тіршілік иесі онда бұл күштер нышан  мен қабілет түрінде өмір сүрді  дейді К.Маркс. Ғылым осы тұрғыдан қабілеттердің дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн [4].

Әрбір адамның іс-әрекеті  орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге  әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне  байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.

Қабілеттіліктің өлшемі –  белгілі бір істің нәтижелі болып  орындалуында. Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының  біріне жарамдылығын жақсы көрсете  алады. Белгілі бір істі үздік  орындауға мүмкіндік беретін  адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің  қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің  синтезін қабілет деп атайды.

Қабілеттің дамуы оны  қажет ететін қызымет саласында  және әрекетпен үйрену үстінде көрініп  отырады.

Ұнамсыз сапаларын айқын  ажырата аларлық деңгейде болуы  керек. Адам қабілетінің даралық  ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі  бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында  өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен  танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади тәрізді басқа да таланттарадан  есімдері осы кезге дейін ел есінде. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның  нақты бір істі нәтижелі орындаудағы  қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің  өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір  пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге  де жетеді.

Информация о работе 4-5 жастағы балалардың ойлау қабілетіне ойынның тигізетін әсері