4-5 жастағы балалардың ойлау қабілетіне ойынның тигізетін әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2013 в 12:35, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу объектісі: ойындар - балалардың ойлау қабілетін арттыратын.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
Тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік құралдарды зерттеу.
Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыр мағынасын іріктеу.
Ойын арқылы балалардың ой-қиялын дамытуын көрсету.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................................................3

1 тарау. 4-5 жастағы баланың ойлау қабілетінің дамуына ойынның тигізетін әсері..............5
1.1 Қабілетті қалыптастыру жолдары..............................................................................5
1.2 Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы.....................................7
1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру..............................................10

2 тарау. 4-5 жастағы балаларға қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған ойындар........................................................................................................................15
2.1 Балалардың ойлау қабілетін ойын арқылы дамытатын ойындар топтамасы.....................................................................................................................................15
2.2 Ұлттық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыратын іс-әрекеті...........................................................................................................................................19
2.3 Баланың логикалық ойлауын дамытуға арналған ойындар..................................25

Қорытынды...................................................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттердің тізімі.............................................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

Шырынбек Арайлым курсавой.docx

— 346.26 Кб (Скачать файл)

Адам қабілетіндегі, дарындылығы  мен таланты одан әрі дамып, данышпандық  қасиетін тудырады. Бұл – адамның  ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы  қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге  қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі  мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады [5].

Қабілетке қатысты мәселелерді  қорыта айтсақ, қабілет – адамның  даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы анықтала бастады.

Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің  ерекшеліктеріне де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін И.П.Павлов адамға тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші  сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, оны «өнерлі тип», ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым болса, «ойшіл тип» деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің әрекеттің кез  келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне ауысып, өзгеріп  отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен  байланысты деп көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің  оқу, ойын барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген [6].

 

 

1.2 Дидактикалық ойын - бала білімін берік меңгерту құралы

 

 

Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен  еліміздің білім беру саласының  әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен  оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.

Жаңа заман баласын  қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын  анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің  дамуына жағдай туғызу қажет. Баланың  қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті  болмақ. Яғни, баланы тәрбиелеуді мектеп жасына дейінгі аралықта бастасақ жөн  болар. Өйткені мектеп жасына дейінгі кезең тәрбиені меңгерудің табалдырығы іспетті. В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады [4.79 б]. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Мәселен, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі [7].

Мектеп жасына дейінгі  баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет - ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез-құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағаланған. Ойын негізінен балаларға дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды құралы.

Баланың танымын алғашқы  күннен бастап дамыту құралы да, балада оқу мен білімнің, тәрбиенің негізін  қалыптастыратын да-ойын әрекеті  болып саналады.«Қай ғылымды алмайық  өздерінің жетекші әрекеті ол - ойын» деген сипаттама береді, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан  да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Орыс педагогы В.А.Сухомлинский: «Ойын  баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес»-десе, ғалым Е.А.Покровский өзінің балалардың ойындарына арнаған  еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей  халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды- деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп-тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды [8].

Ойын - баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән–мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойынның түрлері көп, соның ішінде маңыздысы – дидактикалық ойын. Бұл ойынның пайдасы баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қоюында. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым–қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін сияқты асыл қасиеттерді тәрбиелеуге де көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның міндеті - баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру. Мысалы, геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар. Мақсаты: балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету. Көрнекілік: ою-өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер. Барысы: Балалар геометриялық үшбұрыш, шаршы, дөңгелек және тағы сол сияқты фигураларды пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс. Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды:

а) дөңгелектерден біреуін  артық етіп, үшбұрыштарды қойыңдар.Үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді;

б) мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар. Бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді;

в) дәл осындай пішінді  көрсетіңдер. Дөңгелекті көрсетеді  және осыларға сәйкес тапсырмаларды  көрсетіндер. Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады. Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді. Міне, осы сияқты дидактикалық ойындар негізінде баланың ойлау жүйесі, ақыл-ойы қалыптасады [9].

Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Дидактикалық ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті - баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Осындай ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болды [10].

Бұл ойындарды тәрбиешінің  шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген  материалды қайталағанда, білімді тиянақтау  кезінде іс-әрекеттің мазмұнына  сай пайдалануға болады. Сондықтан, мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін  ажырата білуін дамыта түсу үшін өте  қажет. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойнау арқылы белгілі бір білім, білік, дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар.

Әр ойынды өткізген кезде  тәрбиешіге шығармашылық қажет. Яғни балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік асыл қасиеттермен қатар, білімге, өнерге деген құштарлығы қалыптасады. Тіпті нашар оқиды-ау деген оқушылардың өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зер салып, ынталана түседі. Ойын - адамдардың қарым-қатынас, кәсіби және жанұялық өмірдің мектебі болып табылады. Балалар ойын арқылы барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, жолдастарымен жақындасуына көмектеседі. Сондай-ақ, бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Бұл баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Бұған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:

а) ойын - тәрбие құралы арқылы, ақыл-ойды кеңейтеді, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді.

ә) ерік және мінез қасиеттерін  бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

б) ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі.

в) эстетикалық тәрбие беру құралы

г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.

д)дене күшінің жетілуіне  көмектеседі.

Дидактикалық ойын - балалар үшін оқу да, еңбекте. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Сондай-ақ, балалар өздерін ізденімпаз, тапқыр етіп көрсеткісі келеді. Әсіресе, түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау, зеійн қою сияқты таным үрдістері дамуына жол ашады. Демек, ойын - баланың өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты [11].

 

 

1.3 Ойын арқылы балалардың ойлау қабілетін арттыру

 

 

Ойын барысында бала алған  білімін толықтырумен қатар, өмірдегі таныс жағдайларда эмоционалды  жағынан уайымдайды немесе ойлайды.

Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу  және ақыл-ойы мен шығармашылық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мүның мәнісі, жеке тұлғаға біртүтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші  қызметі - оқушыларға білім беру.

Тіл дамыту, сауат ашу  сабақтарында да ролдік, сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Ролдік ойындар мектепке дейінгі балалармен өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу мүмкін. Сюжетті-рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді, ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

«Ұлттық қазақ ойындары: «Қыз қуу», «Орамал тастау, «Асықтар», «Бәйге» ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Мен өз тәжірибемде ойындарды көп қолданамын. Сабақ барысында да, күннің жартысында да жүргіземін.

Баланың тілін жетілдіру  үшін оны әңгімеше тарта отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен  толықтырып, түсінігін молайту қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын айта отырып та байытуға балады. Мысалы: «Қуыршаққа қонаққа бару», «Мен кіммін», «Қуршақты киіндіреміз», «Шарбақты құрастыру», «Көлемі бойынша қой» деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Мен кез келген ойын түрлерін сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты - бір нәрсе жайында сұралап, баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Рөлдік ойындар 4-5 жастағы балалар өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақа та, қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті-рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді. «Шаштараз», «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады. Педагок өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөльді ойындарының одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс [12].

Қойылымдық ойындарда  рольдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен мазмұны  шарттас болады. Ол сюжетті-рөльді ойынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертек айтып берсең бар ынтасымен тындайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады.

Құрылымдық ойындар - балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.

Дидактикалық ойындар  кішкене балаларға меилінше тән  оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нерсені  үйрететін ойындарды жасаған  халық педагогикасына жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» - деген ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-қалпақтың астында не бар екнін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады.

Информация о работе 4-5 жастағы балалардың ойлау қабілетіне ойынның тигізетін әсері