Басу формаларын жасауға арналған пластиналар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 11:53, лекция

Краткое описание

Осы таңда басу формаларын жасау үшін негізінен алғанда екі технология пайдаланады. Біріншісі – дәстүрлі. Онда фотоформадағы бейне-кескін көшірмелеу рамасында формалық пластинаға көшірмеленеді де экспозицияланған пластина қолмен немесе процессорда айқындалады. Екінші жаңа технология, «компьютер – басу формасы» атпен белгілі. Басылым парағындағы бейне-кескінді бірден формалық пластинаға жаздыруға мүмкіншілігі бар, яғни технологиялық тізбектен фотоформа алынып тасталады. Одан кейін пластинаны процессорда өңдеу жүргізіледі.

Вложенные файлы: 1 файл

Басу формаларын жасауға арналған пластиналар.docx

— 278.77 Кб (Скачать файл)

2) Термоөңдеу – арнайы пештерде жоғарғы температурада таралым тұрақтылығын жоғарылату мақсатымен пластиналарды өңдеу;

3) Гуммилау – басу формасының барлық бетін арнайы қорғаныш қабатымен жабу. Алюминий бетінің (ашық жол элементтердің) күні бұрын тотығуын және ластануын болдырмайды да дайын формаларды сақтау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді;

4) Ылғалдау (формалық пластина сипаттамалары тараушасының 8-пунктін қара);

5) Экспозициялау. Басу формаларын жасау кезіндегі бірінші және негізгі операция ретінде фотоформалар монтажы арқылы формалық пластинаны экспозициялау болады. Экспозиция кезінде басу мен ашық жол элементтерінің фотохимиялық реакциясымен ажыратылуы нәтижесінде диапозитивтегі бейне-кескін көшірмелеу қабатына түседі.

Экспозиция  кезінде көшірмелеу жабдығы маңызды  рөл атқарады, сондықтан көшірмелеу жабдығына белгілі бір талаптар қойылады:

Біріншіден, көшірмелеу рамасындағы жарық көзінің нұрлану толқын ұзындығы көшірмелеу  қабатының спектралдық сезгіштігіне сәйкес келу керек. ОНХД негізіндегі қабат үшін нұрлануы УК-спектр зонасы 400-420 нм болатын металлгалогенді лампалары бар рамалар жарамды;

Екіншіден, раманың ортасынан шетіне қарай жарықталу төмендеуі 20% -дан аспау керек. Бұл үлкен форматты пластиналарды экспозициялау кезінде ерекше актуалды. Өйтпесе пластина шеттері экспозицияланбай қалады. Пластинадан жарық көзіне дейінгі арақашықтық пластина диагоналынан кем болмау керек;

Үшіншіден, көшірмелеу раманың вакуумдық жүйесі пластинаның көшірмелеу қабатымен диапозитивтің толық түйісуін қамтамасыз ету керек. Егер диапозитив пен формалық пластина арасында ауа көпіршіктері қалатын болса, онда бейне-кескін толығымен көшірілмейді, нәтижесінде формада ақ дақтар болады.

Экспозициялау кезінде пластина көшірмелеу рамасының  ішіне салынады, оның үстіне диапозитивтер  монтажын эмульсиялық жағымен көшірмелеу қабатына салады. Монтаж бен формалық пластинаның беттесуін штифтер  немесе белгілер бойынша жүргізеді. Штифтер немесе белгілер форма мен  клапан ортасынаа орналасады. Монтаждық  кесілетін аясынан әрі жерінде  формалық процесті жедел бақылайтын шкала – 11 -өрістік сенситометрлік жартылай реңкті шкала СПШ-К және растрлық шкала РШ-Ф салынады. Тест-объектті де пайдалануға болады. Басқару пультінде  экспозиция бағдарламасы вакуумды тудыру уақыты, қосымша (шашыратқыш пленка астындағы) және негізгі экспозиция уақыты белгіленіп қойылады.

Фотоформа мен  көшірмелеу қабатының арасында толық  түйісу болу үшін көшірмелеу рамасынан  ауа біртіндеп сорылу керек, өйткені  ваккум тудыру уақытына пластинаға монтаждық  басылым жату дәрежесі мен біркелкілігі байланысты.

Негізгі экспозиция басу мен ашық жол элементтерінің фотохимиялық бөлінуін тудыру керек.  Ашық жол элементтерінен көшірмелу  қабатын толығымен бөліп алып тастау керек.

Негізгі экспозиция  уақытын былай етіп таңдап алу  керек. Сенситометрлік шкаладағы  СПШ-К 4-5 аядағы көшірмелеу қабатының толық  ыдырауын қамтамасыз ету қажет.

Негізгі экспозициядан  кейін, шашыратқыш пленка арқылы қосымша  экспозиция жүргізіледі. Бұл кезде  диапозитивтер (фотоформалар мен монтаждар) шеттерінің, жабыстыру ленталарының және т.с.с іздері жойылады, яғни  формаларды түзету жұмыстарының көлемі азаяды. Әдетте, шашыратқыш пленкамен  экспозициялау уақыты негізгісінен үштен бірінен аспау керек. Бірақ  қосымша экспозициямен өте мұқият болу керек, өйткені, бейне-кескіннің  кейбір деталдары формада  қайта  шықпай қалуы мүмкін (олар жабыстыру  лентасының және т.с.с. іздерімен бірге  жойылып кетуі мүмкін). Бұл жағдайда оның уақытын азайту керек, негізгі  уақыттан 10%-дан асырмау қажет. Жоғары көркемсуретті жұмыстарды орындау  кезінде қосымша экспозициядан  мүлде бас тарту керек. Фотоформаның түзетуін қолмен жүргізу абзал. Әйтпесе  ең майда басу элементтері – диффузиялық  жарықтағы растрлық нүктелер жойылып  кетуі мүмкін.

Басу формасын жасау алдында пластина сапасы, монтаж сапасы тексеріледі, жұмысқа раманы былай әзірлейді: көшірмелеу рамасының  әйнегін мұқият тазартып шүберекпен сүртеді.

Көшірмелерді  өңдеу арнайы процессорларда жүргізіледі. Процессорда мына операциялар орындалады: айқындау, жуу, кептіру. Өңдеудің технологиялық  уақыты бірнеше минут. Айқындау сілтінің судағы ерітіндісі көмегімен жүргізіледі.

Айқындау  процесі кезінде ашық жол элементтері  бұзылады, ал басу элементтері илемделеді. Одан әрі қарай басу формасын кептіреді. Одан соң форманы түзетеді. Түзеткі  арнайы корректуралық қарындашпен, мысалы «гель-позитив» қарындашының көмегімен  жүргізіледі.

Дайын басу формаларын сынамалық басу бөліміне жіберіледі.

6) Пластиналарды өңдеу. Экспозицияланған формалық пластиналарды өңдеу қолмен немесе процессорды автоматты режимде жүргізілуі мүмкін;

7) Қолмен өңдеу. Экспозицияланған (айқындалған, жуылған, қорғаныш пленкалары түсірілмей) пластинаны қолмен өңдеу кезінде раковинаға айқындауыш ерітіндіні құяды да, пластинаны ерітіндіге салып, губкамен біркелкі етіп, пластинаның барлық бетін жуады. Айқындауыш әсерінен ашық жол элементтеріндегі көшірмелеу қабаты ериді де алюминийлік негіз бетін жалаңаштайды. Процестің бұл кезеңінде айқындауыш температурасына көп көңіл бөлген жөн: ол 23 20 С шамасында болу керек. Өте төмен температурада айқындау уақыты өседі, ал өте жоғары температурада айқындау уақыты өседі, ал төмен температурада айқындауыш тез өзінің концентрациясын жоғалтады. Ашық жол элементтерінен көшірмелеу қабаты толығымен бөлініп алып тасталған жағдайда айқындау процесі аяқталды деп есептейді.

Одан кейін  айқындалған пластинаны сумен жуып шаяды, онда қабат толығымен жуылып шайылады,  ашық жол элементтерінің бетінен айқындауыш қалдықтарының  бәрі жуылып шайылады. Жедел бақылау  шкаласының қайта шығарылу сапасын  көзбен қарап визуал бағалайды, ашық жолдардың тазалығын визуал қарап  тексереді. Ақауларды – диапозитив шеттерінен қалған іздерді, жапсырма іздерді, крестерді және т.б. қажетсіз элементтер іздерін – байқаған кезде форманы  «плюс» және «минус» корректорлық қарындаштар  көмегімен түзетеді. «Плюс» қарындашы  жетпейтін детальді жеткізеді, ал «минус»  қарындаш артық детальді алып тастайды. Осы мақсат үшін корректуралық пастаны  да пайдаланады. Осы пастаны түзету үшін, алдымен форманың бетін тазартып құрғатады. Корректуралық паста  құрамында көшірмелеу қабаты толығымен  ериді, сондықтан пастаны өте  мұқият жағу керек, бейне-кескін тигізбеу керек. «Минус» корректуралық процестен  кейін форманы жуып-шаю керек. Түзетілген форманы сумен жуып шаяды  да ракелмен артық суды ысырып түсіреді де тампон немесе губка көмегімен  біркелкі қабатпен қорғауыш коллоидты  пленкасын жағады. Дайын форманы  ауада кептіреді немесе кептіргіш  шкаф ішінде 400 С – жоғары емес температурада, вентилятор (желдеткіш) көмегімен кептіреді;

8) Процессорды өңдеу. Айқындау, жуып шаю, коллоидты жағу және кептіру операцияларын автоматты режимде процессорларда жүргізуге болады. Бірақ мынаған зейін қою керек. Жуып шаюға қажетті су ағынды болу керек, ал тұйықталған циклдегі суды (қайтымды суды) пайдалану ұсынылмайды;

9) Келесі кезең: басу формасының сапасын визуал бақылап, қолмен түзету.  Одан кейін форманы қайтадан процессорда өңдейді. Ол үшін форманы процессор секция ішіне салады. Одан кейін қайтадан қорғау қабатын жағып, форманы кептіреді. Мына  жайтты есте сақтаған жөн;

Коллоид тек  қана ашық жол элементтерін қорғайды, басу элементтерін жарық әсерінен бұзылуынан қорғамайды. Сондықтан дайын форманы  сақтау кезінде оған жарықтың тура түсуінен сақтау керек, оларды сөрелерде  сақтау керек, механикалық зақымдалудан сақтау үшін формалық пластиналар араларына  таза қағаз парағын салу керек.

10) Қайтадан пайдалану үшін формаларды өңдеу.

Таралымды басудан  кейін форманы бояудан тазарту  үшін құралдар көмегімен тиянақты жуып, таза сумен шаю керек. Форманың басу элементтеріне гидрофобтық қасиет беру үшін, ал ашық жол элементтеріне  гидрофилдік қасиет беру үшін форманы  тазалағыш эмульсиямен сүртеді  де тағы да сумен жуып шаяды. Одан кейін  оған гуммилау ерітіндісінің жұқа біркелкі қабатын түсіреді. Басу  формасын ауада кептіреді, формалар арасына  қағаз парақтарын салады да бөлме  ішінде актинді емес жарықта жылыту аспаптарынан алыс жерде сақтайды.

Қазіргі өндірісте жазық (офсеттік) басылымның басу формаларын даярлау үшін, алдын-ала сезгіштендірілген формалық пластиналарды пайдаланады. Пластиналарды даярлау өте күрделі физика-химиялық процесс, ол бірнеше сатыда іске асырылады.

1. Астардың (төсеніш) үстіңгі бетіне көшірме  қабатын жазуға даярлау (майсыздандыру,  тазалау, түйіршіктеу, анодтық  пленка жасау және оны толтыру).

2. Көшірім  ерітіндісін даярлау.

3. Көшірім  ерітіндісін астарға (төсенішке)  жағу.

4. Көшірім  қабатын құрғату.

Металл астар  көбінесе алюминийден жасалынады.  Астарларда қоспалар (марганец, магний т.т.) қолданылады.

Көшірмелеу  жабдығы

Фотоформадағы бейне-кескінді формалық пластинаға көшірмелеу үшін түйіспелік-көшірмелеу рамалары пайдаланады. Сол типтегі жабдық офсеттік басу формаларын жасау үшін ғана емес, аналогтық түссынамаларын алу үшін. Трафареттік басудың  матрицаларын жасау үшін, растрлық диапозитивтер жасау үшін және т.б. пайдаланады.

Экспозицияланатын материалдар бойынша рамаларды  басу формаларын ғана алуға арналған құрылғылар, фотоформалар алатын және әмбебап көшірмелеу рамалары боп  бөлінеді.

Әмбебап көшірмелеу рамалар әдетте жарықтың бірнеше  көздерін, кейбір рамалар тағы да ауысымдылық  сүзгілердің қосымша жүйесін  де иемденуі мүмкін.

Осы таңдағы  барлық рамалар кері байланыс жүйесімен  жабдықталады. Ол жүйе сомалық жарық  ағынын бақылауға мүмкіндік береді, экспозиция уақытын сәйкестендіріп түзетуге мүмкіндік береді. Ондай  жүйені пайдалану эмульсиялық қабаты бірдей материалдар үшін экспозиция уақытының бірдейлігіне жетуге мүмкіншілік  береді. Әсіресе бұл дәл түстік балансты қадағалауды қажет ететін жұмыстарда өте маңызды.

Типтік рама мына модульдерден тұрады:

1) жарық көзі  экспозиция бетінен жоғары орналасады  немесе (бұрылатын бір немесе  екі жақты үстелді пайдалану  кезінде) төмен орналасады;

2) вакуумдық  жүйе; ол вакуумдық сорғыдан, шлангтар  жүйесінен, вакуумметрден, сиректікті  реттеу құрылғысынан тұрады. Кейбір  раманы жасап шығарушылар жабысуды  жақсарту мақсатымен әр түрлі  қосымша құрылғыларды қолданады,  мысалы, катоктық иінтіректі біліктер, алдын ала кернеулендірілген  металл астарлар және т.б. ауаны  толығымен сора алатын құрылғыларды  пайдаланады.

3) Меншікті  рама; оның ішіне экспозицияланатын  материалды салады;

4) Жарық ағынының  интеграторы, жарықтылықты өлшеуге  арналған датчикпен;

5) Бағдарламалау  құрылғысы бар басқару панелі.

Полиграфиялық өндірісте қолданылатын жарық көздерінің ішінен мыналарды ажыратып атап айтуға болады: ксенондық лампалар, жоғарғы  қысымды сынаптық лампалар, металгалогенді лампалар, люминсценттік лампалар.

Ультракүлгін  нұрлануға сезгіш материалдарды  экспозициялау үшін (полимерлер негізіндегі  формалық пластиналар, күндізгі жарық  пленкалар, түссынамалық материалдар) галогенді лампалар пайдаланылады. Олар сынап, галоген, аргон қоспаларымен толықтырылады. Белгілі бір галогенді  таңдауды белгілі бір материал үшін нұрлану спектрі анықтайды.

Сәйкес лампаларды пайдалану ерекшеліктері мыналар  болады: лампаны қыздырып күйдіру  үшін белгілі бір уақыт керек. Лампаны қайтадан қосу үшін оны толық  суыту керек. Сондықтан экспозициялау  режимдері арасында лампалар қосылмайды, ал тек қана жарықтану қуаты минимал  мүмкін мәнге дейін азаяды, яғни лампа күту режимінде болады.

Көшірмелеу  жабдығы мына талаптарға жауап беру керек:

1) фотоформа  мен формалық пластина арасында  сенімді түйіспені қамтамасыз  ету керек;

2) фотоформа  мен формалық пластиналарды қойылуы  мен шығарып алуының ыңғайлығын  қамтамасыз ету керек;

3) бейне-кескіннің  барлық ауданы бойымен жарық  ағынының жоғарғы қарқындылығын,  біркелкі жарықтануды қамтамасыз  ету керек.

Көшірмелерді  өңдеуге арналған жабдықтар

Көшірмелеу  рамасында экспозицияланған офсеттік форманы айқындау қажет. Формаларды айқындау үшін сол мақсат үшін арнайы жасалынған айқындау процессорлары  пайдаланады (5.1-сурет).

 

5.1-сурет. Айқындау процессорының  құрылу сұлбасы

1-жүктелу үстелі; 2 –  жуып-шаю; гуммилау, кептіру секцияларына  пластиналарды қайтадан кіргізуге  арналған бағыттауыш; 3 – айқындау  секциясы; 4 – жуып-шаю секциясы; 5 – гуммилау секциясы; 6 –кептіру  секциясы; 7 – жүксіздендіру үстелі.

Осы заманғы  процессорлар - бұл ықшам, офсеттік көшірмелерді өңдеудің технологиялық  процестерінің барлық операцияларын  тізбекті жүргізетін автоматтандырылған ағымды желілер. Толығымен айқындалған, кептірілген, пайдалануға әзір форманы  алу үшін процессорлар 4 негізгі  секциялармен жабдықталу керек:

- айқындау;

- жуу;

- гуммилау (қорғаныш  қабатын жағу);

- кептіру.

Кейбір фирмалар қорғаныш қабатын жағуға арналған секциясы болмайтын процессорлар моделін  жасап шығарып жатыр. Бірақ олардың  қолдануы шектеулі, негізінен алғанда  үлкен емес кәсіпорындарда ғана қолданыс тапқан.

Информация о работе Басу формаларын жасауға арналған пластиналар