Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Декабря 2013 в 14:39, реферат

Краткое описание

Сәтбаев қаласының оңтүстігінде 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Байыту фабрикасының құрылысы 1972 жылы Ленинградтағы «Механобр» институтының жобасы бойынша жүргізілген. Қуаты 50 пайызды құрайтын орташа және ұсақтап ұнтақтау бөлімі, флотациялау және ұсақтау секциясынан тұратын бас корпус, сүзу және реагенттерді дайындау корпусы жұмысын 1985 жылдың шілде айында бастады. Жұмыс процесіне қалдықсыз технологияны енгізген фабрикада сапасы нашар кеннен де метал өндіру жолға қойылған. Басқалардан ерекшелігі де осында. Сол кездің өзінде тәжірибе алаңына айналып үлгерген байыту фабрикасында бүгінде кешенді және сульфидті мыс кенін айырып, шлакты өңдеу жұмыстары сәтті түрде жүзеге асырылуда.

Вложенные файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 301.50 Кб (Скачать файл)

Іс жүргізудің автоматтандырылған жүйелерінде, бағыттандыру модульдерінде құжаттардың әр түрлі және түрлілігі үшін келісушілердің алдын-ала жасалған тізіміне сәйкес бұл процесс автоматты түрде жүзеге асырылады. Мысалы: келісімшарт автоматты түрде бухгалтерияға, заңгерге және келісімшарт үлгісіне тәуелді – басқа мүдделі  бөлімшелерге түседі. Автоматты жүйе құжаттың өтуіне бақылауды, егер құжат қайсы бір бөлімшеде бөгеліп қалған жағдайда ескертуді жүзеге асырады. Белгілі бір құжатқа рұқсат беретін тұлғалардың тізімін басшы бекітуі тиіс. Бұл тек құжатты жасауды жеделдетіп қана қоймайды, қателерді болдырмауға мүмкіндік береді.

Басқару қызметінде орын алған стандартты емес жағдайды көрсететін жеке мәтінде құжатты жасауды  талап ететін жағдайлар кездеседі. Компьютер мұндай құжатты жасау кезінде дн көмектеседі.

Құжатты әзірлеудің бірінші  кезеңі – мұндай үлгілердегі мәселелерді  шешудің тәртібін айқындайтын нормативтік-әдістемелік  құжаттардың заңдық базаларын зерттеу  екені мәлім. Құжаттарды әзірлеудің бұл кезеңі заңдық базаларының күрделілігіне, оңай қол жеткізбейтіндігіне және заң шығару материалдарын іздеу жұмыстары бойынша көп еңбектенуді қажет ететін жұмыстарды жүргізу қажеттілігіне байланысты жиі назардан қалып отырды. Қазіргі уақытта жан-жақты заң шығару және нормативтік-әдістемелік құжаттарды қамтитын көптеген заң және құқықтық деректер банктерінің бар болуы құжаттардың әзірлену сапасын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.

Құжатты жасауға әзірлеудің екінші кезеңі – осы мәселе бойынша  мұның алдындағы құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу б.т. Құжаттарды іріктеу проблемасы көп жағдайда әзірленіп жатқан құжаттың дұрыстығын, қарама-қайшы еместігін және толықтығын айқындайды. Тіркеудің кәртішкелік жүйесі кезінде құжаттарды тақырыптық іріктеу пәндік-тақырыптық кәртішкелермен шектелетін және жұмсалған айтарлықтай еңбек толық қайтарымын бермейтін. Тек тіркеудің компьютерлендірілген жүйесі ғана құжаттар мен автоматтандырылған іздеу арасында байланыс орнату арқылы тапсырылған мәселе бойынша барлық қажетті құжаттарды іс жүзінде табуға, ал құжаттардың мәтіндерін толық сақтау жүйесі кезінде – барлық қажетті ақпаратты экранға бірден шығаруға мүмкіндік береді.

Құжатты әзірлеудің үшінші кезеңі – нақтылы ситуациялар  бойынша деректер жинау б.т. Бұл кезеңде деректердің алынған базаларымен қатар ұйымда, мекемеде және фирмада әзірленген деректер базалары пайдалануы мүмкін. 
  Құжат қарапайым мәтін түрінде ұсынылуы мүмкін:

 Таблица ақпараттардың көрнекілігі мен қолайлылығы үшін жақсы нысан б.т. Үлкен энциклопедиялық сөздікке сай таблица (польск. tablica, лат. tabula – тақта, тізім) – белгілі бір жүйеге келтірілген мәліметтердің тізбесін, сандық деректерді; мәлі-метті, тізімдемені білдіреді. Мәтіндік сипаттағы ақпарат-тардағы таблицалар тікелей MS Word-та тиісті бағдарламамен байланыстырыла сақтала отырып көшіріледі, ол құжатқа енгізілген деректерді жаңартуға және редакциялауға мүмкіндік береді. Таблицаның түрлі-түсті безендірілуін қабылдауды жеңілдетеді.

Диаграмма (грек. diagramma –  бейнелеу, сурет, сызба ) – көлемнің ара-қатынасын көлнекілілікпен көрсетіп бейнелеу. Диаграмманың кең тараған нұсқасы гистограмма (грек. histos, бұл жерде – бағана және ...грамма), яғни бағаналы диаграмма. Гистограмма аралас тік бұрыштардың жиынтығын білдіреді. Диаграмманы сандық көрсеткіштері бар таблицалардың негізінде оңай жасауға болады. Таблица тікелей MS Word-да жасалуы мүмкін, егер көрсеткіштерді өзгерту, таблицалардың мәнін есептеу және деректерді қайта есептеу қажет болса MS Excel пайдаланылады. Қажетіне орай ондаған нұсқалардың ішінен диаграммалардың кез-келген қолайлы түрін таңдап алуға болады. 
  Диаграмма, таблицалар, суреттер  және  басқа да элементтер  
автоматты түрде нөмірленуі мүмкін. Бұл жаңа элемент қосылған кезде нөмірлеудің автоматты түрде өзгеруін және тиісті таблицалар мен диаграммаларға жасалған сілтемелерді құжаттың мәтініне енгізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Мәтіндік редакторлар  жазу машинкаларына қарағанда мәтінді  рәсімдеу үшін айтарлықтай мол мүмкіндік  береді. Атап айтқанда: тақырыпшаларды жазуға, абзацтық шегерімдерді жасауға, мәтін жолдары арасындағы ұлғайтылған кеңістік-терді жоюға, жуан қаріптермен, курсивпен боліп, мәтінді жәй және қосарланған сызықтармен сызып көрсетуге, қаріптің көлемі мен үлгісін өзгертуге, мәтіннің сыртқы үлгісін жақсартуға және мазмұнын қабылдауды жеңілдетуге мүмкіндік береді. Алайда, бір құжатта түрлі гарнитуралардағы қаріптердің көп санын пайдалану орынсыз деп саналады, ол құжатты оқуды қиындатады.

Бір компьютерден екінші компьютерге берілетін құжаттар ұйымның барлық компьютерлерінде бірдей болып көрінуі үшін біркелкі орыс қаріптері орнатылған. Маңызды сәттері бөліп көрсету үшін мәтінде түрлі-түсті безендіруді пайдалануға болады.

Мәтінді әзірлеу кезінде  синонимдер, антонимдер, түсіндірме сөздіктер, ал мәтіндерді шетел тілдерінде даярлаған кезде – ағылшын-орыс, орыс-ағылшын немесе тиісінше неміс, франсуз тілдеріндегі сөздіктерді пайдалануға болады. Олар таңдалған сөзді сөздіктің тиісті  бабында сол сәтте қарауға мүмкіндік береді.

Осылайша компьютер  ең күрделі деген құжаттың өзін тез әрі сауатты жасауға және оны әсем безендіруге мүмкіндік береді.

 

1.3  Техникалық  және өрт сөндіру қауіпсіздігі  ережелері

 

Шаңның түзілуімен және бөлінуімен, шудың, вибрацияның және басқа қолайсыз факторларды шығаратын  барлық технологиялық процестер үшін құжаттарына сәйкес арнайы шаралар қарастырылуы тиіс.

Жөндеуден кейін түсетін  машиналар, механизмдер және басқа  технологиялық жабдықтар күші бар  стандарттарға, гигиеналық талаптары  бөлімі бойынша сәйкестілігіне тексеруден өтуі тиіс және оның нәтижесі техникалық паспортқа жазылуы тиіс.

Өндірістік құрал-саймандардың және технологиялық процестердің гигиеналық сертификаттары және паспорттары болуы  тиіс.

Әрбір технологиялық  процесте ауыр қол жұмысын азайтатын  немесе болдыртпайтын тек негізгі  ғана емес, сонымен бірге қосымша жұмыстардың механизациялық құралдары қолданылуы тиіс.

Беттік-активті заттар (БАЗ), қатып қалуға және желге мүжілуге қарсы көмірді өңдеуге арналған заттар, химиялық реактивтер, антифриздер  және олардың ерітінділері эпидемиологиялық сараптаудан өтуі тиіс.

Іштен жану двигательдерінің пайдаланылған улы заттарын анықтау  жүргізушінің жұмысшы орындарында  және көліктің қарқынды қозғалысы орнына жақын орындарда жүргізілуі тиіс.

Іштен жану двигателін қолдану  кезінде шахталардағы және ойылып кесілген жерлердегі улы заттардың, пайдаланылған газдардың жұмысшыларға әсерінен қорғайтын шаралар жүргізілуі тиіс.

Жерасты қазбаларында және шақты үстiндегi ғимараттарда отты жұмыстар Жерасты қазбаларында және шақты  үстіндегi ғимараттарда отты жұмыстарды жүргiзу жөнiндегі нұсқаунамаға сәйкес жүргiзiлуi керек.

Жер бетiндегi басқа объектiлер  мен құрылыстарда отты жұмыстарды жүргiзген кезде Халық шарушылығының объектiлерiнде  пiсiру жұмыстарын жүргiзу кезiндегi өрт  қауiпсiздiгiнiң ережесiнде қарастырылған  қауiпсiздiк шаралары сақталынуға тиiстi.

Жерасты қазбаларында және шақты үстiндегi ғимараттарда тез  тұтанғыш материалдарды қолдануға  және сақтауға рұқсат етiлмейдi. Майлайтын  және сүртетiн материалдар сөткелiк  қажеттiлiгiнен аспайтын мөлшерде, жабық  ыдыстарда сақталуға тиiстi. Сөткелiк қажеттiгiнен артық майлар мен жағын материалдардың қорын өртке қарсы металл есiктерi бар, жанбайтын материалдармен бекiтiлген арнайы камераларда (бөлмелерде) жабық ыдыстарда сақтаған жөн.

Жанғыш сұйықтардың  апатты кемуi немесе жерге төгiлуi болған жағдайда, оларды жинау және төгiлген жерлердi өрттен қауiпсiз күйге келтiру жөнiндегi шаралар қолданылуға тиiстi. Пайдаланылған жағар және сүрткiш материалдар сөтке сайын жер бетiне шығарылуы керек.

Тау-кен қазбаларында және шақты үстiндегi ғимараттарда қолданылатын конвейер таспалары, желдету құбырлары, электр кәбiлдерiнiң қабықтары және басқа бұйымдар жануын жайылдырмайтын материалдардан жасалынуы керек.

Жанғыштық дәрежесi және жану кезiнде шығатын улы заттардың  мөлшерi нормативтерге сәйкес болуға тиiстi.

Желдеткiш құбырлар мен  конвейер таспалары материалдарының  беттiк электр кедергiсiнiң шамасы 3х10/8 Ом артық болмауы керек.

Конвейерлердiң барабандары  мен шығыршықтарының футеровкасы, таспалы конвейерлердiң жетектiк  және тартқыш секцияларын бекiту, таспаның жан-жағына шығуын болдырмайтын тетiктердi орнату, конвейер таспасының астындағы төсемдер, конвейерлер арқылы өтуге арналған баспалдақтар үшiн ағашты және басқа жанғыш материалдарды қолдануға рұқсат етiлмейдi.

Ұстап тұратын брустар  мен таспалы және сырма конвейерлердiң (жетектiк секцияларынан басқа) астындағы төсемдерiн дайындауға, адамдардың конвейерлерге мiнiп-түсу жерлерiндегi алаңдарды және құралдардың (жетектiк секциялардың сыртында) астындағы уақытша төсемдердi жасау үшiн оттан қорғайтын құрам сiңiрiлген ағаш материалдарды қолдануға болады.

Таспалық конвейерлермен жабдықталған қазбалар өрттердi бастапқы сатысында автоматты табу жүйелерiмен (сериялы шығарылуына қарай) жабдықталуы  керек.

Таспалық конвейерлердi басқару жүйесi өрт сөндiру құбырында қысым нормативтiк шамадан төмендегенде конвейер жетегiнiң iске қосылуын болдырмайтын және ажыратылуын қамтамасыз ететiн су қысымын көрсеткiштермен жабдықталуға тиiстi. Конвейердiң ажыратылғаны туралы сигнал тау-кен диспетчерiнiң пультына берiлуi керек.

Таспалық конвейерлер  тұрақты автоматтық өрт сөндiргiш  қондырғылармен жабдықталуға тиiстi.

 

1.4  Еңбекті  қорғау және өндірістік санитария  кешендері

 

Қауіпсіздік техникасы  мен еңбекті қорғау саласындағы  нәтижелерді жоғарылату Қазақмыстың  артықшылықты міндеті болып табылады. Қазақмыс халықаралық ірі компания болған соң, қызметкерлер, инвесторлар мен жергілікті халықтың әрқайсысы үшін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуді күтеді. Өндірістік операциялар қауіпсіз болса ғана, жақсы басқаруда делінеді.  Адам шығынына апарған және ауыр жағдайға апарған қайғылы уақиғалардың әрбірін тергеп жүреді; тергеу нәтижелері бойынша есептерді ЕҚҚОҚ Комитетіне және адам шығынына әрі ауыр жағдайға апарған қайғылы уақиғалар бойынша Сарапшылар комиссиясына тапсыры отырады. Мерт болғандардың отбасыларына қаржылық көмек көрсетуді жалғастырып келеді.

2011 жылы біз өзіміздегі  қауіпсіздік ережелеріміздің санын  он алтыдан онға дейін кеміттік, сонысымен олар жеңіл орындалатын  әрі ұғынықты бола түсті. Бұл  ережелер Қызыл аймақ ережелеріне-оны бұзғандармен еңбек қарым-қатынастары сөзсіз доғарылады, және Сары аймақ ережелеріне-оны бұзғандар тәртіптік жазаларға тартылатын болады. Қауіпсіздік техникасының бұзылғандығына көз жұмбай қарайтын саясатты ұстанады.

Өндірістік нысандардың  қауіпсіздігіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерістер өткізіп тұрады және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылған жағдайларын анықтағанда өндірістік қызметті тоқтататылады. Сонымен қатар, анонимдік телефон желісін пайдаланады, сол бойынша қызметкерлер өздерін алаңдатып жүрген қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі проблемаларды хабарлай алады.

Жұмысқа қабылданған  сәтте, және одан соң жыл сайын  Компанияның қызметкерлері кәсіби дерттердің алдын алу, сондай-ақ ондай  дерттерді диагностикалап, емдеу мақсатында медициналық байқаудан өтіп жүреді. Kazakhmys Copper бөлімшесі кәсіби дерттерді емдеу мен мониторинг жүргізуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау жөніндегі үшжылдық бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

"Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалары түсті металлургия объектілерінің қызметіне, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарын жобалауға, жабдықтауға, өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылытуға, желдетуге және жарықтандыруға, физикалық факторлар көздеріне, тұрмыстық үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын  талаптар: өнеркәсіп алаңының аумағында  құрамында қауіптілігі І және ІІ сыныпты және радиоактивтік заттар бар шикізат өнімдерін қайта өңдеу жүргізілетін ғимараттар және құрылыстар орналастырылады, май мен мазутты сақтау қоймаларында өндірістік кәрізге ағызуға арналған еңіс қабаттар болуы тиіс.

Жабдықтарға қойылатын  талаптар:

  1. Шаңды болдырмау мақсатында тазарту құрылғыларынан шаңдарды тазарту және оны тасымалдау механикаландырылуы тиіс.
  2. Реагенттерді дайындау және қолдану учаскелерінде:
    1. реагенттер салынған ыдыстарды ашу және босату камераларынан;
    2. реагенттерді, реакторларды және жинау күбілерін қуаттандырғыштарынан;
    3. өнеркәсіп ағындарын залалсыздандыру бөлімдеріндегі залалсыздандыру аппаратурасынан жергілікті сорғылар көзделуі тиіс.
  3. Ерітінді күбілері мен шығыс бактарын тазарту, реагенттен босаған ыдыстарды жуу механикаландырылған әдіспен жүргізілуі тиіс; жуынды сулар өндірістік кәріздерге ағуы тиіс.
  4. Құрамында қауіптілігі І-ІІІ сыныпты зиянды заттар бар қойыртпақтарды сүзуге арналған сүзгі-престер мен вакуум-сүзгілер сорушы жаппалармен жабдықталуы тиіс.
  5. Агломерациялық машиналардың коллекторында технологиялық вакуумды пайдалану кезінде шаң жинаушы қап жаппаларынан шығатын шаңды сору үшін ол жаппалардың ауа жүретін түтіктеріндегі клапандарды шаң жинаушы қаптың қақпақшаларымен блоктау көзделеді. Блоктау сорудың шаң шығарудан бұрын қосылуын, ал оның ажыратылуы шаң қабын түсіру аяқталғаннан кейін қамтамасыз етілуі тиіс.

Өндірістік үй-жайлардың  ауасына, жылытуға, желдетуге және жарықтандыруға қойылатын талаптар:

  1. Цельсий бойынша +28 градус (бұдан әрі – 0С) және одан жоғары сыртқы ауаның жазғы температурасы және 50 пайыздан (бұдан әрі – %) аз салыстырмалы ылғалдылық ескерілген аудандарда орналасқан, жылу айтарлықтай көп цехтарда жылдың жылы кезеңінде ішке сору аэрациялық қуыстарында ауаны адиобатикалық салқындатуды ұйымдастыру қажет.
  2. Өндіріс учаскелері сатыланып (каскадты) орналасқан тау бөктеріндегі ғимараттардың әрбір сатысы жеке желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс.
  3. Өндірістік және қосалқы үй-жайлар жылытылуы тиіс.
  4. "Ылғалды" бөлу жұмыстары жүргізілетін ғимараттарда жылдың салқын мезгілінде сыртқы ауаның қысқы есепті температурасына және қақпаның ашылу ұзақтығына қарамастан, бес есе көлемде жылытылған ауа жіберетін тамбурлар көзделуі тиіс.
  5. Цехтар үй-жайларынан ауаны алу кезінде оның көлемі қыс мезгіліндегі сырттан келетін жылытылған ауаның ұйымдастырылған ағынымен толтырылуы тиіс.
  6. Өндірістік үй-жайлардағы жұмыс орындарында шудың деңгейі гигиеналық нормативтерге сәйкес болуы тиіс. Шудың эквивалентті деңгейі 80 децибелден (бұдан әрі – дБА) жоғары цехтарда (бөлімдерде) шу деңгейі 40 дБА-дан аспайтын демалыс бөлмелері көзделуі тиіс.

Информация о работе Кәсіпорынның құрылымы мен қызметі