Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 16:14, реферат
Ақыл – ой процестеріне ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес, зейін, түйсік, қабылдау, эмоция, сезімдер, ерік, темперамент, мінез, қабілет, тұлға, қарым – қатынас, іс –әрекет т.б. психологиялық үрдістер жатады. Мен солардың алғашқы бесеуіне тоқталып өтсем, яғни ойлау, сөйлеу, қиял, елес, ес үрдістеріне.
Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Болжам дегеніміз – әр түрлі деректер негізінде объектілер мен құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қорытынды жасау. Бұл – ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсілі. Алайда, мұндай шешім – ой болжамын анықтау жолындағы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығына жету үшін ой болжамының ықтималдық сипатын әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой болжам анықталса, ол ғылыми теорияға айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса, онда ол өзгертіледі не теріске шығарылады. Біріне – бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әр қилы қырлары мен байланыстарын түсіндіргеннен кейінгі басқа жағдайларда, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кездегі позитивистер, заңдылықтарын қарастыруға міндетті емес, деректерді тек қана нақтылап тіркеп отыруы қажет дейді. Өйткені, олардың пікірінше, ой болжам тек “жанама” рөл атқарады да оның маңызы болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттеулердің күрделене түсуі әр алуан әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы құпиясы ашылмаған мәселердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның ойлау үрдісін дамытуға зор ықпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті – тек ғылыми болжам ғана емес, жұмбақ мәселелердің мән – жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын күрделі психикалық үрдіс және адамның ақыл – ойының жемісі.
Сөйлеу және қарым – қатынас
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс – әрекетінің бірі және өзіндік қасиеті – оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым – қатынас жасап, іс – қимылы мен өмір – тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан – ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.
Тіл. Тіл дегеніміз – сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі – шындық пен болмысты бідіретін бөлшек. Осы белгінің қасиеттеріне орай әр тілдің екі түрлі мәні бар. Жалпы тілдік белгілерді психологиялық фактор әрі құрал деуге де болады. Тілдік белгінің бірінші мәні – оның қоғамдық – әлеуметтік мәні. Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән – жайын түсіндіреді. Мысалы, көшелерде жүріп – тұру мен жол белгілері. Бұл – белгі, ал сөз – қару. Тілдік белгілердің екінші мәні – олар арқылы адамдар бір – бірімен қарым – қатынас жасап, пікір алысатындығы. Соған орай дара адам үшін әрбір белгінің мәні бар, олар оның саналы түрдегі іс – әрекетіне әсер етеді.
Тіл үш түрлі қызмет атқарады: 1. Адамзаттың қоғамдық тәжірибесі. Бұл қызмет адамның тіл арқылы білімді меңгеріп, дүниені танып білуін қамтамасыз етеді. 2. Тілдік қатынас нәтижесінде адамдар тілдесіп, бір – бірімен түсініседі. Тілдің мұндай қызметін ғылыми атауда коммуникативті қызмет деп аталады. 3. Әрбір адамның өз мінез – құлқы мен іс – әрекетіндегі даралық тәжірибелерді күнделікті тіршілкте қолданылып отыруы, сөйтіп, сыртқы орта мен жағдайлардың өзгеруіне бейімделуі. Адам өзінің ғана емес, өзгелердің де тәжірибелерін қолданады, алға қойған мақсат – міндеттерін шешеді. Мұндай әрекеттер адамның ақыл – ойымен байланысты.
Ақыл – ой не интеллекті әрекет ең алдымен, іс – әрекеттерді жоспарлайды, екіншіден, оны жүзеге асыруды көздейді, үшіншіден, орындалған іс – әрекеттердің жемісін алға қойылған мақсат – мүдделерімен салыстырады. Осындай ақыл – ой нәтижесінде әр адамның мінез – құлқында даралық ерекшеліктері қалыптасады. Және әрбір адамның тәжірибесі, оның іс – әрекет түрлері, өзгелердің ісі қоғамдық тәжірибелер арқылы байып, жаңа сипаттарға ие болып отырады. Адам өзінің іс – әрекеттерін жоспарлайды, ойлау арқылы оларды тиісті міндеттерді шешуге қолданудың жолдарын іздестіреді, жүзеге асыру тәсілдерін қарастырады. Мұның бәрі де тіл, сөйлеу әрекеті арқылы дамиды. Осы жайт тіл адамның ақыл – ой әрекеттеріндегі қатынас құралы екендігін тағы да бір қырынан ашып көрсетеді. Ал қатынас дегеніміз не? Адамдар өзара қарым – қатынас жасау нәтижесінде болмыс пен оқиғалар туралы жаңа мағлұматтарды меңгереді, білімін өсіреді, өздерінің әлеуметтік – тарихи тәжірибелерін дамытады.
Қатынас жасаудың қандай түрлері бар? Адамның қарым – қатынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні (басқа адамдар, ал оның мәнін білдіретін құрал – тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект – өзге адамдар және олардың санасы мен ниет – тілектері, сезім күйлері мен эмоциясы. Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлі ең алдымен, білімдік маңызы бар жаңа хабарларды алмасу болса, екіншіден, сол қарым – қатынас жасау нәтижесінде адамдардың ниет – тілектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс – әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым – қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі психологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым – қатынас жасауы жеке адамдар (үш – төрт адам) арасында, не көптеген адамдар тобымен де болып отырады. Мұндай қатынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да қатынастар болады.
Қарым – қатынас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып отырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары еп атайды. Бұлар – а) сөйлеуге даярлық; ә) жоспарлау; б) жүзеге асыру; в) бақылау сатылары. Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас. Ойлау әрекеті адамның танып білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қарым – қатынас жасау мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым – қатынастың кең тараған түрінің бірі – зат алмасу болып саналады. Этнопсихология әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрге байланысты әдеп – ғұрып, мысалы, абысын – ажын арасында сақина – жүзік, білезік алмасу, ер – азаматтар арасында ер – тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері саналады. Қатынас ым – ишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас арқылы түсіну сияқты түрлері де бар, айтылатын ой – пікірді, сезім – күй мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекетсіз де жүзеге асады. Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу арқылы қарым – қатынас жасаудың маңызы зор.
Сөздік әрекет. Сөйлеу арқылы іс – әрекет пен қарым – қатынас жасау тілді құрал етіп пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Сөйлесу арқылы әр қилы істер мен мәселелердің түйіні шешіледі. Адамдардың тіл арқылы сөйлесуі, тілді құрал етіп пайдалану әрекеті – күрделі психологиялық үрдіс. Мұндай жағдай сөйлесу әрекетін тек психология ғылымы тұрғысынан ғана зерттеумен шектеліп қоймай, тіл білімі арқылы да қарастырады. Психология ғылымы тіл білімімен ерекшеленіп, оның түрлі жағдайда қолданылуы мен атқаратын қызметін, адамның мінез – құлық бағытын белгілейді. Соңғы 30-35 жыл ішінде тіл білімі мен психологияның түйсінуінен психолингвистика (тіл психологиясы) деп аталатын ғылым саласы пайда болды.
Сөйлеу әрекеті психология ғылымында өзекті мәселелер қатарына жатады. Соған орай сөйлеу әрекетінің атқаратын қызметтері ғылыми тұрғыдан мынадай үш түрлі салаға топтастырылып қарастырылады: 1. Сөйлеудің коммуникативті қызметі. Мұның мән – жайы жоғарыда баяндалған. 2. Сөйлеудің сангификативтік қызметін білдіреді. 3. Сөйлеудің экспресивтік қызметі – әр алуан хабарлар мен жай – жапсарлардың мәнерлі сөзбен, құлаққа жағымды үнмен, дауыс ырғағымен адамның жан дүниесін тебірентіп, өзгелерге жеткізілу тәсілі. Экспрессивті сөйлеуде әрбір сөз бен сөйлем адамның сезіміне әсер етіп, тұла бойын талап етеді. Сондықтан сөйлеу әрекетінің бұл түрі сөздерді нақыштап айту мен ой жүйесінің қисынды болуын талап етеді. Сөйлеген сөз, айтылған ой – адам психикасына күшті әсер ететін тітіркендіргіш.
Сөйлеу физиологиялық механизмі.
Сөйлеу әрекетінің рефлекторлы сипаты
Сөйлеу түрлі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады, олардың нақты мазмұны мен мәніне, мақсатына орай дамиды. Сөздерді қабылдағанда біз “сигналдардың” (2 – сигнал жүйесі, бұл – адамның сөйлеу әрекетімен байланысты жоғары жүйке қызметі) арқылы тітіркену нәтижесінде нәрселердің мән – жайын қабылдап, олар туралы хабар аламыз. Әрине ондай хабарлар саналы да, санасыз да болуы мүмкін. Осы орайда сөйлеудің физиологиялық негізі И.П.Павлов іліміндегі екінші сигнал жүйесіне негізделеді. Ал екінші сигнал дыбысты сөзбен, сөйлеу әрекетімен байланысты. Адам сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп қана қоймай, оларды тең мағынада сөз арқылы бейнелейді. Халқымызда “Көз жеткізбегенді сөз жеткізеді” деген тамаша мақал бар. Мұның мағынасы тікелей таным арқылы бейнелейтін заттар мен құбылыстардың қасиеттері түйсік, елес үрдісінің шектелуі шеңберін тереңдете түсіп, олардың мән – мағынасы сөз бен сөйлеу әрекетінің бейнелеуші танымдық ерекшеліктері арқылы барынша ұғынықты бола түседі дегенге саяды.
Сөйлеудің динамикалық локализациясы. 1861 ж. француз ғалымы П.Брока адамның ми қабығындағы сол жақ жарты шардың маңдай алабының үшінші бөлігінде төменгі қатпарларда дыбысты дұрыс айта алмай, сөйлеуде қиналатынын анықтаған. П.Брока мидың бұл бөлігін “сөздерді бейнелеудің қозғаушы орталығы” деп аталады. Кейінірек, 1874 жылы К.Вернике мидың осы бөлігінің самай жағындағы жоғары қаптарында сөздердің бейнелерін сезіп білу орталығы орналасқан деген қорытынды жасады. Дегенмен, мұндай көзқарастар мен зерттеулердің жеткіліксіздігін Д.Джексон (1835-1911 ж.) сынаған болатын. Одан кейінгі кезеңдерде физиологтар мен психологтар П.К.ААнохин, Н.Б.Бернштейн, А.Р.Лурия, А.Н. Леонтьев, Д.Н.Узнадзе, АҚШ-та Дж.Миллер т.б. өз зерттеулерінде сөйлеу әрекеті жөніндегі П.Брока мен К.Вернике түсініктерінің дәлелдері жеткілісіз екендігін ашып көрсетті. П.А.Анохин сөйлеу әрекетінің физиологиялық механизмін арнайы және бірнеше қызмет атқаратын өте күрделі, сөйлеуге арналған жүйе ретінде түсіндіреді. Ал екінші бір жүйе оны қамтамасыз етіп отыратын әрекет орталықтары екенін дәлелдейді. Сөйлеу механизмі – Н.И.Жинкиннің зерттеуі бойынша аса күрделі әрі сатылы үрдіс. Сөздерді қабылдау мен түйсіну күрділі механизмдер арқылы жүзеге асып отырады.
Сөйлеу әрекетінің
бұзылуы – мидың белгілі
Афференттік қозғалыс афазиясы – сөздерді буындарға бөліп айта алмай қиналудағы кемістік. Ондай адамдар жеке дыбыстарды да айта алмайды. Семантикалық афазия – әрбір сөздің грамматикалық құрылысы мен мәнін жеткізудегі кемістік. Мысалы, осындай кемістігі бар адам «әкесі», «ағасы» деген сөздерді дұрыс айтқанымен, «әкесінің ағасы» не «әкесінің інісі» деген сөздердің мәнін ажырата алмайды. Сенсорлық афазия ауруына душар болған адамдар сөздерді дұрыс қабылдай алмайды, олардың дыбыстық бөлшектерінің мәнісі түсінбейді.
Сөйлеуде кездесетін афазиялық кемістіктердің бәрі де – жан жүйесі күйзеліске болған немесе өзінің кім екенін де аңғара алмай, әр түрлі сандықтарды айтып, елірме ауруға ұшыраған, сөйлеу қабілеті бұзылған адамдарда болып отыратын құбылыс.
Сөйлеудің түрлері
Адамның сөйлеу
әрекеті түрлі белгілеріне
Сөйлеудің адамдар әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі – коммуникативті сөйлеу. Ол күнділікті қарым – қатынас барысында кеңінен қолданылады. Сөйлеудің бұл түрі: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз болып төрт топқа бөлінеді. Сөйлеудің бұл салаларының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
а) Монологтық сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең таралған түрі. Мұнда айтылуға тиісті ой – пікір толық сипатталып, ұзағынан айтылады, әрбір жайт пен жағдай тыңдаушыларға жете түсіндіріледі. Соған орай ол жүйелі, дұрыс ырғақты, екпінді, бет, дене құбылыстары мен қимыл – қозғалыстар арқылы қажетті сөздерді өзгелерге жеткізудің әдіс тәсілдерін қамтиды.
ә) Диалогтық сөйлеу – оқиға мен болмыс көбінесе нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады. Бұл – сөйлеудің ұтымды бір түрі.
б) Үнсіз (іштей) сөйлеу – адамның практикалық іс – әрекеті мен теориялық ой – пікірі жоспарланып, белгілі жүйеге салынуы. Мысалы, бір жерге бару үшін адам немен барады, қалай барады, алдымен соның бәрін жоспарлап алады. Мұнда ой талқысы, талдау сияқты әрекеттер болады. Ішкі сөйлеудің психологиялық мәселелері психолог А.Н.Соколовтың зерттеулерінде қамтылған.
в) Жазу сөзі – мұны монологтық сөйлеудің бір түрі деуге болады. Жазу сөзі ауызша сөйлеуге қарағанда ой – пікірді кеңінен, жүйелі, ерікті түрде жеткізеді. Сөйлеу әрекетін үйретуді жазба сөзден бастаған дұрыс. Жазба сөз мәдениеті жоғары адам өз ойы мен пікірін ұтымды, бейнелі, әрі түсінікті етіп білдіре алады.
Сөйлеудің оқыту үрдісінде дамуы
Сөйлеу – ақыл – ой иесі – адамның хайуанаттар дүниесінен ерекшеленіп тұратын тұрақты белгісінің бірі және өзара қарым – қатынасының қуатты құралы.
Бала сөйлеуінің дамуы бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы саты – сөйлеуге дейінгі кезең. Бұл кезең баланың екі айлығынан 11 айға дейінгі сатысы деп аталады. Екінші саты – баланың алғашқы тілінің шығу кезеңі, 11 айдан 1 жыл 7 айға дейінгі аралық. Үшінші сатыда бала тілдің грамматикасын меңгере бастайды. Бұл кезең үш жасқа дейінгі уақытты қамтып, бүлдіршін сөздердің мән – мағынасын және қолданылуын, жеке сөздердің қызметін де түсіне алады. Бала тілінің шығуы оның дүниетаным шеңберін кеңейтіп, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырып, ғылыми жүйеге келтірген – әйгілі мамандар Л.С.Выготский мен Швейцария психологы Жан Пиаже.
Қазақ этносы баланың тілін дамытуға айрықша мән беріп, оны бесік жырымен сусындатқан, бала кезінен – ақ оған қысқа – қысқа өлең – жыр, жұмбақ пен тақпақ, жаңылтпаш пен ән үйретіп, оның ақыл – ойын, пайымын, сөйлеу мәнерін өрістетуге тырысқан.