Қиялға берілуі үлкен адамға
карағанда баланын өмірінде үлкен рөл
аткарады, қиялдьщ жиі көрініс беруі арқылы
ол шынайы өмірде көбірек қателеседі.
Қиялдың шаршауды білмейтін жұмысы баланың
қоршаған ортаны тануға және игеруге мүмкіндік
беретін, өзінің өмірлік тәжірибесінің
шеңберінен шығып кетуте жағдай жасайтын
маңызды жолы болып табылады, ол шығармашылық
қабілеттің дамуының маңызды психологиялық
алғы шарты және әлеуметтік кеңістіктің
нормативін игерудің тәсілі. Соңғысы қиялдың
жеке тұлғаның өзіндік ерекше сапасының
мүмкіншшігімен тікелей жұмыс істеуте
мәжбүр етеді.Ақыл-ойдың дамуына оку іс-әрекеті
ерекше әсер етеді. Әсіресе оку жүйесінде
сөйлеу кабілетін меңгерудің және дамытудың
айқындауыштық маңызы бар. Сөйлеу қабілетін
бағдарлама бойынша дамыту мақсатында
баланы оқытудың және дамытудың мынадай
түрлері болады; біріншіден, нормаға сәйкес
әдеби тілді меңгеру, екіншіден, оқи және
жаза алу. Оқи білу де, жаза білу де — тіл
жүйесіне, оның фонетикасына, таңбалануына,
лексикасына, грамматикасына, орфографиясына
сүйенетін сөйлеу дағдылары. Үшіншіден,
оқушылардьщ сөйлеу мәдениетінің белгілі
бір талап деңгейіне сәйкес келуі, яғни,
ол оқушы деген атқа ие болғандықтан да
сол деңгейден төмен болмауы тиіс.Бастауыш
сьшып жасындағы бала үлкендердің сөзін
бірте-бірте толық және дәл қабылдау, өз
бетінше оқып, радио тындау дәрежесіне
жететін болады. Ол сөз әлеміне қиындықсыз
араласып, онын мазмұнын бағамдай алатын
болады, яғни, әңгіменің не хуралы болып
жатқанын ұғынып, сөздің негізгі тақырыбының
дамуын қадағалап, соған сәйкес сұрақтар
беруге және диалог құруға шамасы жететін
болады. Бала өзінің сөздік қорын ынталы
түрде кенейтуте ұмтылып, өзі үйренген
сөздер мен сөз тіркестерін жиі пайдалануға,
қарапайым грамматикалық түрлер мен құрылымдарды
менгеруте тырысады. Мұның бәрі баланың
сөйлеу қабілетінің және ақыл-ой қабілетінің
дамуындағы жетістіктер.Тіл меңгеру базасында
жаңа әлеуметтік қатынастар пайда болады,
олар баланың ойлау жүйесін байытып және
өзгертіп қана қоймайды, сонымен бірге,
оны жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
Бала мектепке барған кезден бастап, оның
сезімталдық дамуы оны қоршаған сырт адамдарға
және оның сырттан алған тәжірибесіне
қатысты болады.Баланың үрейленуі өзін
қоршаған ортаны қабылдауының санада
сәулеленуі болып табылады, ал қоршаған
орта бала үшін біртіндеп кеңейе береді.
Үрейдің негізгі бөлігі отбасындағы, мектептегі
және өз құрбылары арасындағы жағдайлардан
құралады. Өткен уақыттағы адам түсіндіріп
бере алмайтын және ойдан құрылған қорқыныштары
бірте-бірте күнделікті тіршіліктің толып
жаткан саналы мәселелерімен алмасады.
Ал баланың үрейленуіне негіз болатын
алда тұрған сабақ немесе укол, тіпті түрлі
табиғи құбылыстар немесе жора-жолдастарының
арақатынасы болуы да мүмкін.
Бұл жастағы балаларда бірте-бірте
оларға тән; мектепке барғысы келмеу әдеті
пайда болады, оған жаңа өзіміз айтқан
үрей қосылады. Осындай жағдайға тап болған
балада бас ауруы пайда болады, құсады,
басы айналады. Мұның бәрі құр сылтау емес,
сондықтан да оған дұрыс көңіл бөлу керек.
Әдетте мұндай балалар жақсы оқиды, ал
олардың қорқыныштары жаман баға алып
қаламын дегендіктен емес, негізінен ата-аналары
үшін, әсіресе анасы үшін аландағандықтан
туындайды, мысалы баласы үшін олардың
мұңға батып, қайғы-қасіретте қалуы оны
қатты аландатады. Ата-аналар баланың
көзінше өз аландаушылықтарын, күдіктері
мен толқыныстарын айтады, сол арқылы
баланың бойында өз ата-анасы үшін аландаушылық
пайда болып, әсіресе олардың мектеп алдындағы
жағдайын ойлап, бала үрейлену сезіміне
беріледі, сөйтіп бәріне ата-ананың өздері
себеп болады. Өздеріне өздері онша сенімді
емес ата-аналар баланың үнемі өз қастарында
болуын қалайды. Олардың саналы түрде
баладан айырылмауы баланың тәуелсіздікке,
табаңдылыққа деген ынтасын жояды.Сабақ
алдында үрейлену әдеті пайда болған баланы
тезірек мектепке қайтару керек болады.
Басы ауырып тұрғанына немесе басқа да
сәл нәрсені сылтау еткеніне ерекше көңіл
аудару сол белгілердің күшейіп кетуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін. Кейде тіпті баланың
көңіл-күйінің жоқтығы мен шағымына көңіл
аудармау керек болады. Баланы тындап
отырғаннан да, оны мектепке баруға достық
ниетпен қалай да көндірген дұрыс.Бастауыш
сынып жасындағы балалардың ішіндегі
ер балалардың 5-8 пайызының, қыз балалардың
1 пайызының ерекше белсенділігі байқалады,
бірақ бұл әзірге психикалық ауытқу емес.
Алайда бұл жағдай баланың эмоционалдық,
ақыл-ой, интеллектуалдық дамуының кешеуілдеуімен
қатар жүреді. Мұндай мінез-құлық жүйкеге
күш түсуінен пайда болуы да мүмкін және
ол баланың жүйкесін ерекше қоздырып жібереді.
Аса белсенді балалар берілген тапсырмаларды
орындауда қатты қиыналады, себебі оларға
өз назарын бір жерге аударып, тыныш отыру
өте қиын. Мұндай балалар, әдетте, ата-аналар
мен мұғалімдердің ерекше назарында болуы
керек.Мектеп оқушыларында болатын ерекше
белсенділіктің себебі әлі күнге дейін
толық анықталған жоқ, бірақ көптеген
жағдайларға байланысты белгілі бір пайымдаулар
айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай
жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық
әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер
оның себептерін күңделікгі ішіп жүрген
тағамнан, баланың өзінің ерік-жігерінен,
оның өрескел қылықгарына қолдау көрсетушіліктен
іздейді. Бүтінгі танда мұндай келеңсіз
жайттардың алдын алу мен емдеудің түрлі
әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер
белсенді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ
кең таралған әдістің бірі-тағамның құрамынан
қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға
қосылатын заттарды алып тастау арқылы
диета қолдану. Баланың мінез-құлқына
ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі
және табанды бақылаудың жасалуы және
сыртқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда
көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың
түсірілуі жақсы нәтиже береді.Осы және
осыған ұқсас басқа да әдістемелер баланың
бойындағы ерекше белсенділікті бәсендетуге
мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде
оқушының сабақ үлгерімін жақсартуына,
сыныптағы, үйдегі, көшедегі мінез-құлқының
жақсаруына себеп болады. Әрине, емдеудің
бірыңғай тәсілі жоқ. Бұл жағдайда мамандар
оны емдеудің бірнеше тәсілін бір мезгілде
қолданады, бәлкім, оған жүйелі түрде қарау
керек шығар.Мектепке барған алғашқы жылдарында
балалар әлі де үлкендер тарапынан қамқорлықты
қажет етіп тұрса да, бірте-бірте ата-аналарынан
өздерін алшақ ұстайды. Балалардың ата-аналарымен
қарым-қатынасы, отбасының құрылымы және
ата-аналардын өзара қарым-қатынасы балаға
қатты ықпал етеді, алайда, сыртқы әлеуметтік
ортамен араласының кенеюіне байланысты
енді оларға үйден тыс жердегі ықпал етуі
күшейе бастайды.Бастауыш сынып жасындағы
бала үшін ең маңыздысы -педагог. Балаға
қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды
әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық
қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен
диалогтың ең қажетті құралы болып табылады.
Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай
болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкендердің
соғұрлым үнсіз де жылы жымиысына баға
беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде
емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш
сынып жасындағы балалар мен жасөспірімдерді
жылы жымиыспен ынталаңдырудың маңызы
зор. Сондықтан да педагогтың вербальды
емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің
жылығымен әсер етуге сарандьпы бала мен
педагог арасындағы онсыз да үлкен жас
айырмашьшығын одан сайын кашықтатпақ».Үлкендердің
баламен әр түрлі қарым-қатынасы және
олардың балаға беретін бағасының сипаттамасы
оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін
дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды
екендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда
өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайдьі.
Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың
бойында пайда болатын осындай өзіне өзі
баға берушілігінен оның басқа адамдарға
да баға беруінің негізі қаланады.Мектеп
оқушъшарының өз арасындағы қарым-қатынастары
үнемі өзгеріп отырады. Баланың 3 жастан
6 жасқа дейінгі аралықтағы қарым-қатынастары
негізінен ата-аналардың бақылауында
болатын болса, 6 жастан 12 жасқа дейінгі
аралықта мектеп оқушылары көп жағдайда
ата-ана назарынан тыс қалады. Бастауыш
сынып жасындағы балалардың достық қарым-қатынастары
негізінен қыз бала мен қыз баланың, ер
бала мен ер баланың арасындағы достыққа
әкеледі. Ата-аналарымен арасындағы байланыстын
бұрынғыға қарағанда босаңсығаны себепті
бала енді өзінің жора-жолдастарының қолдауына
көбірек сүйенетін болады. Сонымен бірге
оған енді өзінің эмоционалдық кауіпсіздігін
де қамтамасыз етуіне тура келеді. Демек
бала үшін өз құрбы-құрдастары өзіндік
бір рөл атқара бастайды, яғни, ол соларға
қарай отырып, бұдан әрі қарай ата-анасы
көрсеткен жолдың ішінен қайсысын алуы
керек, ал қайсысынан бас тарту қажеттігін
тандай бастайды. Мектеп жасындағы балалар
әдетте жынысына, өз отбасының әлеуметтік-экономикалық
мәртебесіне қарай өзіндік топтарға бірігеді.
Осылайша бастауыш сынып жасы маңызды
жағдаймен, яғни, баланың мектепке баруымен
айқындалады. Мектептегі жаңа әлеуметтік
жағдай бала өмірінін бұрынғы өзі үйренген
қалыбынан гөрі тереңдеу әсер береді әрі
баланың жүйкесіне салмақ түсіреді.Бастауыш
сынып жасы-бұл айналадағы өзге әлемді
баланың өз бойына сіңіре бастау, білім
жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру
кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды
өмірлік функцияны табысты орындау баланың
өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына
қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай
бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен
қарауы, кездесетін барлық жағдайларды
тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі,
аңғал да ойын баласының қарым-қатынасы.
Бастауыш сынып жасындағы балалардың
бойындағы осы аталған бейімділіктердің
әрқайсысы тек жақсы жақтарымен ғана көрініс
табады, ал ол осы жастағы балаларға ғана
тән қайталанбас ерекшеліктер болып табылады.Бастауыш
сынып жасындағы балалардың кейбір ерекшеліктері
жылдар сайын жойылып отырады, кейбір
ерекшеліктерінің маңызы өзгереді. Мұндай
жағдайдың балалардың бойында көрініс
табуы олардың жас ерекшеліктеріне қарай
әртүрлі деңгейде болатынын атап көрсету
қажет. Міне, балалардың танымдық мүмкіндіктеріне
өзіміз қарастырған осы ерекшеліктер
зор ықпал етеді және ол баланың жалпы
дамуының келешегінің алғы шарты болып
табылады. Балалар мектепке мінез-құлқы
әлі қалыптаспаған күйде келеді.Олардалі
мектепке дейінгі жастағы балаға тән өзіндік
белгілері бар.Олар тым әсершіл,сондықтан
да олардың сезімі көп жағдайда ақыл-ой
әрекетін билеп кетеді. Балалар жалпы
жарқын жүзділігімен,әр нәрсеге әуестігімен,талмас
күш-қуатыменен ерекшеленеді.Олар адамдармен
тез жұғысып ,еріксіз өздеріне деген сүйіспеншілік
туғызады,олармен араласу көл-көсір қуаныш
әкеледі.Бастауыш сынып оқушыларының
жағымсыз қасиеттері де жоқ емес.Мысалы,олардың
кейбіреулері бір беттілігімен,ашушаңдығымен,енді
біреулері жай басарлығымен,немқұрайдылығымен,ұяңдығымен
немесе керісінше шектен тыс белсенділігімен,ұшып-қоны
тұруымен ,әдепсіздігімен, тынышсыздығымен,
тәртіпсіздігімен тағы да басқа жағымсыз
жақтарымен ерекшеленеді,мұғалім бұлармен
күрес жүргізуі қажет.Бұл сапалардың көбісі
әлі берік орнықпаған,тек уақытша психикалық
ерекшеліктер болып табылады,бұл сапалар
келешекте олардың мінез-құлқына сіңісіп
кетпеуі тиіс.
Балалардың санасы мен психикасы
көпшілік жағдайда қоршаған ортаның
ықпалы мен тәрбиеге байланысты.Бірақ,табиғи
қабілеттің рөлін,яғни жеке адамдарды
туғаннан бастап бір-бірінен ерекшелейтін
ми мен нерв системасының анатомиялық,
физиологиялық ерекшелігін жоққа
шығаруға болмайды.Алайда адамның
табиғатына біткен қасиеттері
жеке адамның күнделікті өмірінде
және іс-әрекетінде сыртқы ықпал
мен тәрбиенің әсерінен,көп жағдайда
дамып өзгеріп отырады.Адамның
миы мен нерв системасы керемет
пластикалылығымен,яғни сырт ықпалдың
нәтижесіне орай өзгеріп отыруымен
ерекшелінеді.Баланың жеке басының
дамуы құр бекер қызығу ғана
емес,сапа жинау болып табылады.3сынып
оқушысыныңдүние жайындағы білімінің
көлемі өсіп қана қоймай,жеті
жасар кезіндегі білгенімен салыстырғанда
кеңейеді,бұл білімдері сапасы
жағынан алғанда басқаша,мұны
мектеп оқушысы ой елегінен
өткізіп басқаша түсінеді.Мектепке
алғаш баратын оқушы,бәрі оқып жатыр,сондықтан
оқу керек екенін біледі.Бірнеше жыл өткеннен
соң,білімнің атқаратын рөлін түсініп,тек
қана жанұя мен мектеп алдындағы борышын
сезініп қоймай,қоғам алдындағы борышын
да сезінеді.Әр жыл өткен сайын оқушының
сана сезімі өседі,есі мен зейіні еркін
бола түсіп,өз сезімін,тілегін билеп алуы
жетіле түседі,ықыласы, ойы,тілі дамиды,іс-әрекетінде
белсенділігі,дербестігі артады,еркі
нығаяды,моральдық бейнесі барған сайын
тұрақты бола бастайды.Сөйтіп,белгілі
бір жастан екінші жас кезеңіне көшу үнемі
біртіндеп болып отырмайды,кейде жаңа
психикалық қасиеттер күтпеген жерден
пайда болып,төңірегіндегілерді,сонымен
қатар ата-ана мен тәрбиешілердің өзін
таң қалдырады.Баланың жеке басын қалыптастыруға
басшылық жасау үшін ,оның даму жағдайын,оған
жасалған ықпалды білу қажет.Сондай-ақ
қазір пайда болған оның жеке басының
ерекшеліктерін яғни ол арқылы сыртқы
ортаның ықпалы жүзеге асатын ішкі жағдайларды
есепке алу керек.Жеті жастан он жасқа
дейінгі кезеңге неғұрлым тән негізгі
белгі мынада:бұл жаста мектеп жасына
дейінгі бала мектеп оқушысына айналады.Бұл
бала өз бойында мектеп жасына дейінгі
балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен
ұштастыратын өтпелі кезең.Бұл белгілер
оның мінез-құлқында,санасында күрделі,ал
кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар
жүреді.Кез келген өтпелі күй сияқты бұл
шақ көзі ашылмаған даму мүмкіндіктеріне
бай,оларды дер кезінде байқап,қолдап
отыру маңызды.Адамның көптеген психикалық
қасиеттерінің негіздері тап осы бастауыш
мектеп жасында қалыптасады және әдетке
айналады.Сондықтан ғалымдардың ерекше
назары қазір бастауыш сынып оқушыларын
дамытудың резервтерін пайдалану балаларды
одан арғы оқу және еңбек қызметіне неғұрлым
табысты дайындауға мүмкіндік береді.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене,
психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер
байқалады.Олардың бұлшық еттерінің күші
артады,сүйек жүйесі қалыпасу сатысында
болады, мидың үлкен жарты шарының функциялары
дамиды.Баланың бойы 115 сантиметрден 134
сантиметрге дейін өседі,салмағы 30-35 кг
шамасында болады.Бұл жастағы балалардың
іс-әрекеті –оқу.Осы оқу арқылы олардың
таным процесі(қабылдау ,зейін, ес,қиял,ойлау)
дамиды.Н.К.Крупская және А.С.Макаренко
7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық
ойындардың маңызын атап көрсетті.Олардың
айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке,
ұйымшылдыққа,батылдыққа тәрбиелеп қана
қоймайды,ол жолдастық сезімге,ұжым мүддесі
үшін әрект жасауға тәрбиелейді. Бұл жастағы
балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні
өте зор.Балаларды бірте-бірте еңбекке
баулу,үйелмен,ұжым және қоғамға пайдалы
еңбектің ( үй шаруашылығына қатысу,сынып
бөлмесін жинау,саябақта бақша өсіру,үй
жанындағы бау-бақша учаскесінде ,мектеп
тәжірибе учаскесінде,спорт алаңында
жұмыс істеу т.б. түрлерін істей білуге
үйрету қажет) 7-12 жастағы балалар ұзақ
уақыттық дене еңбегіне,күш түсетін
жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан
бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің
барысында еске алынғаны жөн. Тәрбие процесінде
балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға
болады. Мысалы,өзімшілдік,біреудің жақсы
әдеттері мен істерін көре алмаушылық,түрлі
болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмасын
орындаудан қашушылықт.б. Балалардың мұндай
теріс қылықтарына жол бермеу тәрбиешілердің
,ата-аналардың беделіне,біліміне,өмір
тәжірибесіне байланысты.Бұл жастағы
балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру
үшін олардың мынандай ерекшеліктерін
еске алған жөн:сөз бен істің сәйкесті
болуын талап етеді,жөнсіз кінәлаудың
жеркену сезімі туады,үлкен адамдардың
жіберген қателіктерін тез байқайды,арманшыл,қиялшыл
болады,ұйымшыл келеді,сенімді серік іздейді,өз
мүмкіндіктерін,күшін асыра бағалайды,түрлі
спорт ойындарында өте ықыласты болады
т.б.Бұл ерекшеліктерді оқу,тәрбие жұмысының
барысында сынып жетекшілері,мұғалімдер
айырықша бақылайды,зерттейді,тиімді
етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін
қарастырып,ата-аналарға дер кезінде көмек
көрсетеді.
Бастауыш мектеп
жасы 7жастан 11,12 жас арасын қамтитын,мектептегі
оқудың алғашқы 4жылы адам өміріндегі
ең маңызды кезең болып саналады.Мектеп,баланың
жеке басының қалыптасуында ең басты факторға
айналады.Оқу басталысымен жайбарақат
балалық шақ аяқталып,күнделікті еңбекке
араласып,жаңа міндеттер атқаруға тартылады.Психология
тұрғысынан алып қарағанда,бұл- бала өмірі
меніс-әрекетіндегі үлкен өзгеріс.Мектепке
бару деген –өмір бойы есте сақталатын
үлкен оқиға.Мектептегі алғашқы жылдан
бастап бастауыш сынып оқушысының ой-өрісі
өлшеусіз кеңейеді,оның өміріне білімнің
сарқылмас қазынасы-кітап енеді.Мәселе
тек сауаттылықта-жаза білу,есеп шығаруда
ғана емес,мәселе оның табиғатпен,адамдардың
еңбегімен,қоғам өмірімен танысып білуінде,міне
осының бәрімен бала бастауыш сыныпта
танысады.Балалар әдетте, мектепке баруды
асыға күтеді,мұнда оған алғашқы кезде
барлығы да жаңа,тартымды болып көрінеді:
мұғалімнің әңгімесі,мектептің жалпы
тәртібі,оқу,жазу және көруге қызықты
көрнекі құралдар т.б.Бір қызығы, бұл тұста
балаларды қызықтыратын білім алу емес,оқу
процесінің өзі.Олар мұғалімнің түрлі
тапсырмаларын қызығып орындайды. Бала
мұғалімнің сұрағына дұрыс жауап бере
алмаса да,оның сұрағанын жақсы көріп
тұрады.Мектеп оқушысы баға алғанды ұнатады.Төменгі
сынып оқушылары біртіндеп оқу ісіне,мектептің
сан-салалы өміріне бауыр басып,өздерінің
түсініктерін кеңейтіп,сөздік қорын молайтып,оқуға,жазуға,санауға
үйренеді.Оқытудың алғашқы сатысында
олардың өмірлік тәжірибелері молая түседі.Бірлесіп
оқу,жалпы оқу тапсырмаларын шешу,мінез-құлықтың
жаңа ережелері мен нормаларын игеру балалар
арасында қарым-қатыныстардың қалыптасуына
жағдай туғызады. Бастауыш сынып оқушыларының
дамуында балалар коллективі үлкен роль
атқарады. Бала қасындағы жолдастарының
сол жұмыспен шұғылданып жатқанын көріп,басқа
балалардан жаман жасамауға тырысады,басқалардың
мақұлдағанын не жаратпғанын естиді.Оқи
бастаған алғашқы тұста,балалардың бір-бірімен
қарым-қатынасы алдымен еліктеуден байқалады.Содан
бір-біріне біртіндеп көмектесіп.бір-біріне
талап қоя бастайды.Мұғалімнің бағасының
мәні жолдастарының пікірімен толыға
түседі де,кейіннен солардың пікірімен
көбірек санасатын болады. Бастауыш сынып
оқушысының психикалық қасиеті көбінесе
жанұяның әсеріне байланысты жинақталады.Бала
әке-шешесі мен аға-інілері,апа-қарындастары
арасында өз уақытының көп бөлігін өткізеді.Міне
сондықтан да оның жеке басының қалыптасуына
жанұя өте зор ықпал жасайды.Балаға айналасындағы
адамдардың үлгі,өнегесі мен әсіресе әке-шешесі
абыройының мәні аса зор.Бір-біріне қамқоршылық
жасап,сүйіспеншілікпен қарайтын,адал
еңбек ететін,қоғамдық міндетін белсенді
атқаратын тату-тәтті семьядан шыққан
балалар,әдетте адал, еңбек сүйгіш,тәртіпті
болып өседі.
А.С. Макаренко ата-аналарға арнап:
« Нағыз абырой сіздердің азаматтық
істеріңізге,сіздердің азаматтық
сезімдеріңізге,сіздердің баланың
өмірін білуіңізге,сіздердің оған
көмек көрсетулеріңізге және
оның тәрбиесіне жауапты қарайтындықтарыңызға
негізделеді »,-деген болатын.
Мектеп пен жанұяның балалардың
психологиясына әсері,- мұғалімнің
ата-аналармен байланысына,олармен
бірыңғай тәрбие бере білуіне,оларға
ақыл-кеңес беріп көмектесуіне,солар
арқылы әрбір мектеп оқушысының
жеке дара ерекшелігі жайлы
білімін тереңдете түсуіне тікелей
байланысты.162бет
Бұл жастағы балалардың үлкендердің
әректтеріне және олармен өзара қатынас
жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару
барысында байқалады.Көбінесе балалардың
ойындарында адамдардың еңбек-іс әректтері,тұрмысы,өзара
қатынасы қамтылып көрсетіледі,ұжымдық
өмір дағдылары қалыптаса бастайды.Ойын
барысында балалардың құрдастарымен де
өзара қатынасы өзгереді.Олар басқа балалармен
ойнауға тілек білдіреді,еңбекке байланысты
тапсырмаларды бірігіп,орындауға, өз қылықтарын
ережеге бағындыруға,керексіз әдеттерді
тежеуге,кедергіні ығыстыруға үйренеді.Осындай
бірігу іс-әректтерінің қуанышы балалар
арасында жолдастық, достық сияқты
жаңа қатынастарды туғызады.Олар бір-біріне
қамқорлық жасап көмектеседі,ілтипатты
болады.Бала еліктеу,қабылдау арқылы түрлі
рөлді ойындарды атқара отырып,әлеумет
өмірінің ,өндіріс қатынастарының мазмұнына
түсінеді.Әр түрлі ойын баланың дүниетанымын
кеңейтіп,қарым-қатынас жасау белсенділігін
дамытады.
Бала
организмі мен нерв жүйесінің
даму негізінде,оның психикалық
қызметінің ( түйсік, қабылдау, ес, қиял,
ойлау, тіл, зейін, сезім т.б.) дамуы
жетіле түседі. Психикалық қызметтің
негізгі механизмі мидың үлкен
жарты шарлар қабығының әрекеті
болады.Психиканы айналадағы объективтік
шындықтың біздің нерв жүйемізде бейнеленуі
дейміз. Баланың әрбір даму кезеңінде
жетекші іс-әрекеті болады.Мұндай іс-әрекеті
өзінің мақсаттары, мотивтері және орындалу
тәсілдерімен сипатталады.Жетекші іс-әрекеті
– өсуші индивидтің мұқтаждарын қанағаттандыру
мен таным немесе психикалық процестерін
қалыптастыруға бағытталған іс-әрекеті.Таным
іс-әрекеттерінің процесінде жаңа мотивтер(ықылас,тілек
және т.б.)туады, баланың түсінігі мен ұғымы,білімі
мен тәжірибесі артады, ойлау операциясы
да ( талдау, синтез,салыстыру, абстракциялау,жинақтау,классификация)
жетіле түседі.Оқу мен тәрбие процесінде
бала ойлау операциясы арқылы объективтік
шындықтың құбылыстары мен заттарын анықтай
білуге ,адам баласының бай тәжірибесін
үйреніп,игеруге талаптанады. Әрине ,бала
өз бетінше жаңалық ашпайды,ол мұғалімнің,тәрбиешінің
көмегімен белгілі,зерттелген ғылыми
мәліметтерді бағдарлама, оқулық және
басқа да әдебиеттер арқылы қабылдап,меңгереді.