Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс салтанат.docx

— 143.91 Кб (Скачать файл)

         Мінез-құлық  мәдениетін тәрбиелеу  ісіне бастауыш сынып  мұғалімдері  түгел қатысса ,жұмыс  жемісті болады. Сыныптағы  бұл жұмысты  бір ғана мұғалім жүргізсе ,тұрақты да  тиімді нәтижелерге қол жетпейді.Мұндайда өз класынан шыққан балалар  ылғи да өздерінен  мәдени мінез-құлықтың тиісті ережелерін  орындау талап етілмейтін басқа балалармен  кездесіп отырады. Бұл ретте мінез-құлық ережелерін бұзуды теріске шығарарлық  жалпы мектептік қоғамдық пікір  жасау да қиынға түседі.

           Оқушылардың тәртібіне бірыңғай  талаптар қою  мінез-құлық мәдениетін  тәрбиелеу жұмысының басты шарты болып табылады.  «...Тәрбиешілері бір колллективке бірікпеген жерде ,бұл колллектив бірыңғай жұмыс жоспарына ,бірыңғай екпінге ,балаға деген бірыңғай дәл талапқа  ие болмаған жерде  ешқандай да тәрбие процесі болмақ емес»,-деп жазған болатын  А.С.Макаренко .

            Педагогикалық кеңесте , бастауыш  сынып мұғалімдерінің  методикалық  бірлестіктерінде  мінез-құлық мәдениетін  тәрбиелеу  жұмысының  мазмұны мен әдістерін , бұл жұмысты барлық бастауыш сыныптарда  жүргізудің барлық міндеттілігін  анықтап алу керек.  Мінез-құлық мәдениеті жөніндегі ашық сабақтар өткізу, олардың методикалық жағын  коллектив болып талқылау , сол арқылы  балалар м ен жұмыстың жетілдірілген  формаларын табу тиімді.             

          Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу  жұмысы  кездейсоқ емес,  белгілі  бір жүйе бойынша жүргізілсе  ғана  тиімді болады.  Бұл жүйелілік  балалардың бойында  мінез-құлық ,пайдалы әдет-дағды  тәжірибесін  жинақтауды ,адамгершілік мағлұматтарды  сіңіруді қамтамасыз етеді.

         Жұмыстың жемісті болуы үшін  мектептегі жағдай, ондағы тазалық  пен тәртіп  үлкен маңызға ие. Сынып бөлмелері, мектеп іші жоғары  талғам негізінде ,әдемі безендірілгені дұрыс . Ал мектеп іші лас, сиықсыз болса,  мектепте сырт киіммен жүруге рұқсат етілсе, тұрмыстық бұрыш, әркім өзін ретке келтірерлік  айна болмаса,  оқушылардан тазалықты, тәртіптілікті, сырттай жинақылықты талап ету қиын.

          Мұғалімнің мінез-құлқы , оның сырт  бейнесі, басқа мұғалімдермен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынас стилі  оқушы тәрбиелілігін қалыптастыруда  шешуші маңызға ие. Мұғалімнің  мінез-құлқы  оқушы ұқсауға  тырысарлық  үлгі болуға тиіс.  Балалармен  қарым-қатынастағы дөрекілік, ашушаңдық, мектепте ата-аналар әлі де естіп қалатын орынсыз ескертпелер сөз жоқ, мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуді қиындатады. Егер де мектепте жалпыға бірдей  достық қарым-қатынас , өзара ілтипат, жолдастық ынтымақ пен  қамқорлық қалыптасқан болса, сыпайылық, сөйлеу мәдениеті, дәлдік, міндеттілік ережелері  әлдеқайда тез жүзеге асады.

          Тәрбие жұмысының тиімділігі  көп ретте педагогикалық  коллектив  пен семьяның  үйлесімді жұмыс  істеуіне байланысты.Ата- аналар  балалардың тәртібіне  қандай  талаптар қойылып отырғанын,  олардың бойында қандай мәнер  тәрбиеленіп жүргенін , ең маңыздысы  нелер екенін  білуге және үйде, жанұяда сол бағытта  жұмыс істеуге міндетті.

           Жүргізілген жұмыстың тиімділігін  тұрақты түрде тексеріп отыру  аса маңызды. Бұл жұмыстың негізгі  көрсеткіші балалардың  жалпы  және адамгершілік  жағынан  дамуы  болып табылады. Мұғалім балалардың  мінез-құлқы қалай өзгеріп келе  жатқанын, олардың мұғалімнің тұрақты  бақылауынсыз  қалай әрекет ететінін, дұрыс әдет-дағдыларының тұрақтылық  дәрежесін, баланың сана-сезімі қай  бағытта дамып жүргенін  тұрақты  түрде бақылап отыруға тиіс. Балаларды  зерттеу жұмыс жүйесіне  қажетті  өзгертулер  енгізуге, оны жетілдіре  беруге  мүмкіндік береді.

Төменгі сынып оқушыларының  мәдени мінез-құлық  ережелерін      орындамау   себептері.

        Бастауыш сыныптардағы көптеген балалар  мәдени мінез-құлық ережелерін біледі және орындайды. Олар өздерін мектепте,семьяда, қоғамдық орындарда  лайықты ұстайды. Бізді басқа жай толғандырады. Оқушылар ортасында, тіпті төменгі сынып оқушыларының арасында дөрекілік, салақтық, тәртіпсіздік, сыпайылық сақтамау, киімді дұрыс таңдай білмеу сияқты кемшіліктер әлі де кездеседі. Бұл мұғалімдерді, ата-аналар мен жұртшылықты қатты ойландыруда.

       Көп  ретте мұғалім балаларды мінез-құлық  мәдениетіне оқта-текте ғана баулыйды. Егер балалар  нақты бір жағдайда  өздерін қалай ұстау керек  екенін  білмей қалса, мұғалім  түсіндіріп береді, көрсетеді, жаттығулар  жасатады, талаптар қояды, тәртібіне бақылау жасайды. Егер балалар тәртіп бұзса,қателігін көрсетеді. Әрине, нақты енді ғана кездескен жағдайға байланысты жүргізілген жұмыс  тиісті дұрыс нәтижесін береді. Бірақ бұл істегі стихиялық  пен кездейсоқтық  мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде  елеулі олқылықтарға әкеліп соғады. Сол себепті де ережелерді бұзу жолдарының бірі  балалардың оларды  білмейтіндігінде болып жүр.Мәселен ,үлкендермен  амандасқанда  қолды бірінші болып ұсыну, түрегеп тұрған ересек адамдармен  отырып сөйлесу әдепсіздікке  жататынын балалар білмейді.

        Бұл  себептерді түзеу оңай. Мәдени  мінез-құлық ережелерінің  мазмұны  көптеген  арнаулы кітаптарда, кітапшаларда,  мақалаларда, көпшілікке арналған және педагогикалық журналдарда  мейлінше толық және түбегейлі ашылып жазылған. Демек, мұғалім балаларға, кейде ата-аналарға қандай ереженің бейтаныс екенін білісімен,дереу ол туралы  айтып беруге тиіс.

         Енді бір ережелерді балалар  білгенмен  орындай алмайды. Мәселен, олар транспортта келе жатқанда  үлкендерге орын беру керек  екенін біледі,солай жасайды да. Бірақ  мұны  қалай болса солай , дөрекі түрде , басқаларға  әдейі  көрсете айтып  отырып жасайды. Демек, мұғалім әрбір ережені  айтып қана қоймай, оны қалай  орындау керек екнін көрсетуге  тиіс.

           Енді бір ретте балалар ережені  біле тұра орындамайды. Мәселен, олар  гигиеналық ережелерді сақтау: тіс тазалау,  бет орамалды  пайдалану, мұнтаздай таза болу, киімін, аяқ киімін таза ұстау  керек екенін біледі. Бірақ негізінен  алғанда,  жалқаулықтың, өзін-өзі  басқара алмаудың,  кейде ұнамайтын  істі де  орындауға өзін-өзі  мәжбүр ете алмаушылықтың  нәтижесінде  олай  істемейді. Балалар кейбір  ережелерді керексіз, мәнсіз деп  есептегендіктен  орындамайды. Олар  көптеген ережелерді үлкендер  ойлап тауып орындаттырады, ал  іс жүзінде өмір үшін  бұл  ережелердің еш мәні жоқ деген сенімде болады. Балалар мұндай жағдайда  өздеріне мәлім нормаларды саналы түрде орындамайды. Мәселен ,өз балаларының ортасында, тұрғыластар коллективінде  сыпайы сөздерді айтпайды , лас және дөрекі болуды  ретсіз деп есептемейді.  Демек, мінез-құлық ережелерін білу ғана оқушыларды  тәрбиелі және мәдениетті ете салмайды.  Мінез-құлық ережелерін үйренген соң  оқушылардың оларға дұрыс қарауы ,оларды белсенді түрде орындауы шарт.

          Мәдени мінез-құлық ережелерін  орындауға байланысты талаптардың  үлкендер тарапынан ғана емес, оқушылардың өздерінен туындауы  маңызды .Жекелеген жастар  мәдени мінез-құлық ережелерін орындамай-ақ  жақсы азамат болып шығуға болады деп есептейді. Мұғалім  мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі  жұмысты бастай отырып , балалар коллективіндегі тәртіптің  қарапайым нормаларын  орындауды реттеп,оған баға беріп отыратын  қоғамдық пікірді қалыптастыруы қажет. Балалар коллективі үлкендердің көмегімен  орындалуы қажетті деп саналатын  ережелер жасап алуға тиіс. Сондай жағдайларда белгілі бір нормаларды ұстану жөніндегі талап  үлкендер тарапынан ғана емес, балалардың, мектеп коллективінің, өз тарапынан туындайды.

         Балалардың тәртіп ережелерін  орындамауының үлкен бір себебі  оларды қоршаған  адамдарда жатыр  деген жөн. Мәселе үлкендердің  қоғамдық орындардағы, үй мен  көшедегі тәртіпке  әрдайым үлгі  бола бермейтіндігінде жатыр. Олар  ашушаң да дөрекі, әдепсіз де  тұрпайы болып келеді. Яғни балалар  наразы болатын қылықтарға жол  береді.

        Демек,мінез-құлық  мәдениетін тәрбиелейтін үлкендердің  өзі  өз тәртібін қатал және  міншілдікпен  қадағалап отыруға,  балаларға үлгі болуға тиіс. Педагогиканың  осы тәоізді негізгі шарттарының  бірін  ата-аналар мен балалардың  басқа да тәрбиешілері жақсы  білуі қажет. Көп ретте балалар  мәдени мінез-құлық ережелерін  үлкендердің өздеріне қоятын  талаптарында бірлік болмағандықтан  орындамайды.  Талаптардағы әр  түрлілік кей-кейде  тым елеулі болады.  Мектеп пен семьяда  талапты біркелкі етіп қоймайды. Мектептегі мұғалімдер оқушыларға қойылатын талаптарға  біркелкі қарамайды. Сол сияқты семьядағы үлкендер де  педагогикалық көзқарасқа  келгенде өзара  ынтымақтас емес. Мәселен, талаптардың сипаты, олардың кезектесуі және мөлшері  әке мен шешеде ,әже мен атада , семьяның басқа мүшелерінде  әркелкі болып келеді.  Сол себепті де бала міндетті ережелерді  орындай бермейді,  үлкендердің әр түрлі талаптарына ыңғайлана салады. Осыдан келіп баланың үйде сыпайы,  мектепте дөрекі , немесе бұған керісінше болуы мүмкін. Немесе ата-аналарын сыйлап, әжесіне ілтипатсыздық, дөрекілік жасауы мүмкін.

         Мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуде  ата-аналардың жеке бастық үлгісінің  маңызы зор. Балалар үлкендерді,  олардың тәртібін ,өзара қарым-қатынасын, сөйлеу мәнерін қадағалап жүреді. Егер де ата-ана  бір-біріне  ілтипатты, сыйлы, сыпайы, бір сөзді  болса,  олардың балалары да  жақсы  тәрбиелі болып өседі. Семьяда  сыпайыгершілік сақталмаса, үлкендер  бір-бірін сыйламаса, бейпіл ауызданбаса, үйде  тазалық пен тәртіп сақталмаса, бала бойында мәдени мінез-құлық  дағдылары  мен әдеттерін тәрбиелеу  анағұрлым қиынға түседі.

       Егер  ата-ана мен мектеп  өзара тығыз байланыста болса,  балалардың мінез-құлқына  бірдей талап қойып отырса,  мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу  табысты болады.

 

 

 

          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті барысында мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады:

1. Анықтау эксперименті

2. Қалыптастыру эксперименті

Жалпы зерттеу экспериментіне Тараз қаласындағы Ж. Жабаев атындағы №5 қазақ орта мектебінің 2 «б» сынып оқушылары қатысты. Олардың барлық саны 20- оқушы.

Бірінші кезеңде эксперименттің анықтау бөлімі жүргізілді. Оның барысы бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі және сабақтан тыс уақыттағы қарым-қатынас барысында байқатқан іс-әрекеті, мінез бітісінің тепе-теңдігі, тұрақтылығы, жағдайға сәйкес мінез-құлқының өзгерісі сияқты құбылыстарын анықтау бақылау арқылы жүзеге асырылды. Бақылау нәтижесінде зерттеуге қатысқан 20 оқушының әрқайсысына жеке танымдық құрылымдық сипаттама берілді. Олардың мазмұны төменде берілді:

1. Айтбаева Дина – екінші  сынып оқушысы. Әрдайым сабырлы, тұйық мінезді қыз бала, сабақ  үстінде жиі қолын көтермейді, бірақ сұрақ қойылғанда өте  мағыналы дәл, әрі қысқа жауап  береді. Дина өзгенің өзіне ғана  назар аударатынын талап етпейді, бірақ үзілісте құрбы-құрдастарымен  бірге бола біледі, оның күлкісімен  сөйлеген дауысы сирек естіледі.

2. Алтынбек Дастан –  екінші сынып оқушысы. Жас ерекшелігіне  сәйкес байсалды, ұстамды, қимыл  әрекеті баяу ұл бала. Сөйлегенде  дауысы бір сарынды барлық  эмоциялық күйі қалыпты деңгейде. Сабақ үстінде қойылған сұрақтарға  жүйелі жауабымен көзге түседі. Үйге берілген тапсырмаларды  барынша орындауға тырысады.

3. Әбілхан Сабина –  тұйық, сабақ үстінде артық қимыл-әрекет  жасауымен көзге түспейді, сұрақ  қойылса үндемей ойланып алып, өз жауабын береді. Құрбыларының арасында енжар, тыңдағанды қалайды. Өз бетінше белсенділік танытып ортақ істі бастап кетпейді. Нұсқау берілгеннен кейін ғана әрекет етуге тырысады.

4. Амангелдіұлы Ғалым  – ұшқалақ, шыдамсыз, тынымсыз. Сабақ  үстінде жан-жағына қарап, қимыл  әрекет жасауға бейім келеді. Сұрақ қойылғанда басқа оқушылардан  бұрын жауап бергісі келіп  асығады. Оқу материалдарын тез  меңгеріп алады. Қайта жаңғырту  процессі де жылдам орындалады.

5. Байтуров Осман –  қимыл-әрекеті баяу, сабырлы, ұстамды, көп сөйлемейді. Сабақ үстінде  артық қимыл-әрекетімен, сөзімен  көзге түспейді. Құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынаста енжар, өз бетімен  жүргенді ұнатады. Эмоциялық-ерік  сферасы бір қалыпты деңгейде  көрінеді. Іс-әрекетте бастамашылдық  алып, белсене қатысып кете алмайды. Нұсқау берілгеннен кейін ғана  әрекетке араласады.

6. Байзауыров Абылайхан  – сабырлы әрі ұстамды. Өз ойын  жүйелі түрде, ұйымдастыра отырып  жеткізуге тырысады. Бастаған ісін  аяғына дейін орындайды. Ұқыпты  әрі тиянақты әрекет етуге  бейім. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы  жақсы барлығына бірдей қатынас  білдіреді. Берілген тапсырмаларды  тиянақты, соңына дейін орындайды.

7. Балтабай Рауан –  тұйық мінезді, көп сөйлемейтін  бала. Іс-әрекетін тиянақты орындауға  тырысады. Сұрақтың жауабын білмесе, артық сөйлеп уқытты алмайды. Түсінбеген жерлері болса, қайта  сұрап, нақтылауға ұмтылмайды. Құрбы-құрдастарының  арасында енжар, өз бетімен белсенділік  танытпайды. Эмоциялық-ерік сферасы  айқын түрде және бірден байқалмайды.

8. Беридза Диана – тынымсыз, қимыл-әрекеті жылдам. Берілген тапсырмаларды  жылдам әрі нәтижелі орындауға  тырысады. Сұрақтарға бірден әрі  жылдам жауап береді. Құрбы-құрдастарының  ортасында сөз алғанды жақсы  көреді, белсенді әрекет етеді. Эмоциялық  ортасы реңгке толы, бай екені  байқалады.

9. Бекжігітова Мөлдір  – ұстамды, шыдамды, бірқалыпты. Мінезі  бар қыз бала. Құрбы-құрдастарымен  достыққа тұрақты, көңіл-күйінің  өзгеруі жиі байқалмайды. Сөзін  нақты жүйелі ұйымдасқан түрде  жеткізе біледі. Қандай да бір  келеңсіз жағдайларға душар болса, көпке дейін өз-өзіне келе алмайды. Берілген тапсырмаларды тиянақты  әрі ұқыпты орындауға тырысады. Эмоциялық ортасы бір қалыпты, тұрақты деңгейде екені байқалады.

10. Бигельдиева Сымбат  – эмоциялық ерік сферасы бір  қалыпты, тұйық мінезді, ұстамды, шыдамды  қыз бала. Қимыл-әрекеті баяу тапсырманы  орындауға ойланып-толғанып барып  кіріседі. Тапсырманы орындауға  ұзақ уақыт жұмсайды, бірақ нәтижесі  қатесіз, дәл әрі дұрыс көрсеткіштер  береді. Қарым-қатынаста ұстамды, тұрақты  қасиеттер байқалады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері