Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Сентября 2014 в 21:41, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйелерінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді шыңдау кез – келген дағдарыстан шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымының, әр мұғалімнің ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасты өтеу қажеттігі туындайды. Сондықтан да әр мектеп ұжымы өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әртүрлі тәжірибелер жөніндегі мағұлматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек. Еліміздің экономикалық, саяси-мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік өркениетке көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеу – ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының бүгінгі таңдағы мерейлі міндеті.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері ғылыми-теориялық әдебиеттерде қарастырылуы............................................................5
1.1. Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері.........7
1.2.Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктерін дамыту.10
1.3. Бастауыш сынып оқушыларының жағымды мінез-құлықтарын дамыту. .17
2. Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда белсенді әдістерді қолдануды эксперименталды зерттеу........................................................................................23
2.1. Эксперименталды зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелері ......................23
Қорытынды................................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер......................................

Вложенные файлы: 1 файл

курстық жұмыс салтанат.docx

— 143.91 Кб (Скачать файл)

20. Өмірзақова Әсел - өзіне  сенімсіз, интроверт, тұйық, сақ адам, ұйымшыл, үрей белгісі бар, отбасындағы  қамқорлыққа ұмтылыс байқалады, агрессия деңгейі төмен, өзіне  назар бөлгенді ұнатады, ұйымшыл, өскенде достары көп болғанды  қалайды.

Көріп отырғанымыздай, «Кактус» әдістемесінің нәтижесі бақылау барысында алған мәліметтермен сәйкес келеді. Демек, алған жеке қасиеттер мен ерекшеліктер көрсеткіштері оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетінін дәлелдейді. Осы келтірілген мәліметтерді жиынтыққа келтіріп, кесте түрінде ұсынылды.(қосымша № 1, 4-кесте)

Ұсынылған 4-ші кестеде. Оқу іс-әрекеті барысында екінші сынып оқушыларының 14-інің жеке мінез-құлық қасиеті қалыпты деңгейде дамығандығы көрініс тапты. Ал қалған 6 оқушының мінез-құлығының дамуында психологиялық қиындықтар байқалды. Анықтау экспериментінің нәтижелері осындай. Ал келесі кезең – қалыптастыру экспериментінің жүргізілу барысы осы тараудың екінші бөлімінде мазмұндалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Оқу іс - әрекетінде мінез –  құлықты  түзету және дамыту  жұмыстары

       Оқу іс - әрекеті барысында мінез – құлықтың қалыптасуын анықтау экспериментінің нәтижелері жоғарғыдай мәліметтер көрсетті. Анықтау барысында көрінген нәтижелердің қателіктері мен бұрыстылығын дұрыс реттілікке келтіріп, дамыту мақстаында мінез – құлықты қалыптастыру және түзету жұмыстары қарастырылады. Демек, зерттеу жұмысының қалыптастыру эксперимент бөлімі осыдан басталады. Эксперименттің жүргізілу барысына мазмұндама беруден бұрын, коррекциялық және дамытушы жұмыстардың мәні мен мақсат – міндеттеріне тоқталып өтелік.

       Оқушылармен психокоррекциялық  жұмыс психологиялық түрде дұрыс  дамыған балаларға да, сонымен  қатар оқу барысында, мінез –  құлқында қандай да бір күрделі  психологиялық мәселелері байқалатын  балаларға да бағытталына алады. Алғашқы жағдайда дамытушы жұмыстың  басым қолданылуы, ол екінші жағдайда  – түзету (коррекциялық) жұмысының  орындалуы жоспарланады. Толық әрі  жан – жақты ұйымдастырылған  түзетуші – дамытушы жұмыстың  негізгі принципі – оқушыға  ықпал етудің тұтастығы болып  табылады.

       Түзетүші және дамытушы жұмыстардың  ұйымдастырылуы белгілі – бір  талаптарға сәйкес келуі қажет. Оның ең алғашқысы – бұл  жұмысқа баланың өз еркімен  қатысу мәселесі. Ал бастауыш  сынып және 5 – 6 сынып оқушылары  болса, әрине ата – аналарының  келісімі қажет болады.

       Түзету – дамыту жұмыстарының  мазмұнын жоспарлау барысында  жалпы жас кезеңінің қажеттіліктері, құндылықтары және ерекшеліктері  жайлы ескеру ғана емес, сонымен  қатар оқушылар тиесілі болып  отырған әлеуметтік және мәдени  ортаның ерекшеліктері және де  әр баланың жеке ерекшеліктері  мен қажеттіліктері жайлы білімдерге  сүйене отырып, қызмет атқару  өте маңызды. Соңындағы манызды  сәтінің бірі: жүргізілетін түзету  – дамыту жұмыстарында әдістердің  қолдану ерекшеліктеріне қарай  кезектестігі мен реттік тәртібін  сақтау кезеңі болып табылады.

       Сонымен, психокоррекция дегеніміз  – бұл адамның әлеуметтік бейімделуіне  ықпал ететін орта мен өзара  байланыстың психологиялық механизмдеріне  бағытталған психологияның ықпал  ету әдісі.

       Оның мақсаты: баланың психикалық дамуына түзету енгізу, қалыптасып келе жатқан тұлғаны үйлестіру,  сыртқы және ішкі факторларға байланысты әлеуметтік – психикалық бұзылыстардың алдын -  алуға  бағытталады.

       Балаларға психокоррекциялық жұмысты  жүргізудің міндеттері:

1. Бала  тұлғасын, оның эмоциялық күйін, оқу мотивациясының деңгейін, мектептік  және әлеуметтік жетілуін, қарым  – қатынас құрылымы мен қызметін, жүйкелік – психикалық ортасындағы  ауытқуларын, жеке қасиеттері мен  қызметтерінің қалыптасуын психологиялық  – педагогикалық тұрғыда жан  – жақты анықтау.

2. Баланың  тұлғасының дамып, қалыптасуына  ықпал етуі, жанын жаралаушы факторларды, әлеуметтік ортаның жағымсыз  ықпалдарын анықтау және зерттеу.

3. Микорәлеуметтік  – педагогикалық «бетімен кетушілікті» (запущенность) жеңу және де әлеуметтік  ортанның кері ықпалдары мен  сәйкес емес тәрбие әдістеріне  түзету енгізу.

4. Психологиялық  жарақаттаушы жағдайларды шешуде, қоршаған ортамен жағымды қатынас  қалыптастыруда, әлеуметтік мәртебені  арттыруда, қалыпты мінез – құлық  мәселесіне қатысты хабардарлығын  дамытуда көмек көрсету.

5. Жоғары  эмоциялар және әлеуметтік қажеттіліктерді (танымдық, этикалық, еңбек, эстетикалық) тәрбиелеу, өзін - өзі реттей білу  тәсілдерін жетілдіру, интеллектуалды, эмоциялық және ерік сферасының  және жеке психикалық функцияларының  дамуы мен жетілуін ынталандыру.

6. Балалар  ұжымында қабылдау, мейірімділік, ашықтық  және өзара түсінушілік, психологиялық  қауіпсіздік, сенімділік, қарым –  қатынас және дүниені танып  білуде қуаныштылық ауа – райын  ұйымдастыру.

7. Жеке  топтарда ата – аналар мен  тәрбиешілерге ұсыныстар жасау. Келесі топтарда: тәуекел  психологиялық  дедадаптация бар топтар; жүйкелік  ауытқулары бар және мінез  акцентуациясына сәйкес топтар.

Психокоррекциялық  ықпалдың бес бағыты қарастырылады:

1. Жеке  психикалық функциялар мен компоненттерде  түзету жұмыстары (назар, ес, құрылымдық  немесе сөздік ойлау, фонематикалық  қабылдау, қол іскерлігі, ойын, оқу, танымдық іс - әрекеті т.б.) немесе  тұлға коррекциясы.

2. Психокоррекциялық  ықпалдың директивті немесе директивті  емес бағыты.

3. Индивидке  немесе отбасына бағытталған  психокоррекция.

4. Жекелік  немесе топтық сабақтар үлгісіндегі  психокоррекция.

5. Психокоррекция  жүйкелік – психикалық науқастарды  кешенді емдеу психотерапиясындағы  компонент ретінде немесе мінез  – құлқында және әлеуметтік  бейімделуінде ауытқулары бар  балаларға психологиялық ықпал  етудің жетекші әдісі ретінде.

Психокоррекциялық ықпалдың сонымен қатар бағадарлама құру формалары да жіктеледі:

- коррекцияның жалпы моделі: сабақ жүктемесін құрастыруды баланың жеке бас дамуы, жағдайы, қоршаған орта мен адамдар арасындағы жүйелі қатынастары ескеріле отырып, ықшамдап күнге, аптаға және айға бөліп қарастырады;

- коррекцияның типтік моделі: тәжірибеге негіз етіп, түрлі жетекші іс - әрекет (ойын, оқу және еңбек) қимылын ұйымдастыру;

- коррекцияның жеке моделі: баланың жеке психикалық дамуын, қызығушылығын, білімін және мәселелерін түрлерін белгілеу;

- стандартты бағдарламада: қажетті құрал – жабдықтар қатысушыға қойылатын талаптар мен кезеңдерге бөлінген жоспар;

- еркін бағдарламада: психолог психокоррекциялық мақсат, міндеттерді еркін жоспарлайды және кезеңдерге өз қалауынша бөле алады.

Психокоррекциялық жұмыста әсер ету деңгейі психологтың кәсіби біліктілігі мен құзіреттілігіне байланысты:

Теориялық жағынан (баланың психикалық даму заңдылығы мен жас кезеңдерін, оқыту мен тәрбие мәселесіндегі қатынаста, жеке және шығармашылық қабілетті білуі) дамуы, арнайы әдістерді (бір әдістің немесе ықпалдың мүмкіндіктерін) және жағдайларды білуі және дайындығы жатады.

Тәжірибелік  жағынан кәсіби деңгейде психокоррекциялық әдістер мен әдістемелерді қолдануды меңгеру, қызметіндегі құпияларды сақтай білуі және құзіреттілік деңгейін жетілдіруге талпынысты оята білу мен сенімділігі.

Жеке тұлғалық дайындығы жағынан психологтың жеке басында алдымен өз мәселесі (өзін - өзі басқару) бойынша жұмыстың жүргізілуі, өзіндегі жағдайды шеше білуі (жеке мәселесін шеше алмаса, алдына келген индивид мәселесіне тепе – тең көзқараста қарай алмайды) нейтралды ара қашықтықты ұстай білуге мүмкіндік береді. Психолог күнделі№кті өзімен жұмыс жасап, жеке басын жетілдіріп отыруы қажет, себебі алдымен сыртқы түрімен сенімге еніп, әсер етеміз.

Психокоррекциялық бағдарлама құруда ескерілетін ұстанымдар: жас және дара дамудың психологиялық ерекшелігін есепке алу, жүйелілік, бірлік және іс - әрекет, күрделендіру ұстанымы мен қатар, Л.С.Выготскийдің енгізген «таяудағы даму аймағы» есепке алынып «жоғарыдан төмен» және «төменнен жоғары» ұстанымы негізінде құрастырылады.

Әр түрлі коррекциялық бағдарламаны құрастыруда осы ұстанымдарға сүйену қажет:

1.Коррекция, алдын – алу және дамыту  міндеттерінің жүйелілік ұстанымы.

Онтогенезді психиканың даму сипаты мен оның күрделілігін жүйелі есепке алудан тұрады. Кез – келген түзету – дамыту бағдарламасы осы негізде құрастырылады.

Мақсаты мен міндеттері үш деңгейлі мақсат жүйесінде қалыптасуы қажет:

1. Коррекция  арқылы – дамудағы ауытқу мен  бұзылысты ескеру, қиындықтарды  жою.

2.    Профилактикалық (ағарту) – дамудағы  ауытқу мен қиындықтарды ескерту.

3.  Дамыту  – даму маңызын қолайлы ету  және жағдай жасау.

Коррекциялық – дамыту іс - әрекетіне мақсатпен міндеттерді анықтауда бүгінгі күннің өзекті мәселесімен шектелуге болмайды, «таяудағы даму аймағын» ескеру қажет.

2. Диагностика мен коррекция бірлігі  ұстанымы. Тапсырыс берушіге психологиялық көмек көрсету. Тәжірибелі – психолог маман іс - әрекетінің негізгі түрі ретінде процестің біртұтастығын көрсетеді. Коррекция жұмысының тиімділігін 90 пайызға анықтау қаншалықты терең, мұқият зерттелгеніне байланысты коррекциялық жұмыстарды жүзеге асырудың бастамасын диагностикалық зерттеулер алуы тиіс, соның негізінде алғашқы қорытынды жасалып, коррекциялық дамыту жұмысының мақсаты мен міндеттері қарастырылады. Коррекциялық дамыту іс - әрекетін жүзеге асыруда, жеке тұлғадаға өзгеріс динамикасын, мінез – құлқын, іс - әрекетін, эмоционалды жағдайын, оның түзету жұмысы барысындағы сезімдері мен мазасыздықтары ұдайы бақылауды қажет етеді. Бағдарлама міндеттері тапсырыс берушіге толықтыруға мүмкіндік береді. Психологиялық әсер ететін әдістер мен тәсілдерді дер кезінде өзгертуге,

3. Каузальді тип  – түзетудің артықшылық ұстанымы. Ең сәтті жүргізілген симптомдық жұмыстың өзі клиенттің бастан өткізген қиындығын соңына дейін шешіп бере алмайды. Түзету іс – шараларын жүргізу артықшылығы дамудағы қиындық себептері мен ауытқуды анықтау және жою болып табылады.

4. Коррекцияның  іс - әрекеттің ұстанымы. Іс - әрекеттің қалыптасу негізі А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин еңбектеріндегі баланың психикалық даму теориясы болып табылады. Коррекциялық жұмыстың жүргізілуі әдістердің қолданылу жолдары мен қойылған мақсатты анықтайды. Коррекциялық – дамыту әсерінің басты тәсілі клиенттің белсенді іс - әрекетін ұйымдастыру, оның жүзеге асыру барысында ауыр әрі даулы жағдайларын, бағдарлау үшін түрлі жағдай жасалады, негіз етіп тұлғаның жағымды дамуы қарастырылады.

5.  Клиенттің  жас кезеңі – психологиялық  және дара ерекшеліктерін есепке  алу ұстанымы. Клиенттің жеке ерекшелігін нақты есепке алу, әрбір дамудың қолайлы бағдарламасын жасауға мүмкіндік береді.

6. Психологиялық  әсер етудің кешенді әдістер  ұстанымы. Тәжірибелі психолгияның әдістерінің – барлық деңгейде, тәсілдері мен техникаларды қолдану қажеттігін бекітеді. Бірде-бір техника немесе әдістеме бір ғана теорияның меншігі емес. Бұл әдістер әртүрлі мәселелері бар тапсырыс берушіге тиімді психологиялық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

7. Коррекциялық  бағдарлама таяудағы әлеуметтік  ортаны белсенді қатыстыру ұстанымы.  Бала әлеуметтік ортадан тыс, өзге адамдармен қарым – қатынасқа түспей өз алдына бөлек дамуда тежелу байқалады. Ол әлеуметтік қатынаста, тұтас бір жүйеде бөлінбейтін бірлікте дамиды. Жақын адамдармен қатынас жүйесі, тұлғааралық қатынас ерекшеліктері мен қарым – қатынас, ортақ іс - әрекет түрлерімен оның орындалуы – бала дамуында әлеуметтік дамудың ерекше құрамдас бөлігі болып табылады. Олар таяу арадағы даму аймағын анықтайды.

8. Психикалық процестерді  түрлі деңгейде ұйымдастыру тірегі  ұстанымы. Нақты дамыған психикалық процестерге сүйену оларды белсенді ететін әдістерді қолдану. Тапсырыс берушінің ішкі күшін анықтауға негіз болады.

9.  Күрделендіру  ұстанымы. Әрбір топ ең төменгі қарапайымнан, ең жоғарғы күрделіге келесі кезеңдерден өту керек. Материалды қағаз жүзінде күрделілік, оның психологиялық қиындығына әр кез сәйкес келе бермейді. Материалдық эмоционалды күрделілігін есепке алу. Коррекция жұмысында ұсынылатын материал немесе ойын – жаттығулар жағымды эмоционады әсер қалдыруы қажет. Коррекция жұмысының құрылым бағдарламасы психологиялық дәлелді болуы шарт. Коррекция жұмысының сәттілігі ең алдымен диагностикалық нәтиженің шынайы, дұрыс, объективті кешенді бағалауына байланысты болады.

10.  «Жоғарыдан  төмен» коррекциялық ұстанымы. Л.С.Выготский ұсынған коррекция жұмысының бағыттылығын ашады. Психолог назарында коррекция іс - әрекетінің негізгі мазмұны клиенттің ертеңгі келешек дамуы, таяудағы даму аймағын құрудан тұрады.

11. «Төменнен жоғарыға»  коррекциялық ұстанымы.  Коррекция жұмысының негізгі мазмұны ретінде қабілетіне қарай психологиялық жаттығу мен дағдының қарастырылуында. Коррекция жұмысының басты міндеті мінез – құлықтың қажетті моделін жасап, оны тез арада бекіту. Коррекция жаттығулары жекелік және топтық деңгейде қарастырылады. Алдымен тәжірибелі психолог маман индивидті жеке қабылдағаны жөн, себебі жеке және дара ерекшелігімен этностық, әлеуметтік, мәдени көз – қарасын  анықтаумен ескеру жұмыстары жүргізіледі. Жеке пікірін байқағаннан кейін, қосымша пікірлер қажеттігін сезгенде топтық  жұмыстарға қосатын болады.

Информация о работе Бастауыш сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері