Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)......................................................................................................................8
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ РЕТІНДЕ
2.1 Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипаты..............................................18
2.2 Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21
2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық мәселесінің психологиялық шешімдері...................................................................................................................27

Қорытынды.................................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

ЖАС ЕРЕКШЕЛИК ДАГДАРЫС -ПСИХОЛОГИЯ....doc

— 690.50 Кб (Скачать файл)

Жеке адамның дамуы әлеуметтік себептестіктердің диалектикалық өзара әрекетін, оның өздігінен қозғалуы мен өздігінен ұйымдасуының механизмдерін ашады. Психологиялық дамудың әрбір дағдарысы жаңа туған баланың дағдарысынан бастап былай түсіндіріледі:

  • біріншіден, өмірдің объективтік жағдайымен іс-әрекет жүйесінде (немеес өмір сүруде) қалыптасқан ерекше қайшылықтар түрінде;
  • екіншіден, осы жүйелердің ішкі қайшылықтарының шиеленісуі түрінде.

        Бұл қайшылықтар бұрынғы кезеңде жасалған жеке адамның құрылысының бұзып, келесі кезеңнің негізін құрайтын жаңа басты іс-әрекетің өрістеуіне мүмкіндік жасайды. Психикалық дамудың кезеңі дағдарыс кезінде іс-әрекет қайшылықтарының шиеленісінен туған және қайшылықтарды, өзінің өрістеуімен шешетін ерекше функциялық жүйелер түрінде қаралуы мүмкін.

Психика дамуының басталуын айқындайтын  дағдарыс — бұл туу актісі, соның нәтижесінде баланың ана организмімен тура физиологиялық байланысы үзіледі және белсенділіктің психикаға дейінгі үлгілері   тіршіліктің жаңа жағдайларымен сәйкес келмейді. Іс-әрекеттің, бұдан былай қалыптасуы қосылу функциясына, адамның оның қалпына келтіруге адамды адамзатың ішкі буыны ретіндетерминдеуші бастапқы тектік жүйесімен байланысын де қалпына келтіруге бағынады. Сондықтан адамның жеке іс-әрекеті өз қозғалысының  барлық  қайшылықтары арқылы негізгі бастауға — қоғамға, жеке адамды қоғамдық процестің ішкі органы ретінде бекітуге үздіксіз айналып отырады. Әрбір жаңа дағдарыс, осы қайта қалпыпа келтіру жолында қайшылықтарды ашады және дамудың жаңа айналымдарын тудыру арқылы жеке адамның қоғам өміріне бұрынғыдан да терең байлауын қамтамасыз етеді

Ересектердің нәрестемен белсенді эмоциялық әрекеті, бір-жағынан, баланы адамзат іс-әрекет түрлеріне қатыстырып, жаңа туған баланы дағдарыстан шығаратын өзіндік бір психотерапия болса, екінші жағынан, баланы қоршаған ортаға үнемі өзгеріс енгізеді, «бала — орта» жүйесі теңесуін туғызады, және оның белсенділік схемасы әлде бір жабайы деңгейде қалыптасуына  мумкіндік бермейді. Баланың өзінің меншікті бағдарлаушы белсенділігінің пайда болуы, субъективтік іс-әрекеттің, оның детерминдеуші жағдайынан бөлінудің алғашқы қадамы болып табылады. Меншікті белсенділіктің өрістеуі баланың қоғаммен байланысын дамытады, іс-әрекеттің құралдарын, тәсілдерін, әлеуметтік үлгі қалыптастарын меңгеруіне мүмкіндік береді.

Алайда бір дәуірден екіншісіне өту кезіндегі дағдарыстар жеке адамның әрі қарай дамуындағы сөзсіз болмай қоймайтын жағдай. «Баланың жеке басында прогрессивті дамуы, жаңа нәрсенің ұдайы қалыптасу барысында барлық жаста нақты білінеді, ал дағдарыс кезеңдерінде өшеді, уақытша тоқтайды»,— дейді Л.С.Выготский. Алдыңғы сатыда қалыптасқандардың өлуге, тарылу, құлдырау, ыдырау және сол жастағы баланы ерекшелеген процестері бірінші қатарға шығады. Дағдарыс кезеңінде бала ешнәрсені алмайды, қайта бұрынғы алғандарынан айырылады» [8].

Жеке адамның дамуындағы жаңа кезеңді анықтайтын әрбір жаңа басты іс-әрекет, алдыңғы кезеңнің басты іс-әрекеті құрамында жеке орган ретінде өрістейді. Алайда оны детерминдейтін қарама-қайшылықтардың күшеюінен жаңа іс-әрекет төтенше өрістейді, революциялық процестер сияқты жеке адамның барлық құрылымын өз логикасына сәйкес қайта құрады. Психикалық дамудың дағдарысы бұрынғы басты құндылықтар жүйесі мен қажеттіліктерді барынша қирату және жеке адамды жаңа құрылым қисынына қайта бағдарлау болып табылады. Іс-әрекеттің қалыптасқан схемасының бұзылу күрделілігі дағдарыс кезінде адамның психикалық күйінде ауыр із қалдырады.

  Дағдарыс кезінде өзінің терең қайта өзгеруін талап ететін, дүниені түсінудегі  санаға симайтын, әлеуметтік-рөлдік қатынастар  баланы  шыны бетіне соғылған көбелек сияқты етеді. Жағдайлар өзінің қауырттығымен заттар арқылы әрекетті меңгерудегі баталған бағдар құрылымын бұзады, әлеуметтік қатынастардағы және рөльдік мінез-құлық формасындағы басты қажеттілік ретінде бағдарды туғызады.

Дағдарыс кезінде іс-әрекет толқыны объективті кедергілерге ұшырап, оны уақытша бөгелу ретінде санап, одан өтіп кетуге тырысады. Бұл баланың өжеттігінен, бірбеткейлігінің артуынан көрінеді, қыңырлық ең кінәмшілдік оны қоршаған әлеуметтік ортаға ықпал ету тәсілі ретінде көрінеді. Кейін бұл психологиялық толқын артқа, жеке бастың ең терең бастапқы қабатарын қайта құруға — оның қажеттілікті қисындылық саласына қарай бұрылады. Осыдан кейін қозғалыс пайда болған кедергілерді ескеріп, заттық-когнитивтік схемаларды меңгеруге қарай, іс-әрекетті, эмоциялық ерік-жігердің реттелу деңгейі арқылы жүреді. Сөйтіп, іс-әрекет бірнеше рет айналып өтетін органикалық қозғалыс сияқты дамуда ширатылады. Дамыған ой даналығы күрделі өмірлік жағдайлардың объективті қайшылықтарын шамамен айналып өту қабілеттілігі арқылы анықталады.

Кезеңдердің әрбір жұбында іс-әрекет иерархиялық пирамида бойынша өрістейді, осы пирамиданың төбесі ретінде қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесінен бастап, өзіне біртіндеп қарым-қатынсатың жалпы эмоциялық ерік формалары мен іс-әрекеттің жеке буындарын, білімді, әр түрлі қимыл-әрекеттерді қосып алып өрістейді. Заттармен кез келген әрекет, заттық білімдер формалары адам қатынасының бөлігі ретінде ғана игеріледі, «бірге — әрекет және «бірге - білім» элементтері ретінде қоғамдық іс-әрекеттің алмасу процестері жүйесінде ғана болады. Сондықтан да іс-әрекеттің заттық когнитивті формаларын дамыту кезеңі, яғни барлық жұп кезең, дағдарыстан кейін бірдеп басталатып бірыңғай іс-әрекет пирамидасының даму жалғасы болып табылады [9].

Жұптық жас кезеңнің аяғында іс-әрекет звеноларымен, операцияларымен толығып өрістеп, оның тудырған қайшылықтарын шешеді, оны құралдармен дамыған тәсілдер жүйесінің көмегімен айпалып өтеді, жеке адам құрылымын әлеуметтік өрістің құрылымына сәйкестендіреді. Алайда, қоғам жүйесінде жеке адамның дамуы енді жаңа кедергілерге, мінез-құлықтың неғұрлым күрделі, терең нормаларына кезігеді, оларды игеру жеке адамның одан әрі дамуының қажетті шарт болып табылады. Осы кедергілерге ұшырау қайта бағдарланудың жаңа дағдарысын және жағдайдың қайтадан қауырттануын туғызады.

Ескі іс-әрекет жеке адамның бағытын анықтайтын мәннен өмірдің жаңа мәніне бағынатын жеке мақсаттарға жетудің құралына айналады. Мәннің құралға мұндай айналуы тек басты іс-әрекет деңгейінде ғана емес, іс-әрекет пен әрекеттің жеке түрлерінде де өтеді. Бұрын айтып кеткеніміздей, біздің экспериментімізде тәжірибе жасалғандардың дағдарыстан кейін пайда болған жаңа мақсаттарға жету құралы басты мақсаттан қалыптасқан әрекетті дұрыс орындауға айналатындықтан қисынның дағдарысы байқалады. Эксперименттің бірінші сатысында, кездесетін мәселені дұрыс орындау енді ешбір қиындықсыз оған жетуге болатын болды, әрекетке деген қызығу төмендеді, бірақ жағдайда жаңа бағдар жасаудың болашағын ашып, жаңа мақсаттарды қабылдауға қол жеткізді. Эксперимент бойынша берілген жаңа мақсат әрекет формалары сапасын алуға айналды (жылдамдық, автоматизм). Жаңа мақсатты қабылдау әрекеті, оларға жету құралы, яғни операциялар ретінде қарауға жаңа қызығушылықты туғызды.

Осылайша іс-әрекеттің әр түрлі деңгейінде өрістеу ғана емес, ширатылуы да бірыңғай логика бойынша жүреді. Әрекеттер мен операциялардың ширатылуы олардың автоматтануымен, белсенділіктің реттелу схемасын  таза физиологиялық механизмнің деңгейінде берумен  байланысты. Организмнің физиологиялық байланыстар құрылымында автоматтанған әрекеттер логикасы бейнеленеді, ал ол арқылы әрекеттің құрылымы мен мазмұнын детерминдеуші заттық жағдайлардың логикасы бейнеленеді. Субъект қажет жағдайда схеманың керек бөлігін өрістетеді, оны сана деңгейінде, сөз түрінде айтады. Әрекетті құру да, нерв құрылымы «жадында» тіркелген заттық байланыстар логикасы субъектінің өз белсенділігінің    логикасын автоматты түрде ескереді. Жалпы айтсақ, адам әлеуметтік жағдайлар логикасымен және құрылымымен, тіпті организмнің физиологиялық жүйесіне дейін детерминдендірілген.

Жеке адамның сапалы кезеңдері мен қалыптасу дәуірі оның дамуының «квантары» болуы қоғам мәдениетінде ерекше сапалы қыртыстар мен деңгейлердің болуын көздеуге мүмкіндік береді. Мәдениеттің әрбір жаңа деңгейіне жету жеке адамның шұғыл қайта бағдар жасауын талап етумен қатар, мәдениеттің бір қыртысынан екіншісінен жоспарлы өту емес, олардың арасында белгілі алшақтықтар болатындығын білдіреді.

Жеткіншек жасында мектеп оқушысы үлкендердің мектепте оқылатын тақырыптардың көпшілігін білмейтінін байқап, енді өзінің басым екенін анық сезінеді. Алайда бұл басымдылық оның әлеуметтік теңдігін ешқандай көрсетпейді, ересектер бұрынғыдай өз рөлдерін жалғастырып оларға қамқорлығын жалғастыра береді. Олар іс-әрекетіндегі, біліміндегі айырмашылықтарды ешқандай сөзбен анық айтпайды, жасырады, ал үлкендер оны ұғынбайды.

3 жастағы дағдарыс сияқты  мұнда тағы да әлеуметтік жағдайлар  күшті шиеленіседі, іс-әрекеттің  басты қажеттіліктері мен қисындары  қайта құрылады. Іс-әрекеттің жаңа  құрылымының өрістеуі, қатынастың  жаңа формаларының заңды ұйымдасуы  түрінде басталады және жаңа танымдық процестердің қалыптасуын туғызады.

М.И.Лисина зерттеулері үшін басты мәселе адамның жас мөлшерінің дағдарысы болған. (1 жас, 3 және 7 жас) Дәл осы жас аралықтарында ескі мағыналар мен баланың қарым-катынасының бұзылып, қайта түзілу процесі жүретіндіктен Л.С. Выготский осы кезеңге ерекше көңіл бөлуі тегін емес. Дағдарыстық кезеңге туатын жаңа түрлердің пайда болу маңыздылығын көрсете отырып, оны (дағдарыстың дамуы) симптаматикамен байланыстырады. М.И. Лисинаның зерттеу жұмыстарының міндеті дағдарыстық кезеңде пайда болатын тұлғалык өзгерістердің мәнін табу болып табылады. Тұлғалық өзгерістер дегенде М.И.Лисина баланың барлық қарым-қатынас түрлерінде өзін көрсетуге мынадай мәселелерді атап өтеді; баска адамдармен қарым-қатынасы, заттық әлеммен, өз-өзімен. Мұндай проекция бала өмірінің барлык қырларында,   соның   ішінде   оның   жеке   басында   өзгеріс   болғанына куәландырады. Сөйтіп, балада психикалық функциялардың жеке өзгерісі емес, баланың қарым-қатынас типінде жаңа субъект атанғанын көрсетеді [10].

М.И.Лисина дағдарыстық кезеңді зерттей келе тұлғалық өзгерістің әр жас мөлшеріне тән екенін аңғартады. С.Ю. Мещеряковтың пікірінше, алғашқы жылдың тұлғалық өзгерістің бастысы жағдайлық белсенділік болып табылады. Белсенділік өз тілектерін дамытуға, қоршаған ортаға және ересек адамдарға бағытталған. Т.В.Ермоловтың жұмыстарының нәтижесінде 3 жастың дағдарыс кезінде бала жалпы заттық іс-әрекеттің субьектісі болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК  ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ РЕТІНДЕ

 

2.1 Жеткіншек кезеңіндегі  дағдарыстардың сипаты

 

Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен балалардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды, бір-ақ жеткіншектік жастың іс жүзінде басталуы V сыныпқа  көшумен тура келмей, бір жыл ерте не кеш болуы мүмкін.

Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның «өтпелі», «бетбұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл атауларда осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарының негізгі мазмүиы мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімнің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынастың, олармен әлеуметтік әзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады [12].

Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы - оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға. (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын және ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерін жобалау) бағытталады.

Алайда жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, көптеген жағдайларға байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір жағынан, жеткіншекте «балалық» пен «ересектіктің» қатар болуымен, ал, екінші жағынан, сол бір ғана паспорттық жастағы жеткіншектерде ересектіктің түрлі жақтарының даму дәрежесіндегі елеулі айырмашылықтардың болуымен анықталады. Бұл қазіргі мектеп оқушыларыныц өміріндегі жағдайларда екі түрлі жай сәттерінің болуымен байланысты, олар:

1) ересектіктің дамуын  тежейтін жайлар: балалардын көбінде  басқадай тұракты және байыпты  міндеттер болмай, тек оқумен  ғана шұғылдануы; көптеген ата-аналардың  балаларды тұрмыстағы еңбектен, қиыншылықтар мен қынжылыстардан  қорғаштауға, түгелдей қамқорлыққа алуға тырысуы;

2) ересектендіретін жайлар: мазмұны жөнінен сан алуан  информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос уақытының  аздығы және осының мүмкін  салдары ретінде балалардың дербестікке  ерте жетуі, жолдастарымен қарым-қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысудың акселерациясы.

Осының бәрі ересектіктің дамуын анықтайтын алуан түрлі жағдайлар жасайды, осыдан келіп оның белгілі бір жақтары дамуының алуан түрлі көріністері мен елеулі айырмашылықтары келіп шығады. Мәселен, VII класта бет-пішіні мен мүдделері әлі балаға ұқсас ер балалар да бар, сонымен қатар ересектер өмірінің қайсыбір жақтарына ортақтасқан өте ересек балалар да бар; ездігінен білім алып жүрген «интеллектуалдар» да бар, бір-ақ сонымен қатар оқу материалының өзін ездігінен игере білмейтін жеткіншектер де бар; болашаққа деген жоспары айқын емес, мектеп оқушылары бар, ал болашақ мамандығына саналы түрде даярлана бастағандар да бар; кейбір қыз балалардың бар ойлағаны сән қуу мен ер балалар ғана, басқалары бұған онша мән бермейді; кейбір балалар үйінде нағыз қолғанат-жәрдемшілер болса, енді біреулері әбден ерке болып кеткен, тіпті тұрмыстағы қарапайым жұмыстарға да ебі жоқ.

Жеткіншектердің ересектігінің дамуындағы жалпы бағыт әр түрлі және әрбір бағыттың көптеген варианттары болуы мүмкін. Мәселен, кайсыбір «интеллектуал» үшін өмірде ең бастысы кітап пен білім болады, қалғанының бәрін де ол әлі «нәресте» десе енді бір нағыз «интеллектуал» үйде электроника туралы мақалаларды окып, радиотехникамен әуестенсе де, сабақта түк бітірмейді, модадан калып қоймаумен төтенше шұғылданып, емірдің мәнінен бастап ен шебер шаштараз туралы мәселеге дейінгі барлық жайлар жөнінде әнгімелесуге болатын ересек жасөспірімдермен сейлескенді бәрінен артық көреді: үшінші бір «интеллектуалды» ересектіктің сыртқы көріністері онша кызықтырмайды, бірақ ол шешесінің сүйеніші, өзін ерлік қасиеттерге тәрбиелейді, ал қыздарға келгенде, осы қыздардың пікірінше, өзін балаша ұстайды, галстугін тартқылап, шаштарын ұйпалап кетеді. Бір өлшем ұқсас осы үш вариантта ересектіктің дамуы әр қилы болады да, бұл орайда мазмұны әр түрлі емірлік игіліктер қалыптасады: біреу үшін маңыздының енді бірге құны жоқ. Жеткіншектік кезеннің маңыздылығы адамның жеке басының моральдық және әлеуметтік негіздері қолданады және олардың қалыптасуының жалпы бағыты белгіленеді. Жасөспірімдік шақта олардың қалыптасуы жалғасады. Жеткіншектік кезең қиын әрі сыналатын кезең деп саналады. Бұлай бағалау, біріншіден, осы уақытта болатын көптеген сапалық өзгерістерге байланысты; бұл өзгерістер кейде баланың бұрынғы ерекшеліктерін, мүдделері мен карым-қатынастарын түбі-рінен өзгертетін сипатта болады; мұның өзі біршама қысқа мерзімде болуы мүмкін, көбінесе күтпеген жерден болады да, даму процесі секірмелі, кауырт снпат алады. Екіншіден, болып жатқан өзгерістер екінің бірінде, бір жағынан, жеткіншектің өзінде әр түрлі елеулі субъективтік қиыншылықтардың болуымен қабаттасады, ал екінші жағынан, оны тәрбиелеудегі қиыншылықтармен ұштасады: жеткіншек ересектердің ықпалына көне қоймайды, онда тіл алмаудың, қарсылық пен наразылықтың әр түрлі формалары шығады (қиқарлық, дөрекілік, қарсылық, тентектік, бүкпелік, тұйықтық) [13].

Информация о работе Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны