Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Октября 2015 в 18:32, курсовая работа

Краткое описание

Жеткіншектердің кәсіби бейімделуіндегі мамандықты таңдау, теориялық даярлық, мамандықты игеру, кәсіби біліктілігін арттыру жағдайындағы дағдарыстармен олардың пайда болу факторларының психологиялық маңызы ерекше. Жеткіншектердің кәсіби қалыптасуының дағдарыстарын шетелдік және отандық психологияда адамның жастық даму деңгейлері ерекшеліктеріне байланысты қарастырады. Әр жаста өзіне тән өмірлік дағдарыстар болады. Бұл дағдарыстар адамның кәсіби жүріс-тұрысында анық байқалмайды. Алайда, кәсіби сананың машиналық құрылымында жаңа мақсатта пайда болып, әлеуметтік-психологиялық түзетулер мен өзара алмасулар байқалып, кейде мамандықты толық өзгертумен аяқталуы мүмкін.

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

I.ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1 Жеке адам дамуының дағдарыстық кезеңдері (жас ерекшеліктеріне қарай)......................................................................................................................8
1.2 Дағдарыс кезеңіндегі жеке адамдардағы психологиялық өзгеріс.................12

II. ЖЕТКІНШЕК КЕЗЕҢДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫС-ЖАСЕРЕКШЕЛІКТІК ДАҒДАРЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІ РЕТІНДЕ
2.1 Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыстардың сипаты..............................................18
2.2 Жеткіншектік дағдарыстың негізгі қайта құрылуының мазмұны..................21
2.3 Жеткіншектік кезеңіндегі дағдарыстық мәселесінің психологиялық шешімдері...................................................................................................................27

Қорытынды.................................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

ЖАС ЕРЕКШЕЛИК ДАГДАРЫС -ПСИХОЛОГИЯ....doc

— 690.50 Кб (Скачать файл)

Екінші кезең, кәсіби білім алу барысындағы студенттердің таңдаған мамандығына көңілі қалуымен сипатталады (16-20 жас). Жекелеген пәндерге қанағаттанбау, кәсіп таңдаудың дұрыстығына күмән келтіру, оқу іс-әрекетіне қызығушылықтың төмендеуі байқалады. Бұл кәсіби білім алудың алғашқы және соңғы жылдарында анық байқалады.

Бұл жеткіншектердегі мамандық таңдау дағдарысы деп аталады. Кей жағдайда бұл дағдарыс оқу іс-әрекетінің мотивациясын әлеуметтік-кәсіби мотивацияға алмастырумен сипатталады. Бұл дағдарыстық шығудың жолы—кәсіби бағыттылықтың оқу пәндерін игеру болып саналады.

Үшінші кезең жеке адамның кәсіби білім аяқталып, кәсіби іс-әрекетке бейімделу кезеңімен байланысты (18-23 жас). Жас мамандар өзінің дербес кәсіби іс-әрекетіне кіріседі. Мұнда жеке адамның кәсіби даму ситуациясы кардиналды өзгерістерге ұшырайды, әр түрлі жастағы мүшелері бар жаңа орта, әлеуметтік-кәсіби құндылықтар, әлеуметтік рөл мен нормалар, өндірістік қатынастың иерархиялық жүйесі, кәсіби іс-әрекеттің жаңа түрі. Жеке адам алғаш осы мамандық таңдауда кәсіп туралы хабары болады. Кәсіби білім алу барысында бұл білім толығып, теориялық бекітіледі. Ендігі кезекте кәсіптік функцияларды реалды өмірде пайдалану мүмкіндігі туады. Алғашқы апта, ай жас маманға өте ауыр тиеді. Алайда, бұл дағдарыстың негізгі себебі емес. Бұл ситуациядағы дағдарыстың негізгі себебі — жеке адам бойындағы мамандық туралы қалыптасқан теориялық ұғымдармен күткен нәтижелермен реалды практикалық іс-әрекетке сәйкес келмеуі болып табылады. Бұл жас маман бойында кәсіби экспектация дағдарысын туғызады. Бұл кризисті бастан көшіру еңбектің ұйымдастыруына, оның мазмұны, қызмет дәрежесі мен міндеттеріне, өндірістік қатынас, жұмыс жағдайы мен жалакының мөлшеріне қанағаттанбаудан көрінеді.

Төртінші кезең, жеке адамның кәсіби қалыптасуының дағдарысы кәсіби-біліктіліктің алғашқы кезеңінде 4-5 жыл кәсіби жұмыстан кейін байқалады (30-35 жас). Осы уакытқа дейін маман өз ісінің нормативтерін өнімді орындайды, өзінің әлеуметтік-кәсіби статусын және өндірістік қатынастың иерархиясындағы өз орнын анықтайды. Өткен тәжірибе динамикасы, кәсіби даму инерциясы, өзін бекіту қажеттілігі, кәсіби өмірлік іс-әрекетке қанағаттанбауға әкелуі мүмкін. Саналы немесе санадан тыс тұрғыда кәсіби өсу қажеттілігін сезінеді. Өсу перспективасы болмаған жағдайда жеке адам бойыңдағы ішкі дискомфорт, психологиялық шиеленушілік пайда болып жұмыстан босау, жұмыс орнын ауыстыру сияқты ойлар басым болады. Бұл кәсіби өсу дағдарысы деп аталады. Бұл дағдарыстан шығу қосымша іс-әрекетпен айналысу немесе мамандықтан бас тарту болып табылады. Көбінесе, бұл дағдарысты мамандарды аттестациялау арқылы жаңа категориялық дәрежеге көтерумен .  шешеді.

Бесінші кезең, маманның кәсіби дамуында екінші біліктілік кезеңіне әкеледі. Бұл стацияның негізгі ерекшелігі кәсіби іс-әрекетті орындаудың жоғары өнімділігі және сапалылығы болып табылады. Іс-әрекетті жүзеге асырудың иңдивидуалды сипаты байкалады. Жеке адам шын мағынасында профессионал болып саналады. Оған өзіне тән әлеуметтік-кәсіби позиция және тұрақты кәсіби өзіндік бағалау тән болып келеді. Әлеуметтік-кәсіби, өндірістік құндылықтарға қатынастары, іс-әрекетті орындау тәсілі кардиналды өзгерістерге ұшырайды. Кәсіби өмірдің жан-жақгы тұрактануы маман бойында кәсіби стагнацияға, кәсіби апатия мен келісушілікке әкеледі. Стагнация жылдарға, кейде зейнетке шыққанша жалғасуы мүмкін. Бұл жеке адам бойындағы кәсіби карьера дағдарысына әкеледі.Бұл дағдарыстан шығудың жолы кәсіби қалыптасудың жоғары денгейі — шеберлікке өту болып табылады.

Алтыншы кезең, кәсіби іс-әрекетті орындаудың шығармашылық деңгейімен сипатталады. Жеке адамның бұдан ары дамуының қозғаушы факторы—өз-өзін жетілдіру және жүзеге асыру болып табылады, Жеке адамның кәсіби самоактуализациясы өзіне, қоршаған ортаға, жағдайға, кәсіпке деген қанағаттанбау сезіміне әкелуі мүмкін. Бұл жүзеге аспаған мүмкіндіктер немесе әлеуметтік-кәсіби өзіңдік актуализация даңдарысы деп аталады. Бұл дағдарыстан шығудың әнімді жолы — жаңашылдық, кұрастырушылык, карьера, әлеуметтік және кәсіби нормадан тыс белсенділік.   

Жетінші кезең, кәсіби іс-әрекеттегі соңғы дағдарыс — маманның кәсіби аренадан кетуімен сипатталады. Маман иесі зейнет жасына жетуімен байланысты мамандықты жоғалғу дагдарысын бастан кешіреді. Зейнет алды жасы көптеген адамдарда дағдарыстарға толы болады. Бұл осы жағдайға байланысты жаңа әлеуметтік рөлді және жүріс-тұрыс ережелерін игеруімен байланысты. Зейнетке шығу — әлеуметтік-кәсіби қарым-қатынас шеңберінің тарылуы, финанстық мүмкіндіктердің төмендеуімен сипатталады. Жоғарыда қарастырылған жеке адамның кәсіби қалыптасуының норматавті дағдарыстарының әрқайсысы өз ерекшеліктері, жетекші іс-әрекеттерімен сипатталады [17].

Алғашқы кәсіби дағдарыста туындағаңда обьективті факторлар, жетекші іс-әрекетті ауыстыру, әлеуметтік ситуацияның кардиналды өзгеруі үлкен мәнге ие болса, кейінгі стадияларда субьективті факторлар, - «Мен» концепциясының өзгеруі, кәсіби сананың қайта құрылуы, талаптану деңгейі мен өзіндік бағалаудың өсуі, өз-өзін жүзеге асыру қажеттілігі, яғни жеке адамның дамуының ішкі психологиялық жағдайы кәсіби дағдарыстың басты себебі болып табылады. Сондықтан да, болашақ мамандарды оқыту, тәрбиелеу процесінде жеке адамның жалпы индивидуалды – психологиялық ерекшеліктеріне  сүйену керек.

Талапкердің бойындағы кәсіби қабілеттерді, индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерді жүйелі түрде ғылыми білімдер негізінде оқыту, тәрбиелеу, кәсіби іріктеу барысында жетілдіру жоғарғы заң оқу орындарының маңызды міндеті, әрі қоғам алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

 

 

2.3 Жеткіншектік  кезеңіндегі дағдарыстық  мәселесінің  психологиялық шешімдері

 

Жеткіншектің организмінде болатын елеулі өзгерістер ұзақ уақыт бойы осы кезеңдегі жеткіншектер ерекшеліктері мен дамуының сыналу кұбылыстарыныц биологиялык шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. Мұндай ұғым біздің ғасырымыздын алғашқы ширегінде үстем болды. Биогенетикалық, универсализмнің негізін салушылар С. Холл мен 3. Фрейд болды. Олар жеткіншектің дағдарысы мен өзіне тән ерекшеліктері комплексін биологиялық шарттастығы себепті болмай қоймайтын әрі универсал құбылыс деп санады.

20-30-жылдарда әр түрлі  елдерде нақты зерттеулер жинақталғандықтан  биогенетикалық универсализмге  қарама-қарсы бағыт күш ала  бастады, ал бұл зерттеулерде  жеткіншектің жеке басының кейбір қасиеттерінің оның әлеуметтік қатыстылығына тәуелділігі көрсетілді. Осындай теориялық бағыттылық кеңестік исихологиядағы (оның қалыптасу кезеңінде) бірқатар зерттеулерде де болды. Қиын жеткіншектерді тәрбиелеу практикасының елеулі маңызы болды,  мәселен, А. С. Макаренкода мұндай жеткіншектер қысқа мерзім ішінде түзелетін еді.

Биогенетикалық универсализм теорияларына американ антропологтары (этнографтары) күшті соққы берді; олар адамда «табиғаттан» не «мәдениеттен», яғни өмір мен дамудың накты қоғамдық-тарихи жағдайларынан болатын не екенін анықтау үшін қарадүрсін цивилизациялар деп аталатындарды зерттеді. Самоа аралындағы жеткіншектерді зерттеген М. Мид жеткіншектік шақта дағдарыстар мен дау-жанжалдардың болмай қоймайтындығы туралы түсініктің қисынсыздығын дәлелдеді, сөйтіп олардың биологиялық емес, әлеуметтік шарттастығын көрсетті. Мид Самоадағы жеткіншек кыз балалардың балалықтан ересектікке үйлесімді, дау-жанжалсыз өтетінін байқады да балалардың тіршілік жағдайларын, тәрбиеленуі мен айналадағылармен қарым-катыиастарының ерекшеліктерін егжей-тегжейлі сипат-тап жазды. Қыз балалардың жеткіншектік шағын Мид балалық және ересектік кезбен салыстырғанда тұтас алғанда неғұрлым жақсы және ерікті кезең деп бағалады. Кейініректе ол қыз балада жыныстық толысудың басталуы, біріншіден, оның өзі үшін төтенше субъективтік маңызы болмауы және мүлдем дерлік еленбей өтіп кетуі мүмкін екенін және, екіишіден, қыз баланың өмірінде оның әр түрлі маңызы болуы мүмкін екенін де көрсетіп берді: бір жағдайда жыныстық толысудын басталуы оны бой жетті деп тауып, некелесу салтанатына қамданудың белгісі болуы мүмкін, ал басқа жағдайларда оның праволары мен міндеттері ғана өзгереді.

Антропологтардың зерттеулерінде жеткіншектік кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болуы және бірнеше аймен шектелуі мүмкін екені анықталды. Балаларда «Эдип комплексінің» міндеттілігі туралы пайымдау да теріске шығарылып, жеткіншектің инициациядан кейін алатын ересектік статусына арнайы әзірлік жағдайында да, сондай-ақ бұл статустын талаптарын біртіндеп меңгергенде де жеткіншек ер балаларда дағдарыстың болмау мүм-кіндігі анықталды. Антрополог Р. Бенедикт балалықтан ересектікке өтудің екі типін бөліп көрсетті: 1) үздіксіз және 2) баланың балалық шағында оқып үйренгені мен ересектің ролін жүзеге асыру үшін қажетті іс-әрекет тәсілдері мен түсініктер арасында үзілістер болатын типі. Өтудің бірінші типі балалар мен ересектерге арналған бірқатар манызды нормалар мен талаптардың ұқсастығы жағдайларында болады. Мұндай жағдайларда даму бірқалыпты өтеді, бала ересектік іс-әрекет тәсілдеріне біртіндеп үйренеді де, ересектің статусының талаптарын орындауға даяр болып шығады. Өтудің екінші типі балалар мен ересектерге қойылатын мәнді талаптарда алшақтық болған кезде байқалады (Бенедикт пен Мид оны қазіргі заманғы американ қоғамына және өнеркәсібі жоғары дамыған елдерге тән деп санады). Мұндай жағдайларда балалықтан ересектікке өту әр түрлі қиыншылық-тармен қабаттасып, оның өзіне тән нәтижесі болады - ресми кемелділікке жеткен кезде ересектің ролін атқаруға дайын болмау келіп шығады. Балалықтан ересектікке өтетін жол, деп атап көрсетті Бенедикт, әр түрлі қоғамдарда әркелкі болады және оның ешқайсысы да кемелділікке жеткізетін «табиғи» соқпақ деп қарастырылмайды.

Жеткіншек құрбыларымен қатынас жасағанда өзінің теңдігін бекітеді, өзіне жауапкершілікті алуды үйренеді, топтың мақсаты үшін күреседі, қазіргі моральдің күрделі формасына бағдарланады өзінің тұлғалық позициясын анық қалыптастырады. Жеткіншек жас болашақ әлеуметтік рөл немесе іс-әрекет сферасын таңдаумен аяқталады. Содан кейін жасөспірімнің белсенділігі белгіленген ролді орындау үшін қажетті құралдар мен тәсілді меңгеруге бағытталады.

Сөйтіп, жеткіншек жасының дағдарысы, жеткіншектің ілім мен ересектерді мойындамауы мен оны тәрбиелеудегі қиындықтары, осы уақытқа дейін ғылымда орын  алып келген организмнің физиологиялық  өзгерулерінен  емес, керісінше, біздің қоғамның мәдени құрылымымен, мектеп пәндерінің мазмұнымен қамтылмаған тұтас мәселелердің болуымен анықталады. Мәдениеттің мейлінше жаңа қыртыстары болып табылатын іс-әрекеттің  бұл формалары мен принциптері таза практикалық мәдениет ретінде соңына дейін толық ұғынылмаған және теориялық схемаларда тұжырымдалмаған даму үстіндегі практикалық іс-әрекеттің ажырамас бөлігі ретінде қоғам қалыптасады. Сондықтан мәдениеттің бұл деңгейін меңгеру мектепте оқыту арқылы емес, нақты жанды қатынас арқылы, әуелі құрбыларымен, содан соң ересектердің түсінік беруші топтарының қатынасы арқылы жүреді [18].

Мәдениеттің әрбір қыртысында танылған түрлендіру ең алдымен әрекеттің оқшау схемалары мен тәсілдеріне, яғни іс-әрекеттің оның заттық-танымдың қалыптасу кезеңінде екінші рет қосылатын іс-әрекеттің жеке құралына бағынады. Іс-әрекеттің бастапқы жалпы құрылымы бүтін түр ретінде сапалы үйрену арқылы емес жанды тікелей қатынас арқылы қалыптасады, яғни қатынастың қалыптаспаған «когнтивті» емес формасы ретінде бәрін бірдей толық мойындау принціпін айқындайтын толық мойындалмаған схема. Сондықтан да «саналы» үйрену әрбір дәуірдің екінші кезеңінде басталады, ал бірінші кезең іс-әрекеттің қоғамда функциялық енуін қамтамасыз ететін қатынас кезеңі болып табылады.

Жеке бастың дамуындағы дағдарыстардың тәуелсіздігі физиологиялық жетілуден ғана емес, «биологиялық» жастан, әсіресе ересектердің іс-әрекетті қайта құруынан ерекше байқалады. Сонымен жеткіншек-жасөспірім дәуірден кейін өндірістік қызметке өтумен байланысты болатын жаста болады. Жасөспірімнің мектептен кейін бірден жоғары оқу орнына түсуі онда басты оқу кәсіби қызметті сақтап келесі дағдарыстың тууын тежейді, ол әсіресе тек 3—4 курс студенттерінде байқалады. Сондықтан да студент, мысалы, екінші курстың суденті өндірісте істеп жүрген құрбысына қарағанда жоғары сынып оқушысына көбірек ұқсайды [19].

Қоғамдық қызмет жүйелерінің тарихи өрістеуі мәдениетті меңгеруді анағұрлым күрделендіре түсуді, мәдениеттің жаңа бұл тұлғалық есею кезеңдерінің ұзаруынан қатпарларының және соған сәйкес психикалық дамудың жаңа дәуірлерінің пайда болуынан көрінеді. Бір жағынан акселерация, дене күші дамуының үдеуі, екінші жағынан, инфантилизация, жеке тұлға ретінде есеюдің баяулауы қазіргі онтогенездің сипаттамасы болып табылады. Есеюдің белгілері, жеке басының өздігінен ұйымдасуы мен тәуелсіздігі бұрын 15—17 жаста байқалса, қәзір тек 23—25 жаста ғана көрінеді, кейде тіпті бұдан да кеш көрінеді. Тез есею әсіресе ауыл жастарында байқалады, бұл процес қалада жеке адамның қалыптасуы күрделі, мәдениеттің жеткілікті схемаларының ортасында себептесіп өтсе де, жүрсе де ауыл жастарымен салыстырғанда кеш жүреді. Жеке адамның есеюі ғылыми ұжымдарда да ерекше байқалады, мұнда жастық шақты, ұзақтығы теориялық қызметтің күрделі формаларын игеру қажеттігінен туады.

Мәдениеттің әрбір жаңа денгейі бұрынғы деңгейге қарағанда анағұрлым күрделі, қайшылықты болады. Мәдениеттің келесі деңгейіне өту тек жеке адамды күшейту ғана емес, оны жалпылау және қызметтің кең және икемді жүйесіне өту ретінде оны «орталықсыздандыру» болып табылады. Ересектердегі жай және қарапайым схемалар мен түсініктерді бұзумен байланысты болатын мұндай өту, бір жағынан, жүйеде қалыптасқан көзқарастар мен ұмтылыстардың, қайшылықтармен және жеке адамның ішкі қалыпсыздығымен, екінші жағынан кәсіби іс-әрекеттің сипатымен анықталады. Адамдардың белгілі бір тобы көптегеп жылдар бойы іс-әрекеттің жеткіншек-жасөспірім схемасы деңгейінде «теңгеріліп келді», мәдениеттің жалпы күрделі деңгейінде негативизмді сақтай отырып, жеке адамға тән мейлінше қарапайым құндылықтар мен мораль нормаларына бағдар жасады. Алайда жас келген сайын мұндай адамдар іштей шиырығу мен өшпенділікке көп бейім тұрады.

Информация о работе Жас ерекшеліктік дағдарыстар, олардың мәні, құрылымы, мазмұны