Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

«Тәрбие басы - тал бесік», - дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психологиялық қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндетінің шешілуі үздіксіз білім берудің, тәрбиенің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы орынды. Сәби шақтан қоршаған орта туралы түсініктің, өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын бала бойына сіңіріп, санасына орнықтыру тиімді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы
«2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде»
Мектепалды даярлық тобында ата-анамен байланыстың маңыздылығы
Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұымдастыру және өткізу

ІІІ. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары

ІV. Зерттеу бөлімі
Сауалнама
Тренинг
Зерттеу жұмысының нәтижесі

V. Қорытынды
VІ. Әдістемелік нұсқау
VІІ. Пайдаланылған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

Балаларды сыныптарда.docx

— 63.71 Кб (Скачать файл)

Мектепалды даярлығында  оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

 

Жоспар:

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

 

  1. Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы
  2. «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде  оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде»
  3. Мектепалды даярлық тобында ата-анамен байланыстың маңыздылығы
  4. Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұымдастыру және өткізу

 

ІІІ. Практикалық  бөлім

  1. Сабақ жоспарлары

 

ІV. Зерттеу бөлімі

    1. Сауалнама
    2. Тренинг
    3. Зерттеу жұмысының нәтижесі

 

V. Қорытынды

VІ. Әдістемелік  нұсқау

VІІ. Пайдаланылған  әдебиет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

 

 «Тәрбие басы - тал  бесік», - дейді халқымыз. Бүгінгі  қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты  жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық  психологиялық қалыптасқан парасатты  азамат тәрбиелеп өсіру міндетінің  шешілуі үздіксіз білім берудің,  тәрбиенің негізгі бастау бұлағы  болып табылатын мектепке дейінгі  ұйымдардан басталуы орынды. Сәби  шақтан қоршаған орта туралы  түсініктің, өнер мен өнеге үлгілерінің  лайықтыларын бала бойына сіңіріп,  санасына орнықтыру тиімді.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі даярлық бірінші сыныпқа  сәйкес болады деуі, мектепке дейінгі  ұйымдар алдында үлкен міндеттер  қойып, жұмысты жаңаша ұйымдастыруды  қажет етіп отыр.

Қытай мәтелі «Мен естимін  және ұмытамын, мен көремін және түсінемін, мен жасаймын және есте сақтаймын», - деп айтады. Осы мәтелде айтылғандай, әр педагог-тәрбиеші бала тәрбиесінің  мән-жайын түсініп, зерттеушіге айналғанда ғана нәтижелі болмақ. Мектепалды даярлық  тобындағы тәрбие - мектептегі сабақ  үрдісімен мақсаттас болғанымен, тұрпатты бөлек жұмыс. Олар ойын, серуен, әңгіме барысында жүзеге асырылады.

Тіл дамыту сабағында: ең басты  міндет - дыбысты дауыс ырғағына келтіріп, дұрыс айтуға үйрету. 5-7 жас  аралығындағы балалар мына дыбыстарды ана тілінде дұрыс айталмайды: р, ң, с, з, щ, ч, қ, ү, ш. Бұл дыбыстарды сөз ішінде балалар дұрыс айтуға қиналып, дыбыс екпінін қоя алмайды, айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастырады. Сондықтан тіл дамыту сабағында  жаңылтпаш, санамақ және әр түрлі  дидактикалық сөздік ойындарды пайдалану  қажет. Мысалы: сөз ойла, тез ойла, жапырақтар, қай жануардың төлі, т. б.

Математикалық қарапайым  түсініктермен таныстыру барысында  ойын әдістеріне кеңінен қолдану  талап етіледі.

Мысалы: математикада «жоғары-төмен, оң жағыңда, сол жағында», - деген  заттардың кеңістіктегі орны жайлы  түсінік бергенде бала алғаш рет  тор көзбен танысады. Сол торкөзден  «жоғары торкөзді жасыл түспен боя» деген тапсырманы орындау барысында  «жоғарғысын, төменгісін» деп сол  жолды толтырғанша бірнеше рет  қайталап бояй береді. Енді осы екі  тапсырманы біріктіріп орындағанда  «торкөздің жоғарғы жағын - көкпен, төменгісін - жасылмен, оң жағын - сары, сол жағындағы торкөзді қызылмен боя» деген жаңа тапсырма беріледі. Бұл тапсырмаларды орындауда  бала сурет салып, бояй отырып, өзінің математикалық ұғымдарды қалай  игергенін өзі де білмей қалады. Әрі бұл тапсырманы орындау нәтижесінде ұлттық таңба «бестаңбаны» қалай салғанын да аңғармай қалады. Сонымен балаға берілген тапсырма белгілі бір мақсатқа нақты болғаны жөн.

Сауат ашу және жазу сабағында: сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу  дағдысының негізін қалау, фонетикалық  есту қабілетін дамыту, дыбыстарды ажырата білу, әріптің баспа түрін  таңбалап жазу, әріптерді таныту, буын, сөз, сөйлемді оқуға үйрету, сауатты  жазу дағдыларын қалыптастыру, өздігінен  оқуға, жазуға дағдыландыру, кітап оқуға  қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеуге үйрету жұмыстары жүзеге асырылады. Мектепалды даярлау бағдарламасының  ең алғашқы басты міндеті - балалардың көркем әдебиетке қызығушылығын  дамытып, есте сақтау қабілетін, өрісін, дүние танымын, эстетикалық сезімін  қалыптастыру. Оқылған көркем шығарманың мазмұнынан алған әсері сезімді  тыңдаушыларға жеткізе алуға  үйрету. Көркем шығарманы тыңдай білуге, өз түсінгенін, ойын жеткізе білуге үйрету.

Қорыта айтқанда, мектепалды даярлық тобындағы сабақтарда осылайша сауат ашу, тіл дамыту, математика, сурет, ән, дене тәрбиесі элементтері, ойын-серуен-ән-сурет сияқты дене мүшелерінің  белсенді қимылы қатысатын жұмыстар арқылы, ойлауға, есте сақтауға, қиялдауға  бірқатар үйрете отырып бала бойына сіңіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         ІІ. Негізгі бөлім

 

1.1. Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы

 

 

Бес-алты-жеті жастағы балалардың мектепалды даярлығы жалпы білім  беру бағдарламасының аясында отбасыда, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарында немесе мектепалды сыныптарында, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің және гимназиялардың шағын-орталықтарында жүзеге асырылады.

Бүгінгі күні республикадағы  мектепалды сыныптары бар мектепке дейінгі ұйымдардың саны – 1063 құрап  отыр, ондағы мектепалды дайындық топтары - 3420, ондағы балалар саны – 89 754. Мектепалды сыныптары бар жалпы білім  беретін мектептердің саны – 6563, ондағы сыныптар саны – 9811,  балалар саны – 145 357 адам. Мектепалды дайындықпен  барлығы 235 102 бала қамтылған, ол  5-7 жастағы  барлық балалар санының 72%-ын құрайды, оның ішінде қалалық жерде - 75%, ауылдық жерде - 68%.

Мектепалды дайындықты ұйымдастырудың көпнұсқалылығы балалардың мектепке дайындық деңгейімен қамтамасыз етіледі және мыналармен сипатталады:

 

-         оқуға ынталандыру; 

-         қоршаған болмыс туралы алғашқы пайымдар;

-         өз-өзіне және мектепке деген позитивті қарым-қатынас;

-         оқуға қабілеттілігі (тіл дамыту, қарапайым есеп және т.б.);

-         қарапайым әлеуметтік дағдылардың болуы.

 

Бүгінгі күні мектепалды дайындық топтары мен сыныптарында ойын іс-әрекетінің жетекші рөл сақталып отыр. Арнайы ұйымдастырылған сабақтарда әр түрлі ойын түрлері кеңінен қолданылады (дидактикалық, ұлттық, қозғалыс, сюжетті-рөлдік, ережелі және т.б.). Ойындар тәрбиешінің балалармен және балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығына негізделеді, баланың жеке белсенділігін көрсетуіне, өзін толық іске асыруына мүмкіндік беретін бала өмірін ұйымдастырудың негізгі нысанына айналады.

Мектепалды сыныптар мен топтардың және ойын учаскелерінің ғимараттарын заттық-кеңістіктік ұйымдастыру балалардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес болуы, ал оның элементтері (құрал-жабдықтар, ойындар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар және басқалар) әрбір баланың жеке дамуына бағдарлануы тиіс. Ендеше, заттық-кеңістіктік орта оқу-тәрбие процесінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі қажет.

Топтық ғимараттардың бағдары сурет салу, мүсіндеу, құрастыру және т.б. арналған құралдар мен материалдарға, ойыншықтар мен ойындарға еркін қол жетуді қамтамасыз ету қажет.

 

Жабдықталу (жиһаз және ойын кеңістігі) балалардың шектелмеген қозғалыс белсенділігінің мүмкіндігін қарастырып, баланың құрбыларымен бірлескен іс-әрекетке, сондай-ақ  оңаша қалуға деген қажеттілігін қамтамасыз етуі қажет. Топта сабаққа арналған  мынадай бұрыштарды ұйымдастыру қажет: ұлттық ойындар, бейнелеу және сындарлы іс-әрекет, оңашалану, кітап, табиғат және т.б бұрыштар. Берілген бұрыштардың тақырыбы мен экспозициясы ұдайы жаңартылып, толықтырылып отыруы тиіс.

Дамытушы заттық орта мынандай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:

 

-         баланың психикалық даму деңгейі  мен жас ерекшелігіне сәйкестігі;

-         жүйелілігі және көпқызметтілігі;

-         трансформациялану мүмкіндігі;

-         мазмұны және функционалдық   міндеттерінің вариативтілігі;

 

Тәрбиеші баланың отбасы туралы толық ақпарат алу мақсатында, мынадай әдістерді қолдана отырып, ата-аналармен жұмыс жүргізуі қажет: сауалнама, балалармен және ата-аналармен әңгімелесу, балаларды бақылау, отбасы мүшелері, олардың өзара қарым-қатынасы, міндеттері туралы және т.б. тақырыптар бойынша балалардың салған суреттеріне талдау жасау.

Көрнекі ақпарат ретінде  ата-аналардың құқықтары мен міндеттері туралы мағлұматтар, педагогикалық  және медициналық кеңестер беретін, балалардың табыстарымен, жетістіктерімен  таныстыратын «Ата-аналар бұрышы» қызмет көрсете алады.   

Ата-аналармен жұмысты  екі түрде: ауызша және жазбаша өткізген жөн.  Тек ауызша түрде қарым-қатынас  жасау көп уақытты қажет етеді, сонымен қатар ата-аналар ұсыныстарды  үнемі есінде сақтап, жүйелі түрде  орындай бермейді. Жазбаша түрде  берілген ұсыныстарды ата-аналар ой елегінен өткізіп, басшылыққа ала алады. Оларды тек аталған іс-әрекеттерді  нақты және дәйекті жүзеге асыруға  мүмкіндік беретін жаднамамен қаруландыру, іс-әрекеттің белгілі алгоритмін ұсыну және осындай жұмыстың пайдалылығы  мен қажеттілігіне сендіру қажет. 

Ата-аналармен тығыз ынтымақтастық  үшін оларды сабақтарға қатысуға тартып, жеке және топтық әңгімелер, дәстүрлі ашық есік күндерін, жас ата-аналарға арналған практикумдер, ата-аналар жиналыстарын (тоқсанынына 1 рет), конференциялар (оқу  жылында 1 рет), мерекелік шаралар  мен ойын-сауық кештерін, отбасылық  спорттық жарыстар жүргізу қажет. Мүмкіндігінше ата-аналарды психологиялық қолдау бөлмесін ұйымдастыру ұсынылады.

Мектепалды сыныптары  мен топтарындағы педагогтың балалармен өзара қарым-қатынасы бала тұлғасының қалыптасуына көмек беру мақсатындағы жеке тұлғаға бағдарланған қарым-қатынас  үлгісіне сәйкес құрылуы тиіс. Тәрбиешілер, баланың даралығын шектемей, балалардың бір-бірімен өзара достық, ұстамды  қарым-қатынастарын орнатуына қолғабыс жасап, балалар өздерін жеңіл  және еркін сезінетін ыңғайлы  моральды-психологиялық жағдай туғызукерек.

Балалардың жеке қабілеттеріне  сүйене отырып, өмірлік біліктер мен  дағдыларды қалыптастыру және дамыту мақсаты көзделеді. Ол үшін мынадай жұмыс нысандарын пайдалану қажет:

 

       -   сабақты шағын топтарда жүргізу;

-         әрбір баламен жеке жұмыс жүргізу;

-         ұйымдастырылмаған және дарынды балалармен жұмыс жүргізу;

-         өзінің пікірін білдіру, өз  көзқарасының дұрыстығын дәлелдеу  үшін жағдайлар жасау мақсатында баламен әңгіме жүргізу;

-         мектеп жасына дейінгі балалардың  іс-әрекеттеріне қатаң шек қоюдан бас тарту;

-         педагогтар мен балалар арасында  өзара серіктестік қарым-қатынастарды құру.

            Мектепалды дайындық топтарында  оқытуды мынадай бағыттар бойынша жүргізу қажет:

1) Қазақ тілі (аптасына 3 сағаттан, барлығы - 96 сағат). Қазақ тілін  мектепке дейінгі жастан бастап  оқыту қазіргі уақыт талабы  болып табылады. Орыс тілінде  білім беретін мектепке дейінгі  білім беру ұйымдарының алдында  мектеп жасына дейінгі балаларда  қазақ тілінде қарым-қатынас жасаудың  қарапайым дағдыларын қалыптастыру міндеті тұр.

2) Тіл дамыту (аптасына 1 сағаттан, барлығы - 32 сағат). Яғни, ана тілінде  ауызекі тілдесуге қажетті дағдыларын, сөйлеу этикетінің негіздерін  меңгеру, диалог және монолог  тілін жетілдіру, балалар әдебиеті  және фольклорлық шығармалардың  мазмұнын мәнерлі, дәйекті және  байланыстыра жеткізу білуін қалыптастыру.

3) Көркем әдебиет (аптасына 1сағаттан, барлығы-32 сағат). Ұлттық  және әлем әдебиеттеріне қызығушылығын  қалыптастыру, кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне  адамгершілік тұрғыда баға беру  білігін дамыту, көркем шығармалар  бейнелерінің сипатын түсіну, олардың  шынайы өмірмен өзара байланысын  ұғыну, белгілі тақырыпқа өзіндік   ертегі сюжеттері мен әңгімелерін  құрастыруға жағдайлар жасау қажет.

4) Сауат ашу мен жазуға  оқытуға дайындық (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48 сағат) түрлі дыбыстық  құрылымдағы сөздерге талдау  жасау, тіл дыбыстарын сапалы  сипаттау, сөздердегі екпінді буынды  анықтау білігін қалыптастыру, сондай-ақ  қолды жазуға дайындау бойынша  арнайы жаттығулар кешенін өткізу арқылы жүргізіледі.

5) Қарапайым математикалық  түсініктерді қалыптастыру (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48сағат) сандар  тілінің көмегімен қоршаған дүниені   қабылдау, абстрактлы ойлау элементтерін, кеңістік және уақытты бағдарлауды  дамыту арқылы жүзеге асырылады.

6) Қоршаған дүниемен танысу, экология негіздері (аптасына 1,5 сағаттан, барлығы-48 сағат) балаларды  заттық ортамен, қоғамдық өмір  құбылыстарымен, ересектер еңбегімен,  әлем халықтарының мәдениетімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  тарихы және мәдениетімен таныстыру,  балалардың бір-бірімен және үлкендермен  өзара қарым-қатынас деңгейін  анықтайтын адамгершілік-эстетикалық  пайымдарын кеңейту арқылы жүргізіледі.

7) Дене шынықтыру (аптасына 3 сағат, барлығы-96 сағат). Сабақтарда  қозғалыс біліктерін, дағдыларын  және дене сапаларын дамыту, қозғалыстың  негізгі түрлерін (жүру, жүгіру, секіру) қалыптастыру, түрлі қозғалыс іс-әрекеттеріне  белсенді қатысуға қызығушылығын  ояту, тұлғаның игі адамгершілік-жігерлік  сипаттарын, дербестігін, белсенділігін,  бастамашылдығын тәрбиелеу жүргізіледі.

Информация о работе Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары