Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Января 2013 в 09:46, курсовая работа

Краткое описание

«Тәрбие басы - тал бесік», - дейді халқымыз. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психологиялық қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру міндетінің шешілуі үздіксіз білім берудің, тәрбиенің негізгі бастау бұлағы болып табылатын мектепке дейінгі ұйымдардан басталуы орынды. Сәби шақтан қоршаған орта туралы түсініктің, өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларын бала бойына сіңіріп, санасына орнықтыру тиімді.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Балаларды сыныптарда (топтарда) оқыту мен тәрбиелеудің мектепалды даярлығын ұйымдастыру туралы
«2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру жөнінде»
Мектепалды даярлық тобында ата-анамен байланыстың маңыздылығы
Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұымдастыру және өткізу

ІІІ. Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары

ІV. Зерттеу бөлімі
Сауалнама
Тренинг
Зерттеу жұмысының нәтижесі

V. Қорытынды
VІ. Әдістемелік нұсқау
VІІ. Пайдаланылған әдебиет

Вложенные файлы: 1 файл

Балаларды сыныптарда.docx

— 63.71 Кб (Скачать файл)

         Қазақстандық білім беру жүйесі  әлемдік білім беру кеңістігінде  оған лайықты орын алуға мүмкіндік  бермей отырған ескірген әдіснамалық  база, құрылым мен мазмұн жағдайында  дамып келе жатыр. Білім беру  мазмұны факт түрінде қалып,  білім алушыларды қоғам өміріне  құзыретті, жауапты және шығармашылық  түрде қатысуға даярлауға бағдарланбаған. Білім беруді басқарудың бірыңғай  жүйесінің аймақтық деңгейде  болмауы, білім беру бөлімдерінде  мамандардың штаттық санының  жетіспеушілігі білім беруді  тиімді басқаруға кері әсерін тигізеді.

         Дамыған мемлекеттердің көпшілігі  мектепке дейінгі білім беруге  тең дәрежедегі қол жеткізуге  мүмкіндік жасайды. Бұл тек  қаржыландыру деңгейінен ғана  көрінбейді, сонымен қатар балалардың  толықкүнді немесе қысқакүнді  болуына негізделген мектепке  дейінгі тәрбиенің түрлі модельдерін:  міндетті аналар мектебі, бөбектерге  арналған, 3-тен 5 жасқа дейінгі  балаларға арналған мектептер,  ойын топтары, балаларға қарау  және күту топтарын құрудан көрінеді.

Жаңа кезеңдегі білім  берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.

Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты ата-ана арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының  мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу  күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру  процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен  танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс  еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық  пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай  алуды және жасалған дүниеге қуана  білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің  нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге  мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ  пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың  жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте  қалыптастырады.

 

«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі  балалардың жан-жақты дамуын, олардың  мектепке дайындығын қарастырады. Бұл  бағдарланы жүзеге асыруда басты  ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек  болса, баланың сезімдерін жан-жақты  қамтыған сайын, олардың ерік күшін  жұмылдырып, санасына ықпал етеді.

Мектепке дейінгі жастағы  баланың рухани-адамгершлік дамуы  балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір  бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар  жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек  сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т.б. қалыптасады. Мектепке дейінгі жаста балаларды  адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі  міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар  мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Қарапайым әдеттерді тәрбиелей  отырып педагог балдырғаннның бар  істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына  қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері  оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге  деген көзқарасын айқындайды. Атақты педагог В.А.Сухомлинский; «Бала  кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі  аралықта әр адам өзінің рухани дамуына  қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында  басқа да игі қасиеттер қалыптасқан  ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне  қажетті нәрсенің мол қоры бар  рухани азық«, деп атап көрсеткен.

Руханилық жеке тұлғаның негізгі  сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде  адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Мектепке дейінгі тәрбие — балалардың сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді  сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің  жүйелі сатылап қамтитын мәселелері. тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық  педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан  салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты  терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім  берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа  жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда  соны іледі»дегендей, ата-ананың күн  сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене  жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын  адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ.

Мектепалды сыныбындағы  балаларды оқытып тәрбиелеуде ата-аналармен  байланыста болудың маңыздылығы  баланың бастауыш сыныптардағы өзін-өзі  ұстауына, өз ісіне жауап беруіне, білім алудың қажеттілігіне көз  жеткізуден көрінеді. Әр отбасындағы  ата-анасының еңбек етуге деген  талпынысы, көздеген мақсатына жетудегі ізденісі, алдынан кездескен қиындықтарды жеңіп шығуы, жалпы өмір сүруге деген  құлшыныстары балаға әсер етеді. Жеткен жетістіктерге қарап балада өзіне  мақсат қоя бастайды. Білім алуға қызығушылығы артады. Сондықтан әр ата-ана мектепалды даярлық сыныбындағы баланың әрбір жетістігін қолдап, қиналған кезінде көмектесіп, өздігінен қиындықтан шығу жолдарын іздеуді табуына жол көрсету маңызды. Мектепалды даярлық сыныбында баланың табысқа жетуін ұйымдастыруда белгілі педагог Мария Монтессоридің «Менің өздігімнен жол табуыма көмектесіңізші» деген идеясын алға ұстаған орынды. Ата-ана үшін, үлкендер үшін қаншалықты таныс, оңай болғанымен бала үшін жаңалық. Міне баланың қоршаған ортаны танып білуінде, заттар мен құбылыстар жайында мәлімет алуында жаңа дүниенің есігін ащқандығын ұмытпау қажет. Егер ата-ана баланың өздігінен ойлануына мүмкіндік бермесе, болашақта бала тек дайын нәрсеге, ойланып күш жұмсамауды,ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүргенді қалайды.

 

Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен  емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында  ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы  жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы  адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген  тұрақты ықыласы бар және еңбектене  білуде өзін көрсететін балаларды еңбек  сүйгіштікке тәрбиелеу басты  міндет болып табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен  мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен  қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, мектепалды даярлық сыныбында, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу  әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге  баулыған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4.  Мектепалды даярлық сыныптарда сабақтарды ұымдастыру және өткізу

 

 

Мектепалды  даярлық топтарда және сыныптарда сабақтарды ұйымдастыру және өткізу 22 сабақ  көлемінде базистік оқу жоспары (№1-қосымша) және «5-7 жастағы балаларға  арналған мектепалды дайындық» (1999 жыл, Семей қ.) бағдарламасының негізінде  жүзеге асырылады.

 

Мектепалды  даярлық сыныптары мен жалпы  білім беретін мектептердегі  топтардың жұмыстарын ұйымдастыру  барысында “ Қазақстан Республикасының  мемлекеттік жалпыға міндетті білім  беру стандартын бекіту туралы. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту” Қазақстан  Республикасы  Білім және ғылым  министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы №628 бұйрығымен бекітілген мектепалды даярлық  сыныптарының базистік оқу жоспарын басшылыққа алынды.

 

Мектепалды  даярлық тобының тәрбиешілері түрлі  педагогикалық іс-әрекетті дайындық тобының күн тәртібі бойынша  іске асырады: таңертеңгі қабылдау, ертеңгілік жаттығу, балалармен қарым-қатынас  жасау, сабақтар, серуендеу, тамақтану, ұйқы, гигиеналық және шынықтыру шаралары, еңбек, сюжетті-рөлдік, шығармашылық, дидактикалық және қимылды ойындар, ата-аналармен  жұмыс.

 

Мектепалды  даярлық топтарында демалыс уақытында (қаңтар айында 2 апта, наурыз айында 1 апта) сабақтардың орнына ойын, дамытушы және көңіл көтеру іс-әрекеттері жүргізіледі.

 

Инварианттық  бөлімінің апталық жүктемесі 18,5 сағат.

Вариативтік бөліміне балалардың қызығушылығы мен  таңдауы бойынша сабақтар кіреді. Оның саны 3,5 сағат. Ата-аналар таңдауы  бойынша келесі сабақтар кіреді:

  • “Би”  (автор Кутубаева Т.К.)  - 0,5 сағат аптасына – курс балаларды би өнерімен таныстыру, би билеуге үйрету мақсатымен бағыттылған.
  • “Ұлттық ойындар”  (автор Кутубаева Т.К.) – 3 сағат аптасына – ұлттық ойындар арқылы балалардың дене шынықтыруын дамыту мақсатымен осы курс өткізіледі.

Вариативтік бөліміндегі курстардың бары педкеңесте бекітілген (хаттама №1 29.08.2011)

  Барынша шектеулі апталық оқу жүктемесі – 22 сағат.

  Сабақтардың  ұзақтығы – 25-30 минут

        

             

 

 

 

Мектепалды  даярлық

  сыныптарының оқу жоспары.

 

 

 

Сабақ түрлері

Жүктеме

апталык

жылдык

Инварианттық бөлім

18.5

629

Қоршаған ортамен таныстыру, экология

1.5

51

Тіл дамыту

1.0

34

Балалар көркем әдебиетімен таныстыру

1.0

34

Сауат ашуға және жазуға үйретуге дайындық

1.5

51

Қарапайым математикалық ұғымдарын  қалыптастыру

1.5

51

Өзін-өзі тану

1

34

Бейнелеу іс-әрекеті:

сурет салу

мүсіндеу

жапсыру

4

2.0

1.0

1.0

136

68

34

34

Құрастыру

0.5

17

Музыка

2.0

68

Дене шынықтыру

3.0

102

Валеология негіздері

1.0

34

Қол еңбегі

0.5

17

Барлығы

18.5

629

Вариативтік бөлім

(балалардың қызығушылығы  мен таңдауы бойынша сабақтар)

 

3.5

 

119

                а) Би

                б)  Ұлттық ойындары

               

0.5

3

17

102

Барлығы (барынша шектеулі апталық  оқу жүктемесі)

22

748

Сабақтардың ұзақтығы

25 – 30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5. МЕКТЕПАЛДЫ   ДАЯРЛЫҚ   ТОБЫ  СЫНЫБЫНЫҢ КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ

 

 

«Біз бүкіл елімізде әлемділік  деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиіспіз» деген Н. Ә. Назарбаев жолдауында. Ол-тәрбиелеу  мен оқыту нәтижесінде пайда  болар жаңа интегралды сапа. Бұл  балаға өз кезегінде алған білім, іскерлігі мен дағдыларын, өмірлік  тәжірибесін іс-жүзінде қолдана  алуға мүмкіндік береді.

 

Алайда, заман ағымымен қоғамдағы  сапалық өзгерістер осы жылдар төңірегінде  білім жүйесіне бірқатар жаңа талаптар енгізіп, жаңа жүйемен толықтыруда.

Тәжірибе-эксперементалды жұмысының  бағдарламасы мен үшін өзекті болады, себебі бағдарлама тұжырымдамасын әзірлеу  мен мазмұнын іріктеу (2008-2013).  Мектепалды   даярлық  сынып оқушыларының алдына қояр – тәбие мен білім беру мәселесіне ерекше көңіл аударылады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда  мектепалды   даярлық  сынып  балаларының жас ерекшелігіне орай қолданылатын оқу-тәрбие әдістерінің  түрлері өте көп. Осы әдістемелік  тісәлдерді пайдалану арқылы қабілеті әр түрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғарғы бала да болады, онымен жұмыс  жасап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-әрбір тәрбиешінің негізгі міндеті.

Шығармашылық дегеніміз – адамның  өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі  керек. Уақыт талабына сай оқушылардың  шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймыз.

Тәрбиеші үнемі балаға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске  түсер еді.

 

Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне  қалай баулу керек. Ол үшін:

 

  • тәрбиеші ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағытауы керек. (Мысалы: сынып бұрышына...)
  • әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны жас ерекшілігіне, (5-6 жас) қызығушылығына үйлесу керек.
  • баланың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу қажет.
  • Жан-жақты білімді, жоғарғы мәдениетті, эстетикалық талғамы зор, шығармашылықпен ой толғай білетін, оқу арқылы өзінің ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамыта алатын жекетұлға қалыптастыруымыз керек.

 

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа  баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылықтарын, қабілеттерін сабақта  және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады.

Информация о работе Мектепалды даярлығында оқу жұмысын ұйымдастыру формалары