Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2015 в 09:08, курсовая работа

Краткое описание

Агроөнеркәсіптік жүргізуде экономикалық тетіктерінің тиімділігін жетілдіру қажеттілігі бүгінгі кезеңдегі даусыз, өте керекті қозғаушы күштердің бірі болып отыр. Өндірістің негізгі саласының бірі азық-түлік мәселесін шешетін, Агроөнеркәсіптік өнімдерін өндіретін өндірістің өсімі әліде болса төмен жағдайда. Қалыптасқан жағдайды талдай отырып экономиканың ауылшаруашылығындағы шешілмей жатқан мәселелерді қарастырып, Агроөнеркәсіптік өндірісін ынталандыратын іс-шараларды жүзеге асыру қазіргі кезеңдегі маңызды мәселердің бірі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3-4
I тарау Агробизнесті мемлекеттік реттеу
1.1Мемлекеттік реттеу жүйесінде аграрлық өндірісті дамытудың және тұрақтандырудың экономикалық механизмі ......................................................5-7
1.2Агроөнеркәсіп кешенді қалыптастыруды жоспарлаудың ерекшеліктері ..................................................................................................................................8-13 1.3 Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары......14-19
II тарау Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары
2.1 Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда бәсекелестіктігін
қалыптастыру стратегиясын болжамдау............................................................20-31 III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені
Агроөнеркәсіп саласының даму бағыты............................................................32-37
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Агробизнес курстық жұмыс.docx

— 89.66 Кб (Скачать файл)

Стратегия жоспарын іске асыруда:

  • жалпы ішкі өнім құрылымында өнеркәсіптің үлестік салмағы 2015 жылы 46,5 пайыздан 50-52 пайызға дейін мөлшерде ұлғайады;
  • ЖІӨ-дегі құрылымдарда ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтің үлестік салмағы 2015 жылы 1,5-1,7 пайызға артады, 2001 жылғы 0,9 пайыздан.

Сонымен, Қазақстанның 2015 жылға арналған мемлекеттік экономикалық стратегиялық жоспары ішкі саясатты қалыптастырып жаңа экономика салаларын әр тараптандыру арқылы дамудың шикізаттық бағытынан, тұтынушыларға  дайын өнім жеткізу кезеңінен өтіп, мемлекеттің тұрақты дамуына қол жеткізуге мүмкіндік алатынын айтуға болады.

Республикадағы өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге қабілетті және экспортқа төтеп беретін, бейімделген тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялы-инновациялық саясаттың басты бағыттары болып қала бермек.

Дегенменен, қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы, әлемдік экономиканың ғаламдану жағдайында, бір қатар проблемаларға тап болуда. Оларға мыналарды жатқызуға болады:

  • өндірістердің әлі де болса шикізаттың бағыттылығының барлығы;
  • экономиканың, әлемдік экономикадағы бірлесуіне әлсіздігі;
  • мемлекет ішіндегі  салааралық және өңіраралық экономиканың бірлесуінің босаңдығы;
  • ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы;
  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы;
  • ғылым мен өндірістің арасындағы өзара тығыз байланыстың болмауы;
  • ғылыми- зерттеу және тәжірибелік- конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі;
  • ғаламдану процесіне, менеджмент және сервистік- технологиялық экономиканың өтуге бейімделмеуі, міндеттерінің сәйкес келмеуі.

Осы проблемаларды шешу үшін, Даму Банкі, мемлекеттің инвестициялық қоры және басқа стратегиялық жоспарлауға қатысатын институттар ғылымды және инновациялық қызметтерді ынталандыратын бағыттарды және инновациялық саясатты жүргізулері керек. Осы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қаржы нарығын онан әрі дамыту және                                     білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру мәселелері алда тұр.

Енді, стратегиялық жоспарлаудың әлемдік тәжірибесіне талдау жасасақ, оларда жоспар сыртқы және ішкі факторларға қарай 2010-2011 жылдары экономиканы дамытудың қарқындарын негіздейтін орталық және жергілікті ұйымдардың экономикасын жеке және мемлекеттік секторларды дамыту үшін іс-қимылын анықтау белгіленді.

Стратегиялық жоспарлауда, әлемдік тәжірибе сәтті де, сәтсіз де стратегиялар жеткілікті. Кей жағдайда, орындалуы мүмкін емес стратегиялық жоспар, нәтижелі түрде жүзеге асырылады, керісінше, кейбір стратегиялық жоспар тиімді ұйымдастырылмағандығынан, іс-әрекеттерінің байланыссыз жүргізілмегендігінен т.б. себептерге байланысты іске аспай қалады. Мұндай жағдай ауыл шаруашылықтарында көптеп кездеседі. Өндірістерде жоспарланған стратегия аралас болуы  да мүмкін, нақты жағдайға байланысты жоғарыдағы көрсетілген стратегиялардың элементтерінен құрылуы мүмкін.

  • Дегенменен, ғылыми және тәжірибелік  зерттеулерді тұжырымдау, бірнеше этолондық стратегияға бөліп шығаруға мүмкіндік беруде: 
  • өнім өндіруге жұмсалатын  шығындарды қысқарту стратегиясы. 
  • құнарлы өсу стратегиясы - өндірілетін өнім түрлерін, салалық ерекшіліктерді өзгеріссіз қалдыра отырып, жалпы көрсеткіштердің өсуіне қол жеткізу;
  • диверсификациялық өсу стратегиясы - мұнда қызмет жүргізу шеңберін өзгерту, өндірісті жаңа өнім түрлерін шығаруға бағыттау;
  • интеграциялық өсу стратегиясы - жаңа құрылымдарды біріктіру және қызметтің осы шеңберіндегі күшті ұйымдармен интеграция жүргізу  арқылы өсуді қамтамасыз ету;

Стратегиялық жоспарлардың орындалуын кезеңдерге бөлу керек. Ол ішкі және сыртқы бақылау үшін қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III тарау Батыс Қазақстан обылысының агробизнес кешені

  Батыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіп кешені аймақ экономикасының біршама ірі және маңызды секторларының бірі болып табылады. Оның негізін жалпы аймақтық өнім құнында үлесі 6,2 % болатын  ауыл шаруашылығы құрайды. Облыстың ауыл шаруашылығы бидай, арпа, қара бидай, тары, сиыр еті, қой еті және жылқы етін өндіруге мамандануда. Жалпы өнім құрылымында дәнді дақылдар – 28,5%-ды, ет – 32,4%, сүт – 17,4%, картоп - 2,7%, көкөніс - 2,1%, жұмыртқа -1,2%, жүн - 0,7%, майлы дақылдар - 0,4%, бақша дақылдары - 0,4%, жеміс-жидек - 0,5%, басқа өнімдер – 13,7%-дан келеді.

   Біздің облыс - егін шаруашылығына  келгенде климат жағынан нартәуекелді  талап ететін аймақ. Бірақ соған  қарамастан қос сала - мал және  егін шаруашылығын ежелден қатар  жүргізіп келеді.  .Ал Елбасы қойып отырған басты талаптардың бірі - еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осыған орай ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін 2014 жылы екі есе, 2020 жылға қарай 4 есе өсіру міндеті қойылған.

  Ағымдағы жылы ҚР Ауыл шаруашылығы  министрлігі пен облыс әкімдігі  арасында 2012-2016 жылдарға арналған  егіс алқабы құрылымын әр тараптандыру  бойынша меморандумға қол қойылған  болатын. Аталған меморандумға сәйкес, дәнді дақылдар көлемін жыл  сайын 400 мың га шамасында қалдыру  жоспарланған. Алайда сол көлемдегі  жаздық дақылдар алқабын азайтып, есесіне күздік дәнді дақылдар  үлесін арттыру қарастырылған. Өткен  жылы күздік дәнді дақылдар 62,03 мың га алқапқа егілген болса, биылғы жоспар 80 мың га болып  белгіленді. Ал нақты егілгені 88,9 мың гектар, жоспар 111%-ды құрады, оның ішінде күздік бидай - 63,3 мың га, күздік қара бидай - 25,6 мың га. Егісте күздік бидайдың  «Жемчужина Поволжья», «Саратовская-90», «Куйбышевка», «Лютесценс-72», күздік  қара бидайдың «Саратовская-4», «Саратовская-5» сияқты өнімділігі жоғары сорттары пайдаланылуда. Сонымен қатар Бөрлі ауданында майлы дақыл - күздік арыш 6200 га алқапқа егілді

  Көздеген мақсатымыз - шикізат өндіріп, сату ғана емес, оны өңдеу саласын  да жандандыру. Бұл шеттен әкелінетін  азық-түлік көлемін азайтуға себін  тигізеді. Сонымен қатар іске  қосылатын немесе жаңартылатын  кәсіпорындардың өнімдері экспортқа  қабілетті, жоғары сапалы болуы  керек. Соңғы екі-үш жылдың ішінде  жүзеге асқан инвестициялық жобалардың  барлығы осы бағытта. Мысалы, бір  кездері облысымызда өсімдік  майының жетіспеушілігі туындаған  болатын. Енді қазір жұмыс істеп  тұрған өсімдік майын шығаратын  зауыт Еуропаның соңғы стандарттарына  сай келетін құралдармен жабдықталған. Жылына 7,5 мың тонна май шығарады. Бұл зауыт толыққанды жұмыс  жасағанда 4,5 мың тонна болатын  ішкі қажеттілігімізді түгел  жауып, өнімді көрші облыстарға  экспорттауға мүмкіншілік береді. Ұн тартатын екі диірмен іске  қосылды. Соның бірі «Бюллер»  фирмасының технологиясына негізделген  тәулігіне 150 тонна ұн тартатын  кәсіпорын.

  Қолға алынған тағы бір бастама - жылыжайлар салу. Бұндағы негізгі  мақсат - жылдың барлық мезгілінде  облыс халқын көкөніспен қамтамасыз  ету. Облыс тұрғындарын ерте пісетін көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында соңғы үш жылда жаңадан 34 жылыжай салынды. Бүгінгі таңда олардың саны 38 жетіп, жалпы аумағы 15,4 мың шаршы метрді құрап отыр. Жылыжай шаруашылықтарында 2011 жылы 163 тонна ерте піскен көкөніс өнімдері, қызанақ пен қияр алынса, үстіміздегі жылдың бірінші дақыл айналымында 129 тонна өнім алынды. Қазіргі уақытта Зеленов ауданының «Көкөніс» ЖШС-ында 2,2 гектарлық ірі жылыжай кешенінің құрылысы жүргізілуде. Жылыжай кешені қуаттылығы 54 МВт газтурбиналық бекетінен пайдаланылған бу күшімен қамтылатын болады. Оның құрылысы толығымен біткенде жылына 770 тоннадан астам көкөніс өнімдерін өндіреді деп күтілуде.

   Үлкен жобалардың бірі - «Ақас»  шаруа қожалығында жүзеге асқан  тауарлы сүт ферма. Сондай-ақ Зеленов  ауданындағы 8640 басқа есептелген  мал бордақылау кешені. Мұндағы  Германия, АҚШ, Голландия елдерінен  алынған құрал-жабдықтар жоғары  сапалы ет өндіріп, талапқа сай  экспорттауға жол ашады. Әрине, биыл  жүзеге асатын және біраз жоба  баршылық. Мысалы, облысымызға құс  етінің импортын тоқтату мақсатында  жылына бес мың тонна құс  етін өндіретін фабрика салынғалы  жатыр. Сонымен қатар 12 мың басқа  есептелген шошқа бордақылау  кешенінің жобасы іске асырылуда. Жылыжайлар салу биыл да жалғасын  таппақшы.

    Ауыл шаруашылығының жетістіктері  ауа райы жағдайымен де тығыз  байланысты. Мысалы, соңғы екі жылда  қуаңшылыққа байланысты ауыл  шаруашылығы үлкен қиыншылықтарға  кездесті. Былтыр егістіктің 60 пайызы  күйіп кетті. Соңғы кезде бұл  мәселе аудан басшылары, жалпы  тауар өндірушілер арасында өткір  талқыланып келеді. Енді жаздық  дақылдар, соның ішінде бидайдың  негізгі көлемін азайтып, күздік  дақылдар егуге бағыт алуымыз  керек. Сонымен қатар қуаңшылыққа  төтеп беретін ылғал сақтау  технологиясын қолдану шарт. Ол  үшін осы заманғы техника қажет. Бұл бағытта шаруалар «Қазагроқаржы»  акционерлік қоғамы арқылы соңғы  кездері техникаларын жаңартуда. Ауыл шаруашылығын дамыту жергілікті  тұрғындар күшімен жүзеге асады. Сондықтан ауыр еңбектің ыстық-суығына  төзетін ауыл адамының әлеуметтік  жағдайын ойлауымыз керек. Бұл  бағытта да бірқатар жұмыстар  атқарылып жатыр. Ең бастысы - облыстағы  соңғы екі-үш жылда үлкен қарқынмен  жүргізіліп отырған ауылдық аумақтарды  газдандыру мәселесі. Өткен жылдың  өзінде Қаратөбе, Теректі, Сырым  аудандарына табиғи газ жетті. Алдыңғы жылы Ресеймен шектесетін  ең шалғай аудан Бөкей ордасына  газ барды. Көгілдір отын тек  аудан орталықтарына емес, өз  кезегімен ауылдарға да жетіп  жатыр. Бұл агроөндірістің өркендеуіне тікелей әсерін тигізеді, ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына ықпал етеді. Елді мекендердегі мектептер түгелдей дерлік жөндеуден өтті. Ауыл балаларының жақсы білім алуына жағдай туғызылды. Балабақшалар көптеп бой көтеруде. Ауыз су мәселесінде әлі де болса қиындық туғызатын жерлер бар. Бұлардың бірқатары күні кеше қабылданған «Ақбұлақ» мемлекеттік ауыз су бағдарламасына кірді.

   Облыстың ауыл шаруашылығы астық  өндіру және мал шаруашылық  өнімдерін өндірумен мамандандырылған. Өсімдік шаруашылығында бидаймен  қатар майлы және жарма дақылдары  өсіріліп, картоп, көкөністер, бақша  жемістері өндіріледі. Мал шаруашылығының  негізі салалары ірі қара және  қой шаруашылығы, ал шошқа, жылқы, түйе және құс шаруашылығы  қосымша болып табылады.

  Батыс  Қазақстан облысы экономикасында ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі басым. Мұнда астық егу, жайылымдық мал шаруашылығы, етті-сүтті сиыр өсіру дамыған. Облыстағы ауыл шаруашылығына тиімді жер 13,9 млн га. Оның ішінде жыртылатын жер аумағы 1,4 млн га, шабындық 940 мың га, жайылымы 8,2 млн га. Астық дақылдары 934 мың га жерге, техникалық дақылдар 34,1 мың га, картоп және көкөніс-бақша дақылдары 7,6 мың га, жемшөп дақылдары 222 мың га жерге егіледі. Мал шаруашылығында сиыр саны 444 мың, қой мен ешкі 904 мың, шошқа 28,5 мың, жылқы 94 мың, түйе 3,9 мың, құстың саны 371 мың . Облыстағы ауыл шаруашылығы бағытындағы өндіріс кооперативтері мен шаруа қожалықтарының жалпы саны 2467 . Олар мемлекет қарауындағы ұжымдық шаруашылықтарға, ұжымшарларға, серіктестіктер мен өндірістік кооперативтерге , акцион. қоғамдарға және шаруа (фермер) қожалықтарына біріктірілген. Сонымен қатар шет елдермен бірлескен кәсіпорындар да  жұмыс істейді.

   Ауыл шаруашылығы өндірісінің  тұрақты өсуіне қол жеткізу, облыстың  аграрлық секторының бәсекеге  қабілеттілігін және инвестициялық  тартымдылығын арттыру тек өндіріске  ғылым мен техниканың алдыңғы  қатарлы жетістіктерін (инновоцияларды) енгізу негізінде ғана мүмкін.  
АӨК-дегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуларды мақсатты қолдау, сондай-ақ, облыстың ғылыми мекемелерін Бағдарламаны жүзеге асырушы белсенді қатысушыларға және АӨК ұйымдарымен тең құқылы қарым-қатынас субъектілеріне айналдыру жағдайында ғылыми техникалық ілгерілеу (ҒТІ) жетістіктерін үзіліссіз үдерісте енгізуге қол жеткізу мүмкін.  
      Қазіргі уақытта АӨК-нің ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын барлық деңгейдегі білікті мамандармен қамтамасыз ету жағдайы өте қиын болып отыр, бұл өндіріске қойылып отырған, дайындау деңгейі қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келетін, АӨК-ді басқару кадрларымен және мамандарымен қамтамасыз  
Облыстың 4046 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ішінде тек 440-ы ғана  білікті кадрлармен қамтамасыз етілген, оларда 1006 маман жұмыс жасайды, соның ішінде 342 агроном, 328 мал дәрігері, 36 инженер-механиктер бар. .

   Жалпы өнімдер көлемі бойынша, республикадағы ауыл шаруашылық  кәсіпорыңдары шағын көлемді  өндіріспен сипатталады. Нарықтық  қатынастарға көшу кезіндегі  ауыл шаруашылығы өндірісінің  экономикалық тиімділігі қажетті  деңгейде емес, сондықтан бұл  саланың экономикалық ахуалы  үнемі жан-жақты талдауды қажет  етеді.

  Қазіргі таңдағы маңызды мәселенің  бірі - мал қыстағы. 2012-2013 жылдың мал  қыстағына бүгінгі күні  облыста былтырғы жылдан қалған мал азығын қоса есептегенде 1106 мың тонна көлемінде мал азығының қоры дайындалды, ол қажеттіліктің 112%-ын құрайды.

Информация о работе Қазақстанның АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері мен келешекте даму бағыттары