Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Апреля 2013 в 09:39, реферат

Краткое описание

Ел ішінде Ассамблеяның қалыпты жұмыс істеуі нәтижесінде ұлттар өзара айрандай ұйысқан, тату-тәтті мамыражай тіршілік етіп келе жатқанына қалың бұқара куә. Бүгінде республикадағы этностардың мәдениеттері, тілдері дәстүрлерінің дамуына қажетті жағдайлар жасалғандығын ешкім де жоққа шығармас. Ал уақыт озған сайын этномәдени бірлестіктердің саны тұрақты өсіп, қазір олардың саны 800-ден асады. Оның ішіндегі 28-і республикалық дәрежеге ие. Статистикаға көз жүгірсек, осы күндері 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарлама мен 7 тілде телебағдарлама тарайды. Ал білім беру саласында өзбек, тәжік, ұйғыр, және украин тілдерінде жүргізілетін 88 мектеп бар. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізілуде. Сондай-ақ, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылған. Қазақ және орыс театрларын қоспағанда, елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, кәріс және неміс театрлары жұмыс істеп келеді. Жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған кітаптар жарық көруде.

Вложенные файлы: 1 файл

Ассамблея.doc

— 179.50 Кб (Скачать файл)

 

Біз тіпті ең шағын этностық топтар – ассириялықтардың, рутулдардың, лактардың  және басқа да топтардың мәдениеттерін ұқыптылықпен сақтаймыз және оларды дамыту үшін барлық мүмкіндіктер жасаудамыз.

 

Қазақ жері 100-ден астам этносты  біріктірді.

 

Әрине, осы этностық әралуандықтың  бәрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент қажет.

 

Бүгінде ұлтты біріктіруші басты  фактор қазақ тілі – мемлекеттік тіл болып отыр.

 

Бесіншіден, бізге менталитет моделін, «Қазақстан-2050» жаңа саяси бағытының  негізінде елдің болашақ бейнесін қалыптастыру қажет.

 

Бұл бейне шынайы, тартымды және рухтандырушы болуы тиіс.

 

Жаһандық сын-қатерлер жағдайында өзіміздің мәдени кодымыз: тілді, салт-дәстүрлерді, құндылықтарды сақтай отырып қана оған баламалы жауап қайтара аламыз.

 

Отанға, туған жерге, өзіміздің  ата-бабаларымызға, өзіміздің біртұтас және бөлінбейтін тарихымызға деген  сүйіспеншілік бүкіл қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие.

 

Біздің асыл мұраттарымыз – Тәуелсіздік, бірлік, келісім және өркендеу.

 

Оны Қазақстанның халқы өзі қалыптастырды.

 

Ұлт бірлігін нығайтуда интеллигенция  қызметі айрықша маңызға ие.

 

Тек интеллигенция ғана қоғамды  топтастырудың рухани үдерісіне басшылық жасай алады.

 

Біздің елордамыз осы жұмыстың орталығына айналуы тиіс.

 

Сондықтан да біз Астанада әлемдік  деңгейдегі Опера және балет театрын  – «Астана-операны» салдық, Қазақстан  тарихының жаңа мұражайын құрудамыз.

 

Алтыншыдан, біздің бірлік формуламыз нақты істер төңірегінде қалыптасады.

 

Ол біздің бірлігіміздің ең берік, материалдық негізі.

 

Мен әркім меншік иесі болғанда қоғамдық келісімнің іс жүзінде жүзеге асатынына  берік сенімдімін.

 

Сондықтан да мен Үкіметке «Халықтық ІРО» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырдым.

 

Ассамблея бұл бағдарламаны түсіндіруге  белсенді атсалысуда.

 

Бұл – өте маңызды, бүкілхалықтық  іс. Оны жалғастыру қажет.

 

Бүгінде біз бірлік пен толеранттылық  біздің активіміз, елді жаңғыртуға салған экономикадан тыс инвестицияларымыз деп сеніммен айта аламыз!

 

Бүгінде бейбітшілік пен келісім  саясатының тікелей экономикалық тиімділікке  ие екені баршаға мәлім.

 

Ішкі тұрақтылық инвесторлар сенімін  нығайтуға, экономикалық ынтымақтастықты  дамытуға жағдай жасайды.

 

Жетіншіден, жаһандық трендтерді ескере отырып, біз мемлекеттің, қоғам мен  діннің өзара қарым-қатынастарының тиімді моделін табуға тиіспіз.

 

Біздің тарихи таңдауымыз – зайырлы  мемлекет пен қоғам.

 

Бірақ зайырлы деген атеистік дегенді  білдірмейді.

 

Зайырлы дегеніміз – ілгерішіл, бейбітсүйгіш, толерантты, ашық қоғам.

 

Біз дәстүрлі діндерді қолдаймыз, бірақ  кез келген экстремизмді үзілді-кесілді  теріске шығарамыз.

 

Жастарды біздер үшін бөгде радикалды  діни ағымдардан қорғау қажеттігіне  менің сенімім мол.

 

Біздің Ұлы Дала мыңдаған жылдар бойы толерантты, яғни тағатты болды.

 

Сонымен бірге, мен толеранттылықтың, кейбіреулер ойлайтындай, ойыңа  келгенді істеу емес екенін де атап көрсеткім келеді.

 

Толеранттылық – өзіміз нығайтып, сақтайтын және бүкіл ұрпақты  тәрбиелейтін біздің қоғамымыздың парасаттылық қалыбы.

 

 

Құрметті сессияға қатысушылар!

 

Екі онжылдықта Қазақстан Жолы жаңа тәуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды.

 

Бұл – бүкіл қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен топтасқандығының нәтижесі!

 

Бұл – ұлттың нағыз пассионарлық бұлқынысы!

 

Бұл – тек күшті халықтарға ғана тән ұлы қабілет.

 

Біз осындай халыққа айналдық және осы биіктікте қалуға тиіспіз!

 

Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ.

 

Біздің мерейтойлық сессиямыз – бүкіл қазақстандықтардың игілігі жолындағы жаңа жұмыстар үшін жақсы бастау.

 

Алдымызда үлкен жоспарлар тұр.

 

Оларды жүзеге асыру жаһандық құбылулардың күрделі жағдайларында жүретін  болады. Оған бүгіннен бастап дайын  болып, халық бірлігін бүкіл күш-жігермен бекемдеу қажет.

 

Сондықтан да біз бір халықпыз –  бір елміз – бір тағдырмыз!

 

Мен бүкіл қазақстандықтарды алдағы Қазақстан халқының бірлігі күнімен  құттықтаймын!

 

Барлық сессияға қатысушыларға, бүкіл  халыққа және жаһандық әлемдегі біздің барлық достарымызға зор табыстар тілеймін!

 

Президенттен кейінгі сөз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әскери ғылымдар докторы, профессор Ким  Серікбаевқа берілді. Мен көпұлтты еліміздің ардагерлері атынан бүгінгі  салтанатты жиынның нәтижелі өтуіне тілек білдіремін, деп бастады сөзін ол. Қазақтың ерлік тарихындағы жеңістердің түпкі тамыры – бірлік. Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, осы саясатты іскерлікпен қолданып, Алаштың ғасырлық арманы – тәуелсіз Қазақ елін құрдыңыз, шекарамызды нығайтып, көк Туымызды әлемге таныттыңыз. Патриотизм деген осы емес пе? Иә, осы.

 

«Боламыз ба, әлде бордай тозамыз  ба?» деген қиын күндерде, Сіз, құрметті Елбасы, былай дегенсіз: «Біз тек  бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін  біріктіріп қана алға баса аламыз». Бұл  саналы елге айтылған ерекше сөз –  берекенің басы болды. Бүгінгі 20-сессия – ұлттық тұтастықтың кепілі. Меніңше, бұл да – патриотизм».

 

Осылай деген шешен Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандықтардың ерлігіне тоқталып өтті. К.Серікбаевтың айтуынша, ол және оның кұрдастары мектеп партасына Ұлы Отан соғысы басталғанда  отырған. «Жеңіс күні» – бұл біздің балалық шағымыз, деп жалғастырды сөзін полковник. Оның мәні мен маңызын біз жастардың бойына сіңіруіміз қажет. Бүгін Сіз қазақстандықтардың Харьков маңындағы ерлігі туралы фактіні айттыңыз. Қазақстандық үш дивизияның басқыншыларға қарсы батырлықпен күрескені жөніндегі хабар ұзақ жылдар бойы құпия сақталып келіпті.

 

Шешеннің айтуынша, Харьков маңында 20 мың қазақстандықтың тағдыры  жатыр. Харьков майданында қаза тапқан ерлердің есімдері табылып, олардың  ұрпақтары із-түзсіз кеткен ата-әкелерінің тағдырын біліп жатыр. Біздің жастарымыз – болашағымыз, деп жалғастырды сөзін К.Серікбаев. Осыған байланысты Білім және ғылым министрлігі мен Қорғаныс министрлігінен тәрбиелік маңызы ерекше «Ерлікке құрмет сабағы» бағдарламасын енгізуді өтінемін. Сондай-ақ ол жастарға патриоттық тәрбие беретін әскери-техникалық мектептерді құруды ұсынып, бейбіт кезде батырлық көрсеткен бірнеше әскери қызметшілердің аты-жөндерін атады.

 

Жезқазған тарихи археологиялық институтының директоры Зульфия Чумакова чешен-ингуш этносын Қазақстанға жер аударған кезде дүниеге келген екен. Осында біз өсіп-өндік. Қазір Жезқазғанда тұрып жатырмын. Біз Сіздің Қарағанды облысына ерекше назар аударатыныңызды жақсы білеміз. Орталық Қазақстанда Жезқазған – Бейнеу темір жолы құрылысы өте маңызды. Бұл біз үшін өмір жолы болып табылады, деді ол.

 

З.Чумакова осыдан 18 жыл бұрын өткен  Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясын еске алды. Оның айтуынша, сол жиында Елбасының айтқан сөздері бүгін нақты шындыққа айналды. Өткен жылдардың қиындықтары артта қалды. Қазақстан халқының ынтымағы арқасында еліміз осындай деңгейге көтерілді. Сіздің тапсыруыңызбен тұрғызылған қазақ үйінің жылуы бүгінде вайнахтарды рухани жағынан жылытып келеді, деді шешен.

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының жиынына  ресейлік саясаткерлер де келген екен. Ресейлік саясаткер Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы жөнінде ой-пайымын ортаға салды. Қазақстанның айтарлықтай табысқа жетуі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген саясатының жемісі деп білемін, деді Юрий Солозобов. Салиқалы жүзеге асырылған саясаттың нәтижесінде Қазақстанда саяси тұрақтылық, этносаралық татулық қалыптасты. Ассамблея құрылып, жұмыс істей бастағаннан бері бұл құрылым өзінің өміршеңдігімен танылды.

 

Саясаткер, сондай-ақ ресейліктердің Қазақстан халқы Ассамблеясынан модель алуы қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық модель әлем елдеріне үлгі болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-әрекетін пайдалануға қам жасаған елдер әлемде баршылық.

 

«Динар-Электромаш» ЖШС іс басқарушысы Сергей Вишняк қазіргі кезде кәсіпорында 200-ден аса адам жұмыс істесе, ұжым 20 этнос өкілдерінен тұратынын алға тартты. Әр жұмыс күні теледидардан Президентпен бірге Мемлекеттік гимнді орындаудан басталады, деп сөзін сабақтаған ол «Қазақ Елі» біз үшін Отан, Туған жер, деп ағынан жарылды. Қазіргі таңда фирмамызға жаңадан жұмысқа келгендерге, соның ішінде шет елдерден ауысқан қызметкерлерімізге қазақ тілін үйренуді басты міндет етіп қойып отырмыз. Қазақтардың салт-дәстүрі, ол ең алдымен адамзатты сүю, қонақжайлық және де жақынына көмектесу. Сондықтан да біз өз кәсіпорнымызда садақа мен ас беру және қасиетті жұмада дастарқан жаю сияқты салттарды орындап келеміз. Әрбір жұмада тігілген киіз үйіміз қонақтан арылмайтынын бүкіл қала біледі. Үйленгендер болса, фирма қолдау көрсетіп, баспанамен қамтамасыз етеді. Медициналық көмекті де Ресейден көшіп келген қазақтар көрсетіп жатыр.

 

Шешеннің мәліметіне қарағанда, соңғы 10 жыл ішінде фирмада жұмыс істейтіндер  отбасыларында бала саны арта түсіпті. Осыған орай отбасыларға қолдау көрсету де арта түскен. Жалпы, ол өзінің «Қазақ Елі» бірлестігін қолдайтындығын білдірді және оның ең басты мақсаты халықты біріктіретін, ортақ құндылықтарға жұмылдыратын күш екеніне назар аудартты. Елбасының атқарып отырған жұмыстарына риясыз ризашылығын жеткізе отырып, ұлттық бірліктің басында тұрғаны үшін рахметін жеткізді. Бәріміз де Қазақстанда өмір сүреміз! Туған үйім, Ана тілім және Алла тағала бізді қолдасын! деді Сергей Викторович сөзінің соңында.

 

Өзін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студентімін деп таныстырған Елена Михеева Президенттің Ассамблеяның ХІХ сессиясында көтерген «Мемлекет жастар үшін – жастар мемлекет үшін» деген бастамасы бірқатар міндеттердің атқарылуына мұрындық болғандығын алға тартты. Ең басты­сы – жастар саясатының тұжырымдамасы қабылданып, ол жастардың мемлекеттегі өз орнын айқындауына және де қажетті істен қорытынды шығаруыңа мүмкіндік берді. Біріншіден, өз жеріне адал болу керек. Әлемнің сан елдерінде болған спортшы Василий Скворцовтың Талдықорғаннан артық жер жоқ, деген сөзін алға тарта отырып, студент қыз оның «Мен еуропалықтар қызғанатындай етіп, оны сондайлық деңгейге жеткіземін», деген сөзін де көпшілікке жеткізді.

 

Екіншіден, біз туған еліміз үшін не істей аламыз және өз туған жерімізде өзімізді қалай көрсете аламыз дегенге ден қоюымыз қажет. Менің достарымның арасында бір кәсіпкер бар, дей келіп, шешен оның ұстанымы: «Қол қусырып отыруға уақыт жоқ. Өзің үшін тиімді шаруа істесең, ол еліңе де пайдалы болуы тиіс», екенін де тілге тиек етті. Осылайша талдықорғандық студент бірнеше мысалдармен еңбексіз бақуаттылықтың болмайтынын, Қазақстаннан басқа жерде жұмақ жоқтығын да қаперге салды.

 

Әрі қарай сөзін қазақша жалғастырған Е.Михеева былай деді: «Біріншіден, нағыз патриот – мен үшін Сіз, мәртебелі Елбасы. Еліміз үшін атқарып жатқан ісіңіз – То­лағайдың тауындай. Біз Сізден үлгі аламыз.

 

Екіншіден, нағыз патриот қазақ  халқы – қаншама ұлыстың басын  бір шаңырақтың астында біріктіріп, шайқалтпай, шашып алмай еліміздің  бірлігін сақтап отыр. Үшіншіден, бұл аналар. Ана жүрегі – бейбітшіліктің бастауы, жанның жылуы, бала бақытының бекеті».

 

Әрі қарай шешен 15 жылда 340 бала тәрбиелеген  Тұяқ апайды ауызға алып, сол балалардың 100-і білікті маман болып шыққанына  назар аудартты. Қазіргі таңда 25 қыз тұрмысқа шықса, 15 ұлы үйленгені белгілі болды. Бұл бір отбасының өзі бүкіл бір Ассамблеяға татиды, деп сөзін сабақтай түскен Е.Михеева әке-шешесі қазақтар болғанымен, тәрбиесіндегі балалардың әр этностан екенін атап өтті. Залда отырған Тұяқ апайға үлкен рахметін жеткізген Е.Михеева «Қазақ тілінде сөйлеуді мен жоғары мәдениеттіліктің, тектіліктің белгісі деп білемін», дегенді де айта кетті. Жері жәннат, ауасы дәрумен, адамы асыл қазақ жерінде тұрып, осы елдің тілінде сөйлеп, елімді Отаным деп айту – мен үшін аса қымбат құндылық. Сондықтан да мен өзімді патриотпын деп айта аламын, деді сөзінің соңында студент қыз.

 

Қостанай облысындағы «Деевский» ЖШС бас директоры Олег Даниленко  сөзін Елбасыға өзінің және әріптес  диқандар атынан алғыс білдіруден бастады. Сіздің тікелей қолдауыңыздың арқасында бүгінгі күні ауыл шаруашылығы алға басып тұр. Осыдан 15 жыл бұрын мен агрокәсіпорынға басшы болып тағайындалғанымда Сіз халықты таратпай, астық өсіруге жұмылдыруды тапсырған едіңіз. Сол тапсырмаңызды бүгінгі күні бұлжытпай орындадым деп айта аламын, деді даңғайыр диқан. Одан әрі шешен өзінің ауылшаруашылық серіктестігінің жетістіктерін, бүгінгі күні мемлекеттен бір тиын да көмек алмай астық өсіріп отырғандығын айтып өтті. Өзін тереңнен таныстырған шешен Даниленко әулетінен үшінші ұрпақ болып қазақ жерінде астық өсіріп отырғанын жеткізді. Менің ұлым да астық өсірумен айналысып, біздің әулеттің дәстүрін жалғастыруда, деді ол. Сонымен бірге, О.Даниленко сонау дағдарыс жылдарында Қазақстаннан өздерінің тарихи отандарына көшіп кеткендердің оралып жатқанын айтты. Соңғы жылдары 141 отбасы оралды, деді ол.

 

Бұдан кейінгі кезекте сөз алған  альпинист Мақсұт Жұмаев Елбасына, Ассамблея қатысушыларына қарата айтқан сөзінде: «Мені Қазақстан секілді  жоғары белестер мен асулар қызықтырады. Ал жоғары асуды бағындыру үшін сенім мен қолдау ауадай қажет екенін білемін. Біз – Қазақстан халқымыз. Сондықтан, біз бір елміз және біздің тағдырымыз да бір. Біздің командамызда бәріміз сенетін бір Лидер бар. Ол – Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы!» дей келе, Елбасымен бірге XXI ғасырдың биік белесін бағындыратынына сенім білдірді.

 

Спорт біздің елімізде нағыз халықтық іске айналды. Оның нәтижесі де көп  уақыт күттірген жоқ. Өткен және биылғы жылы тарихта алғаш рет  біздің жігіттер қысқы спорт түрлері  бойынша әлем чемпионаттарының жеңімпаздары атанды. Мұндай жеңісті Қазақстан 18 жыл күткен болатын, деді өз сөзінде М.Жұмаев. Осылай дей келе, ол сахнаға жаңа чемпиондарды, атап айтқанда, конькимен сырғанау спорты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы әлем чемпионы Денис Кузинді, мәнерлеп сырғанау спорты бойынша әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тенді, фристайл спорты бойынша Әлем кубогының күміс жүлдегері Дмитрий Рей­хердті, кәсіпқой боксшылар арасында WBA, IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинді, қазақ күресінен 2012 жылғы «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаевты шақырды.

 

Сахна төрінде сөз алған былғары  қолғап шебері Геннадий Головкин: «Менен ұлтымды сұраған кезде: «Әкем  – орыс, анам – корей, ал мен қазақпын!»  деп жауап беремін. Мен барлық жеңісімді өзімнің еліме, өзімнің халқыма және өзімнің Президентіме арнаймын! Нұрсұлтан Әбішұлы! Мен орта салмақ бойынша қолғап түйістіріп жүрмін. Бізден, яғни қазақстандықтардан жоғары салмақ дәрежесіндегі спортшылар да қаймығады. Ал Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы, саясатта ауыр салмақта жүрсіз және дәйім жеңіп жүрсіз. Біз Сіздің көшбасшылығыңыздың арқасында тек алға ғана қадам басатын боламыз», дей келе, Президентке зор денсаулық пен сәттілік тіледі.

Информация о работе Ассамблея ұлттар бірлігін бекіте түседі