Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:33, лекция

Краткое описание

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Вложенные файлы: 1 файл

_ндіріс статистикасыны_ д_ріс материалдары.doc

— 880.50 Кб (Скачать файл)

Үй иелерінің өздеріне көрсеткен  үй қызметтері шартты түрде осындай  үйлердегі пәтерақыға тең деп  саналады. Үй шаруашылығының өндірістік әрекетіне өздері тұтыну үшін өндірген ауыл шаруашылық өнімдері, табиғат  сыйы болып саналатын жеміс-жидекті жинау, балық аулау, аң аулау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу сияқты әрекеттер жатады.

Экономикалық аймақ ұғымы әкімшілік-саяси  аймақ ұғымымен бірдей емес.

Экономикалық аймақ  деп елдің үкіметімен басқарылатын, сол аймақ ішінде адамдар, тауар, ақша еркін қозғалыста болатын аймақты айтады. Елдің экономикалық аймағына сол елдің әуе кеңістігі, аймақтық сулары, халықаралық судағы континенттік шельфтері, сол сияқты шетелдегі аймақтық анклавтары да жатады.

Аймақтық анклавтар деп дипломатиялық, әскери, ғылыми т.б мақсаттар үшін басқа елдердің аймағын пайдалануды айтады. Басқа елдердің, халықаралық ұйымдардың анклавтары өздері орналасқан елдің экономикалық аймағы болып саналмайды. Қарастырылып отырған елдің шекарасынан тыс жердегі оның кәсіпорындары (“еркін аймақтағы” кәсіпорындар) өздері орналасқан елдің экономикалық аймағы болып есептелінеді.

Осы елде орналасқан шетелдік аймақтық анклавтар, халықаралық ұйымдар  елдің экономикалық аймағына жатпайды.

Экономикалық мүдделерінің орталығы аймақпен байланысты болатын институциялық бірліктерді (үй шаруашылығын, кәсіпорындарды, ұйымдарды) сол елдің резиденттері дейді. Елдің экономикалық аймағында 1 жылдан артық тұратын адамдар сол елдің резиденті болып саналады. Бір жылдан аз уақытқа келген туристер, артистер, ғалымдар, мерзімдік жұмысшылар, сол сияқты шет ел елшіліктерінің мүшелері өкілдіктері, т.б. дипломатиялық мекемелер, осы елде орналасқан елдердің әскери бөлімшелерінің құрамы резидент болмайды.

Өз елдерімен экономикалық байланыстарын  жоғалтпаған шетелдік студенттер қай елден келсе, сол елдің резиденті болады. Қарастырылып отырған елде орналасқан халықаралық ұйымдардың қызметкерлері осы елде 1 жылдан артық жұмыс істесе, сол елдің резиденті болып саналады.

Резиденттердің (институциялық бірліктің, нақты адамның) экономикалық мүдде орталығы деп олардың экономикалық аймағын айтады.

Ішкі экономика экономикалық аймақтағы резиденттердің, резидент еместердің әркетені қамтиды.

Сыртқы сауданың жалпы  өнімі ішкі және әлемдік бағаның айырмасын мемлекеттік бюджетке төлегеннен  кейінгі сыртқы сауда мекемелерінде қалатын пайдаға айналыс шығындарын қосқанға тең.

Ішкі және әлемдік бағаның айырмасы түріндегі табысты импортқа салынатын салық деп айтады. 

Біртекті өнім шығаратын кәсіпорындарды, олардың бөлімшелерін экономикалық бірлік дейді.

Іс жүзінде көптеген өндіруші бірліктер  әр түрлі әрекетпен айналысады. Мұндай жағдай жекеленген кәсіпорын бірнеше  экономикалық бірліктерге бөлінеді және ол бірліктердің біреуі негізгі  әрекетпен, екінші біреуі қосалқы әрекетпен  айналысады.

Біртекті өнім шығаратын бірліктер  тобын сала дейді.

Экономикалық шығындарға қаржы  бөлуіне және процесте атқаратын  қызметтеріне байланысты біртекті болып  саналатын институциялық бірліктердің тобы сектор болады. 

 

 

ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕГІ 

ТОПТАСТЫРУЛАР МЕН КЛАССИФИКАЦИЯЛАР

 

ҰЕЖ-де мындай топтастырулар  қолданылады:

  • шаруашылық бірліктерін салаларға, секторларға топтастыру;
  • экономикалық операцияларды топтастыру;
  • өнім түрлерінің классификациясы;
  • мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындарын топтастыру;
  • Активтер мен пассивтердің классификациясы;
  • Салық пен субсидия классификациясы.

 

  1. Шаруашылық бірліктерін салаларға топтастыру.

Шығаратын өнімі, өндірістік технологиясы және шығындарының құрамына қарай біртекті болып саналатын шаруашылық бірліктері салаларға топтастырылады.

ҰЕЖ-де стандартты халықаралық салалық  классификация қолданылады. Бұл  классификация бойынша ең алдымен  натуралдық ресурстарды пайдаланылатын салалар топтастырылады, содан кейін  өндіруші өнеркәсіп, т.б. салалар топтастырылады.

ҰЕЖ-дегі стандартты халықаралық салалық классификация:

  1. ауыл шаруашылығы, аң аулау және орман шаруашылығы;
  2. балық шаруашылығы;
  3. өндіруші өнеркәсіп;
  4. өңдеуші өнеркәсіп;
  5. электр энергиясы, газ, сумен қамтамасыз ету;
  6. көтерме және бөлшек сауда, автомобиль, матоцикл, тұрмыстық тауарларды жөндеу;
  7. қонақ үйлер, мейрамханалар;
  8. қаржы делдалдылығы;
  9. көлік және байланыс;
  10. қозғалмайтын мүлік операцияолары, жалға беру т.б. коммерциялық әрекеттер;
  11. мемлекеттік басқару, қорғаныс, әлеуметтік қамсыздандыру;
  12. білім беру;
  13. денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметер;
  14. басқа коммуналдық, тұрмыстық қызметтер;
  15. жалданушы жұмысшылары бар үй шаруашылығы;
  16. экстерриториялық ұйымдар.

 

ҰЕЖ-де экономика салалары үшін өндіріс  және табыстың пайда болу шоттары  құрылады.

 

  1. ҰЕЖ-дегі секторлық топтастыру.

Секторлық топтастырудың бірлігі болып институциялық бірлік немес шаруашылық субъектісі саналады. Секторлық топтастыру қаржы активтерін , табыс пен шығысты зерттеу үшін қолданылады. Институциялық бірліктер мынадай алты секторға топтастырылады:

  • қаржылық емес кәсіпорындар;
  • қаржылық мекемелері;
  • мемлекеттік мекемелер;
  • үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар;
  • үй шаруашылығы;
  • сыртқы экономикалық байланыстар;
  • “қалған әлем”.

Қаржылық емес кәсіпорындар секторына  тауар өндіру және қаржы қызметінен басқа қызметтерді көрсетумен айналысатын институциялық бірліктер топтастырылады. Олар өз өнімдерін өндіріс шығындарының орнын толтыратындай бағамен сатады. Кейбір жағдайда бұл сектордың бірліктерінің өндірістік шығындарының бір бөлігі дотация, субсидия түрінде мемлекеттік бюджеттен төленеді.

Қаржылық емес кәсіпорындар секторының ресурсы өнімді сатудан түскен түсімнен құралады. Бұл секторға мемлекеттік  бюджеттен қаржыланатын, бірақ өнім шығарумен айналысатын кәсіпорындар шартты түрде топтастырылады (мысалы, орман және су шаруашылығының кәсіпорындары).

Мемлекеттік, акционерлік, мердігерлік, кооперативтік т.б. кәсіпорындар меншік түріне қарамастан осы сектордың  бірліктері болады. Сонымен қатар  өндірушілердің әр түрлі топтары  құрған қоғамдық ұйымдарда осында топтастырылады. Мұндай ұйымдардың шығындары кәсіпорындар төлейтін мүшелік жарнадан қаржыландырылады (мысалы, кәсіпкерлер ассоциациясы).

Қаржы мекемелері секторына коммерция  негізінде қаржы және сақтандыру операциялармен айналысатын институциялық  бірліктер топтастырылады. Коммерция  негізінде қаржы операциялармен айналысатын институциялық бірліктерге: коммерциялық банктер, несие қоғамдары, ассоциациялар жатады. Олардың негізгі міндеттері қаржы құралдарын шығару, сатып алу, сақтау және бөлу; бағалы қағаздарды шығару; кәсіпорындарға, үй шаруашылығына несие беру.

Банктер қаржы мекемелерінің және мемлекеттік мекемелердің бірлігі  болуы мүмкін. Мысалы, орталық банк ақша саясатын іске асырады. Оның негізгі  міндеттері:

  1. ақша шығару;
  2. шетелдік валюта резервін меңгеру және сақтау;
  3. басқа банктерге қарыз (ссуда) беру;
  4. бағалы қағазды сату және сатып алу.

Елдің экономикасы неғұрлым дамыған  болса, орталық банктің ролі соғұрлым жоғары болады. Мұндай жағдайда ақша саясатын орталық банк өзі іске асыра алады  және үкіметпен байланысты сақтай отырып, оған зор ықпал жасайды.

Коммерция негізінде қаржы операцияларымен  айналысатын институциялық бірліктердің ресрустары депозиттерден, сертификациялардан, облигациялардан, яғниміндетті қарыздардан  және қабылдаған проценттерден тұрады.

Сақтандыру мекемелері адамдардың өмірін, олардың мүлкін, кәсіпорындардың мүліктерін сақтандырады. Олардың ресурстары сақтандыру шарты бойынша қабылданған төлемдерден құралады. Мемлекеттік мекемелер секторындағы институциялық бірліктер нарықтық емес қызметтер көрсетеді, ұллтық табысты бөлуге қатысады. Олар негізінен мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Бұл секторға, жалпы басқару, экономиканы  реттеу және жоспарлау, қаржы, қоршаған ортаны қорғау, ғылыми зерттеу, қорғаныс, тәртіп сақтау сферасындағы мекемелер  мен ұйымдар, сол сияқты халыққа  білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және өнер, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік сақтандыру салаларында нарықтық емес қызмет көрсететін ұйымдар мен мекемелерді топтастырады. Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер секторы мемлекеттік орталық банктерді, жергілікті банктерді де қамтиды. Бұл банктердің негізгі міндеттері – мемлекеттік ұйымдарға қаржы қызметтерін көрсету, ақша шығару, құнды қағаздарды шығару, алтын қорын сақтау (орталық банк).

Мемлекеттік мекемелер секторының ресурсы, негізінен, басқа секторлардың міндетті төлемдерінен құралады.

Үй шаруашылығына қызмет көрсететін коммерциялық емес (қоғамдық) ұйымдар  секторына үй шаруашылығының ерекше топтарына нарықтық емес қызмет көрсететін институциялық бірліктер топтастырылады. Бұл бірліктер жеке үй шаруашылықьарына білім, денсаулық сақтау, мәдениет, өнер, т.б. сферада қызмет көрсетеді, сол сияқты олардың ұжымдық қасиеттерін қанағаттандырады. Саяси партиялар, кәсіподақтар, діни қоғамдар осы сектордың бірліктері болады. Үй шаруашылығына қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер тексермейді, оларға мемлекеттен қаржы бөлінбейді.

Қоғамдық ұйымдар сеторының  ресурстары үй шаруашылығының төлеген  жарнасына, олардың берген жәрдемінен, меншіктен түскен табыстан құралады.

Үй шаруашылығы секторы жеке адамдарды,  адамдардың топтарын, олардың кәсіпкерлік әрекетін қамтиды. Бұл секторға шаруашылық формасы, көлемі жағынан әр түрлі резидент-үй шаруашылықтары (жұмысшылардың, қызметкерлердің, қосалқы шаруашылығы, жеке шаруа қожалығы, қол өнершілердің шаруашылығы, заңды түрде тәуелсіз деген статусы жоқ жеке кәсіпорындар) топтастырылады.

Сыртқы экономикалық байланыстар  “қалған әлем” секторында шетелдік экономикалық бірліктердің елдің резиденттерімен  қандай экономикалық операцияларға  қатысқаны көрстіледі.

 

    1. Экономикалық операцияларды топтастыру.

ҰЕЖ-де экономикалық операциялар  үш топқа бөлінеді:

  1. тауар және қызмет операциялары;
  2. бөлу операциялары;
  3. қаржы операциялары.

Тауар және қызмет операциялары экономиканың салалары мен секторларындағы өнім өндіру, оны айырбастау, пайдалану сияқты, процестерді қамтиды. Бұл операциялар тек есепті мерзімде шығарылған өнімді ғана қамтып қоймайды, олар сонымен қатар, өткен мерзімдегі өнімдерге және имортқа байланысты операцияларды да көрсетеді.

Бөлу операциялары өндірушілердің жасаған қосымша құнын бөлу, жинақты қайта бөлу сияқты операциялардан тұрады.

Қаржы операциялары экономиканың әр түрлі секторларының активтері мен пассивтерінің өзгерістерін көрсетеді.

 

    1. Өнім түрлерінің классификациясы.

Өнім әр түрлі белгілер бойынша  топтастырылады.

Пайдалану мақсатына  байланысты өнімді мынадай түрлерге бөледі:

  • айырбас орнына берілген өнім;
  • сыйға берілген өнім;
  • өзі тұтыну үшін шығарылған өнім;
  • үй шаруашылығының тұтынуы үшін шығарылған өнім.

Өндірушіге немесе өнім иесіне байланысты өнімді былай бөледі:

  • дағдылы нарықтық өндірушілер өнімі;
  • өндірістік ірі тауарларды шығарушылардың өнімі;
  • көтерме және бөлшек саудадағы сатушылар өнімі;
  • өндірістік лизинг саласындағы өнім.

Дағдылы нарықтық өндірушілер өнімінің эелементтері төмендегідей:

  • нақты өткізілген немесе өткізуге жоспарланған өнім (бұл өнім нақты сатылған өнім мен тауарлар қалдығының өзгерісі арқылы анықталады);
  • өз бөлімшелеріне берілген өнім;
  • өз жұмысшыларына сыйға берілген өнім;
  • айырбас ретінде қолданылған өнім;
  • өзінің негізгі капиталының жалпы қорлануы үшін өндірістік тауарларды бөлу;
  • ақырғы тұтыну үшін өз өнімін пайдлану.

Аталған эелементтердің біріншісінен басқасы нарықта (рынокта) сатылмайды. Нарық бойынша сатылатын өнім өндіруші бағасымен бағаланады.

Өндірістік ірі тауарларды шығарушылардың өнімі деп ұшақтар, кемелер қуаты 5000 квт және одан да жоғары турбиналар, эстакадалар, шахта құдықтары, т.б осындай өнімдерді айтады. Егер өндірістік циклдің ұзақтығы 1-2 ай болса, бұл өнімдердің құны өндіріс аяқталған кездегі бағамен бағаланады. Ал егер өндіріс циклының ұзақтығы 2 айдан артық болса, онда әр түрлі мерзімдегі өнім мөлшері анықталып, оларды қайта бағалау қажет.

Көтерме және бөлшек саудададғы сатушылар  өнімі деп өткізілетін өнімнің  үстеме бағасын айтады. Өткізілетін  өнім сатушылардың өндірістік әрекетінің нәтижесін көрсетпейтіндіктен, оның құны сатушы өнімі болып саналмайды. Сауданың үстеме бағасына тауарларды сақтау шығыны қосылмай жоғалған тауарларды нольдік бағамен есептейді. Егер тауар сатып алу бағасынан төмен бағамен, сатылса үстеме баға теріс таңбамен алынады.

Өндірістік лизинг саласындағы  өнім. Өндірістік лизинг деп машиналарды, жабдықтарды ұзақ уақыт жалға  беруді айтады. Өндірістік лизинг өнімінің құны жалға алушының төлеген жалдау ақысы бойынша анықталады.

 

    1. Мемлекеттік басқару ұйымдарының шығындарын топтастыру.
  • ҰЕЖ-дегі негізгі топтастырулардың бірі. Бұл топтастырудың мынадай тараулары бар:
  • жалпы басқару;
  • қорғаныс;
  • білім беру;
  • денсаулық сақтау; т.б.

Осындай топтастыру арқылы мемлекеттік  басқару ұйымдарының тұтынуын ұжымдық  және жеке тұтыну деп бөлуге болады.

 

    1. Активтер мен пассивтер классификациясы.

ҰЕЖ-де активтерді төмендегідей жолмен топтастырады:

І.  Қаржылық емес активтер (1+2).

Информация о работе Өндіріс статистикасының дәріс материалдары