Өндіріс статистикасының дәріс материалдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 13:33, лекция

Краткое описание

Ұлттық есеп жүйесі – елдегі экономикалық процестердің нәтежесін, экономикалық құрылымын, ұлттық шаруашылықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықаралық анықтамаларға, конвенцияларға, топтастыруларға, тұжырымдарға және есепке алу ережелеріне негізделген.
Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты –экономиканың және оның секторларының дамуын талдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешеім қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану.

Вложенные файлы: 1 файл

_ндіріс статистикасыны_ д_ріс материалдары.doc

— 880.50 Кб (Скачать файл)

Өндірілген активтер (1.1+2.2)

1.1.        Матреиалдық активтер (1.1.1+1.1.2+1.1.3)

      1. Негізгі капитал.
      2. Материалдық айнлым қаржысы.
      3. Құнды заттар (өз құнын ұзақ уақыт жоймайтын активтер).
    1. Материалдық емес активтер (1.2.1).
      1. Негізгі капитал (1.2.1.1+1.2.1.2+1.2.1.3).
        1. Геологиялық зерттеулер шығыны.
        2. Компьютерді бағдарламалармен қамтамасыз ету.
        3. Әдеби-көркем шығармалардың түпнұсқасы.
    1.     Өндірілмеген активтер (2.1+2.2).
    1.     Материалдық активтер (2.1.1+2.1.2).
      1. Жер.
      2. Табиғи кендер.
    1.      Материалдық емес активтер (автор құқығы, патент, лицензия, т.б.).

ІІ. Қаржы активтері.

  1. Қарыз алудың арнайы құқығы және монеталық алтын.
  2. Депозиттер мен қолма-қол ақша.
  3. Бағалы қағаздар (акциялардан басқа).
  4. Акциялар және акционерлік капиталдың басқа формалары.
  5. Заем (қарыз) және несие.
  6. Сақтандыру компанияларының техникалық резервтері (қорлары).
  7. Басқа кредиторлық /дебиторлық қарыздар.

ІІІ. Барлық актив (І+ІІ).

ҰЕЖ-де активтер ерекше шоттарда көрсетіледі, ол шоттарды активтер мен пассивтер балансы деп атайды. Активтер нарықтық қалпына келтіру бағасымен бағаланады. Пассивтер классификациясы активтер классификациясы сияқты, тек пассивте монетарлық алтын болмайды.

 

7. Салықтар классификациясы.

Салықтар классификациясының үлгісі төмендегідей:

І. Ағымдағы салықтар (1+2).

  1. Өндіріске, имортқа салынатын салық (1.1+1.2).
    1. Өнімге салынатын салық (қосымша құн салығы, акциздер, т.б.).
    2. Өндіріске салынатын басқа салықтар (жерге, ғимаратқа, еңбекақы қорына, көлік құралдарына, т.б. салынатын салық).
  2. Табысқа және меншікке салынатын салық (табыс салығы, пайдаға салынатын салық, өндірісте пайдаланылмайтын меншікке салынатын салық).

ІІ. Күрделі салықтар. (мұраға салынатын  салық, сыйға берілген меншікке салынатын  салық, т.б. капиталға байланысты салықтар).

ІІІ. Барлық салықтар (І+ІІ).

Өндіріс субсидиясының классификациясы  өндіріс және импорт салығына симметриялы, чғни өндіріс субсидиясы да өнім субсидиясы және өндіріске бөлінген басқа субсидилар болып 2-ге бөлінеді.Өнім субсидиясы өндірілген өнімнің көлеміне, құнына байланысты, ал басқа субсидиялар өндіріс факторларына байланысты бөлінеді. Жоғарыдағы қарастырылған топтастырулармен мен классификациялардан басқа ҰЕЖ-дегі тағы бір топтастыру болып бірліктер тобының жиынтық шоттары саналады. (6-кесте).

6-кесте

Бірліктер тобы

Шоттар

 

Тауар және қыз-мет

Өн-

діріс

Табыс-тың пайда болуы

Та-быс-ты бөлу

Та-

быс-ты

пайдалану

Капиталға байла-нысты опера-циялар

Қар-жы

«қалған әлемнің» ағымдағы опреация-лары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Ішкі экономика, барлығы

х

х

х

х

х

х

х

-

Қаржылық емес кәсіпорындар

-

х

х

х

х

х

х

-

Қаржы мекемелері

-

х

х

х

х

х

х

-

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Мемлекеттік мекемелер

-

х

х

х

х

х

х

-

Үй шаруашылығы-на қызмет көрсететін қоғамдық ұйымдар

-

х

х

х

х

х

х

-

Үй шаруашылығы

-

х

х

х

х

х

х

-

Сыртқы экономикалық байланыстар («қалған әлем»)

-

-

-

-

-

х

х

х

Салалар оның ішінде: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер

 

х

х

х

 

х

х

х

 

х

х

х

   

 

-

-

-

 

-

-

-

 

-

-

-


Ескерту: «х» - шот құрылады, «-» - шот құрылмайды.

Бұл кестеден әр шот секторлар және салалар үшін бірнеше рет құрылып, содан кейін мәліметтер жинақталып, тұтас экономиканың шоттары құрылатынын байқауға болады. «Тауар және қызмет» шоты тұтас экономика және салалар үшін құрылады, ал секторлар үшін бұл шот құрылмайды. Бұдан басқа салалар үшін өндіріс, табыстың пайда болу шоттары құрылады. Экономиканың секторлары үшін «Тауар мен қызмет» шотынан басқа шоттардың барлығы құрылады.

 

ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮЙЕСІНДЕ 

ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒАЛАР

 

ҰЕЖ-де факторлық құн, негізгі баға, өндіруші бағасы, сатып алушы бағасы сияқты 4 түрлі баға қолданылады. Бұл бағалардың арасындағы байланысты мынадай үлгімен көрсетуге болады:

1-үлгі. Нарық бағаларының мазмұны. 

Аралық 

тұтыну 

Еңбек

ақы

Жалпы пайда

Өндіріске салынған таза салық

Өнімге салынған таза салық

Сауда көлік үстеме бағасы


факторлық құн

   негізгі баға


     өндіруші бағасы


        сатып алушы бағасы


Факторлық құн (баға) аралық тұтыну, еңбекақы және жалпы пайдадан құралады.

Аралық тұтыну шығындары және еңбекақы өндіріс шығындарын құрайды.

Негізгі баға факторлық құн және өндіріске салынған таза салық арқылы анықталады.

Өндіруші бағасына сауда мен  көліктің үстеме бағасын қосқанда сатып  алушы бағасы анықталады.

Бұл бағалардың әр қайсысының жеке мағынасы бар және олар әр түрлі талдауларда  қолданылады.

Уақыт мерзіміне байланысты баға ағымдағы және салыстырмалы (тұрақты) болып 2-ге бөлінеді. Тұрақты баға жалпы ішкі өнім, күрделі қаржы, халық тұтынған материалдық игіліктер мен қызметтер, ақырғы пайдалану сияқты жиынтық  құндық көрсеткіштердің физикалық көлемдерінің динамикасын зерттеу үшін қолданылады.

Көптеген жылдар бойы отандық статистикалық практикада баға динамикасын бақылау үшін прейскуранттық баға индексі 

және орташа баға индексі

қолданылып келді. Бағаны мемлекет бақылап және реттеп отырған жағдайда прейскуранттық баға индексі негізінен  баға реформасына байланысты болған өзгерісті анықтауға негізделді. Прейскуранттық баға индексін есептегенде  бұрын шығарылмаған тауарлардың бағасының келісімді және уақытша бағаның ықпалы есепке алынбады. Прейскуранттық баға индексі тек салыстырмалы өнімнің баға өзгерісін көрсетті.

Орташа баға индексі, дәлірек айтқанда сатып алудың орташа баға индексі, тауарлар тобындағы жекеленген топтардың баға өзгерісінде, топ ішіндегі, яғни баға деңгейіне байланысты әр түрлі тауарлар үлесінің өзгерісін де көрсетті. Осыған байланысты орташа топтық баға топтағы тауарлар бағасы тұрақты болғанда да өзгеруі мүмкін. Сондықтан орташа баға индексін баға өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш деп қарауға болмайды.

Нарықтық қатынастарға көші, еркін кәсіпкерліктің көбеюі, шартты еркін бағаларды пайдалану, экономикалық процестердің нақты динамикасын  көрсету қажеттілігін, бағаны өлшеудің жаңа әдісін пайдалануды талап етеді.

Индекс-дефлятор – ағымдағы бағамен есептелген құндық көрсеткіштерді тұрақты бағамен қайта есептейтін салыстырмалы көрсеткіш. Еркін құндық көрсеткіштердің баға индексін есептеу дефляторды құрудың негізі болып саналады, сондықтан дефлятор – агрегаттық баға индексі.  Статистикада баға идексі әдісінен басқа да қайта есептеу әдістері бар. Мысалы, базалық мерзім бағасымен тура бағалау әдісі (бұл әдіс ауыл шаруашылығы өнімдері үшін қолданылады), экстраполяция әдісі (сауда өнімдері, қосымша құн салығы, акциздер). Мемлекеттікемес сектор ролінің артуына байланысты есеп беру күрт азайғандықтан бағаның өзгерісін тексеру үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады. Бақылауға алынған тауарлар экономиканың белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Мұндай тауарлар жиынтығы “Тұтыну кәрзеңкесі” сияқты, әр саланың негізгі өнімдерін қамтиды. Бірыңғай әдістемелік принциптер негізінде экономикалық өндірістік секторларда да, тұтыну секторында  бағаны тіркеу ұйымдастырылған. Тұтыну секторындағы бағаны тіркеу үшін елді мекендерде арнайы тіркеушілер торабы құрылған. Олар бақыланатын тауарлардың бағасын үнемі тіркеп отырады. Өнеркәсіп саласының 2500 түрлі тауарының, тұтыну секторында 1500 тауар мен қызметтің  бағасы тіркеледі. Экономиканың тұтыну секторы үшін бағаның 2 түрлі жалпы индексі есептелінеді.

    1. Бөлшек сауда бағасы мен тарифі индексі (бұл идекс халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызметтер үшін есептелінеді);
    2. Тұтыну бағасын<span class="dash041e_0431_044b_0

Информация о работе Өндіріс статистикасының дәріс материалдары