Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2015 в 08:23, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу мақсаты: Ағаш өңдеу мен жиhаз өнеркәсiбi ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу мiндеттерi:
1. Ғылыми тақырыпқа байланысты әдебиет көздерімен танысу.
2. Ағаш өңдеу ерекшеліктеріне зерттеу жасау.
3. Жиһаз өнеркәсібіне талдау жасау.

Содержание

Кіріспе..............................................................................................................3
1. Ағаш өңдеу саласы.....................................................................................4
1.1 Ағаш өңдеу...............................................................................................4
1.2 Ағаш өңдеу жабдықтары..........................................................................6
1.4.Ағаш өңдеу станоктары...........................................................................11
2. Ағаштан жиһаз жасау.................................................................................14
2.1 Жиһаз өндірісі...........................................................................................14
2.2 Жиһазды техникалық жоспарлау............................................................18
2.3 Қазақстандағы ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінің экономикасы.....19
2.4.Өрт сөндіргіш құралы тіреуішінің нұсқау картасы.............................23
2.5 Ағаштан өрт сөндіргіш құралы тіреуішін жасауға арналған техникалық карта................................................................................................................24
3. Қорытынды................................................................................................25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.................................................................26

Вложенные файлы: 1 файл

Тилектес Улжан.docx

— 404.03 Кб (Скачать файл)

        Өнімнің (қызметтің) сипаттамасы.  Кеңселік жиһаз  өзінде жоғары функционалдылықты, түрлендіру мүмкіндігін, тұтастықты, сәнділікті, икемділікті қамтуы тиіс. Кеңсе үстелдері. Кеңсе үстелдерін бірнеше топтар мен санаттарға бөлуге болады. Қызметкерлерге арналған үстелдерді нысаны бойынша тік кеңселік үстелдер және бұрыштық деп бөлуге болады.

 

15

           Тік кеңселік үстелдердің  құралымдары барынша қарапайым және бөлшектерінің саны барынша аз болып келеді. Бұл әдетте АЖТ-дан жасалған екі тірек, царга (тіректер арасындағы өтпе) және үстелдің беті. Сондай-ақ олар жалғаспалы суырмаларымен және оларсыз да болуы мүмкін. Екінші жағдайда  тумбасы жоқ үстелді икемді жылжымалы төрт   дөңгелекті тумбамен жинақтауға болады, бұл     тумбаны сол жаққа да, сондай-ақ оң жаққа да қоюға мүмкіндік береді.(2-сурет)


 

 

 

 

 

 


 

 

 Бұрыштық кеңселік  үстелдер. Өзінің құралымдары бойынша бұрыштық үстелдер (үстелдің төменгі бөлігі) тік үстелдерге ұқсас,  үстел бетінің нысаны мен қосымша тіректің болуымен ғана ерекшеленеді. Кеңсеге арналған бұрыштық үстелдер әдетте, жалғаспалы тумбаларсыз жасалады. Көбінесе осы үстелдерге үстелдің жалғасы сияқты болып көрінетін жалғаспалы тумбалар беріледі, тумба үшінші тірек болып табылатын үлгілер де жиі кездеседі. Бұрыштық кеңселік үстелдер өзінің пропорционалды еместігінен сол жақтық және оң жақтық деп бөлінеді. Сондықтан, тапсырыс беру кезінде  бұрыштық үстелдердің тұрпатын бірден көрсету керек. Қызметкерлерге арналған үстелдерді өздерінің дизайны бойынша тіректері және үстел беті сол АЖТ-дан жасалатын арзан үстелдерге және  металл тіректі үстелдерге бөлуге болады.(3-сурет)

 


 

 

 

 

 


 

 

Кеңселік үстелдерді мақсаты бойынша негізгі үш санатқа бөлуге болады: бұл басшыларға арналған үстелдер, қызметкерлерге арналған үстелдер және мәжіліс бөлмелерінде келіссөздерге және кеңестерге арналған үстелдер. Кеңселік шкафтар. Кеңселік шкафтар бір-бірінен әртүрлі құрылмалармен, толықтырулармен және өзінің мақсаты бойынша ерекшеленеді. Оларды мақсаты бойынша басты екі тұрпатқа бөлуге болады – бұлар қызметкерлерге арналған жұмыс шкафтары мен сәндік шкафтар және басшыларға арналған қабырғалық шкафтар.


 

 

 

 

 


 

 

Қызметкерлерге арналған шкафтардың мақсаты кеңседегі ағымдағы және жедел құжаттарды сақтау болып табылады.Кеңсе жиһаздарын әртүрлі өндірушілердің шкафтарының мөлшері мен құралымдары бір-бірінен сәл ерекшеленуі мүмкін. Мысалы, үстіңгі қақпағы фасадтың бетінде немесе фасадтың сыртында жасырылуы мүмкін.  Құжаттарға арналған шкафтар ашық та (сөрелер), сондай-ақ толық немесе белгілі бір

ұяшықтары (әдетте төменгі) жабық та болуы мүмкін. Шкафтар  немесе басшылардың кабинеттеріндегі қабырғалық шкафтардың ең бірінші кезекте сәндік бағасы бар.


 

 

 

 

 

 


 

 

 

17

2.2 Жиһазды техникалық жоспарлау.

1. Технологиялық  үдеріс

Кеңсеге арналған жиһаз жиынын жасаудың үлгі технологиясы                  1. Дайындамаларға арналған толық пішімді тақталарды пішімдеп кесу

Шпонмен қапталған немесе  шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ  табақтарын тік сызықты пішімдеп кесу.

 

Шпонмен қапталған немесе  шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ  табақтарын қисық сызықты пішімдеп кесу.

2. Дайындамалардың жиектерін қаптау. Дайындаманы механикалық жолмен беру кезінде жиектерін бір мезгілде өңдей отырып, тік сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын  салу.

Дайындаманы қолмен беру кезінде материалдарды кесе отырып, қисық сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын  салу.

 

Жиектік материалдың биіктігі және ұзындығы бойынша артығын алып тастау.


3. Дайындамаларда тесіктер  бұрғылау.  Шкантқа және шеттерінің фурнитуралары мен пластикті дайындамаларға тесіктерді көп шпиндельді бұрғылау.

4. Бұйымдарды құрастыру. Электрлендірілген аспапты қолдана отырып қолмен құрастыру [9].

 

 

18

       Ғимараттар мен құрылыстар.  Көзделіп отырған цехты алаңы 100 шаршы метрге жуық тұрғын үй емес жалға алынған үй-жайда орналастыру жоспарланып отыр. Өндірістік үдерістің ерекшелігіне байланысты үй-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған. Үй-жай 2 бөлінген кеңселік жиһаз өндіретін цехтан тұрады, оның бірінде материалдарды пішімдеп кесу, ал екіншісінде – жиһазды құрастыру жүзеге асырылады. Кеңселік жиһазды жасауға арналған өнеркәсіптік жабдықтардың бірқатар артықшылықтары болады   - олар  функционалды, сенімді және бірегей. Оларда керек емес қосымша функциялар болмайды, бұл тапсырыс беруші мәлімдеген талаптарға сәйкес жеке жасалған жабдықтардың өзіндік құнын елеулі төмендетеді. Өнеркәсіптік жабдық меншік иесіне жаңа өнімді шығаруға арналған өз қуаттарын жаңғыртуға, қайта жаңартуға және қажет болған кезде қайта бейімдеуге, жұмыс істеп тұрған технологияларды қосымша жиынтықтауға мүмкіндік береді.

Коммуникациялық инфрақұрылым.

   Жобада қажетті коммуникациялық инфрақұрылым, атап айтқанда, электр, жылу және сумен жабдықтау, сондай-ақ телефон байланысы қазірдің өзінде болатын үй-жайды жалдау көзделген. Қажет болған кезде цех жағдайында жұмыс істеуге қажетті бейімдеу жүргізілетін болады.    

                                                                                                     [10]                                 

2.3 Қазақстандағы ағаш өңдеу және жиһаз өндірісінің экономикасы.

Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы

Объективті түрде алғанда Қазақстанда ағаш өңдеу өнеркәсібі үшін шикізат базасы жоқ, дәстүрлі түрде қажетті сүректің  70%-на дейін сырттан әкелінеді. Алайда, Қазақстанның ағаш өңдеу және жиһаз кәсіпорындарында өндірістің өсуі өткізу нарықтарының кеңейтілуі есебінен, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнының азаюы жаңа технологияларды енгізу есебінен болды. 1-сурет.  ҚР-дағы жиһаз өндірісі көлемі, млн. теңге

19

 

Суреттен көрініп тұрғандай, ҚР-да 2010 жылы жиһаз өндірісінің көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 3 510 млн.теңге (немесе 19,5%-ға) ұлғайды.

2-сурет – ҚР-да өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі жиһаз саласы өнімдерінің үлесі  (2010 ж.), %

                                                                 Көзі: ҚР Статистика агенттігі

    Сонымен,  ҚР-да өнеркәсіп өнімі өндірісінің жалпы көлеміндегі жиһаз саласы өнімдерінің үлесі 2010 жылы 0,2%-ды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. 2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында  жиһаз өндіру көлемі  9 229 млн. теңгені құрады, бұл  2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда  37,1%-ды құрайды. Алдағы айға қарағанда жиһаз өндіру бойынша заттай көлем индексінің (ЗКИ)  – 81,8%-ға төмендеуі байқалады. Жиһаз нарығы құрылымында арнайы, негізінен металл қаңқалы отыруға арналған жиһаздардың үлесі бәрінен жоғары. 2011жылдың қаңтар-мамырында жиһаздың осы түрін өндіру 240 824 дананы құрады немесе бұған дейінгі жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда  5,0 есе көп. Нарықтың екінші ірі сегменті кеңселік. Ағаштан жасалған жиһаздар болып табылады. 2011 жылдың қаңтар-мамырында 158 222 дана өндірілді немесе өткен жылдың  сәйкес кезеңінен 142,4% көп. Сонымен, ҚР-ның жиһаз импорттайтын елдерінің арасында 2007 жылдан бері бірінші орында Ресей тұр. Екінші орында 2007 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде Қытай болды. 2010 жылы Қытай үшінші орынға төмендеді. Украина екінші орынға шықты. Төртінші, бесінші және алтыншы орындарды тиісінше Белоруссия, Италия және Түркия алады.

 

 

20

3-сурет – Заттай мәндегі Қостанай облысында кеңселік ағаштан жасалған жиһазды өндіру, дана

                                                        Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Суретте көрсетілгендей, кеңселік жиһаз өндіру көлемі  2006 жылдан бастап  2009 жыл кезеңінде   ұдайы ұлғаып отыр.  2010 жылы өндіріс көлемі 2 538 данаға (немесе 15,7%-ға) азайды. 

4-сурет – Республикада өндірілген жиһаздың жалпы көлеміндегі Қостанай облысының кеңсе жиһазын өндірудің үлесі (2010 жыл), %

                                                      Көзі: ҚР Статистика агенттігі

Қостанай облысының кеңселік жиһаздар өндірістерінің республикада өндірілген жиһаздардың жалпы көлеміндегі үлесі 2010 жылы 3,5%-ды құрады. Салыстыру үшін, 2009 жылы осы көрсеткіш 3,8%-ды, 2008 жылы – 2,8%-ды құрады.

       Негізгі және әлеуетті бәсекелестер. Қостанай облысында кеңселік жиһазды өндіруші компаниялар кәсіпорынның негізгі бәсекелестері болып табылады.

 

21

1-кесте - Қостанай облысының кеңсе жиһазын өндіру жөніндегі компаниялары

Компаниялардың атауы

Мекенжайы

«Кохана» ЖШС

Алтынсарин ауданы, Қызыл Кордон кенті, тел./факс: 8(71445) 39-6-44

«Поиск-11» ЖШС

Қостанай қаласы,  Уральская көшесі, 29А тел.: 8(7142) 28-00-90,

«Махаббат» жиһаз салоны

Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Ленин көшесі, 9 тел./факс: 8(71441) 3-13-67, 3-29-90

«Қазлесстрой» ЖШС

Қостанай қаласы, Узкоколейная көшесі, 9

тел./факс: 8(7142) 56-42-66, 56-60-82

«Альянс-жиһаз» ЖШС

Қостанай қаласы,Текстильщиков көшесі, 12 тел.: 8(7142) 55-08-80


 

Құрылатын кәсіпорынның негізгі артықшылықтары мыналар болып табылады:  

- уытты заттары жоқ  табиғи шикізаттарды пайдалану  есебінен шығарылатын өнімнің  сапалылығы;

- өндірістің икемділігі;

- әділетті және өзара  тиімді өткізу саясаты;

- бәсекелестік бағалар,  жеңілдіктердің пайдалы саясаты;

- кәсіпорын қызметкерлерінің  кәсіби шеберліктері;

- тұрақты дамуы.

            Нарықтың дамуының болжамды бағалауы, күтілетін өзгерістер. Қазақстанда жиһаз өнеркәсібін дамыту үшін отандық тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілетудің салалық бағдарламасын әзірлеу және инвестициялық шығындарды оңтайландыру үшін еркін индустриялық-өндірістік аймақтар, қосылған құн тізбегі бойынша белсенді кооперация  құру  қажет.Импорттық өнімнің өсе түскен бәсекелестігіне қарамастан, мемлекет қолдау көрсеткен және мамандардың барлық ұсыныстарын іске асырған кезде  Қазақстанда саланың дамуы және өндірістің өсуі нақты мүмкін.

 

 

 

22

2.4 Өрт сөндіру құралы тіреуішінің нұсқау картасы

Жұмыстың жасалу реті

Құрал-саймандар

Графикалық кескіні

1

Дайындамаларға арналған толық пішімді тақталарды пішімдеп кесу. Шпонмен қапталған немесе  шекілуге жол берілмей ламинатталған АЖТ  табақтарын тік сызықты пішімдеп кесу.

 

Сызғыш, қарындаш, машиналық арнайылан-дырылған ара

2

Дайындамалардың жиектерін қаптау. Дайында-маны механикалық жолмен беру кезінде жиектерін бір мезгілде өңдей отырып, тік сызықты жиекке жиекті қаптау материалдарын  салу.

 

үтік

 

3

 Жиектік материалдың биіктігі және ұзындығы бойынша артығын алып тастау.

 

Қайшы,         пышақ

4

Дайындамаларда тесіктер бұрғылау. Шкантқа және шеттерінің фурнитуралары мен қаңылтыр дайындама-ларға тесіктерді шпиндельді бұрғылау.

 

Сызғыш, қарындаш, электрбұрғы-лағыш

 

5

Бұйымдарды құрастыру. Электрлендірілген аспапты қолдана отырып қолмен құрастыру.

 

Балға, шеге, бұрандама, бұрағыш, электрлендіріл-

ген аспап

 


 

 

23

2.5 Ағаштан өрт сөндіру құралы тіреуішін жасауға арналған техникалық карта


  


                                                                        150 2. 
   ли                                          


                                                            3. 


100 100                 200   


1. 4.

 

Дайындама:  

1) өрт сөндіру тіреуішінің  беті

2) өрт сөндіру тіреуішінің  сүйеуіші

3) өрт сөндіру тіреуішінің  демеуіші

4) өрт сөндіру тіреуішінің  ілгіші

Материалы: ағаш, қаңылтыр, сым

 

 

 

Атауы

 

Саны

 

Өлшем, мм

 

Материал

 

1

өрт сөндіру тіреуішінің беті

 

1

550х100мм

 

ағаш

 

2

3      

 

4

өрт сөндіру тіреуішінің сүйеуіші

 

өрт сөндіру тіреуішінің демеуіші

 

өрт сөндіру тіреуішінің ілгіші

 

1

 

1

 

 

1

150х100мм 

 

 

130х100мм 

 

 

200х20 мм

 

ағаш

 

     ағаш

 

қаңылтыр,      сым





 Материалдың шығымы                                                                      2-кесте

 Материалдың шығымы                                                                      2-кесте

 

24

Қорытынды

        Қазақстанда  ағаш өнеркәсібі кешенінің жобаларын  іске асыру. Ағаш бұйымдарының  бағасына лайықты, сапасы жоғары  жиһаздарын шығару. Қазақстан  үш өңірлерінде: солтүстік, батыс, оңтүстікте плантациялық өсіру үшін тиімді, кең аумағының болуымен ерекшеленеді. Ағашты өсіру тек қана экологиялық пайдалы іс немесе ағаш өнеркәсібі кешені компаниясына шикізат базасы туралы  қамқорлық қана емес, сонымен қатар тартымды инвестиция болуы мүмкін. Дүние жүзілік  тәжірибесін пайдалануға  және ағашты секьюритизациялау немесе Қазақстанда   орманды өсіруді қаржыландырудың көзі болып табылатын,  зейнетақы қорларының  қаржы қоржыны компонентінің  бірі - орманды қаржы құралына айналдыруға жағдай туады. Дүниежүзілік тәжірибе орманды активтерге жұмсалым табысты инвестициялау болып табылатынын қуаттайды.

Информация о работе Ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсібі