Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 16:01, курсовая работа
Бұл жұмыста Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге ұмтылыс жасалады.
Қазақстандағы қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттырудың көкейкесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілді.
КІРІСПЕ
I. ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
1.2. Қылмыстың құрамы мен элементтері
II. АБАЙСЫЗДА КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Абайсызда кісі өлтіру қылмысының түсінігі мен белгілері
2.2. Абайсызда кісі өлтірудің құрамы
2.2.1. Абайсызда кісі өлтірудің обьектісі және обьективтік жағы
2.2.2. Абайсызда кісі өлтірудің субьектісі және субьективтік жағы
2.3. Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I. ҚЫЛМЫСТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ҚҰРАМЫ
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
1.2. Қылмыстың құрамы мен элементтері
II. АБАЙСЫЗДА КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1. Абайсызда кісі өлтіру қылмысының түсінігі мен белгілері
2.2. Абайсызда кісі өлтірудің құрамы
2.2.1. Абайсызда кісі өлтірудің обьектісі және обьективтік жағы
2.2.2. Абайсызда кісі өлтірудің субьектісі және субьективтік жағы
2.3. Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кіріспе
Бұл жұмыста Қазақстандағы абайсызда жасалған қылмыс үшін жазаның тиімділігін арттыру мәселесін толық анықтауға және зерттеуге ұмтылыс жасалады.
Қазақстандағы қылмыстылықпен күрес тиімділігін арттырудың көкейкесті мәселелерін, қылмысты абайсыздыққа әсер ету шараларының тиімділігін, абайсызда жасалатын қылмыстар үшін қолданылатын қылмыстық жазаның тиімділігінің теориялық аспектілерін ұғыну, анықтау және зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы абайсызда жасалатын қылмыспен күрес тиімділігінің теориялық негіздерін жетілдіру мәселелері келтірілді.
Соңғы жылдары елімізде қылмыстылықтың, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстардың өсуі байқалады. Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыс түрлері орын алуда. Қылмыс жасаушылардың әрекеттері, әсіресе меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Елімізде жүргізіліп жатқан реформаны іске және барлық заңдық мүдделерді қорғау үшін қылмыстылықпен, оның ішінде абайсыздықпен жасалатын қылмыстармен күрес шараларын күшейтуді қажет етеді.1995 жылы 30 тамыз бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» дей отырып, қоғамға, азаматқа қарсы іс-әрекеттерді жасауға тыйым салады[1,3б]. Қолданылып жатқан, құқықтық және ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр және техниканың дамуы мен көбеюіне, өндірістік қызметтердің қарқынды жүргізілуіне байланысты заңмен қорғалатын құндылықтарға абайсызда зардаптар келуінің мүмкіндігі де артуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қылмыстылыққа қарсы күрес және құқық тәртібін нығайту мәселесі жөніндегі мәжілісте қылмыстылықпен күресудің және құқық тәртібін нығайтудың ауқымды әрі тиімді бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар президент өзінің мазмұнды баяндамасында «еліміз әлеуметтік қайта құру және демократиялық мемлекетті құру жолында ең күрделі түрде қарқынды дамыған қылмыстылықпен қақтығысудың шегіне жетті. Бұл шын мәнінде реформа саясатына, қоғамның тұрақтығына, азаматтардың өмірі мен игіліктеріне қауіп тудырады»,-деді [2,3б].
Қылмысты абайсыздық немесе салғырттықпен жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекеттерге әлеуметтік-құқықтық баға беру адамдардың қоғамдық өмірде ғана күрделі мәселе болып саналмай, сонымен бірге бұл мәселе теория жүзіндеде күрделі, толық шешілмеген мәселе ретінде қылмыстық құқық ғылымының пайда болу уақытынан бері даулы болып келе жатыр.
Қылмысты абайсыздық үшін қолданылатын жазаның тиімділігін арттырудың теориялық мәселелерін толық, жеткілікті зерттеу жалпы абайсызда жасалатын қылмысқа бағытталған күрестің тиімділігін, сондай-ақ біздің республикамызда абайсыздықтағы әрекеттер үшін қолданылатын жазалар жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталғаны ғылыми ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстарды концептуалды түсіндіруде, және дұрыс жолдарын табу үшін мүмкіндік береді.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына жиырма екі болды. Осы жылдар ішінде көптеген іс тындырылғаны белгілі. 1997 жылы шілденің 16-сында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Жеке адамға қарсы қылмыстар қылмыстық құқық пәнінің ерекше бөліміндегі қарастырылған қылмыстардың ең ауыр түрі болып саналады. Адамның өмірі, жеке басының бостандығы, қадір-қасиеттері ешкімнің қол сұғуға болмайтын құқығы. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Конституциясы, басқа да заңдар азаматтардың жеке басының бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі [1,15-б]. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында 1948 жылы қабылданған Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясында адамдардың табиғи және ажырамас құқықтары мен бостандықтары көрсетілген. Олар өмір сүру құқығы, бас бостандығы, құлшылықтан бостандық алу, азаптайтын, қадір-қасиетін қорлайтын немесе қатал іс- әрекеттер мен жаза қолдануға тыйым салу, заң алдында теңдік, адамның жеке басының өміріне араласуға, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғуға тыйым салу. Өміріне, денсаулығына, адамгершілік қасиетіне қауіп төнген жағдайда әр азамат мемлекет органынан қорғаныш іздеуге, заңның көмегіне сүйенуге құқылы. Ал, өз кезегінде, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің міндеті азаматтардың жеке басының бостандығын, ар-намысын қадірлеу, құқықтарын қорғау. Қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін, меншікті ұйымдастырудың құқықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау қылмыстық заңның ең басты міндеттері болып табылады [1,15-б].
I. Қылмыстың түсінігі мен құрамы
1.1. Қылмыстың ұғымы мен белгілері
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі – қылмыстың ұғымын анықтау болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстарының қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу – қылмыстық заңның негізгі міндеттері болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйде немесе әрекет күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның қылмыстық заңда көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз адамның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып саналмайды [3,56б].
1924 жылы КСРО және одақтас
республикалардың қылмыстық
Қылмыстық құқыққа қайшылықтың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады.
Қылмыстық негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатынын түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланыста болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады (ҚК-288бап, 1-бөлігі). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып табылады.
Қылмыстың тағы бір белгісі кінә болып табылады. Яғни, бұл жерде заң қорғайтын обьектілерге әрекет немесе әрекетсіздік арқылы кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен қол сұғушылық туралы әңгіме болып тұр.
Қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегені үшін, яғни қылмыстық заңда көрсетілген, қоғамға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен жасаған адам ғана тартылады. Кінәсіз адамның қылмыстық жауаптылықта болуы мүмкін емес. Кінәнің нысандары қылмыстық заңда қасақаналық (тікелей немесе жанама), абайсыздық (менмендік немесе немқұрайлық) болып түрлерге бөлінеді. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не бұған немқұрайлы қараса, жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын біле тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Қылмыстық зардаптың қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны істеген адамның іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол жауапқа да, жазаға да тартылмайды [3, 71-72б].
Қылмыстың құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың субьективтік және обьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз.
Қылмыстық заңда қылмыстық жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстың құрамы деп – қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың обьективтік және субьективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субьективтік және обьективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыстың құрамы да белгілі бір элементтен тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс элементтері деп, қылмыс құрамы жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай 4 түрлі элементтер жатады: обьект, обьективтік жағы, субьект, субьективтік жағы[3, 81б]. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қаупі (187-бап) белгілері болып біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекетті қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайда жасалса ол үшін 14-ке толған адам жауапқа тартылады. Осы көрсетілген төрт белгінің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы жоқ деп есептелінеді.
Біздің құқықтық мемлекетімізде бірде-бір адам, егер оның іс-әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болса, қылмыстық жауапқа тартылуға немесе жазалануға тиісті емес. Өйткені жаңа Қылмыстық кодекстің негізгі талабы қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, қылмыстық заңда көрсетілген, қоғымға қауіпті іс-әрекетті қасақана немесе абайсыздықпен істеген кінәлі адамды ғана тарту болып табылады [3, 83-85б].
II. Абайсызда кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2.1. Абайсызда кісі
өлтіру қылмысының түсінігі
Абайсызда жасалатын қылмысқа қарсы кұрестің теориялық аспектілерін жетілдіру шаралары қылмыспен күрес тиімділігі теориясына қатысты концептуалды жағдайлар мен ілімдерге негізделуі тиіс. Өйткені, абайсызда жасалатын қылмыс елімізде тіркелген басқа да қылмыстармен күрес тиімділігін зерттеген уақытта оның жалпы қылмыс түрлерінде орын алатын ерекшеліктерін ескеру керек. Осы ерекшеліктерін ескере отырып абайсызда жасалатын қылмыстың әлеуметтік қауіптілігі мен зардаптарын жеке зерттеуге, оған қарсы күрес жолдарын жоспарлауға кең мүмкіндік беріп, тиімді әсер береді [4, 159-160б].
Ғылым мен техниканың қарқынды дамыған заманында ғалыпдарды абайсызда жасалатын қылмыстардың зардаптары ғана емес, сондай-ақ оның құрылымы мен даму үрдісі алаңдатуда. Сонымен қатар абайсызда жасалатын қылмыстар қасақана жасалатын қылмыстармен, атап-айтқанда: миллиондаған теңгеге зиян келтірген мемлекеттік немесе қоғамдық мүлікті қорғау мәселесіне немқұрайлы қарау, сондай-ақ қылмыстық салақтықпен тығыз байланысты. Сондықтан осы қылмыстардың көкейкестілігі, әлеуметтік қауіптілігі мен әлеуметтік зардаптарын зерттеген уақытта, бірінші кезекте міндетті түрде, осы абайсызда жасалатын қылмыстармен күрестің тиімділігін ескерген дұрыс [5,393б].
Абайсызда жасалатын қылмыстармен күрестің тиімділігін арттыру мен оған әсер ететін бағыттарды анықтау мақсатында ғылымның жетістіктерін де пайдаланған жөн. Бұл жөнінде В.С. Зеленицкий «Қылмыспен күрестің жалпы мәселелері де өзінің сапалық және сандық жағынан жеке бір мәнді айқындылыққа ие болса да, қылмыспен күрестің жалпы теориясында жеке дара зерттелуі қажет. Аты аталған жалпы мәселелерді зерттеу өзінің жеке бірлігінде жаңа ғылыми бағытты құрайды» деп жазды.
Абайсызда жасалатын қылмыстарды , олардың орын алатын салаларына байланысты төрт топқа бөліп қарастыруға болады. Олар:
Информация о работе Абайсызда кісі өлтірудің қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы