Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат

Краткое описание

Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

1351_________.docx

— 155.79 Кб (Скачать файл)

Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль деп аталады) мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрықтар осындай талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан кейін бекітіледі.

Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атына айтылған сын-ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштыларменқарым-қатынас жасауға тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемділігін көрсетпейді, ол ұжымңың басшысы емес, соның бір мүшесі ретінде әрекет етеді.

Мұндай басшы жақсы ұйымдастырушы,ұсақ-түйекті елемейді, басты назарын түйінді міндеттерді шешуге щоғырладырады.Өзінің қарамағындағыларды туындаған мәселелерді дербес шешуге баулиды, олардың пікірімен санасады. Кейбір міндеттерді дербес шешеді. Шаруашылық қызметіндегі жауапкершіліктерді қарамағындағыларға сеніп тапсырады.

        Қарамағындағыларға  нақты міндет те,нұсқаулар береді. Тиісті жерінде мадақтай да, жазалай  да біледі. Жұмыс тәсілін әділ  бағалайды. Өзіне-өзі қатал,жұмысты  құлшына істейді,құрмет пен қошеметті  күтпейді. Мұндай жағдай ұжымда  белсенділік, творчествалық ахаул, ауыз біршілік туғызады.

        Әрине,өмірде  аталған стильдердің арасында  айқын шекара жоқ.Барлығыда өте  күрделі. Басшы үнемі адамдар  арасында болады,ал олар оның  жұмыс стилі мен тәсілін мақтап, кейде кінәлап отыруы мүмкін.

        Біз  басшылардың 3 түрлі стильдеріне  сипаттама бердік,бірақ практикада 

мұнымен шектелмейді.Туа біткен кемістік қашан да болсын байқалады.Дұрыс

бағытты,ойластырған мінез-құлықты таңдау,жұмыс бабындағы,нақты әңгімедегі жағдайда тез шешім қабылдап,лезде жауап қайтару әркімнің қолынан келе бермейді.Басқаша айтқанда,мұның өзі әр адамның шама-шарқына,білім дәрежесіне байланысты қасиет.

 

 

 

 

 

2.ӨНДІРІС  ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ

2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару  мәселелері

Ұлттық экономиканың дамуына шешуші ықпал ететін маңызды сала ауыр өнеркәсіп екені белгілі. Оның өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардан құралатынын ескерсек, Қазақстанда ең алдымен мұнай, газ өндіретін құрылымдарды атауға болады. Елімізде ауыр өнеркәсіптің дамуына жер асты байлықтары кең мүмкіндік береді. Биыл ел Тәуелсіздігіне жиырма жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында ауыр индустрия саласы айтарлықтай жетістікке жетті. Жүзеге асырыла бастаған 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы келешек бағытымызды айқындайтын басты экономикалық құжат.

Геологиялық барлау саласында инвестиция мен инновацияның қайнар көзі ретінде жұмыс істеп келе жатқан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-қа қарасты Инженерлік орталықты айтуға негіз бар. Орталық өндірістік активтер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бүгінде ерекше бағдарламаларды басшылыққа алған.

Қазіргі кезде «Инженерлік орталық» ұжымы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-қа қарасты кен орындарын игеру тиімділігін арттыратын өндірістік міндеттердің сапалы шешімін табу мақсатында ғылыми-зерттеу, талдау және тәжірибе жүзінде тексеру жұмыстарын жүргізуде. Филиал бірнеше бағытта жұмыс істейді. Мәселен, кен орындарының геологиялық және гидродинамикалық үлгілерін түзіп, тиянақтайды. Ұңғыларды геофизикалық-гидродинамикалық тұрғыдан зерттеудің ауқымын белгілеп, сапасын бақылайды. Кен орындарын әзірлеу жайына талдау жасап, олардың қорын есепке алады. Бұған қоса, жер қабаттарының өнімділік қарымын арттырып, мұнай шығару қарқынын еселеу жөніндегі геологиялық-техникалық шаралар мен жаңа технологияларды енгізуге қатысты ұсынбалар беріледі. Сондай-ақ, инженерлік орталық қызметкерлері геологиялық-кәсіпшілік және геофизикалық ақпараттарды жинап, аумақтық деректер банкінің бірегей жүйесіне реттеп енгізумен, оларды ұдайы толықтырып отырумен айналысады. Ұңғыларды салу және күрделі жөндеу сапасына жедел геологиялық-технологиялық бақылау (супервайзерлік) жасап, қызметкерлердің қажетті санын негізді түрде анықтап, жұмыс өнімділігін арттыру үшін еңбек жағдайының ғылыми сараланған нормативтерін әзірлейді.

«Инженерлік орталық» филиалы өндірістік бөлімдерінің қатысуымен «Ембімұнайгаз» ӨФ-на қарасты Забурын, Досмұхамбетов, Кенбай, Ботақан мен Уаз кеніштерінің, «Қазгермұнай» БК» ЖШС-ге қарасты Ақшабұлақ пен Нұралы кеніштерінің геологиялық-гидродинамикалық үлгілемелері жасалып, тиісті кәсіпшілік шаралар есебінен жалпы жұмыстың тиімділігін арттыратын арнаулы ұсыныстар түзілді. Осындағы үлгілік үдерістердің өзі «Шлюмберже» компаниясының заманауи «Petrel» және «Eclipse» бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, 2010 жылы «Инженерлік орталық» филиалының жобасымен Өзен және Қарамандыбас кеніштерінде 3 бағалау ұңғымасы бұрғыланып, кен үлгілері зерттелді. Соның нәтижесінде жер қабаттарының геологиялық-геофизикалық сипаттары туралы ақпараттар қоры толықтырылып, олар кен орындарын игеру барысында кәдеге жаратылды. «Ембімұнайгаз» ӨФ-ке қарасты кеніштерді де зерттеп, геологиялық-геофизикалық жай-күйіне орай жаңа технологияларды енгізу жұмыстары қолға алынды. Мәселен, Крылов атындағы Мұнай ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, юралық дәуірі көлбеулеріне дүркін-дүркін су айдап, Шығыс Молдабек кенішіндегі М1 және М2 нысандарының жер қабатынан мұнай шығару қарқынын арттырудың әралуан тәсілдерін қолдану мүмкіндігін қарастыруда.

Филиал қызметінің инновациялық бағыттарының бірі – аумақтық-бөліністік деректер банкінің жобасын қолдап, тиянақтап отыру. Ол, негізінен, геологиялық-геофизикалық ақпараттардың бірегей өрісін қалыптастырып, оларды ұзақ мерзімге, ұқыпты сақтауды, жинақталған деректерді уақтылы беру арқылы шешімдер қабылдау барысын шапшаңдатуды, сол арқылы кен орындарын басқару ісін оңтайландыруды мақсат етеді.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың құрамынан бұрғылау компанияларының активтері шығарып тасталуына байланысты мердігер ұйымдардың жұмысына акционерлік қоғам тарапынан геологиялық-технологиялық бақылау орнату қажеттігі пісіп-жетілді. Сол себеппен филиал ұңғы құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарын көз жазбай қадағалауға көшті. Соның арқасында жаңа ұңғылар құрылысының мерзімі қысқарып, оларды бекіту сапасы жақсарды, ұңғыларды бұрғылау мен күрделі жөндеудің сапасы жақсарды. Енді бұрғылау станоктары мен арнаулы техниканы жаңарту көзделіп отыр. Кенішті бұрғылау мен игеру барысында «Smith bit», «Hughes Christensen» компанияларының жонышты және алмасты қайласы (PDC), «Baker Hughes», «БурИНТЕХ» компанияларының ұңғып қазу қозғалтқыштары пайдаланылуда. Әсіресе, бұрғылау ерітінділері саласына полимерлі заттарды қолдану, тампонажды материалдарға әр алуан қоспаларды үстеу арқылы заманауи технологиялар өндіріске кеңінен енгізіле бастады.

«Инженерлік орталық» филиалы өз жұмысын жан-жақты жетілдіре отырып, акционерлік қоғамның стратегиялық мақсаттарына сай даму жолын көздейді. Бұл компанияның сатып алған жаңа активтеріне байыпты бақылау орнатып, орнықты басқару талабынан туындап отыр. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-тың барлық кеніштерінде геологиялық-гидродинамикалық үлгілер жасап, толық көлемде пайдалануға біртіндеп көшу арқылы жүзеге аспақ. Іргелі ғылыми-зерттеу ұйымдарымен, озық технологияларды иеленуші компаниялармен байланысты өрістете отырып, өз кадрларын оқытып, даярлау, акционерлік қоғамның ғылыми-талдамалық базасын нығайту ісі жалғаса береді. Алдағы уақытта өндіріс қаупі мен дүдәмалдығын азайту мақсатында кен орындарының жағдайын лабораториялық зерттеу ауқымын кеңейту, іздеу және барлау геологиясының, мұнай өндіру техникасы мен технологиясы, мұнай тасымалдау, экологиялық қауіпсіздік мәселелерін қамтитын бағыттарды дамыту жоспарланып отыр.

2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен  түрлері.

Туынды мұнай. Өздері алғаш қалыптасқан түпнегіз ұжыныстар құрамынан өзге өңірлерге жылыстауы нәтижесінде жаңадан аяқталған мұнай атауы.

Парафинсіз мұнай. Құрамындағы парафин мөлшері 1 %-дан аспайтын мұнай.

Молкүкіртті мұнай. Құрамындағы күкірт мөлшері 2 %-дан кем емес мұнай.

"Жеңіл мұнай". Химиялық сипатына (негізінен метанды көмірсутектерді кіріктіруі) және фракциялық құрамына (бензиннің үлес салмағының мол болуы) орай тығыздығының біршама төмен болуымен ерекшеленетін мұнай.

Азпарафинді мұнай. Құрамындағы парафин мөлшері 1-2 %-дан аспайтын мұнай.

Азкүкіртті мұнай. Құрамындағы күкірт мөлшері 0,5 %-дан аспайтын мұнай.

Азшайырлы мұнай. Құрамындағы шайыр мөлшері 8 %-дан азырақ болып келетін мұнай.

"Өлі" мұнай. Құрамына еріген газдарды ісіріктірмейтін, арынды жерасты сулары әсерінен аулақ орналасқан жинауыш қойнауқат бойына жинақталған мұнай массалары; жер бетіне өте жақын деңгейлерде ұшырасуы ықтимал.

Газбен қаныққан мұнай. Қойнауқаттағы бастапқы қойнауқаттық қысымы мұнайдың газбен қанығу қысымына тең, немесе одан артығырақ болып келетін мұнай.

Газбен толық қанықпаған мұнай. Қойнауқаттауқаттағы өзіңдік қысымы мұнайдың газбен қанығу қысымынан артығырақ жағдайда болатын мұнай.

Ньютондық емес мұнай. Ньютонның бағдарлы үйкеліс заңына бағынбайтын, яғни құрамындағы шайырлардың, шайыртастақтардың, парафиннің жоғары мөлшерлерін кіріктіруіне, сол сияқты жинауыштық қабілетінің төмен болуына және таужыныстар саздылығының жоғары болуына байланысты қойнауқаттық жағдайда қүрылымдық-механикалық қасиеттерді йемденген мұнай.

Ньютондық мұнай. Ньютонның бағдарлы үйкеліс заңына бағынышты мұнай.

Қалдық мұнай. Мұнайлы қойнауқаттан бүкіл мүмкін болған әдістер көмегімен мұнай қорын өндіріп алғаннан кейін де сол қойнауқат көлемінде қалып қоятын мұнай массасы.

Парафинді мұнай. Құрамында парафиннің азды-көпті мөлшерлері бар мұнай.

Алғашқы мұнай. Термин екі мағынада қолданылып жүр.

Өзінің алғаш жаралған түзілімдерінде сақгалған мұнай атауы. Бұл түсінігінде термин "туынды мұнай " терминіне, яғни өзінің алғаш жаралу ортасынан өзге өңірлерге ағып келген мұнай деген түсінікке қарама-қарсы мағынада қолданылады.

Мұнай қалыптасуының кейбір жорамалдарына сәйкес, құрамы жағынан бірегей, ешбір өзгеріске үшырамаған, нақгылы факторлар әсерінен бүкіл табиғи мұнай фазаларына бастау болатын мұнай атауы.

Қойнауқаттық мұнай. Қойнауқаттық қысым мен қойнау қаттық температура көрсеткшггеріне байланысты бірфазалы сұйық күйіңде, немесе сұйық және газ фазаларына жіктелген күйде жер қойнауларында орын тепкен көмірсутектер. Құрамындағы еріген газ мөлшері біршама мол болған жағдайда қойнауқаттық мұнайдың қасиеттері - тұтқырлығы, тығыздығы, әр түрлі деңгейлер шекарасыңдағы беткейлік тартылыс куаты, т.с.с. - күрт өзгеретін болады. Қойнауқаттық мұнайдың қасиеттері оларды игеру барысындағы қойнауқаттыққысым мөлшерінің азаюы салдарынан да өзгереді. Сондықган да мұнайды тиімді игеру жүйелерін жобалау барысында қойнауқаттық мұнайдан алынған сынамаларды алдын-ала жете зерттеу шаралары іске асырылады.

Күкіртті мұнай. Күкірттің азын-аулақ (кейде 2 %-ға дейін) мөлшерлерін кіріктіретін мұнай.

Молшайырлы мұнай. Құрамындағы шайыр мөлшері 28 %-дан кем болмайтын мұнай.

Синтетикалық мұнай. Табиғи таушайырларды, жанғыш тақтатастарды және көмірлерді химиялық тұрғыдан қайтадан өңдеу нәтижесінде алынатын сұйық көмірсутектер.

Шайырлы мұнай. Құрамындағы иіайыр мөлшері 8 %-дан 28 %-ға дейін өзгеретін мұнай.

Тұрақтанған мұнай. Құрамындағы С4-ке дейінгі жеңіл көмірсутектер аласталған мұнай.

"ауыр мұнай". Құрамындағы шайыртасты-шайырлы заттардың мол болуы, көмірсутектер құрылысында циклдік құрылымдардың басым болуы және тез қайнайтын фракциялар мөлшерінің аз болуы салдарынан тығыздығы біршама жоғары мөлшерлермен (0,9 г/см3-ден астам) сипатталатын мұнай.

2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.

              Өзен  кен  орны  Маңғыстау  түбегінің  геологиялық  әдебиеттерде  Оңтүстік  Маңғыстау  ойысы  деп  аталатын  оңтүстік  шөл  дала  бөлігінде  орналасқан.

              Әкімшілік  жағынан  кен  орны  территориясы  Маңғыстау  облысы  құрамына  кіреді.  Ең  жақын  елді  мекен  Жаңаөзен  қаласы,  ол  кен  орнынан  оңтүстікке  қарай  8 – 15 км – де  орналасқан.  Батысында  80 км – Жетібай  қаласы,  ал  150 км – Ақтау  қаласы.

              Орографиялық  жағынан  Оңтүстік  Маңғыстау  ауданы  теңіз  жаққа,  оңтүстік-батысқа  қарай  сәл  көлбеуленген,  төмпешікті  үстірт  түрінде,  оның  абсолютті  белгілері  солтүстігінде  +260 м  және  оңтүстігінде  +24 м.  Ауданның  орталық  және  оңтүстік  бөлігінде  үлкен  ойпаттар  бар,олардың  ішіндегі  ең  ірісі  минималды  абсолюттік  белгісі – 132м "Қарагие"  ойпаты.

              Аудан  рельефі  өте  күрделі  құрылысымен  сипатталады.  Орталық  бөлігін  Өзен  және  Түнқарақшы  ойпаттарының  ортасында  жатқан  үстірт  алады.  Үстірттің  абсолюттік  белгілері  солтүстігінде  +260 м  және  оңтүстігінде  +200 м.  Батысы  мен  солтүстік-батысында  кен  орнының  аумағы  шегінде  үстірт  Өзен  ойпаты  жағынан  қарай  кемерлер  түрінде  күрт  үзіледі.

              Өзен  ойпаты  500км²  ауданды  алады.  Ойпаттың  түбі  жыралармен  кескіленген.  Минималды  абсолюттік  белгісі  +31 м.

              Қарастырылып  отырған  аудан  топырағы  мен  өсімдіктерінің  сипатына  қарай  шөлді  аймаққа  жатады.  Ауданның  шөл  далалары  негізінен  су  көзі  жетіспеушілігінен  және  өсімдік  жабынының  маусымдылығынан  пайдаланылмайды.   Аудан  климаты  күрт  континенталды,  шөлейтті,  тәуліктік  температураның  күрт  өзгеретіндігімен,  ыстық,  құрғақ  жазымен  және  салыстырмалы  суық  қысымен  сипатталады.  Жазда  максималды  температура +45 ºС,  минималды  температура  қыста  -30 ºС.

              Ауданда  күшті  желдер  соғады.  Қыста  қар  аз.  Атмосфералық  жауын-шашын  сирек  және  негізінен  көктем-күз  мезгіліне  келеді.

              Атмосфералық  жауын- шашынның  орташа  жылдық  мөлшері  100 мм  шамасында,  және  қардан  жаңбыр  көп  жауады.

Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері