Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2015 в 16:59, реферат
Қазіргі заманғы дүниежүзілік экономикада мұнай мен газдың алатын орны ерекше. Қазақстанның мұнайгаз кешені сыртқы жєне ішкі инвестицияның басым бөлігін қамтитын, елдің өнеркєсіп өндірісінің негізгі ядросы болып табылады. Мемлекетіміздің ұзақ мерзімдік «Қазақстан-2030» даму стратегиясында энергетикалық ресурстарға үлкен көңіл бөлінуде. Оның ішінде энергетикалық ресурстарды халықаралық рынокқа экспорттау мақсатындағы мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу жүйесін дамыту болып табылады. Бұл өз кезегінде ел экономикасының қаржылық дамуы мен сенімді экспортпен қамтамасыз ететіні анық.
КІРІСПЕ
1 БАСТАПҚЫ ДЕРЕКТЕР
1.1 Басшылық және анықтамалық мәлімет
2.ӨНДІРІС ЖАҒДАЙЫН САРАПТАУ
2.1 Қазіргі таңдағы мұнай шығару мәселелері
2.2 Мұнай, мұнайдың сипаттамалары мен түрлері.
2.3 Мұнай кен орнының сипаттамасы.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
2.5 «ӨзенМұнайГаз» өндірістік филиалы
3 МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ ШАРАЛАРЫН ЖАСАУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
3.1.1 Тасымалдау
3.2 Тік болатты резервуарларға қойылатын талаптар
3.2.1 Резервуарларды дайындау үшін қолданылатын материалдар
3.2.2 Резервуарлардың жабдықтары
3.3 Коррозия, болдырмау әдістері
3.4 Пластикалық труба (Новизна)
4 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ
4.1 Біріккен менеджмент жүйесі
5 БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН СЕРТИФИКАТТАУ
6 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1 Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері
6.2 Өлшеу құралдарының жағдайын талдау
6.3 Өлшеу құралдарын сынау
6.4 Өлшеу құралдарын жөндеуді және түгендеуді ұйымдастыру
6.5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру
6.6 Метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу
7 МҰНАЙ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ СЫНАУ
8 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІК ЭКОЛОГИЯ
8.1 Еңбек қорғау
8.2 Өндірістік экология
9 ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жаңаөзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.
Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады. Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.
Кен орнында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан ары Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнай ілеспе газы және табиғи газ Қазақ газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының пластмасса зауытына, маңғыстау энерго комбинатына (МАЭК) тасымалданады.
2.4 «Өзен» мұнай кен орынның қыскаша даму тарихы.
Өзенмұнайгаз– мұнай және газ өндіруші кәсіпорын. 1961 ж. ашылған «Өзен» кенішінің негізінде 1965 жылдан «Өзенмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасы ретінде жұмыс істей бастады. 1966 ж. 10 шілдесінде «Өзен» кен орнынан алғашқы миллион тонна мұнай өндірілсе, 1980 ж. 150 млн. т мұнай өндірілді. 1994 ж. қазан айынан осы атпен өндірістік бірлестікке айналды. 1996 жылғы сәуірден ААҚ болып қайта құрылды, 24 өндірістік бөлімшені қамтиды. Акцияларының 90%-ы «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясына, 10%-ы еңбек ұжымына тиесілі. Қазір «Өзен» ААҚ-ның балансында 11 кеніш бар, өндіріп алынатын мұнай қоры 204 млн. т, конденсат қоры 1,5 млн. т және газ қоры 22 млрд. м3. Қоры жағынан олардың ең ірілері – «Өзен» және «Қарамандыбас» кеніштері. Пайдаланудағы мұнай ұңғымасы – 3583, газ ұңғымасы – 82 (2001). Кәсіпорын құрамында газ өңдейтін зауыт жұмыс істейді. Өндірілген мұнай ТМД елдеріне және шетелдерге шығарылады. 1997 жылдың 31 шілдесінен стратегиялық инвесторды таңдау жөніндегі халықаралық тендерді Қытай ұлттық мұнай корпорациясы жеңіп алды. 2004 ж. «Филиалды заңды тұлғаға тіркеу» қаулысына сәйкес «Қазмұнайгаз» біріккен өндірістік АҚ-нда, «Өзен» өндірістік филиалы пайда болды. «Өзен» бірлестігінің бас директоры болып Ж.Жанғазиев тағайындалды.
2.5
«ӨзенМұнайГаз» өндірістік
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ-ның даму
2004 жылы Өзен мұнай
кенорны өзінің 40 жылдығын атап
өтті. 1964 жылы Маңғыстау түбегінің
оңтүстік-шығысында Өзен
«ӨзенМұнайГаз» ӨФ – дамып келе жатқан болашағы мол кәсіпорын. Оның негізгі байлығы – адамдар.
2004 жылы 12 шілде де республикадағы
үлкен кенорындарының бірі - Өзенде
300 млн.т мұнай өндірілді. Бұл оқиға
– қазақстандық мұнайшылардың
бірнеше ұрпағының еңбегінің
жемісі және «ҚазМұнайГаз» «БӨ»
«ҚазМұнайГаз» - Қазақстандағы мемлекет меншігіне кіретін жалғыз мұнай компаниясы. Біздің әр бір қадамымыз, әр бір жеңісіміз экономикалық саясат саласындағы, нарықтық өзгерістің жылжуындағы және еліміздегі қолайлы инвестициялық климаттың жасалуындағы Қазақстан беделінің нығайюы екендігін жете түсінеміз.
Өзен және Жетібай кенорындарының игерілуі Жаңаөзен және Ақтау қалалары, Жетібай, Құрық, Шетпе, Бейнеу,Маңғыстау және тағы басқа кенттердің салынуына және дамуына тікелей әсер етті. Мақат – Маңғыстау - Өзен теміржол желісінің іске қосылуына байланысты шқл далада жаңа темір жол станциялары пайда болды...
Техника және технологиялар. Өндірістің қай саласы болмасын, оның техниканың саңғы жетістіктерімен жабдықталуы еңбек өнімділігін арттырудың ең басты жолы болып есептеледі. Сол себепті, соңғы жылдары «ӨзенМұнайГаз» ӨФ өзінің техникалық қорын жаңарту үшін қомақты қаржы жұмсады.
Мұнай мен газ өндіруді, дайындауды және тасымалдауды оңайлату мақсатында химия жетістіктерін қолдану үшін арнайы басқарма құрылды. Бұл басқарма тұз, парафин қалдықтарына және бактерияларға қарсы қолданатын ингибиторлардың жаңа түрлерін өндіріске енгізумен және олардың тиімділігін арттырумен айналысады.
Қазіргі уақытта кәсіпшіліктегі технологиялық жаңалықтардың бірі – бұл мұнайды судан алғаш тазарту қондырғылары (МСАТҚ) болып отыр.
Бұл қондырғыларда мұнай дайындау технологиясы мен техникасының соңғы жетістіктері қолданылады, соның нәтижесінде қыс айларында мұнай дайындау бұрынғыдай қиындықтарға душар етпейтін болды.
Жерге төгілген мұнай мен технологиялық тоғандардағы ескі мұнай қалдықтарын тазалайтын 8 қондырғы іске қосылып, бірнеше ескі тоғандар мұнай қалдықтарынан тазартылды және төгілген мұнайды топырақтан тазарту нәтижесінде кәсіпшілікте экологиялық жағдайдың біршама жақсаруына қол жеткізілді.
3
МҰНАЙ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
3.1 Мұнай өндіру процесі.
Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнауқатқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді),мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат, полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т.б.), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физикалықпараметрлерін сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті жерастылықжарылыстарды үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар
Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады.
Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық пен шығыстарды қысқартудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол жеткізілетін болады.
Мұнай өндірудің артуы
ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда). Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.
1990-шы жылдардың бас
кезі мен ортасындағы
Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.
Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға, ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер және өрт стансалары бар.
Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды. Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға, сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар, барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар, факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Атырау МӨЗ
Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің айбынды тарихымен, дәстүрлерімен және еңбектегі жетістіктерімен мұнай айдау саласындағы алғашқы қазақстандық кәсіпорны болып табылады.
Зауыттың құрылысы 1943 жылы соғыс уақытының ауыр жағдайларында басталып, 1945 жылдың қыркүйек айында ол пайдалануға енгізілген болатын.
Бүгінде Атырау МӨЗ елдің ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі заманға сай ірі кәсіпорын болып табылады.
Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүзжылдықтағы 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнайды өңдеу жөніндегі барлық технологиялық құрылғылардың техникалық қайта жарақтандырылуы жүзеге асырылды, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4,3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру болатын.
Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың, дизель отынын гидротазалау/депарафиндеудің, изомерлеудің, газдарды аминді тазалаудың, сутегін алудың, ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің жаңа қондырғылары салынған болатын.
2007 жылдың басында Еуростандартқа
(құрамындағы күкірт 150 ррм-нен артық
емес) сәйкес келетін бензиннің
және Еуростандартқа (құрамындағы
күкірт 50 ррм-ге дейін және минус
35 градуста қататын) сәйкес келетін
дизель отынының бірінші
Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясында мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:
1. «ЭЛОУ-АВТ қондырғысының вакуум блогын қайта құру және баяу кокстау қондырғысы»
Жоба құрылыс сатысында.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2010 жыл.
2. «Хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу».
Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. ТЭН және ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында орындалды. Құрылысқа арналып алаңдар дайындалды.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2013 жыл.
3. «Мұнайды терең өңдейтін кешен салу»
«Омскмұнайхимжоба» ААҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.
Жобалардың мақсаты:
• теңгерімделген қуаттылықты жылына 5,0 млн. тоннаға дейін ұлғайту;
• 84%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;
• ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;
• шығарылатын өнімдер ассортиментін, оның ішінде бензол мен параксилолды ұлғайту;
• ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту.
Шымкент МӨЗ
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 2000 жылы зауыттың Құмкөл тобы кен орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты дизельді отын мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді. Қазіргі кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5,25 млн. тоннаны құрайды.
Өңделетін мұнай – Құмкөл кен орындарынан 80% мұнай мен Батыс Сібір кен орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.
Зауыттың өндірістік қуаты мынадай негізгі қондырғылардан тұрады: ЛК-6У құрама қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), мазут пен висбрекингті вакумді айыру қондырғысы.
Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отыны өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы жылына 1,8 млн. тонна каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы басталған болатын, бірақ қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап қалды. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің 57 %-ға дейінін қайта құру үшін пайдалануға болады.
2007 жылғы 6 шілдеде «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-тегі (Шымкент МӨЗ) 50%-ын сатып алу және оны «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ-на беру бойынша мәміле жасалды.
2009 жылы «Honeywell-UOP» (АҚШ) компаниясының Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңғырту жобасын іске асыру аясында жобаның ТЭН әзірленді.
Жобаның мақсаты:
• мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6,0 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру;
• 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту;
• 83%-ға дейін ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту;
Информация о работе Метрологиялық қамтамасыз ету бойынша негізгі қызмет түрлері